49. Конденсатор пакеттерін құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пакеттегі секция саны 60-тан жоғары болған кезде, жекелеген секцияларды топтарға және топтарды күштік конденсатор пакеттеріне құрастыру және престеу. Күрделі электр сызбалы және тартпа планкілі пакеттерді құрастыру. Пакеттерді пленкалы диэлектрикпен және кесілмеген оқшаулаумен жартылай автомат-пресстер мен автоматтарда престеу. Пакет сыйымдылықтарын түрлі тәсілдермен жеткеру. Сыйымдылықты анықтау үшін бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану. Секция салмаларын кезегімен қоса отырып пакеттерді құрастыру және престеу.Пакеттердегі секцияларды тұрақты ток кернеуімен брактау.
Білуге тиіс: түрлі типтегі күштік конденсаторлардың нысанын, құрылымы мен жұмыс принципін; пресс-автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; жинақталған пакеттерге қойылатын техникалық талаптарды; оқшаулау материалы ылғалдылығы мен қалыңдығының электр беріктігі мен сіңбеген пакет сыйымдылықтарына әсерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралын пайдалану ережесін; пакеттердегі секцияларды кернеумен сынауға арналған қондырғының құрылымы мен жұмыс принципін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді орындалатын жұмыс көлемінде.
50. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Бөлшектерді вакуумді құрастыруға дайындау: бөлшектерді карцтеу, бензинде және басқа да ерітінділерде жуу, сүрту және қысылған ауамен үрлеу. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын жасау және қарапайым слесарлік-құрастыру жұмыстарын орындау. Құрастырылатын бөлшектерді құрастыру орнына тасымалдау.
Білуге тиіс: вакуумді құрастыру алдындағы дайындық жұмыстарының түрлері мен нысандарын; қарапайым жұмыс және өлшеу құралы мен айлабұйымдарды нысаны мен пайдалану ережесін; слесарлік өңдеу тәсілдерін; вакуумді гигиена ережесін; қолданылатын ерітінділердің қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін; дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптарды.
51. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын құрастыру. Сынап тіктеуіштерінің қарапайым тораптарын техникалық талаптарға сәйкес слесарлік өңдеу және вакуумді құрастыру. Өлшеу және кесу құралын таңдау. Сынап тіктеуіштерінің тораптары мен бөлшектерін слесарлік өңдеу және құрастыруға арналған қарапайым жабдық пен айлабұйымдарды пайдалану. Құрастырылатын бөлшектер мен тораптары қарапайым сынаудан өткізу.
Білуге тиіс: құрастырылатын тораптардың нысаны мен әрекет ету принциптерін; механикалық жабдықтың, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымын, нысаны мен пайдалану ережесін; қажетті сынауларды жүргізу ережесін және олардың нысанын; вакуумді құрастыруға қойылатын негізгі талаптарды; вакуумді техника жөніндегі негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Катодтар – тұтату кірмесін орната отырып құрастыру.
2. Вакуумді крандар – алдын аоа құрастыру.
3. Сынап тіктеуіштерінің рамалары – су трубаларын құрастыру.
52. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерінің күрделілігі орташа тораптарын құрастыру. Сынап тіктеуіштерінің тораптарын бөлшектерін слесарлік өңдей отырып вакуумді құрастыру және реттеу. Вакуумді сынауды жүргізу. Құрастыру кезінде ақауларды анықтау және жою. Бөлшектерді бракқа шығару.
Білуге тиіс: сынап тіктеуіштерінің негізгі типтері тораптарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; тораптарын құрастыру сапасының тіктеуіш жұмысына әсерін; шектеулер жол берілетін шамалар жүйесін; брактың ықтимал түрлері мен олардың алдын алу және жою тәсілдерін; вакуумді техника мен электр техника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Анодтаы - құрастыру.
2. Вентилдер - вакуумді құрастыру.
3. Крандар - вакуумді құрастыру.
4. Сынап тіктеуіштерінің анодты және катодты тораптары - вакуумді құрастыру.
53. Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерінің күрделі тораптары мен тәжірибелік үлгілерін құрастыру. Күрделі сынап тіктеуіштерін жиналатын тораптар мен бөлшектерін жеткере отырып вакуумді құрастыру. Қалыптық стенділер мен басқару пульттерін құрастыру және сынау. Құрастыру кезінде ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс сынап насостарының, вакуумметрлердің, қалыптық стенділер мен басқару пульттерінің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қажетті сынақтарды жүргізу ережесін; барлық слесарлық өңдеу түрлерін; сынап тіктеуіштерінің құрастырылу сапасын бақылау әдістерін; техникалық құжаттаманы ресімдеуді.
Жұмыс үлгілері
1. Вакуумметрлер - вакуумді құрастыру.
2. Вентилдер мен вакуумді жүйелері – ағындарды анықтау.
3. Сынап насостары мен вакуумметрлер - құрастыру және сынау.
54. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірінші габаритті трансформаторлардың шикіқұрамдау сызбасы қарапайым бір фазалы және үш фазалы өзекшелерін құрастыру құралды мен айлабұйымдарын пайдалана отырып құрастыру. Парақтарды іріктеу және белгілі бір тәртіппен және кезектілікпен пакеттерге салу. Өзекшелерді берілген сызба мөлшерлерін сақтай отырып престеу.
Білуге тиіс: бір фазалы және үш фазалы трансформаторлардың қарапайым өзекшелерінің құрылымын және жұмыс істеу принципін; пакеттерді шикіқұрамдауға арналған пластиналарды іріктеу ережесін; пластина оқшаулау түрлері мен нысандарын және оқшаулау сапасының трансформатор жұмысына әсерін; өзекшелерді құрастыруға арналған құралдар мен айлабұйымдарды; өзекшелерді құрастырудың арналық тәсілінің ерекшеліктерін.
Жұмыс үлгілері
1. Тұрмыстық автотрансформаторлар - өзекшені салмағына қарай қырнау, өзекшені түзету және катушканы өзекшемен құрастыру.
2. Үшінші габаритке дейінгі реактор дросселдері - құрастыру.
3. Үшінші габарит реакторы - өзекшені құрастыру.
4. Магнитті күшейткіштер – шпонды белгісі бойынша парақтарды құрастыру.
55. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
2 -разряд
Жұмыс сипаттамасы. Екінші габаритті трансформаторлардың өзекшелерін техникалық шарттарға және сызбаларға сәйкес құрастыру, престеу және өңдеу. Құрастыру барысында өзекше пластиналарын сырттай қарап ақауға шығару.
Білуге тиіс: екінші габаритті бір фазалы және үш фазалы трансформаторлардың қарапайым өзекшелерінің құрылымын; өзекшелерін құрастыру, престеу және өңдеудің технологиялық процесін; құрастыру айлабұйымдарының, бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс құралының нысанын және қолдарды қолдану ережесін; пластина оқшаулау сапасына қойылатын негізгі талаптарды.
Жұмыс үлгілері
1. Бірінші және екінші габаритті құрғақ каскадты үш фазалы автотрансформаторлар - өзекшені құрастыру.
2. Екінші габаритті реакторлар - өзекшені құрастыру.
3. Шағын габаритті трансформаторлар - өзекшені құрастыру.
4. Қуаты 100 кВА дейінгі арнаулы нысандағы трансформаторлар - өзекшені құрастыру.
56. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
3 -разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үшінші габаритті трансформаторлардың өзекшелерін құрастыру, престеу және өңдеу. Арнаулы құрастыру айлабұйымдарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс құралын, көтеру-тасымалдау жабдығын пайдалану. Өзекшенің жерге қосылу сапасын индуктордың көмегімен тексеру. Өзекшені өңдеу процесінде ықтимал ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: үшінші габаритті трансформаторлар өзекшелерінің құрылымын, нысаны мен конструктивтік ерекшеліктерін; өзекшелерге қойылатын техникалық талаптарды; құрастырудың негізгі әдістерін; құрастыру айлабұйымдарының, бақылау-өлшеу аспаптары мен жұмыс құралының нысанын және құрылымын; өзекшені жерге қосу және жерге қосылуын тексеру ережесін; өзекшелерді құрастыру және өңдеу сапасының трансформатор жұмысына әсерін.
Жұмыс үлгілері
1. Үшінші және төртінші габаритті реакторлар - өзекшені шабақтау және өңдеу.
2. Қуаты 100 кВА-ден 560 кВА дейінгі арнаулы нысандағы трансформаторлар - өзекшені өңдеу.
57. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
4 -разряд
Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті трансформаторлардың өзекшелерін құрастыру, престеу және өңдеу. Өзекшелерді құрастыруға арналған құрылғыны орнату және бекіту. Бірінші габарит қаңқаларын стержендерді кеңістікті орналастыра отырып жасау.
Білуге тиіс: төртінші габаритті трансформаторлар өзекшелерінің құрылымын, нысаны мен конструктивтік ерекшеліктерін; май арнайы пластиналары мен жерге қосуды қою ережесін; өзекшелерді құрастыруға арналған құрылғыны орнату және бекіту тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Төртінші габаритті автотрансформаторлар - өзекшені құрастыру.
2. Бір фазалы дроссельді найзағайға берік реакторлар - өзекшені құрастыру.
3. Бірінші және екінші габаритті шпильсіз трансформаторлар өзекшені құрастыру және өңдеу.
4. Қуаты 560 кВА жоғары арнаулы нысандағы трансформаторлар - өзекшені өңдеу.
58. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
5 -разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың өзекшелерін құрастыру, престеу және өңдеу. Көп рамалы конструкциядағы үш фазалы шикіқұрамданған, стержень қимасы әртүрлі өзекшелерді құрастыру, жиынтықтау және өңдеу.
Білуге тиіс: бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлар өзекшелерінің құрылымын, нысаны мен конструктивтік ерекшеліктерін; парақты оқшаулауға қойылатын талаптарды; трансформатор сипаттамаларының (бос жүріс тогі, бос жүріс шығыны және т.б.) өзекшелерді құрастыру және өңдеу дәлдігі деңгейіне тәуелділігін; электр техниканың трансформаторларға қатысты негізгі заңдарын.
Жұмыс үлгілері
1. Бесінші және алтыншы габаритті автотрансформаторлар - өзекшені құрастыру.
2. Үшінші және төртінші габаритті шпильсіз трансформаторлар - өзекшені құрастыру және өңдеу
59. Трансформатор өзекшесін құрастырушы
6 -разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алтыншы габаритті трансформаторлардың өзекшелерін құрастыру, престеу және өңдеу. Құрама жік немесе қисық жікті өзекшелерді құрастыру.
Білуге тиіс: алтыншы габаритті трансформаторлар өзекшелерінің құрылымын, нысаны мен конструктивтік ерекшеліктерін; өзекшелерді құрастыруға арналған пластиналарды дайындау технологиясын; құрастырудың технологиялық кезектілігін.
Жұмыс үлгілері
1. Алтыншыдан жоғары габаритті автотрансформаторлар - өзекшені өңдеу.
2. Аса қуатты реакторлар – магнитті жүйені жасау.
60. Күшті нүктелі конденсаторларды құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күшті нүктелі конденсаторлардың алмалы бөлігінің сіңірілмеген пакеттерін біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Бөлшектердің сыртқы түрін қарау және құрастыру алдында сүрту.
Білуге тиіс: конденсаторлардың жиналатын негізгі бөлшектерінің нысанын; қолданылатын құралдар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесін; жиналатын тораптарға қойылатын техникалық талаптарды; шықпалардың қосылу сызбасын; құрастыру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін.
61. Күшті нүктелі конденсаторларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күшті нүктелі конденсаторлардың алмалы бөлігінің сіңірілмеген пакеттерін құрастыру. Конденсаторлардың алмалы бөлігінің электр сызбасын құрастыру және дәнекерлеу. Пакеттерді оқшаулау және оны корпуспен құрастыру.
Білуге тиіс: конденсаторлардың жиналатын негізгі бөлшектерінің құрылымы мен нысанын; қолданылатын құралдар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесін, құрылымы мен нысанын; дәнекер мен флюстердің құрамын және дәнекерлеу ережесін; құрастыруға келіп түскен конденсатор пакеттерінің, тораптар мен бөлшектердің ақау түрлерін, оларды анықтау мен жою тәсілдерін.
62. Күшті нүктелі конденсаторларды құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күшті нүктелі конденсаторлардың корпусті бір пакеттен тұратын алмалы бөлігін құрастыру Алмалы бөлік сыйымдылығын жеткеру. Шықпалар мен шиналарды дәнекерлеу. Сіңірілген конденсаторлардағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: жиналатын конденсаторлардың жұмыс принципі мен нысанын; олардың негізгі электр сипаттамаларын; конденсатор жұмысындағы ақаулардың себептерін; бөлшектеу, сіңірілгеннен кейін конденсаторларды құрастырудағы ақауларды жою ережесін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді орындалатын жұмыс көлемінде.
63. Күшті нүктелі конденсаторларды құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күшті нүктелі конденсаторлардың корпусті біреуден артық пакеттен тұратын алмалы бөлігін құрастыру Алмалы бөлік сыйымдылығын жеткеру. Алмалы бөлік сыйымдылығын мостылы сызбалы аспаптармен өлшеу. сыйымдылықтарды кейінен жүргізілген есептерге сәйкес қайталап жеткеру. Бөлшектеу, сынаудан кейін конденсаторларда анықталған ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: жиналатын конденсаторлардың жұмыс принципі мен нысанын; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін және олардың конденсатор сапасына әсерін; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын және құралды пайдалану ережесін; вакуумді және өлшеу техникасының электр техникасы негіздерін.
64. Токты шектеуші реакторларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Параллель сымдарының саны 3 дейінгі токты шектеуші реакторларды құрастыру және орау. Реактор сымын орауға, жабдықтарды токты шектеуші реакторлар шаблондарын құрастыруға дайындау. Шаблондарды жиынтықтау және баптау. Кабельді реактор планкаларының пазына салу және оны бір қатардан екіншісіне ауысу кезінде оқшаулау. Контакті пластинкаларының пісіру орындарын оқшаулау материалдарымен оқшаулау. Орам аралық кеңістікті анықтау. Арнаулы құрастырушы айлабұйымдарды және қарапайым көтеру-тасымалдау құрылғыларын пайдалану. Шаблондарды тазалау және майлау.
Білуге тиіс: жиналатын реакторлардың құрылымын, нысанын және оларға қойылатын техникалық талаптарды; токты шектеуші реакторлар құрастыру және орамалау ережесін; қолданылатын кабельдің маркасы мен қимасын; реакторды бір және екі параллельге орау сызбасын; оқшаулау ережесін және қолданылатын оқшаулау материалдарын; арнаулы құрастырушы айлабұйымдарды және қарапайым көтеру-тасымалдау құрылғыларын пайдалану ережесін.
65. Токты шектеуші реакторларды құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Параллель сымдарының саны 3-тен 6-ға дейінгі токты шектеуші реакторларды құрастыру және орау. Шаблондарды толық құрастыру және оларды орауға дайындау. Жиналған шаблонды мостылы кранның немесе көтеру-тасымалдау құрылғысының көмегімен орау алаңына орнату. Түрлі параллель сымдардың көршілес орамдармен арасындағы мөлшерді тексеру. Жиналған токты шектеуші реакторларды бетон құюға дайындау.
Білуге тиіс: көп паралелльді токты шектеуші реакторлардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен құрастыру және орау ерекшеліктерін; паралелль сымдардың айқасқан жерін оқшаулау ережесін және орамаралық оқшаулау нысанын; реакторды орауға арналған кабельдің қажетті ұзындығын есептеудің тәртібі мен ережесін; оқшаулау материалдары мен кабельдердің негізгі қасиеттерін.
66. Токты шектеуші реакторларды құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Параллель сымдарының саны 6-дан жоғары токты шектеуші реакторларды құрастыру және орау. Бес өтпе ұстынды қосарланған және айналма транспозициялы, сондай-ақ көп амперлі және көп паралелльді қосарланған, орау сызбасы күрделі токты шектеуші реакторларды орау. Қосарланған токты шектеуші реакторларды орауын жазу және орталық контактілерінің орналасуын сызбаға сәйкес анықтау. Орау шықпасын берілген бұрыш бойынша орнату. Токты шектеуші реакторлардың индуктивтілігін және параллель сымдарының саны мен реактор типіне қарай жиналатын реакторларға кабель қажеттілігін есептеу. Оқшаулау қарсылығын тексеру және жиналған реакторлардың индуктивтілігін анықтау.
Білуге тиіс: көп амперлі және көп паралелльді қосарланған токты шектеуші реакторлардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен құрастыру және орау ерекшеліктерін; қосарланған реакторларды орау сызбасын; ораманың индуктивтік қарсылығын есептеу әдістемесін; алюминий және мыс кабельдердің типі мен маркаларын, олардың электр қасиеттерін; көп паралелльді қосарланған токты шектеуші реакторларды дұрыс оралуын тексеру әдістерін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді.
67. Трансформаторларды құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күштік трансформаторларды құрастыру жөніндегі жекелеген типтік операцияларды орындау. Металды суық күйінде шаблондар бойынша майыстыру, арамен кесу, шикіқұрамдау, қарапайым оқшаулау жұмыстарын орындау. Орауды стерженьге отырғызуға дайындау жұмыстары.
Білуге тиіс: жиналатын тораптардың құрылымы мен нысанын, оларға қойылатын талаптарды; слесарлік құрастыру жұмыстарының негізгі әдістерін; қолданылатын материалдарды.
68. Трансформаторларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 100 кВА, кернеуі 10 кВ дейінгі күштік трансформаторларды бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Шағын қуатты автотрансформаторлар мен габариті шағын басқару тізбесінің трансформаторын құрастыру. Құралдар мен айлабұйымдарды пайдалана отырып шықпа ұштарын өңдеу жөніндегі монтаж жұмыстары (тазалау, ұштарын орнату, шықпа ұштарды контакт болттарына және жапырақшаларға дәнекерлеу, шықпаларды қосу).
Білуге тиіс: трансформаторлар туралы негізгі деректерді; шағын қуатты трансформаторды құрастырудың типті технологиялық процесін; шағын қуатты күштік трансформаторлардың, құрылымын, нысанын, жұмыс принципін; құрастыруға қойылатын техникалық талаптарды; құрастыру процесінде пайдаланылатын жабдықты; құрастыру-монтаж жұмыстарының сапасын тексеру ережесін.
69. Трансформаторларды құрастырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 100-ден 560 кВА дейін, кернеуі 35 кВ дейінгі күштік трансформаторларды бірінші, екінші және үшінді құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 3200 кВА дейін, кернеуі 35 кВ күштік алюминий орамалы күштік трансформаторларды құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Шағын қуатты құрғақ трансформаторды, шикіқұрамданған және орама магнит сымды және ферритті өзекшесі трансформаторларды құрастыру. Пісіру машиналарына арналған трансформаторларды толық құрастыру.
Білуге тиіс: күштік трансформаторларды, шағын қуатты құрғақ және алюминий орамалы трансформаторларды бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі чертежді, сызбаны және оның технологиялық процесін; жиналатын трансформаторлардың құрылымын, жұмыс принципі мен нысанын; ораманы орнатуға арналған айлабұйымдарды; құрастыру процесінде қолданатын жабдықты; шықпаны дәнекерлеу, трансформатордың белсенді бөлігін бакке орнату технологиясын; оқшаулау арақашықтықтарын тексеруді; әр құрастырудан кейін құрастыру жұмыстарының сапасын тексеру ережесін.
70. Трансформаторларды құрастырушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 560-тан 20000 кВА дейін, кернеуі 35 кВ дейінгі күштік трансформаторларды бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 3200-ден 5600 кВА дейін, кернеуі 35 кВ алюминий орамалы күштік трансформаторларды кернеуін жүктемемен реттей отырып бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Шағын қуатты арнаулы трансформаторды қосымша реттей отырып толық құрастыру. Қуаты 2000 кВА дейін, кернеуі 10 кВ дейінгі электр пешінің трансформаторларын бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Реакторлық жабдықты магнит жүйесін реттей отырып құрастыру. Үшінші габаритке дейінгі трансформаторды дайындау және құрастыру. Трансформаторды сынауға дайындау, құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларын жою.
Білуге тиіс: қуатты трансформаторлардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципін және құрастыру процесін; үшінші габаритке дейінгі трансформатордың нысанын, оқшаулау және ток өткізу бөліктерінің қасиеттерін; күрделі тораптар мен бөлшектерді белгілеу тәсілдерін; техникалық сызу жөніндегі негізгі деректерді; слесарлік-құрастыру жұмыстарын; қолданылатын жұмыс және өлшеу құралдарын; құрастыру кезіндегі өндірістік операциялардың орындалу сапасына қарай шығарылатын трансформаторлардың сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын; жиналатын трансформаторлардың электрлік сипаттамаларын.
71. Трансформаторларды құрастырушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 2000-ден 31500 кВА, кернеуі 35-110 кВ дейінгі күштік трансформаторларды бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 5600-ден 40000 кВА, кернеуі 35-110 кВ. алюминий орамалы күштік трансформаторларды кернеуін жүктемемен реттей отырып бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 2000-нан 60000 кВА, кернеуі 10-нан 150 кВ. дейінгі электр пешінің трансформаторларын бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 180000 кВА және одан жоғары, кернеуі 35 кВ. вольтқосушы трансформаторды толық құрастыру. Үшіншіден жоғары габаритті трансформаторға арналған шықпаны дайындау және құрастыру. Трансформаторды сынауға дайындау. Сынау кезінде анықталған ақауларын жою.
Білуге тиіс: әртүрлі типтегі қуатты трансформаторлардың конструктивтік ерекшіліктерін; трансформаторларды сынауға дайындау ережесін; трансформаторлардың пайдалану жағдайында болатын жұмыс кернеуін және артық кернеуін (олардың деңгейлерін); үшіншіден жоғары габаритті трансформатор шықпаларын қосу сызбасын; сынау кернеулерін оқшаулау мен нормасын сынау әдістерін; трансформаторларды кернеуін жүктемемен реттей отырып құрастыру ерекшеліктерін:
72. Трансформаторларды құрастырушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қуатты бірегей күштік трансформаторларды және қуаты 31500 кВА-ден, кернеуі 220-750 кВ автотрансформаторларды бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Қуаты 60000 кВА, кернеуі 150 кВ жоғары электр пешінің трансформаторларын бірінші, екінші және үшінші құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Шунтылаушы реакторларды құрастыру. Қуаты 40000 кВА, кернеуі 220-750 кВ. күштік трансформаторлар мен автотрансформаторларды кернеуін жүктемемен реттей отырып құрастыру. Трансформаторлардың белсенді бөлігін бақылау; арнаулы қайта қосу құрылғыларын монтаждау және баптау. Жасанды климат камераларындағы бірегей трансформаторларды құрастыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Бірегей трансформаторларды сынауға дайындау. Сынау кезінде анықталған ақауларын жою.
Білуге тиіс: қуатты және ірі габаритті бірегей әртүрлі типтегі трансформаторлардың құрылымын, нысаны мен конструктивтік ерекшеліктерін; шықпаларды қосудың күрделі сызбасын; қолданылатын оқшаулау материалдарын және сызбалар мен қоспаларды оқшаулау ережесін; әртүрлі типтегі трансформаторлардың пайдалы қолдану коэффициенттерін; бос жүріс мөлшерінің, салмағының және шығыны мен басқа да көрсеткіштердің трансформатор қуатына тәуелділігін; трансформаторлардың электр беріктігіне қойылатын талаптарды; жасанды климат камераларындағы артық қысыммен жұмыс ережесін; техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
73. Электр өлшеу аспаптарын құрастырушы
1-разряд
Достарыңызбен бөлісу: |