Эқабж мо 8. нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



жүктеу 161,98 Kb.
Дата08.11.2018
өлшемі161,98 Kb.
#18679


14.12.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.

19.01.2017 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.




19.01.2017 «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі №16, индекс 120000, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-2270712, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары («E-G-1» санаты, 1-бірлік, индекс № 27-2). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 122425теңгеден 164899теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызмет бабында ауылдық округ әкімінің қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;

Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

ауыл әкімінің актілерінің, директивалық құжаттарының орындалуын қамтамасыз етеді;

ауыл әкімі болмаған кездерде оның міндетін атқарады;

келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауаптар беріліп, орындалуын бақылайды;

жоғары органдардан келген нормативтік-құқықтық актілердің, қатынастардың орындалуын бақылауға алып, оларды жүзеге асыруға байланысты аппарат қызметкерлеріне тапсырма береді;

инфрақұрылымды дамыту, коммуникация жүйелерінің қалыпты жұмыс атқаруына, мекеме жұмыстарын үйлестіреді, коммуналдық төлемақылардың төлену барысын қадағалайды, елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарын, санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және осы бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асырады;

ауыл әкімінің қабылдауында жазылған азаматтармен жұмыс жүргізеді, қабылдау барысында ауыл әкімінің берген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асырады;

«Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

ауылдағы әлеуметтік-саяси жағдайларды зерттеу және болжау жұмыстарын жүзеге асырады, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жасайды;

ауылдық округ бойынша шаруашылық кітаптың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

мүгедектерге және халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында жұмыстарды жүзеге асырады, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жұмыс жасайды;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгіу жұмыстарын, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

ауылдың әлеуметтік көрсеткіш есебін (индикаторлық есебін) жүргізеді;

аппараттың ішкі жұмыстарын үйлестіреді;

ақпараттық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады,

шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

«Медиация туралы» Заңға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

ардагерлер кеңесінің, көше комитетінің жұмысын үйлестіреді;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ауылдық округ аумағындағы және білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын ұйымдастырады;

қала әкімі жанындағы Тұрақты Кеңес мәжілісінің хаттамаларында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қадағалайды, қоғамдық көлік қызметін ұйымдастырады;

гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

ақпараттың өткізілетін барлық тиісті есептемелерге уақытылы әрі сапалы жолдануына жауапты болып табылады;

қалалық прокуратурадан, облыс әкімі аппаратынан, қала әкімдігінен және т.б. мемлекеттік органдардан келіп түсетін талапнамаларға, наразылықтарға, ұсыныстарға және телефонограмаларға уақытылы, сапалы, толық қанды ақпараттарды ұсынады, заңға сәйкес жауап жолдайды;

алқа би тізілімін жасақтап, қала әкімдігіне және сот органдарына тиісті тізімдерді уақытылы жолдануын қамтамасыз етеді;

ауыл әкімінің қандайда бір болмасын шешімі мен өкімі, сондай-ақ аппаратқа немесе ауылға қатысты қала әкімдігінің қаулы жобасының заңдылығын алдын ала зерттеп, оған өзінің келісімі жөнінде қолын (визасын) қояды.

қала, ауыл әкімдерінің ауыл тұрғындарымен есепті кездесу жиынына дайындық жұмыстарын жүргізеді (билбордтар, слайд, мәліметтер және т.б.) және есепті кездесулердің хаттамаларында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған саясаты туралы үгіт-насихат шараларын өткізеді;

ауылдық округі әкімінің аппаратының мәжілістерінің және ауыл тұрғындарының мүддесіне қатысты мәселелердің шешілуіне орай жиналыстарын жоспарлайды және өткізуге дайындап, қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелер қарсаңында тиісті іс-шаралар дайындап,өткізу, ауылға мерекелік безендендірулер жасауды үйлестіреді.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, маркетинг) немесе білім (педагогика және психология, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, тарих) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, бағалау) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы


21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратының 3 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы

әкімініңаппараты»

мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы
жүктеу 161,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау