Жалғасы
121
— оқушылар күш моменті деп
F күш
модулінің d иінге көбейтіндісімен
анықталатын физикалық шаманы айтады,
яғни
Ì =
Fd формуланы еске түсіреді.
Бұнда жаңа тақырып бойынша терминдер
тиянақталады.
Дескриптор.
1) Оқушылар қатты денелердің тепе-теңдік
шарттарын зерделейтін физиканың бөлімі
статика
туралы мағлұмат алады;
2) Оқушылар күш моменті деп
F күш моду-
лінің
d иінге көбейтіндісімен анықталатын
физикалық шама екендігін түсінеді;
3) Осы шамалардың өзара байланысын
көрсететін өрнекті жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
— Денелердің тепе-теңдігі жайлы мағлұмат
алады;
— Айналу осі жоқ денелердің тепе-теңдік
шарттарын білуге үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
Қб:
“Бас бармақ” әдісі арқылы орындалады.
оқушылар:
— Гравитациялық өрістегі снарядтың
қозғалысы
жайлы талқылайды;
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір алмасу” (Showdown).
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 4
сұрақ
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің
бірінші жағына, ал жауабын екінші
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін
ауыстырады. Топ басшысы стикердегі
сұрақтарды оқиды, топ мүшелері
жауаптарын жазып дайындайды.
Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз
жауабын ашады және жауаптарды
талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
1. Күш моменті дегеніміз не?
2. Күш иіні деген не?
3. Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік
шарттары қандай?
Қатты денелердің тепе-теңдік шарттарын
зерделейтін физиканың бөлімі статика
деген қорытындыға келеді.
Бағалау
критерийлері.
ИТ (сұрақтар
көрсетіледі).
Жалғасы
122
Дескриптор.
а) Күш моментін анықтайды.
ә) Күш иініне мысалдар келтіреді.
б) Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік
шарттары
қандай болатынын анықтайды.
2)
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау.
“Ойлан-жұптас-бөліс”. Берілген тапсыр-
ма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке
жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып,
жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл
топтық талқылауға ұласады.
Жеке жұмыс. Оқушылар, өз бақылауларына
сүйене отырып, орындалған жұмыс туралы
қорытынды жазады.
Жұппен,
топпен жұмыс.
Әрбір топтан бір
оқушы жұмыс нәтижелері туралы айтады,
ал қалған оқушылар оны толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа біріктіріп,
әр топқа тапсырма береді.
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
рыбын талқылайды. Постер презен тация-
сын дайындайды және сынып алдында
сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу.
2. Эстетикалық безендіру.
3. Ғылыми сауаттылық.
4. Ресурстар тізімі.
5. Бірігіп орындайтын жұмыс.
Топтар арасында жоғарыда аталған талап-
тар бойынша өзара бағалау өткізіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың
соңы
5 мин
Мұғалім үйге тапсырма береді. Үй
тапсырмасы. §7, 1-2 сұрақтарға жауап
беру; берілген жаттығудың, 2-есебін
шығару.
Кері байланыс.
Нені білген едім?