85. Конденсатор пакеттерін кептіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конденсатор пакеттерін термовакуумді қондырғыларды кептіру. Пакеттерді кептіру арбасына салу, қажетті қосуларды орындау. Температура мен қысымды берілген тапсырмаға сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін журналға жазу. Термовакуумді қондырғы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
Білуге тиіс: конденсаторлардың құрылымы мен нысанын; конденсатор пакеттерін вакуумді кептіру нысанын, қызмет көрсететін термовакуумді қондырғылардың жұмыс принципі мен қызмет көрсету ережесін; ток күшін, кернеуді, сыйымдылықты, қарсылықты, қысым қалдығын және температураны өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарын; токпен кептірілетін пакеттерді қосу сызбасын; конденсатор пакеттері қаптамасының жол берілетін шекті қарсылығын; түрлі типтегі конденсатор пакеттерін кептіру режимін; кептіру интенсивтілігінің температураға және қысым қалдығына тәуелділігін; пакеттерді тиеу және түсіру ережесін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді; қондырғыға тән ақауларды және оларды жою әдістерін.
86. Термостатшы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термостаттардағы төмен сыныпты аспаптардың, қарапайым катушкалардың, рамкалардың, бөлшектер мен материалдарды термотұрақтандыру және жасанды тозу процесін жүргізу. Аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді тиеу және түсіру. Термостаттарды қосу, қажетті режимді ұстау және ажырату. Тиеу және түсіру уақытын тіркеу жазбасын жүргізу.
Білуге тиіс: термостаттардың құрылымы мен жұмыс принципін; термостаттардың жұмыс режимі мен термотұрақтандыру және жасанды тозуға арналған өндірістік нұсқаулықтарды; тиеу және түсіру кезінде аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді ұстау ережесін; термотұрақтандыру және жасанды тозу нысанын; қадағалау нәтижелері мен температураны жазу ережесін.
87. Термостатшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термостаттардағы жоғары сыныпты жауапты катушкалардың термотұрақтандыру және жасанды тозу процесін берілген режимге баптай отырып жүргізу. Термостаттың жұмысын қадағалау және берілген температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Термостаттардағы аспаптар мен катушкалардың болу уақытын тозу нұсқаулығына сәйкес айқындау. Аспаптар көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Тіркеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: термостаттардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; жоғары сыныпты аспаптармен жұмыс істеу ережесін; түрлі аспаптар мен катушкалардың тозу уақытын; бақылау-өлшеу аспаптарының (терморегуляторлар, автопирометрлер, өздігінен жазатын аспаптар, термометрлер және т.б.) нысанын, пайдалану ережесін және олардың негізгі ақауларын; термотұрақтандыру және жасанды тозу сапасының (берілген режим мен уақыт ішінде) аспаптардың жұмысына әсерін.
88. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тіктеуіштерін біліктілігі анағұрлым жоғары қалыптаушының басшылығымен қалыптау. Бөлшектерді шынықтыру пешінде шынықтыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Бөлшектерді вакуумді контейнерге салу.
Білуге тиіс: шынықтыру пештері мен вакуумді контейнердің құрылымы мен нысанын; сынап тіктеуіштердің тораптары мен бөлшектерін вакуумді сынауға дайындау ережесін; вакуумді гигиена ережесін.
Жұмыс үлгілері
Сынап тіктеуіштердің бөлшектері – сығымдалған ауамен үрлеу.
89. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым сынап тіктеуіштерін қалыптау. Қайта айдау үшін дистилляторға сынап құю. Дәнекерленген вентильдердің пісірме жіктерінің тығыздығын сығымдалған азот қысымымен анықтау. Сынақ стенділерінде сынап насостарды жалғау және қосу. Сынап тіктеуіштерін қалыптау кезінде қарапайым жабдықты басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және оларды журналға жазу. Сынау кезінде анықталған ақауларды жою.
Білуге тиіс: қарапайым сынап тіктеуіштердің құрылымы мен нысанын; май және сынап насостарының құрылымын және пайдалану ережесін; сынаппен жұмыс істеу ережесін; вакуумді техника мен электротехника туралы негізгі ұғымдарды, орындалатын жұмыс көлемінде; бақылау-өлшеу аспаптарының, сынақ стенділерінің нысанын және тіркеу журналын жүргізу ережесін; азоттың қасиетін және сығымдалған ауа баллондарымен жұмыс істеу ережесін.
Жұмыс үлгілері .
1. сынап вентилдер - қалыптау.
2. Сынап тіктеуіштердің корпустары – пісірме жік тығыздығын сынау.
90. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа сынап тіктеуіштерін қалыптау. Күйдіруге арналған электр сызбаны құрастыру және вентиль корпусын күйдіру. Сынапты вентильге қайта айдау (дистилляция). Алдын ала және күйдіруден кейін вакуумді сынаулар. Сынақ стенділеріне қызмет көрсету. Сынақ журналын жүргізу.
Білуге тиіс: күрделілігі орташа сынап тіктеуіштердің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; алдын ала вакуумді сынауға арналған стенділердің құрылымын, нысаны мен пайдалану ережесін; вакуумді сынау кезіндегі ағын нормасын; сынау журналын жүргізу ережесін; электротехникадағы вакуумді техника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Дәнекерленген сынап тіктеуіштер – айдап шығару және суық күйінде вакуумді сынау.
2. Сынап тіктеуіш корпустары – күйдіру және вакуумді сынау.
3. Сынап тіктеуіш тораптары - суық күйінде вакуумді сынау.
91. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сынап тіктеуіштерді қалыптау. Сынап тіктеуіштерді қалыптау кезінде пайдаланылатын жабдықты, сынау стенділерін жұмысқа дайындау. Дәнекерленген сынап тіктеуіштер корпусындағы ағынды ағын іздеуішпен анықтау. Дәнекерленген сынап тіктеуіштер мен сынап тіктеуіштердің жауапты тораптарын анықталған барлық ақауларын жоя отырып түпкілікті вакуумді сынаулар. Қалыптау және сынау хаттамаларын ресімдеу.
Білуге тиіс: күрделі сынап тіктеуіштердің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, сынақ стенділерінің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қалыптау және сынау хаттамаларын ресімдеу ережесін: вакуумді сынау кезіндегі ағын нормаларын; жиналған сынап тіктеуіштерге қойылатын техникалық талаптарды, сынақ түрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Вакуумметрлер – сынау және соларға шәкілдерді түсіру.
2. Сынап тіктеуіштер – стендіде қалыптау, қалыптаудан кейін вакуумді сынаулар және соңғы статикалық сынаулар.
92. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі және тәжірибелік үлгілік сынап тіктеуіштерді қалыптау және вакуумді сынау. Вентильдерді жоғары вольтті сынау. Күштік сызбаны қалыптаудан жоғары кернеуге ауыстыру. Вентильдерді жұмыс режиміне қосу. Күрделі қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарына, сынақ стенділеріне өздігінен баптай отырып қызмет көрсету. Қалыптау және сынау нәтижелері бойынша қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу.
Білуге тиіс: ерекше күрделі сынап тіктеуіштердің құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен конструктивтік ерекшеліктерін, олардың электр сипаттамаларын; газдардың кинетикалық теориясы туралы негізгі ұғымдарды; электротехника жөніндегі негізгі деректерді; түрлі сынау стенділері мен басқару пульттерінің құрылымы мен нысанын; қалыптау жұмыстары мен вакуумді сынау жүргізу кезінде қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін; сынау нәтижелері бойынша қисық сызықты құру ережесін және оның нысанын.
Жұмыс үлгілері
Күрделі тәжірибелік дәнекерленген тіктеуіш үлгілері - стендіде қалыптау, қалыптаудан кейін вакуумді сынаулар және соңғы статикалық сынаулар.
93. Электр монтажшы-сызбашы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тораптар мен бұйымдардың электр сызбасын монтаждаумен байланысты қосалқы жұмыстарды орындау. Қорғану және таңбалаушы трубкаларды пневматикалық, механикалық және қол қайшыларында жиегі бойынша немесе үлгі бойынша мөлшерлеп кесу. Сымдарды тазарту және кабель ұштарын орнату. Қаусырма, қамытшалар мен шағын көлемді кабель ұштарын жасау. Қарапайым шаблондарды қолдана отырып белгі қою. Өткізгіштерді белгіленген түрге бояу. Өткізгіштерді оқшаулау және кабельді таңбалау.
Білуге тиіс: қарапайым сызбаларды шаблон мен үлгі бойынша монтаждау ережесін; қарапайым слесарлік және электромонтаждау құралының және айлабұйымдарының атауын, нысаны мен қолдану тәсілдерін; қарапайым электр машиналарының нысанын; өткізгіштерді салу жолдарын; икемді монтажды дайындау тәсілдерін; электротехника жөніндегі негізгі деректерді.
Жұмыс үлгілері
1. Картон биркалар - жасау.
2. Бензоэлектрлі агрегаттар – магнитті күшейткіш пен дросселді дәнекерлеуге арналған өткізгіштерді өңдеу.
3. Қосуды реттеу аппаратурасының қарапайым бөлшектері - жасау.
4. Сақтандырғыш корпусы - балқыма сынаны орнату.
5. Реле шкафтары – втулка мен қаусырманы орнату.
94. Электр монтажшы-сызбашы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша монтаждау және байламдау. Өткізгіш топтарын байламдау және оқшаулау, оқшаулау лагымен сіңірмелеу. Күштік тізбедегі қарапайым шиналарды чертеж немесе шаблон бойынша жасау және оны бұйымға орнату. Монтажды сызба бойынша салу. Сымдар мен топтық қосындыларды эскиз бойынша салу.
Білуге тиіс: қарапайым сызба монтажы ережесін; түрлі маркадағы және қимадағы қарапайым сызбалардың жұмсақ монтажын жасау тәсілдерін; монтаж кезінде қолданылатын құрал мен айлабұйымның нысаны мен қолдану ережесін; сызбаның негізгі тораптарының шартты белгілерін; сымның маркасы мен қимасын; чертеждер мен сызбаларды орындалатын жұмыс көлемінде оқуды; электротехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Бензоэлектрлі агрегаттар - вольтметрді, амперметр мен жиілік өлшегіш орнату және қосу.
2. Бензоэлектрлі агрегат аппаратурасына арналған монтаждау жгуттары - жасау.
3. Монтаж сымдарының ұштары – ұштарды дәнекерлеу және бандаждау.
4. Жарық беру желісі – проводка бойынша белгілеу.
5. Турбогенераторлар - статор орамының өткізгіштерін транспозициялау.
6. Жоғары вольтті конденсатор қондырғылары – толық электр монтаждау.
7. Шағын габаритті қосу және жарық беру қалқантері - монтаждау және өткізгіштерді салу.
95. Электр монтажшы-сызбашы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша монтаждау және байламдау. Монтаждалған сызбаларды қаусырмамен бекіту. Дәнекерлеуге арналған қосу шиналарын құрастыру және оларды дәнекерлеу. Есіктер мен шкаф қақпақтарына арналған өткізгіштер топтарының шарнирлі өтпелерін жасау. Таратып бөлу секцияларындағы күштік тізбені орнату жеріне еркін жетерліктей етіп монтаждау. Магнитті стансаларды, басқару қалқантерін, аппараттар мен аспаптарды коммутациялау.
Білуге тиіс: қосуды реттеу аппаратурасының атауы мен нысанын; монтаждауда қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының нысанын және қолдану ережесін; дәнекерлеуге, күйдіруге, бұрғылауға және басқа да жұмыстарға арналған монтаждау құралын, айлабұйымдар мен басқа да жабдықтарды; электр техника мен электр механика негіздерін, орындалатын жұмыс көлемінде.
Жұмыс үлгілері
1. Бензоэлектрлі агрегат құрылғыларының разрядтау блоктары - электр монтаждау.
2. Генераторлар - аппаратура блогімен электр монтаждау.
3. Ауыспалы ток контакторы - орнату.
4. Ингитронды контакторлар - электромонтаждау және барлық элементтері бойынша қосу.
5. Кір жуу машиналары – толық электр монтаждау.
6 Контакті панельдері - орнату, қосу және сынау.
7. Пісіру машиналарының басқару пульттері - монтаждау, орнату және сызбаны қоңыраулату.
8. Диаметрі екі дюймге дейінгі трубалар – сызба бойынша тарту.
9. Бірінші габаритті төмен вольтті конденсатор қондырғылары - толық электр монтаждау.
10. Жгут байламына арналған шаблондар – жасау.
96. Электр монтажшы-сызбашы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша немесе орны бойынша монтаждау және байламдау. Шиналарды кесу және қыздыру қондырғылары мен айлабұйымдарда майыстырған орындарын күйдіре отырып, бірнеше тегістікте қырынан майыстыру. Күрделі сызбаның эталонды шаблондарын жасау. Тұрақты және ауыспалы ток электровоздарындағы электр және пневматикалық жабдықты, пневматикалық тізбені монтаждау. Оқшаулау қарсылығын мегометрмен немесе басқа да аспаптармен тексеру. Икемді монтаж сымдарын электр сызбасы бойынша іріктеу. Монтаж ақауларын табу және жою.
Білуге тиіс: монтаждау үшін қолданылатын қосуды реттеу аппаратурасының, бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының құрылымы мен жұмыс принципін; қимасына қарай мыс шиналарды қабырғасына майыстыру шекті радиустарын; дайындалатын бұйымдардың нысаны мен принципті монтаж сызбаларын; монтаж технологиялық кезектілігін; икемді монтаж сымдары сыныптамасын; оқшаулау материалдарының нысанын және түрлері мен қасиеттерін; электр машиналарды, аппараттар мен аспаптарды құрастыру және монтаждау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Бензоэлектрлі агрегаттары - кернеу блогын электр монтаждау және реттеу.
2. Күшейткіш блоктар – құрастыру және электр монтаждау.
3. Калориферлі және камералы пештерге арналған трубалы қысымдауыштар – жасау және монтаждау.
4. Генераторлардың кварцты өзгерткіштері - толық монтаждау.
5. Бірінші габариттен жоғары төмен вольтті конденсатор қондырғылары - толық электр монтаждау.
6. Экскаваторлардың күштік тізбе шиналары – жасау және контакторлар мен шықпа шпилькаларға бекіту.
7. Магистральдің электровоздар - бас трансформатор мен тіктеуішке шиналарды толық дайындау және монтаждау.
97. Электр монтажшы-сызбашы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, түрлі қимадағы өткізгіш саны көп электр сызбасын, аппаратура мен аспаптарды монтаждау. Монтаждау және оны аппаратурамен бекіту. Стансалар мен басқару пульттерін толық монтаждау. Шиналарды панельдерде күрделі орналастыра отырып орнату. Панель сызбалары мен қалқан секцияларын жалпы сызбаға қосу. Күштік тізбені селекторлы қайта қосқыштары бар күрделі конфигурациялы шиттерімен монтаждау. Күрделі конфигурациялы шиналарға арналған шаблондарды жасау. Жгут салынатын панельдерге белгі салу және тізбеге қосымша қарсылықтар орнату, сызбаны, дұрыс қосылуын, барлық аппараттар мен блокировка жүйелерінің өзара әрекеттерін тексеру.
Білуге тиіс: аппаратура мен аспаптардың, стансалар мен басқару пульттерінің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; сызбаға қосылған аппаратура мен аспаптардың принципі мен кезектілігін; анағұрлым күрделі электр монтаждау тәсілдерін және электр тізбедегі түрлі параметрлерді өлшеу тәсілдерін; монтаждалған сызбаларды арнаулы аспаптардың көмегімен бақылау әдістерін.
Жұмыс үлгілері
1. Арнаулы нысандағы аппараттар – монтаждау және реттеу.
2. Монтаждау панельдері мен магистральді электровоз релесі – толық құрастыру, электр монтаждау, реттеу және сынау.
3. Декадалық есептеуіш өзгерткіштері – электр монтаждау.
4. Басқару қалқантері – сызбаға сәйкес орнында монтаждау.
5. Пирометриялық және басқару шкафтары - монтаждау және коммутациялау.
6. Магистральдік электровоздар – монтаждау және электр тізбелерін баптау.
98. Электр монтажшы-сызбашы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қимадағы өткізгіш саны көп тәжірибелік және эксперименталдық электр сызбасын, аппаратура мен аспаптарды монтаждау. Аппаратураға, ток күшіне, кернеу мен аппаратура мен аспаптардың орындалуына қарай монтаж сымын іріктеу. Монтаждау және құрастыру ақауларын біртіндеп жоя отырып, сызба учаскелерін анағұрлым оңтайлы орналастыра отырып қондырғы жұмысын тексеру. Бірегей және прецизионды жабдықтың анағұрлым күрделі коммутационды аппаратурасы мен электр механизмдерін баптау. Монтаждау мен таңбалаудың принциптік сызбасын жасау.
Білуге тиіс: жиналатын электр машиналарының, аппараттар мен аспаптардың конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс принципін; жабдықты, кез келген қуатты және кернеулі әртүрлі күрделі электр желілерін монтаждау жөніндегі ережені және техникалық шарттарды; сызбалардағы жол берілетін жүктемелер мен қызып кетулерді.
Орта арнаулы кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Басқару және қоректендіру стансаларын тұрақтандыру блоктары – электр монтаждау және сызбаны қоңыраулату.
2. Магнитті контролерлер – толық электр монтаждау.
3. Әмбебап электронды есептеу машиналары мен өзгерткіштер – толық монтаждау және баптау.
4. Температураны автоматты реттейтін және барлық механизмдері басқарылатын электр калориферлі пештер – монтаждау және коммутациялау.
5. Басқару және қоректендіру стансалары - толық коммутациялау, шаблондарын жасау, станса жұмысын реттеу.
6. Арнаулы электр қозғалыс қалқантері - күштік басқару тізбелерін толық монтаждау.
Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 1985 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген
тізбесі
№ р/с
|
Осы бөлімде берілген кәсіптердің атаулары
|
Раз-ряд диа-пазо-ны
|
1985, жылғы БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диа-пазо-ны
|
БТБА шы-ғарылымын-ың
№
|
Бөлім-нің қысқар-тылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Электртехникалық бұйымдарды алюминийлеуші
|
1-3
|
Электртехникалық бұйымдарды алюминийлеуші
|
1-3
|
19
|
Жалпы электр-қ
өндіріс-тер
|
2
|
Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші
|
2-4
|
Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
3
|
Сынапты тазартушы
|
1-2
|
Сынапты тазартушы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
4
|
Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы
|
2-6
|
Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы
|
2-6
|
-//-
|
-//-
|
5
|
Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы
|
2-6
|
Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы
|
2-6
|
-//-
|
-//-
|
6
|
Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактаушы
|
2-4
|
Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактаушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
7
|
Лакты араластырушы
|
2-4
|
Лакты араластырушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
8
|
Трубалы электр қыздырғыштарды толтырушы
|
2-4
|
Трубалы электр қыздырғыштарды толтырушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
9
|
Зарядталған бөлік-терді жылдамдат-қыштарды баптаушы
|
4-6
|
Зарядталған бөлік-терді жылдамдат-қыштарды баптаушы
|
4-6
|
-//-
|
-//-
|
10
|
Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
|
1-4
|
Конденсатор пакеттерін дәнекерлеуші
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
11
|
Шунттарды жеткеруші
|
2-4
|
Шунттарды жеткеруші
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
12
|
Электртехникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
|
1-5
|
Электртехникалық бұйымдарды сіңірмелеуші
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
13
|
Электр өлшеу
аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
|
2-5
|
Электр өлшеу
аспаптарын реттеуші-градуирлеуші
|
2-5
|
-//-
|
-//-
|
14
|
Трубкалы электр қыздырғыштарды редуцирлеуші
|
3
|
Трубкалы электр қыздырғыштарды редуцирлеуші
|
3
|
-//-
|
-//-
|
15
|
Конденсатор пакеттерін құрастырушы
|
2-3
|
Конденсатор пакеттерін құрастырушы
|
2-3
|
-//-
|
-//-
|
16
|
Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
|
1-4
|
Сынап тіктеуіштерін құрастырушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
17
|
Трансформатор өзекшесін құрастырушы
|
1-6
|
Трансформатор өзекшесін құрастырушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
18
|
Күшті нүктелі
конденсаторларды құрастырушы
|
1-4
|
Күшті нүктелі
конденсаторларды құрастырушы
|
1-4
|
-//-
|
-//-
|
19
|
Токты шектеуші реакторларды құрастырушы
|
2-4
|
Токты шектеуші реакторларды құрастырушы
|
2-4
|
-//-
|
-//-
|
20
|
Трансформаторларды құрастырушы
|
1-6
|
Трансформаторларды құрастырушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
21
|
Электр өлшеу
аспаптарын құрастырушы
|
1-6
|
Электр өлшеу
аспаптарын құрастырушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
22
|
Электр машиналары мен аппаратын
құрастырушы
|
1-6
|
Электр машиналары мен аппаратын
құрастырушы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
23
|
Конденсатор пакеттерін кептіруші
|
3
|
Конденсатор пакеттерін кептіруші
|
3
|
-//-
|
-//-
|
24
|
Термостатшы
|
1-2
|
Термостатшы
|
1-2
|
-//-
|
-//-
|
25
|
Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
|
1-5
|
Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы
|
1-5
|
-//-
|
-//-
|
26
|
Электр монтажшы-сызбашы
|
1-6
|
Электр монтажшы-сызбашы
|
1-6
|
-//-
|
-//-
|
Достарыңызбен бөлісу: |