Әдістемелік нұсқаулық Әлеуметтану және саясаттану пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық Шымкент, 2019ж



жүктеу 135,5 Kb.
бет6/9
Дата29.11.2022
өлшемі135,5 Kb.
#40391
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мысалы:
Тапсырманың тақырыбы. Әлеуметтік зерттеулердің ғылыми ұйымдастырылуы.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар:
Студент бұл тақырып бойынша әлеуметтік зерттеулерді жүргізу әдістерімен әдіснамасын меңгеруі керек. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз бұл қысқаша алғанда белгілі бір қоғамдағы халықтың әлеуметтік көңіл күйін, пікірін зерттейтін әдіс түрі. Әлеуметтанулық зерттеулердің басты объектісі бұл қоғамдық пікір жан жақтылығы мен әлеуметтік деректер. Сондықтанда әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қоғамдық дамуды анықтаушы өлшем ретінде қабылдана отырып, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдауда, жоспарлауда басшылыққа алынады. Тек мұндағы басты мақсат, ол әлеуметтік деректердің шынайылығына қол жеткізу. Өйткені әлеуметтік деректер эмпирикалық сипатқа ие. Бұл дегеніміз, ол деректердің, ақпараттардың зерттеу өлшемі ретінде нақты тәжірбие жүргізу арқылы алынуын білдіреді. Зерттеуді жүргізу барысында деректерді жинау, топтастыру құжаттарды талдау арқылы, әлеуметтік оқиғалар мен құбылыстарды саралау арқылы және нақты әлеуметтік зерттеу өткізу арқылы іске асырылады. Сонымен бірге зерттеу барысы ұтымды ұйымдастырылу үшін әрбір зерттеу үшін арнайы бағдарлама түзіліп оның методологиялық және методикалық аспектілері қамтылып өтуі тиіс. Әлеуметтік зерттеулерді жүргізу бойынша жобаны құру туралы мәліметтер. Жалпы, әлеуметтік зерттеулерді қоғамның түрлі жүйелерін зерттеуде қолдануға болады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулер қоғамның экономикалық қатынас субъектілерінің мінез құлқын зерттеуде яғни тұтынушы мен тауар өндіруші арасындағы байланысты зерттеуде, тауар маркасын жетілдіруге қатысты көзқарастарды анықтауда, нарықты сегменттеуде жиі қолданылады. Сондықтанда жобаның тақырыбын қоғамдық маңызы бар кез келген тақырыпқа құруға және оны студенттің өз таңдауына қалдыруға мүмкіндік берілсе. Бір ескеретін жағдай ол жобаны құру өте күрделі іс болғандықтан студент бұл тапсырманы теориялық тұрғыда орындауына болады.
Мысалы, Әлеуметтік зерттеуді жүргізу бойынша жоба тақырыптары: «Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бала құқығының қорғалуын зерттеу», «Алинекс маркалы құрғақ құрылыс қоспаларының нарықтағы өтімділігі», «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау». Студентке жоба түрі нақтырақ, түсінікті болу үшін «Банк тауарлары мен қызмет түрлеріне клиенттердің пікірін, ұсынысын анықтау» тақырыбын таңдап алсақ.
Студент жобаны құру барысында ең алдымен зерттеу бағдарламасын құруы қажет. Зерттеу бағдарламасы бірнеше кезеңдерден тұрады.

  1. Зерттеу объектісін проблемалық тұрғыда негіздеу.

Бұл бөлімде студент өзі таңдап алған зерттеу тақырыбын, зерттеу қажеттіліктерімен, күтілімдермен байланыстыра қарастырып өтуі тиіс. Яғни зерттеу тақырыбының өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы жан жақты талқылануы тиіс.

  1. Зерттеу мақсатын айқындау.

Мысалы, біздің жағдайымызда зерттеу мақсаты, ол банк өндіріп, ұсынып отырған тауар неме қызмет түрлерін клиенттерді қатыстыра отырып жетілдіру, жаңа ұсыныстар жасау.

  1. Зерттеу міндеттерін айқындау.

  1. Зерттеуді ұтымды ұйымдастыру;

  2. Шынайы әлеуметтік ақпараттарға қол жеткізу;

  3. Нақты нәтижелерге қол жеткізу;

  4. Зерттеу қортытындысы бойынша ұсыныстар даярлау. т.б

5) Зерттеуге қатысушыларды іріктеу.
Жалпы, қоғамдық пікірді толық зерттеп шығу техникалық, қаржылық тұрғыдан мүмкін емес. Сондықтанда барлық әлеуметтік зерттеулер белгілі бір мақсатта іріктеліні алынған топтармен ғана жүргізіледі. Ғылымда зерттеуге қатысушы топтарды іріктеу арқылы жүргізу методикасын алғаш ұсынған америкалық зерттеуші Дж. Гэллоп. Зерттеу барысындағы іріктеу әдісі мына формуламен жүргізіледі: K=N/n. Іріктеудің мақсаты басты жиынтықпен іріктелген жиынтық арасындағы репрезентативтілікке қол жеткізу. Іріктеу түрлері: механикалық, статистикалық, квоталық, ұялатып іріктеу, массивті іріктеу, т.б. Біздің жағдайымызда банк клиенттерінен шағын топты іріктеп аламыз. Іріктеу банк клиенттерінің әлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына қарай жүргізілуі мүмкін.
-Зерттеуді жүргізу әдістерін таңдау.
Банк клиенттерінің тауар немесе қызмет түріне бағасын білу мақсатында шағын топты іріктеп алып зерттеу жүргізген тиімді. Мұндай жағдайда фокус топ, мониторингтеу, экспрес сұрау әдістерін қолдануға мүмкіндік бар.
-Фокус-топ әдісі клиенттермен дербес жұмыс жүргізгенге қолайлы және топтың құрамы 8-10 адамнан аспауы тиіс. Топ ішіне банк қызметкері тарапынан 1 төреші ендірілуі керек. Төрешінің қызметі банктің тауарлары мен қызмет түрлері жайлы, іскерлік жоспары туралы мәліметтерді дайындау болып табылады. Зерттеу түрі: анкеталық сұрау, сұқбаттасу, құжаттарды талдау т.б.
-Зерттеудің нәтижелеріне болжам жасау.
-Зерттеу орытындыларын жасау.
-Зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау және қорытынды есеп жазу, ұсыныстар дайындау.

жүктеу 135,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау