Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Байлық тұмасы. (Маңғыстау. Ә. Қайранов. Мұнай теңізі. Ф. Оңғарсынова.) Сабақтың мақсаты



жүктеу 62,68 Kb.
Дата12.02.2018
өлшемі62,68 Kb.
#9376
түріСабақ

Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: Байлық тұмасы. (Маңғыстау. Ә. Қайранов. Мұнай теңізі. Ф.Оңғарсынова.)

Сабақтың мақсаты : 1. Өлеңнің мазмұнын, негізгі ойын аша білуге жаттықтыру. Оқушыға өзінің таным мүмкіндігін анықтай білуіне  көмек  беру.

2. Оқу ынтымақтастығын, ұжыммен жұмыс жасай білу және шешендік қабілеттерінің ашылуын дамытушылық көзқараспен бағалау.

3. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарын сақтау жұмыстарын жасау керектігіне көздерін жеткізу.

Көрнекілігі : ҚР-ның пайдалы қазбалар картасы, автор портреттері, «ББҰ» кестесі, Венн диаграммасы, Т кестесі, суреттер, «Саяхат маршруты» сызбасы, бағалау парақшалары.

Әдісі : Саяхат, картамен жұмыс, СТО стратегиялары «Венн диаграммасы, ББҮ кестесі, Т-кестесі, кластер.

Түрі : саяхат-сабақ, жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Күріш туралы сыр» Б. Исаев

-Мәтін не туралы?

-Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном - егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.

- Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)

- Мәтіндегі ең өкінішті сәті?

- Қарт диқан неге кейіді?

- Қарт диқанның арманын кім орындады?

-Мәтінде қандай мақал- мәтелдер кездеседі.  Мағынасын аш.



ІІІ. Жаңа сабақ

1. Эмоционалдық қалып

Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін ! 

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, 

Бұл далада өскен жанда жоқ арман !!!

                                    ( Қ.Аманжолов «Атамекен» )



2. Қызығушылықты ояту

• Балалар, біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Оның жері кең-байтақ екенін білеміз. Бүгін біз Қазақстанның батыс аймағына саяхатқа шығамыз.

• Еліміздің батысында қандай облыстар орналасқан ? ( Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары)

Картамен жұмыс

«Саяхат маршрутының» сызбасын ілу.

Маңғыстау облысы

• Облыс туралы мәлімет айтқызу.

• Картадан табу

Атырау облысына келдік.

• Атырау облысы туралы не білеміз ?

• Қане қайсымыз Атырау туралы өлең біледі?

• Картадан көрсету.



Ақтөбе облысына келдік.

• Ақтөбе облысы туралы мәлімет

• Картадан табу

Батыс Қазақстан Облысына келу.

• Облыс туралы мәлімет.

•  Картадан көрсету. 

3. Жаңа сабақ

Тапсырма

Ә У І Я Е Б Е У Я А Ю Е Й Ә Э Л Я И Ы Ә Қ Я У

Ә У Ө Ө Ә Я Т І Ұ Ә Ө Э М У А И Ү Я С Е О Ы Э Я 

Барлық дауысты дыбыстарды сызып тастағанда ( тек А, Ұ, Ы дыбыстары) қалу керек бір сөз тіркесі шығады. Қане, ізденіп  көрейікші.

« Байлық тұмасы » 

• Байлық дегеніміз не ?

 (Оқушы жауаптарын тыңдау) 

• Ал тұма деген сөзді түсінесіңдер ме ?

«Тұма – бұлақтың бір түрі, қоры  грунт суларымен жалпы алғанда арынсыз жер асты суларымен толығып отыратын су көзі. Тұманың ағын күші болмайды. 

• Оқулықпен жұмыс. « Байлық тұмасы » өлеңімен танысу.



Әбубәкір Қайранов. Маңғыстау. Ф.Оңғарсынова. Мұнай теңізі.

• Авторлар портретін көрсету  

• Мәліметтер беру

• Өлеңді іштей оқыту. Өлеңді оқып беру. 

• Балалар түсініксіз сөздерді түртіп отырады. 

• Сөздікпен жұмыс .

- Шүпілдеген шарасы – Толы ыдыс сияқты

- Қақ жарып жер өзегін – жер қойнауынан тесіп шығады

- Асырады кемерден – ернеуден, жағалаудан асып кету.

•  Екінші өлеңді кезекпен шумақпен оқыту.

- Өлеңнің әр жолына сұрақ-жауап арқылы  талдау жасау.

- Қазба байлықтарына бай өлкелерді оқыңдар қалай жырлаған? (Мақтаныш сезіммен»



«Мұнай»  туралы білетіндер 

         Кластер әдісімен топтастыру 

Сұрақтарға жауап алу

1. Біз Қазақстанның Батыс өңіріне неге саяхатқа шықтық деп ойлайсыңдар?

(Мұнай батыста өндіріледі.)

2. Мұнайдың шартты белгісі қандай? Мұнай өндіретін жерлерге шартты белгілерді орналастыру.

3. «Мұнай – теңіз сол екен, 

     Қасиеті оның мол екен» деген жолдарды қалай түсінесіңдер ?

4. Неліктен пайдалы қазбаларды қолданған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау

қажет ?


5. Адам табиғи байлықтарды неліктен қамқорлыққа алады?

6. Мұнайдан не өндіріледі?

7. Мұнайдың пайдасы мен зияны туралы айту. 

ІҮ. Бекіту.

-Мұнайды қара алтынға теңейміз.

Венн диаграммасы арқылы мұнай мен алтынды алыстыру, айырмашылығы мен ұқсастығы туралы айту.





Ү. Рефлексия

- Бүгінгі сабақтан не ұғындық ?

Қандай әсер алдыңдар ?

(Стикерге жазып жапсыру)



ҮІ. Үй тапсырмасы.  

Өлеңдерді мәнерлеп оқып келу.



ҮІІ. Бағалау.

 

Әбубәкір Қайран - 1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданындағы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылындағы дүниеге келген.



1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін үздік бітіріп, Алматы облысының Күрті ауданында екі жыл мұғалім болған. 19831985жылдары республикалық «Балдырған» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейінгі уақыттарда «Жалын» баспасында редактор, «Қазақстан мектебі» журналында бөлім меңгерушісі және «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, халықаралық «Дала» журналында бас редактордың орынбасары, «Қазақ тарихы» журналында Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір ғылыми-педагогикалық «География және табиғат» журналының бас редакторы.

1980 жылы «Бастау» сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрді. «Ақ сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Кейінгі жылдары «Маңдайдағы жазулар» (2003), «Атбегінің әліппесі» (2005), «Мен ғашықпын ғаламға» (2008) жыр жинақтары оқырмандар қолына тиді.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауретаы (2005). Бірнеше халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері.
жүктеу 62,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау