22б
22б
КЕҰ ең жоғарғы кəсіби жəне этикалық стандарттарды
КЕҰ ең жоғарғы кəсіби жəне этикалық стандарттарды
насихаттайды
насихаттайды
6
6
4
2
6
4
3
Басқарма мүшелеріне қызметкерлерді отырыстарды дайындауға тартып, ке-
ректі материалдарды алдын-ала беруді өтіну керек. Сонымен бірге, қызметкер-
лер басқарма мүшелеріне өзекті ақпарат жіберу арқылы жағдайды мазмұндауы
мүмкін («Басқармаңыз үшін «ақпараттық диета»
«Басқармаңыз үшін «ақпараттық диета»
қараңыз). Басқарма мүше-
лері қызметкерлерден нақтылау ақпарат беруге немесе керек болған жағдайда,
басқаша беруге өтінуден ұялмауы тиіс. Одан бетер, басқарма қызметкерлерді
басқарма қызметкерлерді
жалғыз ақпарат көзі деп ойламауы тиіс:
жалғыз ақпарат көзі деп ойламауы тиіс: жағдайды толық көру үшін басқа
пікірді білу керек. Басқарма мүшелері отырыстарға дайындалып келу тиіс. Бұл
ұзақ презентацияларды тыңдап, өздері де алдын ала оқи алатын ақпараттың
орнына пікірталасты мəнді жүргізіп, дереу шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Басқарма тұрақты түрде ереже мен рəсімдерді сақтап өткізілетін отырыс-
Басқарма тұрақты түрде ереже мен рəсімдерді сақтап өткізілетін отырыс-
тарға жиналады.
тарға жиналады. Жарғылық құжаттарда əдеттегідей, жылына қанша басқарма
отырыстары өту керек екендігі көрсетіледі. Осы сұраққа жалғыз жауап жоқ бол-
ғанымен, жылына бір рет жиналу басқарма мүшелерінің өз міндеттерін орын-
дауы үшін тым аз. Кейбір КЕҰ-да басқарма жылына екі не үш рет жиналады,
басқаларда жиілеу. Бірақ отырыстарды өткізу жиілігіне қарамастан, басқарма
мүшелері алдын ала дайындалу үшін кездесу күнін білу керек. Көптеген КЕҰ-да
жылына отырыстар кестесін белгілеу жақсырақ болады деп санайды. Егер кез-
десу жақсы дайындалып, күн тəртібі сақталса, онда əрине, ол нəтижелі өтеді.
Басқарма мүшелері расында үлесін қосып, қызықты пікірталас күтілсе отырыс-
қа ынтасымен келеді («Отырыстың күн тəртібі мысалы»
«Отырыстың күн тəртібі мысалы»
қараңыз).
Басқармаңыз үшін «ақпараттық диета»
Басқармаңыз үшін «ақпараттық диета»
Басқарма мүшелері не туралы жақсы
хабарландырылуы тиіс? Сіздің мынадай «ой
тудыратын жақсы тағамды» тұрақты түрде
беруіңіз қажет:
● Ай сайын немесе тоқсан сайын ұйым
жұмысын шолу (қысқаша – бір беттен
аспайтын ақпарат);
● Сіздің ұйымыңыздың ғана емес,
серіктестеріңіз бен бақталастарыңыздың
ақпараттық бюллетендеір мен
парақшалары;
● Ұйымыңыз, игілік алушыларыңыз бен
донорларыңыз туралы БАҚ-ғы ақпарат;
● Жаңа бағдарламалар, қауымдастығыңыздың
немесе ауданыңыздың қайырымдылық
бағыттары туралы баяндамалар мен
мақалалар;
● Жұыс істейтін салаңызға байланысты
мақалалар;
● Басқарма мүшелері нақты ақпарат таба
алатын интернет-ресурстарға сілтеме.
23а
23а
КЕҰ ең жоғарғы кəсіби жəне этикалық стандарттарды
КЕҰ ең жоғарғы кəсіби жəне этикалық стандарттарды
насихаттайды
насихаттайды
6
6
4
4
6
4
5
Басқарма отырыстар хаттамасын жүргізеді.
Басқарма отырыстар хаттамасын жүргізеді. Басқарма отырысының хатта-
масы – бұл жауаптылықтың негізгі құралы, кімде-кім өзінің жақсы көретін тақы-
рыптарын ұсынып, жиналыста мəжбүрлі бақылайды деп қорықпай, ұйымға са-
бақтас жəне саналы түрде жұмыс істеуге көмектесетін институционалдық есте
сақтау түрі. Басқарма хаттаманы жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындауға тиіс.
Хаттамада жиналыстың орны мен уақыты, қатысушылар құрамы, күн тəртібі
мен қабылданған шешімдер белгіленеді. Хаттама жобасы дауыс беру құқығы
бар басқарма мүшелерімен келісіліп, қабылданады. Осыдан кейін ғана ақырғы
бекітілген мəтінін таратуға болады. Басқарманың концептуалдық шешімдерін
бір жинаққа жинап, ол жинақ ұйым қызметкерлерінің бəріне қол жетімді болуы
тиіс. Басқарма төрағасымен жұмыс істейтін КЕҰ басшысы осы концептуалдық
жинақ деркезінде жаңартылып тұруы үшін жауап береді.
Басқарманың жыл бойына жұмыс мақсаты мен жоспары бар.
Басқарманың жыл бойына жұмыс мақсаты мен жоспары бар. Ұйым бір
жылға жұмыс жоспарын дайындағандай, басқарма да өз жұмысын дамытуға
қатысты немесе стартегиялық тұрғыда белгіленген КЕҰ ең негізгі мақсаттарын-
да құрылған болуы мүмкін ағымдағы жылға мақсаттарды қояды. Жыл сайын
басқарма мақсаттарын белгілеу бойынша сессиялар оған стратегиялық мақ-
саттарға үңіліп, күнделікті жұмыс, ұсақ-түйекке немесе иенрттікке алданбауға
мүмкіндік береді. Жақсы істейтін басқармаларда басқарма жұмысын жақсы
құруға оның негізгі мақсаттары, мысалы, бюджет бекіту, бағдарламаларды ба-
ғалау, басшыны бағалау жазылған мерзімдік міндеттерін орындау күнтізбесі
көмектеседі («Басқарманың жыл сайынғы жұмыс күнтізбесіне нені енгізу
«Басқарманың жыл сайынғы жұмыс күнтізбесіне нені енгізу
керек»
керек»
қараңыз). Басқарма төрағасы бұл жұмыс отырыстар хаттамаларында
өз көрінісін табуына, сонымен бірге, басқарма жыл сайынғы мақсаттарын дер
кезінде өзгертуі үшін жауап береді.
Отырыстың күн тəртібі мысалы
Отырыстың күн тəртібі мысалы
Дүйсенбі, 2003 ж. 22 қыркүйек
18.00 - 21.00
17.30 Қонақтардың келуі, шай/кофе ішу
18.0 Төрағаның алғы сөзі
18.15 18 шілдедегі жиналыс хаттамасын бекіту
(А-қосымшасын қараңыз)
18.20 Ұйым басшысының есебі бойынша сұрақтар
(Б-қосымшасындағы есепті қараңыз)
18.45 Даму бойынша басқарма комитетінің есебі
• Жаңа мүшелерді сайлау (В-қосымшасындағы
үміткерлер резюмелерін қараңыз)
19.15 Қаржы комитетінің есебі
• Шешуші көрсеткіштерді шолу
• Қосымша офис алаңын жалдауды мақұлдау
(Г-қосымшасын қараңыз)
19.45 Стратегиялық жоспар
• 2004
ж. Стартегиялық мақсаттарды мақұлдау
(Д-қосымшасын қараңыз)
20.30 2004 ж. ұйым басшысының алдына
қойылған мақсаттарды мақұлдау (Е-қосымшасын
қараңыз)
21.00 Отырысты жабу