XX ғасырда қазақ философиясы репрессияға ұшыраған, не қудалаған зиялы қауымның іс- əрекеттерімен байланыcты. Жаңа қоғамдық қатынастар негізінде (қоғамдық қатынастарды жасайтын адам) ұлттық философияны дамытқан, «Үш анық» еңбегі арқылы синтетикалық ой-тұжырым жасаған Шəкəрім Құдайбердиев. Шəкəрім Құдайбердиев — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Оның дүниетанымында көбіне мораль философиясымен мəдениет ілімін қамтыды. Шəкəрім дүниетанымында Тəңір, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Оның дүниетанымы мораль философиясына жақын.
Еңбекке шыда ебін тап,
Сабырдың түбі сары алтын.
Өзімшіл болма, көпті сыйла.
Адамның бəрі өз халқың.
Адамзатқа өзара бірін-бірі қор қылмауға шақырады. Адамзатқа ортақ негізде өмір сүруге үндейді. Əрбір адам адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, адам деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырды. Ар-ұят мəселесін бірінші орынға қойды. Егер адам өзіне сай адамгершілігін адамшылығын жоғалтса, оның өлгенімен бірдей. Бар жазадан ар-ұят жазасы ауыр. Қараңғы елді надандықтан құтқарудың басты жолы адамгершілік пен өнер, білім жолы деп біледі. Өнер білімге сүйене отырып, адамгершілік мақсаттарды туралы көзқарастарды көтереді. Ойшылдың өлеңдері, шығармалары терең даналыққа толы. Осындай шығармаларының бірі «Үш анық». Бұл Шəкəрімнің терең даналыққа толы шығармасы еді. Шəкəрімнің дүниетанымындағы өзекті мəселе — ар-ұят мəселесі. Əрбір адам дүниеге келгеннен соң мақсаты дос көбейтіп, өзгелермен адамгершілік, ар-ұятты сақтамақ. Өйткені өмір бірқалыпты тұрмайды, ол аумалы-төкпелі. Қазақ дүниетанымында жақсылық пен жамандық категорияларының алатын орны зор. Себебі жамандық жасаған адамның өзіне, жақсылық жаса, сонда оны жеңесің, жақсылық жасасаң, жарқырап ашылып, толарсың. Ар — үлкен, ұлы ұғым. Ар — адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Ұят сезімі ардан келіп шығады. Ары жоқ адамда ұят болмайды. Осы ар-ұят мəселесі Шəкəрім дүниетанымында ерекше орын алады.
Сабыр-сақтық ой толып болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан,
Ынсап, мейірім, ар-ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан, —
деп жырлайды.
Əрине, адам қарны ашса, өмір сүруі мүмкін, қаны бұзылып, ар-ұятын сатса, саналы адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қазақта осыған орай жоғарыда айтылған «Өлімнен ұят күшті» деп таныған. Егер ар-ұятты аяққа бассаң, өлгенмен бірдейсің. Сондықтан қазақ дүниетанымында ар-ұят мəселесіне байланысты тірі жүріп, арамдықпен бал жалағанша, адамгершіліктің уын ішіп өлген артық деген идеяға сəйкес өмір сүруге шақырады. Шəкəрім Құдайбедіұлының ең негізгі философиялық шығармасы — «Үш анық». Шəкəрім дүние ешқандай кездейсоқсыз белгілі бір заңдылықты дамуының негізінде құдайдың, жаратушы, жаратқанды — бірінші анық деп таныған.
Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы — Шəкəрім философиясындағы екінші анық. Егер дүние мақсаты жарымсақтылы дамып жетілсе, адамның жаны мəдениетті жасауда ең негізгі роль атқарса, оған енді азық керек, ол ұждан. Ұждан — бұл Шəкəрім философиясындағы үшінші анық. Ол əділет, мейірім, ынсап. Шəкəрімнің философиялық толғаулары адамды даналыққа бастайды, адамды үнемі орынды харекет етуге шақырады. Шəкəрімнің философиялық ойлары адамдардың өз болмысына үңілуге шақырады. Бұл өте ауыр жол, қиын. Бұл жеке адамның тұлғаның ғана қолынан келе береді. Сондықтан көп адам осыдан қашады. Қашу арқылы біз мүмкіндігімізден айырыламыз.
Егер адамдар өз болмысына үңіліп, соған сай əрекет етсе, дүниеде адам деген атқа лайықты орын тебеді. Сондай-ақ қазақ даналығының дамуына өзіндік үлесін қосқан ойшыл адам бойындағы тал бесіктен жер бесікке дейінгі барлық мəселелерді көтере отырып, адамзатқа ортақ мəселелерді көтерген. Адамзат өмірінде Шəкəрім Құдайбердиевтің дүниетанымының ерекше даналыққа толы, даналық екені анық. Оның тереңіне бойлаған сайын біз оны əр түрлі қырларымен көреміз. Оған зерттеулер жүргізілген сайын біз даналыққа шомыламыз. Сондықтан Шəкəрім дүниетанымы адамзатқа ортақ құндылық. Қазақ философиясында өзіндік орыны бар ойшыл Шоқан Уəлиханов. Ш.Уəлиханов — қазақ халқының ұлы ғұлама, ағартушысы. Шоқанның дүниетанымында терең философиялық көзқарастар жатыр. Шоқан адамдардың діни сенімін табиғат күшінің адамға еткен өктемдігінің əсерінен, адамның оның алдындағы əлсіздігінен пайда болған деп дəлелдейді. «Табиғат пен адам» өмір мен өлім ақыл жетпес құпия болып келді. Əлемді жəне ғажайып ғаламаттарын өмір мен өлімнің сырын адамның табиғатқа деген қатынасын, құпиясын білу сияқты қажеттіліктерден келіп əлем мен табиғат, өлген адамдарды қастерлеу шаман дінін туғызды. Сəбилік дəрежедегі адам күнге, ай мен жұлдызға жəне біздің табиғат немесе əлем деп атап жүрген шетсіз, шексіз мəңгілікке, бəріне табынатын болады. Əлемнің басы да аяғы да жоқ, өмір мəңгілік деп білген.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған.
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайдаланған. Оның үстіне айтарым, Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығармалармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін – «Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не?
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол кезде позитивизм деген ағым пайда болды.
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған. Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан: математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс.
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
Шәкәрім позитивизмді қазақшаға «анық» деп аударған. Ұтымды аударма. Сонда не анық? Көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіген анық па, әлде анық сыры өзгерісте ме? Өзгеріс анық, бірақ көзбен көріп тұрғаның анық па? Шәкәрім Контты сынайды: «Адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды».
Анық деген – жол таңдау. Адамзат адамдар жүретін жолда ма? Позитивистер адамзаттың адасуын айтуда. Өздерін анық жол көрсетушілер деп түсінген сыңайлы. Сондықтан олар «анықты» білушілерміз деген. Шәкәрім бұл оймен келіспейді. Ол «Қай жолдасың, айтшы сен?» деп басталатын өлеңінде «Өмір деген – ұйқы ғой, түс көргізбей қоя ма?» деген.
Ұйықтап жүріп түс көргендер соны «анық» деуде. Бұл Шәкәрім сыны. Келіспесек, ояу жүргенімізді дәлелдеп көрейік. Ояу болсақ, неліктен ойсыздыққа жол береміз. Неліктен көпе-көрінеу теріс жолға түсеміз. Сонда ұйықтап өмір сүргеннен, ұйықтап жатып түс көргеніміз «анық» болғаны ма? Шәкәрім «анық» мәселесін мүлдем күрделендіріп жіберген. Ойласақ солай, ойламасақ бәрі көрген түстей ап-анық.
Шәкәрім «анық» дегенді анықтай алмай қиналған, ол жоғарыда келтірген мәтінде «...ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей» – деген. Анықтың қолға ұстатпайтын шындық екеніне Шәкәрім грек ойшылы Платонның Үңгір философиясына сүйене айтқаны бар.
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп былай мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажың не?»
Шәкәрім заманында философ, ойшыл, данышпан дегендер дүние туралы айтқандары бұлдырлай берді. Түсінікті-ау дегендерді терістеп түсініксіздікке айналдыра бастаған философтар қалыптасты. Ақыл сенбейтін сөздер көбейді. Осы жағдайда позитивизм ағымы қоғамдық талқыға түсе бастады. Оның объективтік негізі Батыс Еуропада нарық және нарықтық қатынастар нығая бастауында еді. Нарыққа дерексіз философияның қажеті шамалы. Америка Құрама Штаттары өңірінде позитивизмнің өзге түрі «прагматизм» өмірге келіп, күш алды.
Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім, теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптаған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған.
Шәкәрім «Үш анықта» саясат жағына бармай-ақ анықтың ғылымдық, дүниетанымдық, философиялық мәселелеріне талдау жасаған. Шәкәрім ғылымға арқа сүйеген. Ол заманда атом бөлініп, ғылым, техника жаңалықтары қауырт шыға бастаған кез. Нарық және нарықтық қатынастар өріс ала бастаған. Нарыққа ғылыми жаңалық, технология қажет. Яғни, ойлау жүйесі де нарыққа сай болуы – табиғи үйлесімдік. Осы халге орай, Батыс Еуропада позитивистік идеялар өріс ала бастады. Қазақшалап айтсақ, олар анық идеялар, бірақ дүниетанымдық, философиялық жағы қалай болмақ дегенге Шәкәрім жауап іздеп, анық деген тек физикалық нәрселер емес, анық деген ой анығы деген. Огюст Конттың позитивизмі (анығы) Шәкәрім, сау ақылына келмейтін, сыймайтын жай екен.
Достарыңызбен бөлісу: |