|
Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуыӘлихан мен Ахмет бастаған Алаш әдебиеттануы туралы біз тек тәуелсіздік алғаннан кейін білдік
|
бет | 2/3 | Дата | 24.01.2023 | өлшемі | 64,15 Kb. | | #41012 |
| презен 4-лекцияӘлихан мен Ахмет бастаған Алаш әдебиеттануы туралы біз тек тәуелсіздік алғаннан кейін білдік. - Әлихан мен Ахмет бастаған Алаш әдебиеттануы туралы біз тек тәуелсіздік алғаннан кейін білдік.
- Махмұт Қашқаридің «Диуани луғат ат-Түрки» еңбегі туралы осыдан жүз жыл бұрынғы зерттеуінде Халел Досмұхамедов күллі түркі халықтарының тегі, мінезі, салт-дәстүрі, ғылымы мен жарқын келешегі туралы керемет мағлұматтар берген.
- ХХ ғасыр басында Абайды жоққа шығарудан аман алып қалған Әлихан бастаған алаш әдебиетшілері еді.
- «Абай бізді қасиетті жәдігерлермен жалғастырып тұрған көркем сөз иесі», - дейді Әлихан Бөкейхан.
- 1905 жылы шыққан мақаласында ақынның көркемдік әлемін еуропалық әдебиетпен тең дәрежеде талдап берген. Әлихан даланың эстетикалық көркем сөзі еуропалықтармен тең дәрежеде, тіпті, асыл сөздің ақыл сөз болуы арқылы тек сезімді бейнелейтін сұлу сөзден жоғары тұр деген тұжырым жасайды.
1912 жылы Мағжан Жұмабайұлы Абайды «Сөзі алтын, хәкім Абай» деп бағалады. Әлихан ұстанған тұжырымды дамытып әкетеді. - 1912 жылы Мағжан Жұмабайұлы Абайды «Сөзі алтын, хәкім Абай» деп бағалады. Әлихан ұстанған тұжырымды дамытып әкетеді.
- Міржақып Дулатұлының: «Кейінгі ғасырларда да Абай қазақ әдебиетінің темірқазығы болады» деуі осыдан.
- 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» дейтін зерттеуінде Абайдың мұрасына қатысты ойлар теориялық деңгейде тұжырымдалып жүйеленді.
- «Әдебиет танытқыштағы» теориялық қисындар, бір ғажабы, әлем мойындап отырған Бахтиннің теориясымен бірдей. Бахтин мен Байтұрсынұлының теориялық тұжырымдарының сәйкестігі Ресей ғалымдарын таңғалдыруда. Мұндай сәйкестіктер ғылымда сирек кездеседі. Әдебиет деген не? Ол не үшін керек қоғамға? Әдебиеттің негізгі мақсаты қандай?
- Әдебиетті қалай таныту керек? Әдебиет адам жанына, қоғамға қалай әсер етеді? Тариx пен әдебиеттің арақатынасы қандай? Бұл сауалдарға жауапты қазақтың салиқалы тілімен Байтұрсынұлы Бахтиннен қырық жылдай бұрын жазып кетіпті!
- Алаш ғалымдары Абайды зерттеу арқылы ХХ ғасырға дейінгі қазақ сөз өнерінің алтын діңгектерін айқындап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|