Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты



жүктеу 2,13 Mb.
бет6/7
Дата10.03.2018
өлшемі2,13 Mb.
#12149
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7

3 Грамматикалық ерекшеліктері

Хат мәтініндегі грамматикалық еркшеліктер негізінен қосымшалар мен етістік формаларының аясында байқалады. Хаттың грамматикалық құрылысында кездесетін ерекшеліктер әр кезең нұсқаларында әр қилы сипатта көрінеді.

Ең алдымен Айшуақ ханның хатындағы грамматикалық ерекшеліктерге тоқталсақ,



Сіз ғали нәсіплү саятлыны граф Виктор

Павлович хазратларының ғали жанабларына.

Кіші юз қырғыз – қазағы юртының бән хан хысаблаймын. Бәнім хукмым астында болғушы ішкі сархад жерлерінде сархад тарафында мақам едәшіләр уа ол Кіші юзінің һәр бөлік ұрұғларында хүкмат едеші башлық сұлтанлар, старшиналар уа билер, уа мырзалар, уа батырлар, уа ғайри яхшы адамлар жұмығ юртымызның халайықларының ғам халайықларының тыныш уаастра хатлігі үшүн қылған қол уағдаларын бәнім назарыма тәсілім,едүп, һәм өтініп, сұрайлар…

Мысалы жалғаулықтар және, мен орнына уа, һәм, кейде бірлән қолданылған.

Мәтіндегі сөйлемдердің құрылысындағы ерекшелік, сөйлемдерінің өте ұзақ болып құрылуынан байқалады. Яғни сөйлемдері шұбалаңқы, әр сөйлемнің ара жігін ажырату кейде қиындық тудырады. Ғалым Л.Дүйсенбекованың зерттеулерінде XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне тән құбылыстар талданып, «синтаксистік құрылымның негізгі ерекшелігі – сөйлемдерінің шұбалаңқы, жіктері әрең ажыратылатындай түрде келуі»[27,19-б],- деген тұжырым айтылады. Бұл түйінді сол кезеңдегі хат мәтінінен де көрініс беретіндігін атап кетеміз.

Сіз ғали нәсіплү саятлыны граф хазратларымызның сұрамақлықыңызны падышаһ ағзам хазратларының уа керім, уа ғынатларындын мархаматларын ғата қылорға Орынборұхының базар башлұғы Виличконың, ізгу халқы илә сахара жамағатларын еркәләп һәм тұғырылық илә хүкүм қылмақлығы өзінің іжаһадлы ғамхорлықы илә көп замандын бері алысда юрүп саудаға келми тұрған жамағатларны саудаға келтүрүп жұмығ юртамызның аслахқа келүп тыныш уа астрахатқа келуіне деләләт қылмақлықына көре һәм шондайоқ дінімізнің ұлұғы ғызатлұ Ахұнд һәм кәнфединт Әбдуәлфатих Ғабдолслам ұғылы уа Бажыхуанада юргуші Мүрсәлім Бешкора ұғылы өзләрінің өткүр уа зерек фаһымлары илә зияда ғамхорлық қылұп, тағымлікләрі илә кенәш берүп базар башұндын анларға тапсұрылмыш ішләрні кемәянбағы иеріне келтүрүп, бізнің жамағатларымызның анларға махабатлы ағтад қылмақлары илә ішләрімізде қолдаш болмақлықлары үшүн үшбу ішләрі бән хан татықлап дұрсатламәгім илә таптұрамын өзімні һәм барша жамағтларымны һәр заманда сіз мархаматлү саятлыны граф хазратымызның ізгүлік саясында сағынып рузгәр кешірмәгімізні қаламан (Айшуақ ханның хаты).

Хат мәтініндегі грамматикалық ерекшеліктер төмендегідей:

- сөйлемнің тым ұзын, созылыңқы келуі;

- Уажалғаулығы көбірек қолданылған;

- құжаттағы сөздердің көбіне жуық араб, парсы, көне түркі сөздері болғандықтан оқуға, түсінуге қиындық туғызады және кейбір лексемаларды мәтін ішінде ғана тани аламыз;

- көптік жалғауының қолданылуына да қазіргі тілмен салыстырғанда елеулі өзгешелік байқалады. Мысалы, сұлтанлар, старшиналар уа билер, уа мырзалар, уа батырлар, уа ғайри яхшы адамлар;…

-дар көптік жалғауының орнына –лар жалғауының жұмсалуы.

- сұрайлар – бүгінде активті түрде қолданылатын сұрайды деген етістікке көптік жалғауы жалғанған;

- септік жалғаулардың қолданысында тағы төмендегідей ерекшелік байқалады. Мысалы, ілік септігі –дің түрінде жұмсалмай, -ім түрінде жалғанған;

- табыс септігі жалаң - ы түрінде келеді.

- есімшенің ған/ ген формасының -мыш/міш түрінде келуі (тапсұрылмыш)

Ғалым Р.Сыздық - мыш тұлғасының шағатай тіліне тән жұрнақ екендігін, түркі жазба әдеби тілінен әріден келе жатқан қолданыстар болып саналатындығын айтады [86, 100-б], ал Л.Дүйсембекова құжаттар тілінде есімшенің –ған жұрнағының орнына –мыш түрі жиі қолданғандығын тілге тиек етеді [27,19-б].

- көптік жалғауы тұлғасы -лар хатта -ләр түрінде жұмсалып, жуан, жіңішке түбірлі сөздердің барлығына жалғана береді. Сонымен қоса, дыбыс үндестігіне де бағынбайды.

- көптік жалғауының -лар вариантының ғана қолданылуы, кей жерлерде -ләр түрінде келуі (өзләрінің) – түркілік болып табылады. Ғалым М.Томанов: «Түркі тілдерінің бәрінде – лар аффиксінің сингормониялық варианттары бар. Әзірбайжан, құмық, ноғай, түркімен, түрік, ұйғыр тілдерінде көптік жалғау – л дыбысынан басталады да, екі вариантты болады (лар, лер, ләр)» [77, 104-б],-деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, ғалым татар тілінде де лар, ләр, нәр түрінде қолданылатындығын да айтады [77, 104-б].

Хат тілінде кездескен көптік жалғауы - лар түрінде ғана жұмсалуы көне түркілік әдебиеттің әсері;

- мақсатты, ниетті келер шақ - қылмақлары, болмақлықлары, т.б түрінде жұмсалған. Қазақ тілінде бұл төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады: қылмақпын, болмақпын, қылмақсың, болмақсың, қылмақ,болмақ, қылмақпыз, қылмақсыздар, қылмақ.

- мақсатты келер шақ - мақ тұлғасы арқылы берілген;

- ілік септігінің – ның варианты ғана ұшырасады. Мысалы, хазратымызның, юртамызның, дінімізнің т.б. Қазақ және жалпы қыпшақ тілдеріндегі түрі ықпал заңдылығының нәтижесінде дауыссыз дыбыстар ыңғайында үш түрлі болып келеді;

- табыс септігінің -варианты кездеседі. Мысалы, ғынатылар ындын мархаматларын жамағатларын, жамағатларымны, кешірмәгімізні, өзімні, сізләрні, кешірмәгімізні т.б. Бұл жөнінде түркітанушы ғалым М.Томанов: «Табыс септіктің түркі тілдерінде қолданылатын қосымшаларының барлығы -ны//-ні вариантының айналасында топталады. Түркі тілдерінің бәрінде қазақ тіліндегі сияқты тәуелдіктің ІІІ жағындағы сөзге табыс жалғауы –ын түрінде жалғанады» [77, 88-б] дейді. Табыс септігінің осындай тұлғада қолданылуын көне түркілік деп танимыз.

Айшуақ ханның хатында келтүрүп, берүп, юрүп, өткүр, т.б. түрінде келеді. «Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілінде көсемшенің тұлғалары мол болғанға ұқсайды. Осы күні қолданылатын көсемшелік тұлғалар ол тілде түгел бар... Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде көбінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар -а, -е, -й көсемшелерімен беріледі» [77, 154-б]. Хат мәтінінде қолданылған көсемшенің – ү тұлғасы көнеден қалған. Ол қолданыстар бүгінгі әдеби тілімізде кездеспейді. Ал ескерткіштер тілінде -ұ/ү; -а/-е; -ып/-іп; -ұп/-үп жұрнақтардың көсемше жасайтындығы, көсемшенің жұрнақтары көне, орта түркі ескерткіштерінің тілінде қазіргі тіліміздегіден әлдеқайда мол болғандығын ғалымдар еңбектерінде дәлелденген.



Мархаматлұ сұлтанымыз ғызатлұ сұлтан Шұға Нұрғали ұғлы деп басталатын хат Бөкей ордасы сұлтандары мен старшындарының сұлтан Шөке Нұрғали ұлына жазған хатында грамматикалық даралықтар кездеседі.
Қазіргі әдеби тіл жүйесінен ерекшеленетіндей жайттар, негізінен, дүр, мыш, лар, қосымшаларымен қатар, уа, һәм, бірлән, илән, илә шылауларымен байланысты. Мысалы, Нешүкдұр кім аңа ол ұлұғ император ағзам хазратларұндан тапшырұлмышдұр, өзі илә бір тұғма інісі сұлтан шұғай Нұрғали ұғлы һәр қаю қырғыз-қазақларұндан шоның үшүн сұлтанларұндан, старшиналарұндан уа биләрұндан уа һәм күллі қырғыз-қазақларұндан башарақ қадыр-хұрмет қылмақ үшүн дәстүр бойынша. Нешүкдұр кім ол хан Бөкей Нұрғали ұғлының өсиеті бойынша бізләр баршаларұмыз бір юркәдән риза болұп қыламыз мақболландұрдұқ өзләріміздің инабатлұ кепіллік хатымыз бірлән ол өсиетні тахқық уағдамыз илә бізләр сақламақға алұштұрмайынша.

Уа, һәм – шылаулары және ыңғайластық шылауының қызметін атқарған. Қатар келіп, сондай-ақ шылауының мағынасын береді.

Һәм жалғауы осы кезеңдегі хат мәтіндерінде жиі қолданыс тапқан. Т.Қордабаев: «һәм – түркі тіліне парсы тілінен ауысқан салаластырушы жалғаулық. Бұл да уа жалғаулығы сияқты көне жазу нұсқаларында өте жиі қолданылып келеді»,-дейді. Сонымен қатар ғалым аталған жұрнақтың «синтаксистік қызметі бірыңғай мүшелерді және салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен салыстыра байланыстыру болған» [73, 102-б],-деп анықтайды.

Илә -және деген шылау орнына жұмсалса, бірлән шылауы есім сөзден кейін келіп көмектес септігі қызметінде жұмсалады.

Хатта -дүр қосымшасының жұмсалуы басым. Мысалы, Нешүкдұр, тапшырұлмышдұр, мақболландұрдұқ - соңғы екі сөзде баяндауыштық мағына береді.



-дұр қосымшасы Шыңғыстың хатында да ұшырасады. Мысалы, «Адъютант Соколов, Клименко һам Кривоногов көп сәлем айтадұр». Хатта дұр қосымшасы әр түрлі сөз табына жалғанып, баршасына да баяндауыштық (предикаттық) мағына беріп, сөйлем аяғын тиянақтап тұр. XVIII ғасырдағы ресми құжаттар тілін арнайы зерттеген ғалым Л.Дүйсенбекова құжаттар тілінде үшінші жақ жіктік тұлғада – дүр формантының жұмсалатындығын айтады [27,19-б].

Дұр/дүр қосымшалары көне ескерткіштер тілінде, сондай-ақ, халық ауыз әдебиетінде, шығыс халықтары әдебиетінде ұшырасады. Мысалы, «Таһир-Зуһра» жырын алып қарар болсақ,

Бір ой қылсам керек-дүр,

Жұртым жисам керек –дүр.

Қызым қосым Таһирға,

Тойын қылсам керек-дүр[87, 201-б].

Қырғыз-қазақларұндан, старшиналарұндан уа биләрұндан уа һәм күллі қырғыз-қазақларұндан – деген сөздерге жалғанған қосымша шығыс септігінің жалғауы. Ғалым М.Томанов Б.А. Серебренниковтің пікіріне қосыла отырып: «-дан құрамын тарихи тұрғыдан былай түсінуге болады:-да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін (локатив) білдіреді де, істің бағытын (латив) білдіреді» [76, 46-б] ,- деген тұжырым айтады. Хат мәтініндегі дан тұлғасы шығыс септігінің жалғауы, хатта тан варианты ұшыраспайды.

Қайыпханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император І Петрге жазған хаты ( 1718 жыл 10 желтоқсан). Хаттың синтаксистік құрылымына келсек, сөйлемдер үтір арқылы ерекшеленіп, құрмалас сөйлемдермен беріледі. Яғни ой жалғастығына байланысты сөйлемдер құрмаласып беріледі. «Және де ұлы мәртебелі патша Сізден өтінемін, Сіздің жауыңыз қоңтайшыға аттанғым келеді және қазір одан басқа ешкіммен соғысқым жоқ. Ал егер ұлы мәртебелі Сіз, әмір берсеңіз, бізге рұқсат етсеңіз, Сіз өзіңіз оған, қоңтайшыға қарсы және бізге көмек етіп әскери адамдар жіберуге нұсқау берсеңіз және ол әскери адамдардың қандай уақытта жіберілетіні туралы бізге тездетіп ведомость жіберсеңіз, сол мерзімде бізде бәрін алып шығамыз және ондай жауды, құдайдың рахымымен, тас-талқан еткіміз келеді». Берілген мәтін құрмалас салалас сөйлем арқылы берілген. Синтаксистік ерекшелігі – сөйлемдерінің шұбалаңқы, жіктері әрең ажыратылатындай түрде келуінен көрінеді.

Сіз - жіктеу есімдігі жұмсалуы, сонымен қатар, жіктік жалғауының ІІ жақ сыпайы түрінің қолданылуы сол кезеңдегі эпистолярлық стильге тән құбылыс болып табылады.

Шоқанның әкесі Шыңғыс пен Садуақастардың хаттарында да осы типтес ерекшеліктер байқалады: бұларда да алхамдлилла, иншалла, сияқты арабша қыстырмалар, ләкин, һәм, уа, ғайри, аның үчүн (өйткені шылауының орнына), жоғса (әйтпесе), емді (енді), һаммасы деген қазақ тіліне жат шылаулармен қатар үстеу, есімдіктер қолданылған. Ләкин, һәм, уа – шылаулары сол кезеңде белсенді қолданыста болған. Шыңғыстың хатында: «Сіздің апрельдің 14-інде жазмұш мұбәрак сәлем хатыңызды майдың 27-інде жолығып, бәршаларымыз шад олдық».

Хат тіліндегі өткен шақтың түрі – мыш /-міш жұрнағы арқылы жасалады. Б.Шағырова М. Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінің тілін талдай отырып: «-мыш, міш жұрнағының беретін мағынасы – болжалдылық немесе баяндаушылық мағына. Айтушы іс-әрекеттің қалай болғанын өз көзімен көрмейді, бірақ іс-әрекеттің болып өткенін хабарлайды. Мысалы:

Ол бармаш - ол барыпты, мен оның барғанын көре алмадым.

Ол кeлмiш - ол келіпті, мен оның келгендігін көре алмадым.

Қазіргі қазақ әдеби тіл нормасында - мыш/ - міс жоғарыдағы мысалдардағыдай қолданылмайды, бірақ бұл қолданыс із-түзсiз жоғалып кетпеген. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, көркем әдеби тілде айтыпты-мыс, сөйлепті-міс түрінде кездеседі. Сондай-ақ, - мыш/ - міш – өткен шақтық есімшені білдіретін тұлға. Біздің қазіргі тіліміздегі келген адам-келміш ер, барған адам - бармыш ер болып айтылған» ,- дейді [88,13-б].

Біздің талдауымыздың нысаны болып отырған хат мәтінінің (Айшуақ хан, Шыңғыстың Шоқанға жазған хаты) тілінде ұшырасатын – мыш, - міш қосымшалары көне түркілік, яғни хат тілінде түркі әдеби тіл дәстүрін сақталған. Көне түркі, орта түркі жазба ескерткіштерінде -мыш/ -міш аффиксі өткен шақтық есімшені білдіреді. Біз сөз етіп отырған хат тілінде ол болжалды өткен шақтық мағынаны да білдіреді. Шыңғыс хатында: «Анда Кенесары балалары бірге ерміш».

- Мыш/ -міш: -мыш/ - міш, -мыс/ -міс қосымшасы іс-әрекеттің айтушы болмаған уақытта, өткен шақта болғандығынан хабардар етеді.

Айтушының өз көзімен көрмегендігін аса анық еместігін аңғартып тұрады. Қазіргі қазақ тіліндегі ежелгі өткен шақтың мағынасымен сәйкес келсе, екіншіден, -мыш/-міш, -мыс/ -міс аффиксі мүлде сөздiк қордан шығып қалған жоқ, ауыз әдебиетi үлгiлерiнде де, әдеби тілде де, ауызекі тілде де демеулік шылау түрінде ұшырасады.

Мысалы: Қаладан үлкен уәкіл келіпті-міс. Сондай-ақ қазіргі қазақ тіліндегі тұрмыс, болмыс т.б. сөздерінің жасалуы да осы жұрнақтан шыққан деуімізге болады. -мыш/ - міш аффиксінің хат тілінде қолданылуының бір ерекшелігі – етістіктің түбіріне жалғанып, есім сөздердің алдынан келуі арқылы сындық сипатқа ие болуы. Мысалы: жазмұш мұбәрак сәлем хатыңыз.

Бұл тұста біз зерттеуші А.Егеубаевтың -мыш/ -міш жұрнағының қазіргі қазақ тіліндегі бармақ, келмек сөздерінің мағыналарына сәйкес келетіні туралы айтқан пікірін қуаттаймыз [89,153-б].

Көне құндылықтардағы мыш-міш тұлғасының сипаты көптеген ғалымдар еңбектерінде талданады: «Прошедшее время глагола имеет еще два показателя: - мыш/ - миш и т.д. Они присоединяются к концу слова. [- мыш/ - миш и т.д.] выступают также и как показатели имени действующего лица [т.е. причастия действительного залога]. Например, [в ед.ч.]: калмиш [он пришел], катмши [он ушел],йатмыш [он лег спать]; во мн.ч. : калмишлар [они пришли], катмишлар [ониушли], йатмышлар (они легли спать)» [90, 207-б] «Құтадғу білікте» де - мыш/ - міш арқылы жасалған етістік өткен шақтық есімше, болжалды өткен шақ, анықтауыш сипаттылық қызметінде қолданыста болған [90, 106-б].

XIX ғасырдың II жартысындағы қазақша эпистолярлық стильдің бір белгісі ақын Махамбет хаттарынан байқалады. Ақынның «Хурматлу батырларға» жазған хатында:

- уа, уа һәм, бірлән, білән деген шылаулар, бек, нечүк деген үстеулер мен есімдіктерді қолданылған;

-еді, емес деген көмекші етістіктері кейде ерді, ермәс түрінде көне ұйғыр жазба дәстүрінен келе жатқан тұлғада жазылған;

- кейде шығыс септіктің көне ұйғырлық тұлғасы -дын/-дін жалғаулы түрін де, көсемшенің дейүр тұлғасы жұмсалған (бұндын соң, сәлемдеріміздің соңыра);

-сөз басында келетін ж-ның орнына й-ді жазу ерекшелігі орын алған (йыл, йолланды, йазғучы, Иармухамбет, йазайын);

- септік жалғауларына келгенде, дыбыс заңдарын сақтамайды: үйні, жайсызлығы, йуртының, сізләрнің т.б.;

- хат мәтініндегі алатурған, алтмыш, бірісін деген тұлғалар қазіргі қазақ тілінде кездеспейді.

- жіктеу есімдігі мен, маған тұлғасында емес, бән, бәңә түрінде келген;

- ш дыбысы естілетін сөздер ч әрпімен жазылған (чауыб, алача); және с келетін жерлерде ш әрпі таңбаланған (йумшап, шул, кіші);

-араб-парсы сөздері түпнұсқаша жазылған.

-араб графикасымен жарияланған қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек –лар түрінде, табыс септік –ны, ілік септік -ның, жатыс -та, шығыс -нан түрінде беріледі: оқуны, қазақлар, адамлар, арызлар, мекемелерні.

Шыңғыстың хатында: «Өздеріміз үшбу күнде дуаннан елге қайтпаққа тұрмыз. Военный губернатор келіп, ревиз қылып, һам бізге, Ғафарға, Табай баласы Тастенге сайлау қылдырып, бәрша жұрттар бір иттифақта болып, үшімізді алмастырмайынша өз орындарымызға қойдылар…»

- үшбу – сілтеу есімдігі жұмсалады;

-етістік -ұр, үр (Хұда ғұмыр берсе – көп алысқа барур)формасында кездеседі. Бұл формалар қазіргі әдеби тілімізде -ар,-ер, тұлғалы есімше мағынасында жиі қолданылады. Хат тіліндегі -үп, -ұп, -уп - тұлғасымен келген көсемшенің барлығы қазақ тіліндегі - ып, - іп, - п жұрнақты көсемшеге сәйкес келеді. Атқаратын қызметтері де - ып, - іп, - п жұрнақты көсемшемен мағыналас.

Ал «қайтпаққа тұрмыз» етістігіне келсек, бүгінгі қазақ әдеби тілінде қалау рай көмекші етістігінің жәрдемімен қайтқалы тұрмыз түрінде жұмсалады.

Көмектес септігінің орнына бірлән, білан – шылауының жұмсалу құбылысы бұл хат мәтінінде де кездеседі. Мысалы, «Банабан тез Омбыға өзім бірлән алып барсам керек», «Өзі барша жамағатлары білан Баян-Аула, Қарқаралыға кетті», «Анда адъютант Фридрихс білан таныстым» Шыңғыстың хатында бірлан, білан түрінде келген шылау көмектес септігінің қызметін атқарған. Көне ескерткіштер тілінде бірлан, біле шылауының жұмсалуы орын алғандығы жөнінде ғылыми еңбектерде айтылады. Мысалы, Махмуд Қашқаридың «Диван луғат ат-түрк» атты еңбегінде кездеседі: «Қыш йай біле тоғушты, қыңыр көзін бақышты (Қыс пен жаз тоғысты, қыңыр көзбен бағысты)» [88,164-б].

Қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігінің –мен/-бен/-пен жалғаулары қазіргі түркі тілдерінің ішінде өзбек тілінің қыпшақ диалектісінде ғана айтылады. Жоғарыдағы хат мәтініндегі сол кезде белсенді қолданылған бірлән шылауының қосымшаға айналуы жайлы М.Томанов былай дейді: «Қазақ тіліндегі көмектес септік мәннің бәрілу жолдары қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі болып келеді. ...1.-мен (-пен);-бен (бенен), 2.-ла,ло 3.-ба,-па, ма.4.-была,-пыла,, -мыла. 5. –пала,-палан. 6.-бан,-ман,-пан. 7.-дан, тан, нан, быпаң, мынау 8.-дан, нан. Бірлікті, құралдықты білдірудің тәсілі болып табылатын бұл қосымшалар қазіргі өзбек тілінде, басқа тілдерде де айтылатын білә (білән, бірлән) шылау сөзінің әр түрлі өзгерістері нәтижесінде қалыптасқан [76, 91-б].

«Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі - мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау -ын, ін, н тұлғасы айтылған. Алайда бұл тұлға ескерткіштер тілінде бірле шылау сөзімен жарысы қолданылған» [76, 93-б]. Демек, хат тілінде қолданылған білән, білә шылаулары көне түркілік болып табылады.

Сол кездегі көркем шығармалар тілінде де осы тұлғаның белсенді қолданыста болғандығына мысал келтірсек, Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романында: «Сонда Ғайникамал бір неше күнлер пароход бірлән жүріп... Ижтихад бірлән оқып... т.б

Синтаксистік ерекшелігіне хатта инверсияның жиі қолданылғандығын атауға болады. Хат мәтініне үңілсек, «Осиповке сәлем айтыңыз, жолыққандай болса»; «Полковой Шишкович (сен туралы) маған сәлем айтыпты, қуаныш қылып»; т.б. Шоқанның хатында да сөйлемдегі сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемдермен салыстырғанда инверсияға құрылған. Мысалы, «Керек соңғыны жазбақ» түрінде құрылған.

ХІХ ғасыр аяғындағы хаттарға келер болсақ, Шоқанның, Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттарында грамматикалық өзгешеліктер жоғарыда талданған хаттарға қарағанда аз. Шоқанның хаттарында: «Әгәрде басылса бізге хат жазып хабарландырыңыз»«хабарлаңыз», «Сіздерге көп-көп сәлем көндіреді» («көндіреді»жолдады, айтты, жіберді деген мағынада қолданылған) т.б. ерекшеліктер аңғарылады.

ХІХ ғасыр соңындағы хаттар тілі қазіргі әдеби тілімізден көп айырмашылығы жоқ. Қарастырылып отырылған кезеңдердегі хат тілінде етістіктің сыпайы түрі жиі қолданылады. Р.Сыздықованың пікірінше, етістіктің сыпайы түрде -ңыз, -ңіз, -сіз, -сыз жалғауымен жіктеліп қолданылуы XIX ғасырдың қазақ әдеби тілінде белсенді түрде жүзеге аса бастады [15, 50-б]. Олай болса, осы кезеңдегі хат тілінде ІI жақтың сыпайы түрінің жиі ұшырауы  тарихи заңды құбылыс.

Сондай-ақ бұйрық райдың ІІ жақ сыпайы түрлері жұмсалады. Мысалы, хауп қылмаңыз, түзік жазыңыз, іздеп қараңыз, сөйлесіп көріңізші, айтыңызшы, хабарласуыңызға болмас па екен т.б. түрінде кездеседі. Бұл құбылысты сол кезеңдегі эпистолярлық стиль үлгісі деп танимыз. Себебі, Абайдың хатында інісіне де сіз жіктеу есімдігі мен етістіктің сыпайы түрлері жұмсалады.

Абайдың інісі Халиуллаға жазған хатынан эпистолярлық стильге тән жазу мәнерін көреміз. «Абайдың қазақ әдеби тілі даму тарихындағы алатын орны туралы қазіргі қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырым бар, ол: Абай – қазақтың жазба әдеби тілінің ірге тасын қалаушы деген қағида»[91, 21-б],- дейді ғалым Р.Сыздық. Өлеңдерін таза қазақша жазатын ақынның хатты эпистолярлық стиль үлгісімен жазғандығын көреміз. Сонымен бірге, сол кезеңде эпистолярлық стильдің жазу мәнерінің болғандығымен түсіндіреміз. Мысалы, «Сізге, ғизатлу уа хұрматлу ғазиз мүккарам ініміз Халлиулла мырзаға, бізки ағаңыз Ибраһимнен дұғай сәлем! және Уа һәм ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көптен-көп дұғай сәлемлер йолдадық. Алхамды лилла, үшбу күнде сау-сәлеметлерміз өзің көрген жандар һәммасы. Уа қана бізге хат йазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз». Жоғарыдағы талданған хаттардан көп грамматикалық айырмашылығы жоқ.

Ы.Алтынсариннің хаттарындағы грамматика саласына қатысты ерекшеліктерге көз жіберсек, әр тұста өзіндік тіл «һәм», «бірлә», «дүр» жалғау- шылаулары кездесіп отырады. Бірер жерде етістіктің шартты рай формаларынан кейін –лар, -лер көптік жалғауларының жалғану фактісі бар. Мысалы: «Күнде біреу келүб жәбірлей берселер…» немесе «сізнің мәслихатыңызға тоқтамасалар…».

Бұл арада –лар, -лер қосымшасы басқа бір тілге еліктеуден емес, субъектінің көптігін білдіру мақсатында әдейі қолданылған. Сол кездегі жазба тіл нормасына сәйкес қазіргі себебі, сосын, соңында, жайлы (туралы) көмекші сөздердің орнына «аның үчүн», «соның үчүн», «рәуілші», «тұғрұда» сөздері қолданылған. Сондай-ақ қазіргі –у формалы тұйық рай етістікке «керек», «үшін», көмекші сөздерінің қосылуы арқылы берілетін етістік мағынасы хатта мақ+ үчүн, мақ +керек формалары арқылы берілген. Есімшенің -ар-/р/-ер формалары да мұнда –ұр/-үр түрінде кездеседі. Мысалы, «мен айтұб едүм сол Бақтұбайның осы тұрған фәтерінде тұрұр, оның үчүн учитіл болған адамлар жақын жерде тұрмаса, күн-түн қатынамағы боран-чашын болғанда мүшкіл болса керек деб». Хаттың лексикасы негізінен қазақтың байырғы сөздерінен тұрады. Қазіргі тіл нормасы тұрғысынан ашып қарағанда, көнерген,диалектіге тән бірен-саран сөздер бар. Мысалы, еріштіру сөзі- көне түркі жазба ескерткіштерінде «кездестіру» мағынасында ұшырайды. Жамағат (туысқан) (машақатланұбдұр), азар беру (мазасын алу), жайлары (үйлері), рәуішлі (сықылды). Терминдік мағынадағы школ, учитіл, ғинуар, фәтер сөздерін, басқа бір-ақ жерде «ренжіту» мағынасында орыстың «обида» сөзін қолданыпты. Ол да стильдік мақсатта айтайын деген ойын әсерлі жеткізу ыңғайында қолданылса керек.

«Қазіргі қазақ әдеби тілінен шығып қалған һәм, мыш, дүр, ләкин, уа сияқты көне әдеби тілінен тән формалары «Айқап»журналында жиі қолданылып отырады» [38, 145-б] ,- деген тұжырым аталған бірліктердің тек эпистолярлық жазбаларда ғана емес ХХ ғасыр басындағы басылымдардан да орын алған құбылыс екендігін дәлелдейді.

Қорыта айтқанда, қарастырылып отырылған кезеңдегі эпистолярлық стильге жататын хат мәтіндеріндегі грамматикалық ерекшеліктері барлығында бірдей емес. Бірінде көне түркілік элементтер басым болса, екінші хатта орыс сөздері қолданылған. Енді бірінде қазіргі қазақ әдеби тілінен дараланатын грамматикалық ерекшеліктер көзге түспейді.





    1. жүктеу 2,13 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау