Қарастырылатын сұрақтар: 1. Ұлттық әдебиеттану ғылымының алғашқы кезеңінде фольклор мұраларын жинау, жариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу, жүйелеу сияқты жұмыстар жасалды. Бұл үлкен ғылымға алғашқы баспалдақ, бастау болатын. - Ұлттық әдебиеттану ғылымының алғашқы кезеңінде фольклор мұраларын жинау, жариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу, жүйелеу сияқты жұмыстар жасалды. Бұл үлкен ғылымға алғашқы баспалдақ, бастау болатын.
- Яғни, ХІХ ғасырдың 60-80-жылдары ұлттық фольклортану филологиялық ғылымның бір саласы ретінде көрінді. Осы кезден бастап қазақ фольклоры ғылыми мақсатта жиналып, академиялық, арнаулы жинақтар құрастырылып, ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. Оның көшбасында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы тұрды.
- Бұлардың еңбектерінен тарихи-мәдени мектептің талаптарына сай келетін тарихилық принципі айқын көрініп, әдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірді еуропалық деңгейде байқата алған тереңдік танылады.
Әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. - Әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді.
- Әдебиет туралы еңбектеріндегі негізгі бағыттар: қазақтың ауыз әдебиетінің халық өміріндегі маңызы, эпостық жырлардың тарихилығы мен көркемдігі, халық поэзиясының жанрлық түрлері мен өзгешеліктері, аңыздар, ертегілер, айтыстар, мақалдар-мәтелдер;
- Асан қайғы, Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Шал ақын, Шөже, Орымбай, Нұрымбай шығармашылығы;
- Әдеби алмасулардың сыр-сипаты, әдеби салыстырулар т.б.
- Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді.
- Ы. Алтынсарин еңбектерінің бағалылығы халықтың көне заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптарын кеңінен талдауында ғана емес, сонымен бірге кейбір құбылыстардың шығу төркіні мен әлеуметтік негіздерін ашып көрсетуінде.
- «Қазақ хрестоматиясына» халық ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрын енгізе отырып, тек жариялаушы емес, зерттеуші ретінде танылды.
- Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірінде әдебиеттің тарихилығы принципі де тыс қалмаған. Н.Ильминскийге жазған бір хатында: «Қазір «Қазақ хрестоматиясының» екінші бөлімін құрастырып жатыр едім. Кітаптың осы бөлімінің тарих тарауына қазақ тарихынан да мақалалар берілуі керек. Қазақтар жайында тарихи материалдар Қазаннан табылмас па екен», - деп жазады.
- Ы.Алтынсарин педагогтік, ағартушылық қызметімен қоса, фольклорлық мұраны жинау-жариялау саласында ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге әдеби мұраның ұлттық, халықтық, тарихилық сипаты туралы ұғымдар енгізді.
- Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы,
- Қиыннан қиыстырар ер данасы.
- Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
- Жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы (Абай)
Достарыңызбен бөлісу: |