Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары



жүктеу 450,36 Kb.
бет1/3
Дата08.02.2018
өлшемі450,36 Kb.
#9053
  1   2   3

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары


  1. Әдістемелік қызметті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың барысында жаңа жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын және ұстаздар ұжымына жақын мәселелерді есепке алу керек.

  2. Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы. Аудандық деңгейдегі мұғалімдердің мамандығын көтеру жүйесі қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы тиіс.

  3. Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі. Жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен әдістің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші болмақ.

  4. Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты. Мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін сақтау керек. (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология, физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша).

  5. Жүйелік, бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік, көпшілдік. Оқу жылының барысында мұғалімдерді оқу түрлерімен толық қамту, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру қажет.

  6. Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің зор белсенділігі. Әрбір мектепте мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың өзіндік жеке жүйесін жасау, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.

  7. Әдістемелік жұмыстың нақтылығы. Мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану.

  8. Мұғалімдердің мамандығын арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттары. Мұғалімдердің мамандығын көтеруде және олармен жұмыс жүргізу түрлерінде маңызды бағыттар мен мәселелерді іздестіру.

  9. Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігі. Бұл – бір кезде екі қажетсіз, шектен шыққан мәселеге қарсылық: ілімнің мәні мен маңызын бағаламауға (ең алдымен – психология- педагогика) және әдістемелік жұмыстың орынсыз ілімдік тұрғыда баяндалуына, оқу-тәрбие жұмысында тәжірибе мәселелері мен ілім арасындағы алшақтыққа қарсы болу.

  10. Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, тез орындалуы. Мектеп жұмысының айқын өзгеріп отыратын жағдайын есепке ала отырып, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты икемді және басқаша құра білу керек.

  11. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты - жалпы мектептік, жекелей, міндеттілік пен еріктілік пен әдістемелік түрлері мен мұғалімдердің өз бетімен білім алуын саналы үйлестіру.

  12. Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Материалдық , рухани-психологиялық , денсаулық жағдайлар мен мамандықты көтеру үшін өздігінен жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы.



Әдістемелік қызметті тиімді басқару мәселелері
Әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін мектеп әдіскерлерi өз қызметінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды ескеруі қажет. Өйткені бұл қағидалар жетістіктерге жиі жетумен қатар, кемшіліктерді болдырмауға септігін тигізеді.

Жалпы алғанда, кез келген салада белгілі бір жетістіктерге жету үшін оның өзіндік ұстанымдарын сақтау қажет. Бұл жұмысты ғылыми негізде жүргізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Төменде көрсетілген ұстанымдар сол бағыттағы маңызды шарттар болып табылады:


  • Мектепті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы.

  • Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, мұғалімдер мамандығын көтеру жүйесінің қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы.

  • Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі, жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен жұмыс әдісінің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші ретінде қаралуы.

  • Әдістемелік жұмыстың мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін байқататын кешенді сипаты.

  • Жүйелігі мен бірізділігі, сабақтастығы мен бұқаралылығы, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру.

  • Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.

  • Әдістемелік жұмыстың нақтылығы, мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану.

  • Мұғалімдердің мамандығын арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттарын айқындау.

  • Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ету.

  • Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, шапшаңдығы, тез орындалуы.

  • Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты, шешімдердің алқалылық негізде қабылдануы.

  • Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Жаңа ақпараттық технологияны мектепке ендіру
Білім беру саласын ақпараттандыруға байланысты жаңа ақпараттық технологияларды мектеп практикасына, оның ішінде әдістемелік жұмыстарға ендіру бағытында да көптеген жұмыстар атқарылуда:

Негізгі міндеттер:

1. Мектеп мекемелерін жаңа ақпараттық технологияны оқытуда және оқу процесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен , ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.

2. Барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфрақұрылымдарды дамыту.

3. Ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау.

4. Телекоммуникациялық желі жүйесін жасау.

5. Жаңа ақпараттық технологияны ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу.



Мақсаттар:

  • Мектептегі ақпараттық технологияның ролін және оқу процесіндегі алатын орнын ұжым болып түсіне білуді ұйымдастыру;

  • Мұғалімдерді және мектеп әкімшілігін өздерінің қызметінде ақпараттық технологияны пайдалана білуге үйрету;

  • Оқушыларды қоғамда өмір сүре білуге даярлау.

Өзгерістер:

  • Сынып өмірін ұйымдастыру;

  • Мектеп өмірін ұйымдастыру;

  • Педагогтің ролі;

  • Оқу жұмысының тәсілдері;

  • Мектептің әлеуметтік қоршаған ортамен өзара байланысы;

  • Оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдері;

  • Мектептің қоршаған ортамен өзара әрекеттесу тәсілдері.

Бағыттары

  • Әрбір оқытушының өзіндік әдісін және жұмыс стилін жасауы;

  • Оқушылар мен мұғалімдердің жобалау жұмыстарының үлесін арттыру;

  • Мұғалімнің тәрбиешілік қызметі стиліндегі ролінің өсуі;

  • Оқушылардың өз оқуының нәтижесі туралы жауапкершілігінің артуы;

  • Қарқынды ақпарат алмасу негізінде қатынасу еркіндігін арттыру;

  • Мектепте оқытылатын “Информатика” курсын жетілдіру;

  • Әртүрлі пәндерді оқытуда ЖАТ-ны пайдалану.

ЖАТ-ны пайдаланып ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру:

  • Әртүрлі пәндерді оқытуда ЖАТ-ны пайдалану;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқу процесінің қарқынын жоғарылату;

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;

  • Оқытудың сапасын арттыру;

  • Дифференциялды оқытуға көшу;

  • Әрбір оқушыны оқу процесінің субьектісіне айналдыру.

Пайдалану бағыттары:

  • Әртүрлі пәндерді оқытудағы компьютерлік сабақтарда;

  • Компьютерлік бағдарламаны демонстрациялық материал ретінде пайдалануда;

  • Оқушылардың топтық және фронтальдық жұмыстарын ұйымдастыруда.

  1. Әдістемелік қызмет көрсету

  • Мектептің әрбір мұғалімінің озық педагогикалық іс-тәжірибесін жинақтап қорыту, оқытудың пед.бағдарламаларының банкін жасау;

  • Кез келген мұғалімге өзінің әріптесінің іс-тәжірибесі туралы информация беру және талап етілген материалдарды баспадан шығарып беру;

  • Мектептің әдістемелік жұмыстың әртүрлі пәндер бойынша картотека жасау;

  • Эксперименттік жұмыстарды қадағалап отыру.

2.Информациялық қызмет көрсету:

  • Нормативтік құжаттар мен әртүрлі деңгейдегі бұйрықтар;

  • Кадрлар, оқушылар, ата-аналар, олимпиада жеңімпаздары, мектеп бітірушілер туралы мәліметтер;

  • Оқушылардың үлгеріміне жасалған талдаулар;

  • Емтихандарға , бақылау , төтенше тексеру жұмыстарына жасалған талдаулар;

  • Оқу-әдістемелік әдебиеттер туралы мәліметтер;

  • Қолда бар оқу видео және аудиоматериалдар, компьютерлік оқытушы бағдарламалар және олардың мазмұны туралы мәліметтер.

Негізгі міндеттер:

  1. Оқу тәрбие процесін жетілдіруді қамтамасыз ету.

  2. Жаңа бағдарламаларды, оқу құралдарын, видеоматериалдарды және компьютерлік бағдарламаларды жинау, қолдануды қамтамасыз ету;

  3. Мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін видеофильмге жазу;

  4. Компьютерлік техникамен жұмыс істеудің дағдысын игеруге арналған курстар арқылы жаңа технологияны ендіру үшін берілетін нұсқаулар жасау;

  5. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған олардың өз беттерінше ізденіп жүргізетін зерттеу жұмыстары үшін өзекті информацияларды жинақтау және келешекте оны аймақтық желі арқылы кабинетке беру;

  6. Әртүрлі пәндерді оқытудағы компьютерлік сабақтарда жаңа технологияны пайдаланушы мұғалімдерге көмек (әдістемелік, бағдарламалық қамтамасыз ету) көрсету.

  7. Мұғалімдердің күнделікті жұмысы мен олардың іс-тәжірибесін таратуға қажетті дидактикалық-әдістемелік материалдарды тарату.

Тиімділігі:

  • Мектептің білім беру жүйесі жаңа, жоғары сапалы деңгейге өтеді;

  • Оқу процесінің қарқыны артады;

  • Оқытуда жаңа технология кеңінен пайдаланылады;

  • Мектептің оқу-тәрбие үрдісі ұиымды басқарылады.


Педагогикалық және басқарушылық озат тәжірибені зерттеу бағдарламасының құрылымы
І. Зерттеу жұмысы тақырыбы мен тәжірибе иесі туралы мәлімет.

Зерттеу жұмысы тақырыбы мен негізі бағыттары , тәжірибе иесі туралы қажетті құжаттар.



ІІ. Зерттеу жұмысының маңыздылығына дәлелдеме.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі , алынатын нәтижелердің өзгелер үшін өте қажеттігі, зерттеу иесі әдістемесінің тиімділігі мен оңтайлылығы , оның іс-тәжірибесінің теориялық негізділігі мен практикалық құндылығы.



ІІІ. Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеу жұмысының жүргізілуі мақсаты мен жасалатын іс-әрекеттердің міндетті тізбегі. Зерттеу тізбегі. Зерттеу деңгейі, жинақтау көлемі және жалпылау дәрежесі.



IV.Тәжірибені зерттеуді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері:

1-кезең . Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттерін белгілеу, жоспар жасау. Педагогикалық әдебиеттерге озат тәжірибеге талдау жасау , зерттеу жұмысының әдістемесін белгілеу және бағдарламасын жасау.

2-кезең. Озат тәжірибенің теориялық негіздерін анықтау. Зерттеу жұмысының әрекет-амалдарын, нәтижелерінің өлшемдері мен бағалау көрсеткіштерін белгілеу. Нәтижелердің сандық және сапалық сипаттамаларын жасау.

3-кезең. Зерттеу нәтижелерін шығару, оның құндылығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Ұсыныстар жасау.



V .Педагогикалық зерттеу көздері.

Негізге алынатын әдебиеттер, бақыланылатын нысаналар, тексерілетін құжаттар және негізделетін түйіндер мен шешілетін мәселелер.



VI. Педагогикалық зерттеу нәтижелері.

Зерттеу соңында алынатын нәтижелер, салыстыру кестелері, баспадан шығарылатын кітапшалар мен буклеттер, жинақталатын материалдар мен жасалатын оқу-әдістемелік құралдар.



Мектеп басқарушылық озат тәжірибе
Мектеп басқарушылық озат тәжірибе – мектеп басқару саласында практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы басқарушылық идеялардың жиынтығы.

Мектеп басқарушылық озат тәжірибе туралы тұжырымдар

  • Басқарушылық озат тәжірибе – мектеп басшыларының өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі.

  • Басқарушылық озат тәжірибе – мектеп басқару қызметінің тиімділігін арттырудың қажетті шарты.

  • Басқарушылық озат тәжірибе – ізденімпаз мектеп басшысының педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы.

  • Басқарушылық озат тәжірибе – басқарушылық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеу әдісі.

  • Басқарушылық озат тәжірибе – мектептану ғылымы мен практикасының өзара жүйелі байланысы.

  • Басқарушылық озат тәжірибе – педагогикалық менеджменттің ерекше түрі.

жүктеу 450,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау