Әдістемелік нұсқаулардың титулды парағы



жүктеу 0,79 Mb.
бет5/5
Дата17.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#7597
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
3
.1 сурет

АЖЖІІ және ЖАҚҚ категорияларына кезекті уақыт кідірісін құру үшін сұлбада тораптан 220 кернеуден қоректенетін программалық КТ (микроқозғалтқышы ьар ВС-10 релесі) уақыт релесі қолданылады. Тағаыншаманың іске қосуына дейін жиілік төмендеу кезінде KF жиілік релесінің KF.1 түйіспесі тұйықталады және KL1 релесі іске қосылады. Ары қарай сұлбаның әрекеті жүктемені түсіру категориясын таңдаудан тәуелді болады. Егер SX жапсырмасы алынса, онда KL2 шығысты екіпозиционды релесі КТ (КТ.1 түйіспесі) уақыт релесі арқылы іске қосылады, яғни АЖЖІІ жүктеме түсіруі жүзеге асады. Орнатылған SX жапсырмасы кезінде KL2 релесі KL1 релесінен кейін бірден іске қосылады және ШАЖЖ шинасына KL2.4 түйіспесімен кернеу жібереді. Құрылғы АЖЖІ сияқты іске қосылады, іске қосылу индикациясы КН сілтеуіш релесі арқылы жүзеге асады.

КL2.3 түйіспесі арқылы КL2 реле іске қосылғаннан кейін жиілік релесінің тағайыншамасы өзгереді (қайтару жиілігі артады) және ЖАҚҚ тағайыншамасына КF релесі ауыстырып қосылады; КL2.1 түйіспесімен КТ уақыт релесінің микроқозғалтқышын қоректену тізбегі ажыратылады, ол бастапқы күйіне оралады.

ЖАҚҚ тағайыншамасына дейін жиілік артқан кезінде КL1 және КF релесі түсіп қалады. КL1 мұнда КL1.4 түйесімен уақыт релесін жібереді және ЖАҚҚ уақыт кідірісі арқылы (КТ.2 түйіспесі) КL2 релесі ауыстырып қосылады және КL2.5 түйіспесімен ШЖАҚҚ шинкасына қоректенуін жібереді.



ИВЧ-3 реле тағайыншамасы бақыланылатын кернеудің шамасынан байланысты болады, сондықтан оның кірісі ТS кернеу стабилизтаоры арқылы кернеу трансформаторына қосылған.

АЖЖ-ЖАҚҚ тізбектерін шығатын ұяшықтарда ұйымдастырылуы екі әдіспен жүзеге асады: жай аралық (3.2, а суреті) және екіпозиционды релесімен (3.2, б суреті).

Жай аралық релесін қолданған жағдайда ШЖАҚҚ шинкасы қолданбайды және ШАЖЖ шинкаларынан кернеуді алғанда және KLF релесін қайтару кезінде ЖАҚҚ орындалады. Егер де екіпозиционды реле қолданылса, онда қайта қосылу тек ШЖАҚҚ шинкасына кернеу бергеннен және KLF релесін бастапқы күйіне қайтарғаннан кейін ғана жүзеге асады.

ШАЖЖ шинкасында кернеу пайда болған кезінде КLF дербес релесі іске қосылады, өзінің бір түйіспесімен ажыратқышты өшіру тізбегін қосады да, ал екіншісімен АҚҚ релесінің іске қосу тізбегін ажыратады. КLF релесін бастапқы күйіне қайтарғаннан кейін оның ажырататын түйіспесі АҚҚ комплектілі релесінің іске қосуына сигнал жібереді, бұл ажыратқыштың автоматты қайта қосуын орындайды. Егер желіні АЖЖ өшірілуі қарастырылмаса, ұяшықтағы SX жапсырмасы ажыратылған болуы қажет.

2 Тұрақты оперативті токты АЖЖ панелі



Қондырғы КF1 және КF2 жиілік релелерінен тұрады. Олар АЖЖI кезегінін біреуін және АЖЖII кезегінін біреуін қамтамасыз етеді (3.3 суреті).


Жиіліктін апатты төмендеуі кезінде, КF2 релесі, КL4 қайталамасы арқылы КТ2 уақыт релесін іске қосып, алғашқы болып іске қосылады. Егер жиілік төмендеуді тоқтатпай КF1 тағайын шамасына жетсе, КL3 қайталамасы арқылы КL1 екіпозициялы релесі іске қосылады. Бұл реленің бір контактісі арқылы қоректендіру желісінің жеке релесі қосылған АЖЖI шинасына кернеу беріледі. Ал екіншісімен КF1 - ді ЖАҚҚ тағайын шамасына ауыстырып қосу жүргізіледі.

Егер жиілік КF2 реле тағайын шамасының деңгейінен төмен тұра берсе, КТ2 іске қосылып, КL2 екіпозициялы релесін ауыстырып қосады. Соңғысы бір контактпен АЖЖII шинасын қоректендіріп, екіншісімен КF2 релесін ЖАҚҚ тағайын шамасына аударады. Қондырғы жұмысының келесі кезеңі жиілікті ЖАҚҚ тағайын шамасына дейін және жоғары көтергенде ғана орындалады. Бұл жағдайда КF1 жиілікті төмендету релесі контактті ажыратады. Ал КL3 және КL4 қайталама релелері, ЖАҚҚ КТЗ уақыт релесін өз контакттарымен қосып, токсызданады. Берілген тағайын шама уақытының аяқталуы кезінде КТЗ релесі, АҚҚ шиналарынан кернеуді алып тастайтын КL1 және КL2 екіпозициялы релелерін бастапқы қалпына әкеледі. Осыған орай жиілікті АҚҚ жүргізіледі. Сол уақытта KL 1(KL2) реле контактілері KF1(KF2) релелерін АЖЖ I (АЖЖ II) тағайын шама кезегіне аударады.

ЖАҚҚ негізіндегі АЖЖ қондырғыларының тағайыншамасын есептеу

1. АЖЖ қондырғысының тағайыншамасы

АЖЖI категориялы қондырғылардың жиілік бойынша тағайын шамаларының жоғары шегі 48,5 Гц, төменгі - 46,5 Гц. Көрсетілген жиіліктер аралығында АЖЖI кезектері f = 0,1 Гц шамасынан төмен болмайтындай жиілік бойынша қадаммен біркелкі таратылады.

АЧРI или несколько больше (до 0,5 Гц), но не выше 48,8 Гц.

АЖЖII категориялы қондырғылардың барлық кезектеріне жиілік бойынша бір тағайын шама қабылданады. Оның мәні АЖЖI қондырғы тағайын шамаларының жоғары шегіне тең немесе көбірек (0,5 Гц дейін), бірақ 48,8 Гц мәнінен жоғары емес.

ЖРI релесі бар АЖЖI тез әрекеттілік категориясының қондырғыларының уақытты ұстап қалуы кернеуді беру мен алып тастау кезіндегі бос жұмыстын алдын алу жағдайында минималды таңдалады. Ол үшін 0,15-0,3 с мәніне тең уақытты ұстап қалу жеткілікті. АЖЖII қондырғысының уақыт бойынша тағайын шамасының бастапқы минималды мәні 5-10 с, максималды соңғы-60 с, ал СЭС қуатын мүмкін болатын мобилизациялау жағдайында - 70-90 с. АЖЖII байланысқан кезектері арасындағы уақытты ұстап қалу инервалдары t = 3с мәніне төмен болмайтындай алынады.

АЖЖI мен АЖЖII қондырғыларына қосылатын жүктеме қуаты кез келген мүмкін болатын қуат жетіспеушілігін жоюға қажет мөлшерде болуы керек.

АЖЖI қондырғыларына қосылатын жүктеме қуаты , 5%-ға артық мөлшерлі қуат жетіспеушілігінің максималды мәнімен анықталады:
Ражж1  Рқ.ж. + 0,05 Рж ном - Рг.р.,
мұндағы Рқ.ж. – максималды қуат жетіспеушілігі;

Рж ном – қуат жетіспеушілігі туар алдындағы бастапқы режимдегі жүктеме қуаты;

Рг.р. – ЖЭС - тегі гарантты қуат резервін ескеретін өлшем.

АЖЖII қондырғыларына қосылатын жүктеме қуаты ұсынылатын қорды ескере отырып тең:


РажжII 0,4 Ражж1 ,
бірақ 0,1 Рж ном мәніне кем емес. СЭС – тегі мобилизациялау мүмкіндігі әдетте ескерілмей қорға кетеді. СЭС – тегі мобилизациялау уақытын ескере отырып назарға алынатын қуаттың гараннты қорынан басқасы.

Бір ғана тұтынушыны сөндіру үшін АЖЖ1 мен АЖЖII қосылған әрекетінде сөндірілетін жүктеменің жалпы көлемі:


РАЖЖ= (Рқ.ж. + 0,05) + 0,1 = Рқ.ж. +0,15.
Осыған орай, кезектерді қосып істеу арқасында, үлкен жетіспеушілік кезінде АЖЖ – ға қосылатын жүктеме көлімі айтарлықтай сақталады.

Жүктеменің таңдалған қуат көлемі тұтынушының жаупкершілігін ескере отырып жиілік (АЖЖI үшін) пен уақыт (АЖЖII үшін) бойынша тағайын шамалардың қабылданған шектеріндегі кезек бойынша біркелкі таратылады. Жауапкершілігі төмен жүктеме АЖЖ I немесе АЖЖ II кезектерінің ертелеріне қосылады.

3 ЖАҚҚ қондырғыларының тағайын шамалары

Жиілікті АҚҚ жиілік бойынша бір ғана тағайын шамамен және 49,2-50 Гц аралықтағы әртүрлісімен бірнеше кезектер түрінде бір реттік орындалады. Энергожүйенің нәтижелі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін АҚҚ қолданғанда ЖАҚҚ – ның әрекет ету жиілігі 50 Гц мәніне жақын болып таңдалады. Ол синхронсыздану жиілігінен жоғары. Егер де ЖАҚҚ қондырғыларының жиілік боынша әр түрлі тағайын шамалары кезінде жоғары тағайын шамаларға үлкен уақытты ұстап қалу шамасы сәйкес келуі керек.

ЖАҚҚ қондырғысының минималды бастапқы тағайын шамасы уақыт бойынша 10-20 с шамасына тең. Максималды соңғысы энергожүйенің нақты жұмыс жағдайы мен қуат жетіспеушілігін жою мүмкіндігі бойынша таңдалады. ЖАҚҚ кезектерінің энергожүйе шегіндегі уақыт бойынша минималды интервалы 5 с шамасын тең болып алынады.

Тұтынушылардың жауапкершілігін ескере отырып ЖАҚҚ кезектері арасында жүктеме біркелкі таралады: жауапкершілігі жоғары жүктеме ертерек сөндіріледі.


Тапсырма
Тұрақты және айнымалы оперативті токтағы АЖЖ қондырғыларының әрекет ету принципі мен сұлбасын оқып білу. Энергожүйедегі қуат жетіспеушілік режимдеріндегі қондырғы мен автоматиканың әрекетін түсіндіру. Оқытушы сілтемелеріне сай ЖР-I релесіне АЖЖ-ЖАҚҚ тағайын шамаларының күйге келтірілуін жүзеге асыру. АЖЖҚ элементтерін панельде және сұлба бойынша табу.

АҚҚ қондырығысын панельде экспериментті зерттеуін жүргізіп, зертханалық жұмыс бойынша отчет құру.


Әдістемелік нұсқаулар
1. АҚҚ панелімен танысу, сұлба элементтерінің барлығын табу (3.3 суреті), есепте кесте түрінде берілгендерді жазу.
3.1 кесте - АҚҚ панеліне элементтер тізімі

Белгіленуі

Аталуы

Түрі

Тағайын шамасы

Саны

Ескерту

KF1

жиілік релесі

РЧ-1

47,5Гц/49,2Гц

0,3 с


1

220В

KF2

жиілік релесі

РЧ-1

48,5Гц/49,2Гц

0,3 с


1

220В


















2. Есептеу мен нұсқаулыққа сай АЖЖҚ тағайын шамаларының күйге келтірілуін жүзеге асыру, ТЖГ-1 техникалық жиілікті генератордың басқару мүшелерімен танысу (А қосымшасын қара).

3. Панелді қосу (SF автоматы), ТЖГ – ны қосу, кернеуді беру, генератордан 50 Гц жиілік релесінің кіріс тізбегіне.

4. Желінің 50 Гц жиілігінде баспалар арқылы реле жұмысын сынап тексеру, АЖЖI, АЖЖII, ЖАҚҚ сәйкесінше сұлбаларының элементтерінің іс әрекеттігіне көз жеткізу.

5. ТЖГ – ға жиіліктің өзгеру жылдамдығын беріп, АЖЖ панелі жұмысын, екі режимде кернеу жиілігінің төмендеуі мен жоғарылауы кезінде, автоматты сынап тексеру: жиіліктің минималды және максималды өзгеру жылдамдығында.

6. Нақты уақытта, активті қуат жетіспеушілігінің минималды және максималды режимдерін зерттеу үшін, АЖЖ мен ЖАҚҚ қондырғысы релесінің уақыт бойынша жұмыс диаграммаларын құру.

7. АЖЖ панелінің қоректендірілуін сөндіру, сілтеме релелерінің жалаушаларын көтеру.
Есептің мазмұны
1. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты.

2. Тұрақты және айнымалы оперативті токтағы АЖЖ қодырғыларының принципиалды сұлбасы.

3. Кесте түрінде тағайын шамалар мен техикалық берілгендерді қоса АЖЖ панелінің реле тізімі.

4. Екі режим үшін АЖЖҚ жұмысының уақыт бойынша диаграмалары.

5. Жұмыс бойынша қорытындылар.
Бақылау сұрақтары


  1. АЖЖ автоматикасы не үшін арналған?

2. АЖЖ жүйелерінің категориялары.

3. ЖАҚҚ бар АЖЖ құрылғыларының сұлбалары, жұмыс принципі.



Зертханалық жұмыс №4

Жартылай автоматты өзіндік синхронизация және автоматты синхронизаторлар құрылғылары
Жұмыс мақсаты
Классификацияны оқу, талаптар, сұлба және жартылай автоматты құрылғының принципі, тұрақты бұрышты озуы бар синхрондаушы (ТРОС) және тұрақты уақыт озуы.
Тапсырма
Сұлбаны, ТРОС, және жартылай автоматты синхрондаушы құрылғының жұмысының принципін талдау. Оларға қойған талаптарды атап шығу, бұл талаптардың қалай іске асырылатының сұлба бойынша көрсету. ТРОС-тың баптауларын есептеу бойынша немесе мұғалімнің айтуынша жасау.

ТРОС эксперименттік зерттеуді синхрондау панелінде жүргізу, зертханалық жұмысқа есептеме жасау.


Әдістемелік нұсқаулар
1. Синхрондаудың панелімен танысу, ТРОС-тың барлық элементтерін табу, есептемеге реле типі мен барлық алынған мәліметтерді кестеге толтыру.

4.1 кесте –ТАС-қа арналған элементтер тізбесі



Белгіленуі

Аталуы

Түрі

Тағайын шамасы

Саны

Ескерту

КV1

Кернеу релесі

РН-54/320

120 В

1

-








































  1. ТРОС релесінің параметрлеріне баптауды алдын ала есептелген уставкаға сәйкес жүргізу.

  2. SF автоматты панеліне қоректендіруді қосу. ГТЧ-1 генераторын қолдан қосу, уақыт өлшегіш РТ қосу(ақ батырма), КТ релесіне минималды уставканы қою.

  3. KSS типті РН-55 синхронды бақылау релесінің ауыстырып қосу периодына қарап, генератор жиілігін синхронды жылдамдыққа дейін көтеру. SA кілті арқылы синхронизаторды жұмысқа кіргізу, ТРОС-тың жиілігін ауыстыруын қамтамасыз ету, озу уақытын РТ арқылы өлшеп жазу керек немесе қол секундомерімен сырғанау периодын анықтау керек.

  4. Синхронизаторды жұмыстан шығарып, КТ релесінде максималды уақыт ұстамын орнықтыру. ГТЧ-1 жиілігін өзгерту арқылы SA енгізіу, ТРОС қосылуынан кейін, РТ өлшеуішінің көрсеткішін жазып алу керек немесе қол секундомері арқылы сырғанау периодын өлшеу.

  5. Барлық синхрондау панел элементтерін қоректену көзінен ажырату.

  6. Шыққан п.п. 4-5 уақытты керекті озумен салыстыру, қателік бұрышын және соғу тогының шамасын анықтау, КТ реле уставкасының сырғанаупериодына әсер етуін п.п. 4-5 көрсеткіші арқылы анықтап, ТРОС-тың қосылуын табу.






Сурет 1 – Жартылай автоматты өзіндік синхрондаушы құрылғы



Сурет 2 – Тұрақты озу бұрышы бар синхронизатор



Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1) Автоматика энергосистем: учебник для вузов.– 3-е изд., исправленное / Н.И. Овчаренко; под ред. чл.-корр. РАН, докт. техн. наук, проф. А.Ф. Дьякова.–М.: Издательский дом МЭИ, 2009.– 476 с.


Қосымша:

2) Овчаренко Н.И. Автоматика электрических станций и электроэнергетических систем.- М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000. – 504 с.

3) Беркович М.А., Гладышев В.А., Семенов В.А. Автоматика энергосистем. – М.: Энергоиздат, 1991 – 240 с.

4) Байтер И.И., Богданова Н.А. Релейная защита и автоматика питающих элементов собственных нужд тепловых электростанций. – М.: Энергоатомиздат, 1989 – 112 с.

5) Собственные нужды тепловых электростанций/Э.М. Аббасова, Ю.М. Голоднов, В.А. Зильберман, А.Г. Мурзаков; Под ред. Ю.М. Голоднова. – М.: Энергоатомиздат, 1991 – 272 с.

6) Автоматизация энергетических систем. Учеб. пособие для студентов электроэнергетических специальностей./А. Д. Дроздов, А. С. Засыпкин, А. А. Аллилуев и др. – М.: Энергия, 1977.– 440 с.

7) Рабинович Р.С. Автоматическая частотная разгрузка энергосистем. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1989. – 352 с.

8) Павлов Г. М., Меркурьев А. Г. Аварийная частотная разгрузка энергосистем. Издательство Северо-Западный филиал АО «ГВЦ-Энергетики» РАО «ЕЭС России», Санкт-Петербург, 1998.–52 с.



9) Павлов Г. М., Меркурьев Г. В. Автоматика энергосистем. Издание Центра подготовки кадров РАО «ЕЭС России», Санкт-Петербург, 2001. – 388 с.

10) Леньков Ю.А. Автоматические регуляторы возбуждения синхронных генераторов с электромашинными возбудителями постоянного тока.– Павлодар, Изд-во ПГУ, 2007.– 63 с.
жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау