196
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Екі қолына орамал ұстайды (
шетінен
ұстайды).
Орамалды алға, жоғары, алға көтереді. Б.қ. (5-6 рет)
2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады, оң қолда – орамал. Оңға
(солға)
бұрылады, орамалды бұлғайды. Б.қ. оралады. Орамалды сол қолына алады. (Әр
жаққа 4 реттен)
3. Б.қ.:
аяқтың арасын сәл ашып, екі қолына да орамал ұстап тұрады (үстіңгі шетінен
ұстайды). Отырады,
орамалды алға шығарады, тұрады, орамалды түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады. Орамал – кеудеде.
Алға қарай еңкейеді,
орамалды
оңға-солға бұлғайды, жоғары көтереді. Б.қ. (5-6 рет)
5. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады, орамал – оң қолда. Бір
орында және өзін айналып секіреді, жүгіреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды. (2-
3 рет)
Достарыңызбен бөлісу: