Э. В. Фуфаев, Д. Э. Фуфаев



жүктеу 10,13 Mb.
Pdf просмотр
бет72/93
Дата19.11.2018
өлшемі10,13 Mb.
#21568
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93

DataBase  Administrator  (DBA)  —  бҧл  дерекқордың  жҧмысын 
басқаратын маман. Әдетте DBA міндеттері екі санатқа бөлінеді: негізгі 
жəне қосымша.  
DBA негізгі міндеттері мына міндеттерден тҧрады. 
•  Жаңа  бағдарламалық  жасақтаманы  орнату.  DBA    осы  міндеті 
Oracle  жаңа  нҧсқаларын,  қосымшаларды  жəне  ДҚБЖ  əкімшілеуге 
жататын  өзге  бағдарламалық  жасақтаманы  орнатуда.  Бҧл  міндет 
сондай-ақ  орнатылатын  бағдарламаларды  жҧмыс  ортасына  енгізуден 
бҧрын міндетті тҥрде тестіленуін көздейді.  
•  Бағдарламалық 
жəне 
аппараттық 
қамтамасыз 
етудің 
конфигурациясы.  Көп  жағдайда  бағдарламалық  жəне  аппараттық 
қамтамасыз  етуді  дəлдеуге  қолжетімдікке  тек  жҥйелік  əкімші  ие, 
сондықтан  DBA  бағдарламаларды  орнату  керек,  бағдарламалық  жəне 
аппараттық  қамтамасыз  етуді  тек  жҥйелік  əкімшімен  бірге 
конфигурациялау керек. 
•  Қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бҧл DBA негізгі міндеттерінің бірі. 
Қауіпсіздікті  басқару  жəне  əкімшілеу  пайдаланушыларды  қосу  жəне 
жою, квоталарды басқару, аудит жəне  қауіпсіздік мəселелерін шешуді 
қҧрайды. 
•  Өнімділігін  дəлдеу.  DBA  тҧрақты  тҥрде  жҥйенің  өнімділігін 
тексеру  керек,  ал  қажет  болғанда  оны  қайта  дəлдеу  керек.  Жақсы 
дəлденген жҥйенің өзі тҧрақты тексеріліп отыруды жəне мерзімді қайта 
дəлдеуді талап етеді. Кейде жҥйенің параметрлерін өзгерту жеткілікті, 
кейде индекстерді өзгерту, кестенің қҧрылымын қайта қҧру жеткілікті.  
•  Жҥйенің  резервтік  көшірмесін  жасау  жəне  қалпына  келтіру. 
Мҥмкін  DBA  басты  міндеттерінің  бірі  —  жҥйеде  деректерді  тҧрақты 
сақтау  болуы  мҥмкін.  Тиімді  жасау  ҥшін  резервтік  көшірме  жасау 
рəсімін  жəне  деректерді  қалпына  келтіру  стратегиясын  жасап  шығару 
керек.  Деректердің  резервтік  көшірмесін  жасау  жəне  қалпына 
келтірудің өңделген сҧлбасын мерзімді тестілеу маңызды.  
•  Тҧрақты (жоспарлы) қызмет көрсету рəсімі. Пайдаланушылардың 
жҧмысын  бҧзбау  ҥшін  ДҚБЖ-ге  ерте  немесе демалыс  кҥндері  қызмет 
көрсету  керек.  Қызмет  көрсетуге  мыналар  кіреді:  жҥйені  мҧрағаттау, 
тестілеу  жəне  дəлдеу.  Жҥйеге  жоспарлы  қызмет  көрсету  ҥшін  əкімші 
ДҚБЖ  қызмет  көрсету  кҥнтізбесін  жасап,  клиенттерге  хабардар  ету 
керек.   
•  Ақаулықтарды  оқшауландыру  жəне  жҥйені  істен  шыққаннан 
кейін  қалпына  келтіру.  DBA  міндеттеріне  ДҚБЖ  істен  шыққан 
жағдайда жҧмысқа қабілеттігін  қалпына  келтіру  кіреді. Жҥйенің  істен 
шығуы пайдаланушылардың өз деректеріне қолжетімдігін жоғалтуына 
əкелетіндіктен,  DBA  жҥйенің  жҧмысын  барынша  жылдам  қалпына 
келтіру керек.  


Жақсы  дайындалған  DBA  жҥйені  істен  шыққаннан  кейінгі  қалпына 
келтіру жоспарын қарастырып, қҧрауы керек.  
DBA  қосымша  міндеттері  жекелеген  клиенттерге  көмек  көрсету 
болып табылады жəне мынадай əкімшілеу міндеттерін қҧрауы мҥмкін.  
•  Деректерді талдау. DBA деректерді талдау керек жəне жекелеген 
жасап  шығарушыларға  немесе  пайдаланушыларға  деректерді  сақтау 
тиімділігін  немесе  өнімділігін  жақсарту  бойынша  ҧсыныстар  беру 
керек. 
•  ДҚ  жасап  шығару  (алдын  ала).  DBA  ДҚ  қҧрылымын  жасап 
шығарудың  бастапқы  дəрежесіне  қатыса  алады.  DBA  жҥйені  ішінен 
білетіндіктен,  ол  жасап  шығарушылар  командасына  əлеуетті 
мəселелерге  көрсете  алады  жəне  бағдарламалардың  өнімділігін 
арттыруға көмектесе алады. 
•  Жасап  шығарушыларға  сақталатын  SQL-  рəсімдер  бойынша 
консультация жҥргізу. DBA жасап шығарушылар мен пайдаланушылар 
ҥшін консультант болуға дайын болу керек. DBA SQL-код мəселелерін 
шешуге  жəне  сақталатын  рəсімдерді  жасап  шығаруға  (жазуға)  жиі 
қатыстырылады. 
•  Өндірістік  стандарттар  мен  келісімдерді  аттары  бойынша  жасап 
шығару.  Бҧл  міндет  қосымшалар  разрядына  жатқызылғанымен,  ол 
басқарудың  негізгі  ҧйымдастырушылық  мəселесінің  бірін  атқарады. 
Қосымшаларды  жасап  шығаруда  жəне  ашуда  бірнеше  əртҥрлі  топ 
қатыса  алатынын  есепке  ала  отырып,  DBA  белсене  қатысу  керек, 
қосымшалар  осы  стандарттарға  сəйкес  келу  ҥшін,  өндірістік 
стандарттар  мен  келісімдердің  аты  бойынша  жасап  шығарылуында 
басты рөлді атқару керек. 
•  Ортаны 
қҧжаттау. 
DBA 
жабдықтың 
конфигурациясын, 
бағдарламалық  қамтамасыз  ету  мен  ДҚБЖ  жаңарту  жəне  өзгертуді 
қоса  алғанда,  ДҚБЖ  ортасының  əрбір  аспектін,  сонымен  қатар  жҥйе 
мен  оның  параметрлерінің  өзгеруіне  байланысты  барлық  мəселелерді 
қҧжаттау  керек.  DBA  қажет  болған  жағдайда  қҧжаттама  бойынша 
жҥйені толық қалпына келтіре алу керек.  
•  Жҥйенің  жҥктемесін  жəне  қажетті  жад  көлемін  жоспарлау.  
Пайдаланушылардың  артқан  тҧтынушылығын  қанағаттандыру  ҥшін 
қосымша  серверлерді, қосымша диск  жəне жедел  жадты  алу  қажеттігі 
DBA  жҧмысының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Аппараттық 
қҧралдардың 
кҥтілетін 
қажеттігін 
болжай 
отырып, 
əкімші 
кəсіпорынның  ақпараттық  жҥйесінің  жҧмыс  сенімділігін  қамтамасыз 
етеді.  
12.6. 
Деректерді сақтаудың физикалық сәулеті  
БДҚБЖ  Oracle  сақталатын  ақпараттың  ҥлкен  көлемдеріне  бір 
уақытта  қолжеткізуге  арналған  (терабайттар).  БДҚБЖ  екі  қҧрамдас 
бөліктен  тҧрады:  дерекқор  (ақпарат)  жəне  дана  (жҥйені  нақты  іске 
асыру). 


Дерекқор 
 
Дерекқор  жҥйеде  сақталатын  физикалық  файлдардан  жəне 
логикалық  бөліктерден  (мысалы,  ДҚ  сҧлбасы)  тҧрады.  Физикалық 
файлдар  -  бҧл  дискте  сақталатын  файлдар,  ал  логикалық  файлдар 
физикалық деңгейдің компоненттері болып табылады. 
Сонымен,  Oracle  дерекқорлары  екі  деңгейден  тҧрады:  физикалық 
жəне логикалық. 
Физикалық  деңгей.  Файлдың  ҥш  санатын  қҧрайды:  деректер 
файлдары,  операция  журналдарының  файлдары  (redo  log  files), 
басқарушы файлдар. 
Деректер файлдары. Осы файлдарда ДҚ-да бар ақпарат сақталады. 
Бҧл бір файл жəне жҥздеген файл болуы мҥмкін. Бір кестедегі ақпарат 
бірнеше  дерек  файлдарына  бөлінуі  мҥмкін  (ал  бірнеше  кесте  дерек 
файлдарының кеңістігін өзара бөлуі мҥмкін). Кестелерді бірнеше дерек 
файлдары  бойынша  бөлу  жҥйенің  өнімділігін  айтарлықтай  арттыра 
алады. Дерек файлдарының саны Maxdatafiles параметрімен шектелген. 
Операция журналдарының файлдары. Жҥйе істен шыққан жағдайда 
қалпына  келтіру  ҥрдісі  ҥшін  қажетті  ақпаратты  қҧрайтын  жəне 
дерекқорда  болған  барлық  өзгерістерді  сақтайтын  файлдар. 
Операциялар  журналының  көмегімен  жасалған,  бірақ  жҥйенің  істен 
шығуына  дейін  тіркелмеген  өзгерістер  қалпына  келтіріледі.  Операция 
журналдарының  файлдары  аппараттық  істен  шығудан  жақсы  қорғалу 
керек  (бағдарламалық  жəне  аппараттық  деңгейде).  Егер  операция 
журналының  ақпараты  жоғалмаса,  онда  жҥйені  қалпына  келтіру 
мҥмкін емес. 
Басқарушы файлдар. Басқарушы файлдар дерек файлдарының жəне 
операция  журналдарының  файлдарының  орналасуын  қоса  алғанда, 
Oracle данасын іске қосу ҥшін қажетті ақпаратты қҧрайды. Басқарушы 
файлдар жақсы қорғалу керек. 
Логикалық  деңгей.  Логикалық  деңгей  мына  элементтерді 
қҧрайды:  
•  кесте кеңістіктері; 
•  ДҚ сҧлбасы. 
Кестелі кеңістіктер. Дерекқор кестелі кеңістіктер деп аталатын, бір 
жəне одан артық логикалық бөліктен тҧруы мҥмкін. Кестелі кеңістіктер 
деректерді өзара логикалық топтастыру ҥшін пайдаланылады. Мысалы, 
бухгалтерлік  деректер  ҥшін  бір  кесте  кеңістігін  айқындауға,  ал 
басқасын  -  қоймалық  деректер  ҥшін  айқындауға  болады.  Топтарды 
кесте 
кеңістіктері 
бойынша 
сегменттеу 
осы 
топтардың 
əкімшілендірілуін  жеңілдетеді.  Әрбір  кесте  кеңістігі  бір  немесе  одан 
артық  деректер  файлынан  тҧрады.  Бір  кестелі  кеңістік  ҥшін  бірнеше 
дерек файлдарын пайдалана отырып 


жүктеу 10,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау