Әдістемелік нұсқау Физика 10



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет57/89
Дата08.01.2020
өлшемі1,89 Mb.
#26040
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89

Жалғасы
157
Сұрақтар: 
а) Термодинамикалық параметрлер деп 
нені түсінеді? Оларға не жатады? 
ә)  Жүйенің  қандай  күйін  тепе-теңдік 
күй  деп  атайды?  Бұл  кезде  жүйенің 
параметрлері  қандай  мәндерге  ие 
болады? 
б)  Жүйенің  қандай  күйін  тепе-теңдік 
емес күй деп атайды? Бұл кезде жүйенің 
пара метр лері  қандай  мәндерге  ие 
болады?
в) Релаксация деп нені айтады? 
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
— Макроскопиялық денелердің қасиет-
терін сипаттайтын негізгі ұғымдарына 
түсінік алады;
— Термодинамикалық жүйелердің тепе-
теңдік және тепе-теңдік емес күйлерін 
ажырата біледі;
— Өзін-өзі бағалай алатын болады. 
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“Айналмалы бекеттер” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1.  Аморфты  денелердің  қасиеттерін 
атаңдар. Мысал келтіріңдер. 
2. Кристалдың қасиеттерін атаңдар. 
Мысал келтіріңдер. 
3. Монокристалл деген не? 
4. Кристалл торында қандай нүктелер 
тордың  түйіндері  деп  аталады?  Олар 
қалай орналасқан?
Мұғалім  сұрақ  қойған  кезде  оқушы-
ларға  әр  шағын  топты  бекетте 
орналастырып,  шаттастыратын 
сұрақты  талқылауға  және  ойларын 
қағазға немесе тақтаға жазуға 10 ìèí 
беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа
“Физика” 
оқулығы, 
10-сынып.


Жалғасы
158
бекетке ауысып алдағы топтың жұмы-
сын  жалғастырады.  Ауысу  әр  10 ìèí 
сайын  болып  тұрады,  әр  топ  барлық 
позицияларда  болып  шыққанға  және 
барлық  топтардың  ойларын  ойлап 
шыққанға дейін жалғаса береді. 
Содан соң мұғалім:
— Термодинамикалық параметрлер деп 
макроскопиялық  денелердiң  (макро-
жүйенің) күйiн сипаттайтын физикалық 
шамаларды атайды.
Оған газдың қысымы, көлемі, темпера-
турасы  (
ð,  V,  Ò)  жатады.  Аморфты 
денелер  —  изотропты.  Кристалдың 
қасиеттері әртүрлі бағыттарда түрліше 
болады.  Кристалдар  —  анизотропты. 
Кристалда жарықтың таралу жылдам-
дығы, жылу өткізгіштік коэффициенті, 
серпімділік  модулі  және  басқа  да 
физикалық қасиеттері ондағы бағыт қа 
тәуелді. 
—  Кристалдардың  ішкі  құры лысын 
рентген сәулелерінің көмегі мен зерттеу 
нәти желері  олардағы  бөлшек тердің 
(молекулалар, атомдар және иондардың) 
дұрыс  орналасатынын  көрсетті,  яғни 
олар  крис талдық  (кеңіс тіктік)  тор 
түзеді.
Кристалдық  тордағы  қатты  дененің 
бөлшек терінің ең орнықты тепе-теңдік 
қалпына  сәйкес  нүктелері  тордың 
түйіндері деп сипаттайды. 
Бұнда жаңа тақырып бойынша термин-
дер тиянақталады.
Дескриптор.
1)  Оқушылар  аморфты  денелердің 
қасиеттерін түсіндіреді;
2)  Оқушылар  кристалдың  қасиеттерін 
атап көрсетеді;
3) Осы шамалардың өзара байланысын 
көрсететін өрнекті жазады.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
— Кристалл және аморфты денелермен 
және олардың қасиеттерімен танысады; 
Физикадан 
“Кристалл 
және кристалл 
емес денелер” 
тақырыбындағы 
видео-сабақ.
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).


Жалғасы
159
— Қатты денелердің қасиеттері бойынша 
кристалдардағы торлардың ақауларын 
сипаттауды үйренеді;
— Бірін-бірі бағалай алатын болады.
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
— Кристалл және кристалл емес қатты 
заттардың құрылысын ажыратады; 
—  Жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді:
“пікір  алмасу”  (Showdown).
  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты 4 сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін ауыстырады. Топ басшысы стикер-
дегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері 
жауаптарын  жазып  дайын дайды. 
Көшбасшы  белгі  бергенде,  барлығы  өз 
жауабын  ашады  және  жауап тарды 
талқылап,  дұрыс  жауаппен  салыс-
тырады.
1.  Кристалл  торларының  қандай 
ақауларын білесіңдер?
2.  Қандай  денелер  поликристалды 
құрылымды болып табылады?
3.  Кристалдық  құрылымның  қандай 
түрлерін  білесіңдер?  Макрожүйенің 
тепе-теңдік  емес  күйден  тепе-теңдік 
күйге көшу процесі релаксация деп, ал 
мұндай өтуге қажет уақыт аралығы — 
релаксация уақыты деп аталады. 
Дескриптор.
а) Кристалл торларының қандай ақау-
ларын барын сипаттайды.
ә) Қандай денелер поликристалды құры-
лымды болатынына мысалдар келтіреді. 
б)  Кристалдық  құрылымның  қандай 
түрлерін барын анықтайды.
2) 
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге 
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау.
“Ойлан-жұптас-бөліс”.  Берілген 
тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір 


Жалғасы
160
оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз 
ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен 
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға 
ұласады.
Жеке жұмыс. Оқушылар, өз бақылау-
ларына  сүйене  отырып,  орындалған 
жұмыс туралы қорытынды жазады. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір  оқушы  жұмыс  нәтижелері  туралы 
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау. 
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бірік-
тіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр  топтың  оқушылары  тапсырма 
тақырыбын талқылайды. Постер презен-
тациясын  дайындайды  және  сынып 
алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу. 
2. Эстетикалық безендіру. 
3. Ғылыми сауаттылық. 
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс.
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талаптар бойынша өзара бағалау өткі-
зіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың 
соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. §14, 1-2 сұрақтарға жауап 
беру.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 
VII. газ заңДары 
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.2 бөлімі
Күні:
Мұғалім:


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау