Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет2/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524
4 дш

 
1. 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Балаларды  дене  дамуы  тұрғысынан  дамыту  –  бұл  ғимараттың  іргетасын  қалаумен 
бірдей. Іргетасы қанша берік болса, үйді де мейлінше биік етіп салуға болады. Сол сияқты 
баланың  денешынықтыруы  қанша  күшті  болса,  ол  жалпы  даму  жағынан  сонша  көп 
табысқа жетеді. Табысты еңбек етеді және қоғамға пайдалы азамат болып өседі. 
Бала  өмірінің  алғашқы  жеті  жылында  дене  тәрбиесінің  маңызы  өте  зор.  Басқа 
кезеңдерде  денешынықтыру  жалпы  тәрбиемен  осыншалықты  тығыз  байланыста 
болмайды.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  (туғаннан  жеті  жасқа  дейін)  баланың  бойында 
денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  жан-жақты  қозғалысқа  дайындық,  үйлесімді  дене  дамуы  негізі 
қалыптасады.  
Бала  4-5  жасында  психикалық  және  дене  дамуы  тұрғысынан  дамуды  жалғастырады. 
Бала қызметі мен іс-қимылының барлық түрлеріне олардың жеке ой-пікірі де қатты әсер 
ете бастайды. Бірақ олар мұны әзірге ересектердің көмегінсіз іске асыра алмайды. 
Балалар қызметінің ойындық қырының маңызы артады. Енді олар шағын ұжымдармен 
бірге  шығармашылық  рөлдік  ойындарға  қызығады.  Балалардың  бойында  өзінің  іс-
қимылдарын  өзгелермен  келісіп  алуға  деген  сұраныс  туындайды.  Олар  бұл  әрекеттерді 
ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  орындайтын  болады.  Балалар  арасында  бір-біріне  деген 
достық  қарым-қатынас,  өзара  түсіністік  пен  бір-біріне  көмек  көрсетуге  баулуға  қолайлы 
жағдай қалыптасады. 
Жалпы 5 жасар баланың негізгі қимыл-қозғалыстың барлық түрлерінен хабары бар. Ол 
қимыл-қозғалыстарды  бір-бірімен  үйлестіруге  тырысады,  қозғалыс  пен  денешынықтыру 



 
жаттығуларының  күрделі  түрлерін  орындау  арқылы  өз  күшін  сынауға  талпынады. 
Балалардың  бойында  қимыл-қозғалыс  импровизациясына  деген  қажеттілік  туындайды. 
Олар  кез  келген  қимыл-қозғалыс  жаттығуларын  орындауға  дайын.  Бірақ  өзінің  нақты 
мүмкіндіктерін бағалай білмейді. Бала шамасы келмейтініне көзі жеткеннен кейін қимыл-
қозғалыс  жаттығуларын  жалпылама  істе  салады,  аяғына  дейін  жеткізбейді.  Бірақ  өзі 
қимылдарды толық орындадым деп ойлайды.   
Бұл  жастағы  баланың  зейін  қою  қабілеті  тұрақты  сипатқа  ие  бола  бастайды.  Көру 
қабілеті,  есту  және  сезіну  қабілеті  жетіледі,  есте  сақтау  және  еске  түсіру  қабілеті  дами 
бастайды.  Балалар  қимыл  түрлерін  ажырата  бастайды,  олардың  кейбір  элементтерін, 
мысалы, жылдамдығын, дене мүшелерінің қозғалыс ретін бөліп көрсетуді үйренеді. Олар 
қимылдарды саналы түрде орындай бастайды. Қимылдардың нәтижесіне, олардың дұрыс, 
тиісінше орындалуына деген қызығушылық пайда болады. 
Дәл осы жастан бастап оқу мотивтері, балалардың белгілі бір қимыл техникасын игеруі 
мәселесі алдыңғы орынға шығады. Алайда, оқу қызметі әлі де болса ойындық қызметпен 
астасып  жатады.  Сондықтан  түрлі  тосынсыйларды  (сюрприз)  пайдалануға  болады. 
Балаларға  жақсы  таныс  ойындық  жаттығулар  мен  тапсырмалар  да  қолданылады. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  ортаңғы  топ  балаларының  қозғалысын  дамыту  үшін  қимыл-
қозғалыстың жалпылама түрлерін пайдаланып қана қоймай, жекелеген құрамдас бөліктер 
мен қозғалыс элементтерін, позаларды меңгертуге көшуге болады. Баланың барлық денесі 
мен жекелеген дене мүшелерін бір-бірімен байланыста дамытуға мүмкіндік беріледі. Білім 
беру  саласына  жүктеліп  отырған  бұл  міндет  балалардың  өз  қимылдарының  ізбе-ізділігі 
мен  сапасын  қабылдау,  көзге  елестету,  сараптау  және  бағалауға  деген  сұранысының 
жоғарылауынан туындап отыр. 
Балалардың бұрын үйренген қимыл-қозғалыс дағдылары мен машықтарын бекіту – бұл 
арнайы  тәсілдермен  қимыл-қозғалыстарға  үйрету.  Алдыңғы  топтарда  үйренген 
жаттығуларын  жоғары  деңгейде  қайталатып  орындату  –  бұл  қозғалыс  мектебін  құруда 
елеулі рөл атқарады.  

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау