Кес
7.5 - сурет. Нысанды өздігінен жобалау
Кестелерді автоматты тҥрде жасау кезінде нысандағы терезелер де
автоматты жасалады.
Объекттің қосылған жиегі. Бҧл басқа файлда немесе басқа
ДҚ-да орналасқан OLE-объектті орналастыруға болатын терезе.
Беттің ҥзілуі. Егер деректер енгізу аялары бір бетке (дисплейдің
экранына) сыймаса, осы команда қолданылады.
Қосымша беттер жинағы. Егер деректерді енгізу өрістері бір
бетке (дисплей экранына) сыймаса, осы команда қолданылады.
Қосымша беттер жинағын пайдалану кезінде өрістерді қандай да бір
белгілері бойынша топтастыруды жəне əрбір топ ҥшін тиісті қосымша
бетті жасауды ҧсынамыз. Нысанды конструкциялау барысында
аяларды қосымша бетте орналастыру технологиясы аяны тізімнен
көшіруге негізделген.
7.6 суретте Ӛтпелер ашық қосымша бетімен, ал 7.7 суретте
Режимдер ашық қосымша бетімен деректер енгізу нысаны көрсетілген.
Бағынышты нысан (есеп).Бҧл команда қҧрамдас нысандарды
жасап шығару кезінде қолданылады. Қҧрамдас нысандар, əдетте
―біреуі көпшілікке‖ қатынастарымен байланысты кестелер ҥшін жасап
шығарылады. Бҧл жағдайда бір кесте басты, ал екіншісі - бағынышты
болып табылады.
7.6 - сурет. Ӛтпелер ашық қосымша беті бар нысан
7.7 - сурет. Режимдер ашық қосалқы беті бар нысан
Осы сияқты деректерді енгізудің қҧрамдас нысандарын жобалау
кезінде нысанның біреуін басты, екіншісін - бағынышты деп атаймыз.
Қҧрамдас нысандарды жасап шығару сҧлбасын келесі əрекеттер
ретімен ҧсынуға болады:
• деректерді бағынышты кестеге енгізу нысанын жасап шығару;
• Бағынышты нысан командасын (пернесін) пайдалана отырып,
бағынышты нысанды енгізуге арналған саланы қарастыра отырып,
басты кестеге деректер енгізу нысанын жасап шығару.
Төменде САПР «ЛАЗЕР 2000» технологиялық қҧрастыру
ҥрдістерінің маршруттық карталарын автоматты жобалау ҥшін
дерекқорды жасау кезінде ақпаратты енгізудің қҧрамдас нысандарын
конструкциялау ҥлгілері келтірілген ( Құрастырушы режимінде ).
Басты нысан екі беттен тҧрады (7.6, 7.7 - суретке қараңыз). Бірінші
бетте деректерді басты кестеге енгізу өрістері, ал екінші бетте -
деректерді бағышынты кестеге енгізу өрістері орналастырылған.
7.8, 7.9 - суретте деректерді сəйкесінше басты жəне бағынышты
кестеге енгізу нысандарының конструкциялары келтірілген.
Деректерді сұратуларға енгізу нысандарын жасап шығару
технологиясы. Параметрлі сҧраныстарды жəне оларға байланысты
деректерді іріктеу шарттарын енгізу нысандарын жасау технологиясын
қарастырамыз.
Беттің ҥзілуін белгілеу
Бағынышты нысан
7.8- сурет. Қҧрамдас нысанның бірінші беті
7.9 - сур. Қҧрамдас нысанның екінші беті
Деректерді сҧраныстарға енгізу ҥшін арнайы нысандарды жасап
шығару қажеттігі келесі факторлармен шартталған:
• деректерді іріктеу шарттарын енгізу қателігіне жол бермеу немесе
болдырмау;
• деректерді енгізу шарттарының жиі өзгермелі мəндері кесінде
сҧраныс жасау қажеттігі;
• клиент-сервер
архитектурасы
бойынша
ҧйымдастырылған
желілік дерекқорларды жасап шығару.
Осындай нысандар мен сҧраныстарды жасап шығару технологиясы
толығымен 7.3 жəне 7.5 бөлімшелерінде баяндалған əдістерге сəйкес
келеді. Ерекшелігі тек оларды жобалау тəртібінде. Деректерді іріктеу
шарттарын енгізу нысандарымен сҧраныстарды мына ретпен жобалау
керек.
1. Деректерді енгізу шарттарын енгізбей сҧранысты жасап шығару.
2. Деректерді іріктеу шарттарын енгізу нысанын жасап шығару.
3. Құрастырушы режимінде сұранысты ашу.
4. Тиісті ая ҥшін ―Іріктеу шарты‖ жолының ҧяшығына меңзерді
орнату.
5. Нысанның
тиісті аясының мəнімен деректерді іріктеу
шарттарының байланысын орнататын тіркес қҧру.
Мысал ретінде оқытушылардың жҥктемесін жасау жəне талдау
ҥшін дерекқорды қарастырайық.
Дерекқормен жҧмыс істеу барысында оқытушының тегінетəуелді
―Жҥктеме‖ кестесінен жазбаларды жиі таңдауға тура келеді. Осындай
таңдау ҥшін тиісті сҧраныс жасап шығарылды (7.10 - сур).
Аты-жөні аясының ҧяшығына сҧраныс жасау ҥшін ―Іріктеу
шарттары‖ жолында оқытушының аты-жөнін енгізу керек.
Тегін енгізу ҥшін тиісті нысан жасап шығарылған (7.11 - сур).
Осы нысанда оқытушылардың тегін енгізуге арналған тізіммен
арнайы өріс көзделген.
Нысанды жасап шығарғаннан кейін Аты-жөні аясының ―Іріктеу
шарттары‖ жолында ―Оқытушының жҥктемесі‖ тиісті сҧратуында
келесі тҥрдегі тіркес қҧрылған:
[Forms] ! [Кафедра жҥктемесі] ! [Тізімі бар аяО],
мҧндағы Forms — ДҚ объектісін білдіретін өзекті сөз (бҧл жағдайда -
нысан);
Кафедра жҥктемесі — дерекқор объектісінің (нысанының) аты;
Тізімі бар өріс — нысандағы аяның аты, оның мəні ―Оқытушының
жҥктемесі‖ сҧратуындағы Аты-жөні өрісі ҥшін деректерді іріктеу
шарттары болып табылады;
Тіркестерді құрушы терезесін ашу пернесі
7.10 - сурет. Аты-жӛні өрісінің мəні бойынша деректерді таңдауға
сҧрату
Аты
Аты-жөнін таңдауға арналған тізімі бар ая
7.11 - сурет. Оқытушының тегін енгізу өрісі бар нысан
Жақшалар [ ] жəне «!» белгісі — тіркестерді қҧру грамматикасының
элементтері.
Тіркестерді Тіркестерді құрушы шеберін қолдана отырып қҧрған
жөн (7.12 - сур). Ол ҥшін нысанды жасап шығарғаннан кейін:
• Құрастырушы режимінде сұранысты ашу;
• «Іріктеу шарттары» жолының ҧяшығына меңзерді орнату;
• Тіркестерді құрушыны ашу;
• қажетті тіркесті қҧру керек.
Тіркестерді құрушы терезесін ашқаннан кейін келесі əрекеттерді
орындау керек:
• тиісті белгі бойынша тінтуірмен басып, ДҚ объектісін таңдау
керек (осы мысалда — «Forms»). Осыдан кейін осындай типті барлық
объекттің тізімі ашылады;
• объекттің (нысанның) аты тізімінен таңдау керек. Элементтер
терезесінде ДҚ объектісін таңдау нəтижесінде барлық элементтің тізімі
шығады (өрістер, қолтаңбалар, пернелер жəне т.б.);
• ДҚ объектісінің элементін таңдау (Тізімі бар өріс).
Осы əрекеттер нəтижесінде нысан аясында енгізілетін мəндері бар
сҧраныстағы деректерді іріктеу шарттарын байланыстыратын тіркес
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |