Аталуы
Түрі
|
Тағайын шамасы
|
Саны
|
Ескерту
|
КТ1, КТ2
|
Уақыт релесі
|
РВ - 215
|
2с
|
2
|
220 В
|
|
|
|
|
|
|
2. SF1 - SF3 қоректену панелінің автоматпен өшірілуі, мұғалімнің нұсқаулғы бойынша релені жөнге келтіру.
3. SА ауыстырып қосқыш көмегімен АРҚ жұмысын іске қосу. АРҚҚ –ны келесі режимдерде сынау:
- Q1 - Q3 оперативті ашып-қосуларғы
- W1 ,W2 қоректену кедергі желісінің қайтадан жоғалып-пайда болудағы
- Екі желідегі бір уақыт пен әр-түрлі уақыттағы жоғалулардағы
4. АРҚҚ жумыс элементтерінде уақыт диаграммаларын салу, SF1 (SF2) автоматтар қуат көздерінің кедергілерді алып және беретін режимдер.
5. SF1 - SF3 автоматтар көмегімен АРҚ панелінің жұмыстан шығару, көрсеткіш жалаушаларые көтеру.
Есептің мазмұны
1. Жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы.
2. АРҚ құрылғысы тұрақты және айнымалы токтағы принципиалды схемалардан тұруы керек; АРҚҚ-ның техникалық мағлұматтарын кесте түрінде болуы керек;
3. АРҚҚ іске қосылған режимдер тізімі болу қажет, нәтижелермен бірге;
4. АРҚҚ-ның уақыт диаграммасы.
5. Жұмыс бойынша қорытындылар.
Бақылау сұрақтары
АРҚ автоматикасы не үшін арналған?
2. АРҚ құрылғысының классификациясы.
3. АРҚ сұлбаларына қойылатын талаптар.
Зертханалық жұмыс №3
Автоматты жиіліктік жүктемені түсіру (АЖЖ)
Жұмыс мақсаты
Автоматты жиіліктік жүктемені түсіру (АЖЖ) және автоматты жиіліктік қайта қосу (АЖҚҚ) құрылғысының жұмыс принципін және сұлбасын, талаптарын, классификациялауын оқу.
Негізгі теориялық қағидалар
Кез келген энергожүйенің орнатылған жұмыс режимі генерлейтін Рг және тұтынатын Рн (жеткізу шығындарын қоса отырып) активті қуаттар Рг = Рн теңдеуімен сипатталады. Мұнда энергожүйеде турбинаның бұрыштық айналу жиілігі және айнымалы ток жиілігі тұрақты болып ұстап тұрады.
Рг немесе Рн қуаттары кенеттен өзгергенде жоғарыда көрсетілген теңдігі бұзылады, өйткені турбинаның механикалық қуаты Рт және генератордың электрлік қуаты Рг және энергожүйедегі айнымалы токтың жиілігі теңдеуі бұзылады. Қуатты генерлейтін бөлігін өшірумен немесе тұтынушыларды қосу жүйеде қуат тапшылығын туғызады. Жұмыста қалған генераторлар жүктеу тогымен тежей бастайды да, жүйеде жиілік төмендейді. Сонда жиілік және турбина жылдамдығы регуляторлары іске қосылып, генераторлық қуаттың резервін Ррез мобилизиациялайды. Өшірілген қуатты қарымталау үшін генераторлық қуаттың резерві жеткілікті болса, онда бірнеше уақыттан кейін жүйеде жиілік өзінің қалыпты мәніне орнайды. Егер де генераторлық қуаттың резерві жеткіліксіз болса, онда қуаттың тапшылығы әсерінен тепе-теңдік жаңа төмендетілген жиілік мәнінде орнатылады, яғни жүктеменің тұтынуына сәйкес болатын қуатына байланысты.
Элекрлік энергияның қабылдағыштарымен тұтынылатын қуат Рн жиіліктен тәуелді. Әр түрлі топ тұтынушылар үшін бұл тәуелділік әр түрлі болады. Жиілік төмендегенде жүктемемен тұтынылатын қуаттың азаюы (жүктеменің реттеу эффекті) келесі коэффициентпен сипатталады
,
мұндағы Рн = Рн ном - Рн ; f = fном - f , а Рн ном және f ном – жүктеме қуаты мен жиілік номиналы.
Жүктеменің реттеу эффекті коэффициенті kн жиілік төмендеуінің әрбір пайызына қанша пайызға активті қуат жүктемесі тұтынуының азаюын көрсетеді.
Энергожүйеде қайтадан тепе-теңдік орнайтын жиіліктің жаңа мәні f1 (Гц)
,
мұндағы Р, Рн – кез келген бірдей бірліктерде, Рг тапшылығы болғанда, жиіліктің f 0 -ден f1-ға дейін төмендегенге кететін уақыт тең:
,
мұндағы f – энергожүйенің жиіліктік тұрақтысы.
Энергожүйеде жиілікті қалпына келтіру үшін генераторлардың қуат резервін мобилизациялау жолымен қуат тапшылығын жою қажет немесе Рн тұтынушылар бөлігін өшіріп тастау қажет. Осындай жағдайларда тұтынушыларды автоматты өшіруін апаттың жиіліктік жүктемені түсіру деп аталады (АЖЖ).
Жиілікті төмендеуі жылулық электрстанциялардың өзіндік қажеттілік механизмдерінің жұмыс шапшаңдығын азайтады, ал ол өз тарапынан генерлейтін қуаттың азаюын және кейін жиіліктің төмендеуін әкеледі. Сондықтан тұтынушыларды өшіруде біріншіден электрстанцияның тоқтатылуын және өзңіндік қажеттілік механизмдерінің қоректенуін жоғалтпас үшін жиіліктің «көшкіні» және апаттың дамуын болдырмау қажет.
АЖЖ жүйелері үш категорияға бөлінеді:
а) АЖЖІ – жылдам әрекетті жүктемені түсіру, өз тарапынан әр түрлі жиілік бойынша тағайыншамасы бар және шамамен уақыт бойынша да бірдей, жиіліктің төмендеуін болдырмау үшін арналған.
б) АЖЖІІ – уақыт кідірісі бар жүктемені түсіру, жиілік бойынша ортақ тағайыншамасы және уақыт бойынша әр түрлі тағайыншамалары бар, АЖЖІ әрекетінен кейін жиілікті көтеру үшін арналған, жиіліктің қатып қалуын болдырмайтын немесе оны қуат тапшылығының апаттық баяу артуында төмендету.
в) қосымша жүктемені түсіру, апаттық жағдайдың қосымша сипаттамалары бойынша қуаттың жергілікті тапшылығында әрекет етеді (кернеуді төмендету, басқа жүйемен байланысқан ажыратқышты өшіру, жиіліктің төмендету жылдамдығы), жүктемені түсіруді жылдамдату және үлкен (шамамен 45% және одан көп) тапшылықта оның көлемін арттыруға арналған, сонымен қатар реактивті қуаттың (кернеу «көшкіні») апаттық тапшылығына да арналады.
Осында түрде орындалған АЖЖ жүйесі жиіліктің өзгеру үдерісімен жақсы үйлеседі. Жиіліктің төмендеуімен АЖЖІ құрылғысы одан сайын төмен жиілік бойынша тағайыншамаларымен немесе АЖЖІІ құрылғысы өзінің одан сайын алыс уақыт бойынша тағайыншамаларымен іске қосылады. Бұл тұтынушыларды өшіруін қамтамасыз ететін «өзіндік реттелетін» АЖЖ жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оның сомалық қуаты барлық жағдайларда пайда болған тапшылық қуаты шамасына сәйкес келеді. Кезек саны соғұрлым көп болған сайын, неғұрлым жүктеме шамасы аз болады, әрбір кезек бойынша өшірілетін болса, жүктемені түсіру жүйесі соғұрлым икемді болады. АЖЖ бір құрылғысы әдетте АЖЖІ, АЖЖІІ әрбір категориясынан бір-бір кезектен және АЖЖ әрекеті арқылы өшірілген тұтынушылардың автоматты қайта қосу (ЖАҚҚ) сұлбасынан тұрады.
Энергожүйенің кернеу жиілігін 49-49,5 Гц-ке дейін қалпына келтіру кезінде ЖАҚҚ құрылғысының әрекеті бойынша АЖЖ-дан өшірілген тұтынушылардың автоматты қайта қосуы жүргізіледі.
ЖАҚҚ бар АЖЖ сұлбалары ортақ шина секциялары, бірнеше секциялар немесе жеке қосалқы станциялар, және жеке жалғануларда құрылатын жеке тізбектер үшін орталық құрылғылар түрінде орындалады. АЖЖ және ЖАҚҚ орталық құрылғыларының шығыс тізбектері ШАЖЖ және ШЖАҚҚ орталық шиналықтар түрінде орындалады, оларға АЖЖ және ЖАҚҚ жалғануларына атқарушы реле құрылғылары қосылады.
ЖАҚҚ бар АЖЖ құрылғыларының сұлбалары
1. Бір кезекті ИВЧ-3 релесіндегі АЖЖҚ сұлбасы
3.1 суретте ИВЧ-3 типті бір индукционды жиілік релесінің айнымалы оперативті токтағы ЖАҚҚ бар АЖЖ орталық құрылғысының сұлбасы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |