S = KFdc (4), мұнда
S – шыққан зат мөлшері; F – орта контактысы беткейі; dc - концентрация түрлігі; K – масса алып беру коэффициенті; - экстракция уақыты.
Масса алып беру коэффициенті диффузияның барлық түрін біріктіреді:
(5), мұнда
- конвективті диффузия коэффициенті; Db - ішкі диффузия коэффициенті (диализ); - молекулярлы диффузия жүретін диффузионды қабат қалындығы; Dc - молекулярлы диффузия коэффициенті.
Экстрагирлеу үдерісіне әсер ететін факторлар
Ұсақталған шикізат.
Экстрактивті заттардың әр түрлі концентрациялары.
Экстракцияның температуралы тәртібі.
Экстрагенттерге келесі негізгі міндеттерді ұсынады:
Белгілі бір әрекет ететін заттар тобын шығара алу қабілеті;
Химиялық және фармакологиялық индифференттілік;
Регенерацияға мүмкіншілік;
Фармакологиялық технологияда әр түрлі экстрагирлеу әдістерін қолданады. Оларды статикалық және динамикалық деп жіктеуге болады.
Статикалық экстрагирлеу тәсілдерінде мацерация және ремацерация қолданылады.
Динамикалық әдістерге жатады: перколяция, циркуляция, реперколяция, қарама-қарсы ағымды экстрагирлеу.
Экстрагирлеу түрлі конструкциялы экстракторларда орындалады: дискты, пружина-қалақшалы, иірмекті.
Экстрагент рекуперациясы (қайтып келу) – экстракционды препараттар технологиясында қорытынды кезең. Ол өңделген шикізаттан экстрагенттің (спирттің) қайтып келуімен аяқталыады және 2 тәсілмен орындалады:
экстрагентті сумен және айдау арқылы ығыстыру.
Ректификация (түзету, тазарту) – гомогенді қоспаны қайта-қайта ағызу негізінде ажырату үдерісі сонымен қоса әр түрлі қайнау температурасында және спирт пен су қоспасы компоненттерінің конденсациясы. Ректификация ректификационды орнатуларда орындалады және ол келесі аппараттардан тұрады: куб-буландырғыш (немесе шығарғыш жылу алмастырғыш), ректификационды колонна, дефлегматор, үлестіруші стақан, конденсатор, радиоқабылдағыш.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: экстрагирлеу үдерісінің теориялық негіздері, дәрілік шикізаттың экстрагирлеу әдістері, рекуперация және ректификация, теориялық негіздері, әдістері.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ректификацияны не үшін пайдаланады?
Экстрагирлеу әдісі қай дәрілік түрлерге қолданылады?
Экстрагенттерге қандай талап ұсынылады?
Ұсынылған әдебиеттер:
Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 186-207
Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2.С. 352-410
Модуль 3 – Қосымша заттар және оларды фармацияда қолдану
Дәріс 15-17 – Қосымша заттар
Дәріс жоспары:
Көмекші заттардың жіктелуі
Табиғи көмекші заттар
Синтетикалық және жартылай синтетикалық көмекші заттар
Көмекші заттар – бұл дәрілік заттарды дайындау үшін қажетті қосымша заттар.
Көмекші заттарға келесі міндеттер ұсынылу қажет:
Дәрілік препараттың медициналық тағайындауына сәйкес келуі;
Пайдаланылатын мөлшері биологиялық қауіпсіз және ағза тінімен биосәйкес болуы қажет, сонымен қатар аллергиялық және токсикалық әсер көрсетпеу керек;
Дәрілік формаға даярланатын форма тудырушы қасиеттердің сәйкес болуы;.
Дәрілік заттармен, қапталған және тығындалған заттармен химиялық немесе физико-химиялық әрекеттесуінің болмауы, сонымен қатар дәрілік препараттарды дайындау және сақтау үдерісі кезінде технологиялық жабдықтау материалымен.
Мүмкін микробты контаминацияның талабына дайындалатын препарат (соңғы өнім ретінде ) тазалықтары дәрежесіне байланысты сәйкес бола алады; стерилизацияға ұшырау мүмкіндігі;
Дәрежеге тәуелділігіне сәйкес дайындалатын препараттың (соңғы өнім ретінде) шекті жеткілікті микробтық контаминация талаптарына тәуелді болуы мүмкін; онда стерилизация жасау қажет болады.
Экономикалық қол жетімділік;
Көмекші заттардың табиғи және химиялық құрылымына байланысты жіктелуі:
Табиғи көмекші заттар:.
Крахмал
Альгинаттар
Агароид
Пектин
Коллаген
Желатин
Желатоза
Неорганикалық полимерлерден көбінесе бентонит, аэросил, тальк пайдаланылады.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық көмекші заттар.
Метилцеллюлоза
Поливинол
Поливинилпирролидон (ПВП)
Полиакриламид
Полиэтиленоксид
Спеналар
Твиндер
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: қосымша заттар, қосымша заттардың жіктелуі, табиғи қосымша заттар, синтетикалық және жартылай синтетикалық заттар, олардың тағайындаулары, түрлері.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қосымша заттарды қандай мақсатта пайдаланады?
Қосымша заттар қалай жіктеледі?
Қосымша заттарға қандай талап ұсынылады?
Ұсынылған әдебиеттер:
Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 45-61
Достарыңызбен бөлісу: |