Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 0,79 Mb.
бет17/29
Дата17.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#39289
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
botanika zerthanal k sabaktar (1)

Қажетті құралдар мен материалдар: Әртүрлі өсімдіктер жемістерінің коллекциясы: бидай (Triticum), күнбағыс (Helianthus annuus), сеппе қарақұмығы (Fagopyrum sagittatum), дала тегеуріні (Delphinium concolida ), сеппе асбұршағы (Pisum sativum), бақша капустасы (Brassica oleracea), дала яруткасы (Thlaspi arvense), көкнәр (Papaver somniferum), сәбіз (Daucus sativa), үйеңкі (Acer), жабайы шалқан (Raphanus raphanistrum) және т.б..
1-жұмыс
Жұмыстың орындалу барысы: Жемістер коллекциясынан шырынды жемістерді құрғақ жемістерден бөліп алыңыз.
Құрғақ жемістерді қақырайтын, қақырамайтын және бөлшекті жемістерге бөліңіз. Әрбір топ жемістеріне морфологиялық талдау жүргізіңіз. Тұқымша, дән, қанатты жеміс, жаңғақ, бұршаққап, бұршаққын, қорапша жемістерін табыңыз. Олардың арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз. Жемістердің сыртқы құрылысының суретін салыңыз.
Әрбір құрғақ жеміс суретінің жанына мына сұрақтарға жауап бере отырып, қысқаша сипаттамасын беріңіз: өсімдіктің атауы; жай және күрделі жеміс; жеміс жапырақшаларының саны; ұя саны; біртұқымды және көптұқымды; жемістің қандай типіне жатады және қақырау және таралу жолдары.
Шырынды жемістерді қарап, суретін салыңыз. Нағыз жемістер - жидек және сүйекті жемістерді, жалған- жидек және алма тәріздес жемістерді қараңыз.
Шырынды жемістердің суреті жанына өсімдік атауы; кәдімгі немесе жалған жеміс; ұя саны; біртұқымды немесе көптұқымды; жемістің қандай типіне жатады және таралу жолдарын көрсетіңіз.


Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ш.Н.Дүрмекбаева. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы» оқу құралы. Көкшетау. 2004.-Б. 94-96.


Зертханалық жұмыс № 17-18


Тақырыбы: Өсімдіктерді морфологиялық талдау.
Тапсырма.

  1. Өсімдіктерге морфологиялық сипаттама беру.



Тапсырмаға түсініктеме:
Өсімдіктерді морфологиялық талдау мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
Бір- екі немесе көпжылдық өсімдік.
Дара- немесе қосжарнақты өсімдік.
Тамыр жүйесі шашақ, кіндік немесе аралас.
Сабағы тік, жатаған, өрмелегіш, шырмалғыш. Домалақ, қырлы. Сабақ ортасы толық немесе қуыс. Түктері бар немесе жалаңаш. Өркеннің түр өзгерістері бар ма? Қандай?
Жапырағы сағақты, сағақсыз. Жапырақ серігі бар немесе жоқ. Жапырақ тақтасының пішіні және шеті қандай? Жүйкеленуі қандай? Түсі қандай, түктері бар немесе жоқ?
Жапырақтың түр өзгерісі бар ма? Егер жапырақ күрделі болса, қандай: қауырсынды күрделі немесе саусақты күрделі, жапырақшалары қандай?
Жапырақтарының орналасуы қарама-қарсы, кезектесіп немесе шоқтанып.
Гүлдері жеке немесе гүлшоғырына біріккен бе? Гүлшоғыры моноподиальды немесе симподиальды.
Моноподиальды гүл шоғыры жай (шашақ, масақ, собық, себет, шатыр, қалқанша) немесе күрделі (сыпыртқы, күрделі масақ және т.б.).
Гүлі актиноморфты немесе зигоморфты.
Гүлсерігі жай немесе қосарланған.
Тостағаншасы біріккен немесе бірікпеген.
Күлтесі біріккен немесе жеке, күлте жапырақшаларының саны.
Аталығы жеке немесе біріккен. Мөлшері бірдей немесе әртүрлі. Аталығы қанша?
Аналығы біреу немесе бірнешеу. Жатыны қандай (жоғарғы, ортаңғы, төменгі)?
Жемісі жай немесе күрделі. Құрғақ немесе шырынды. Жеміс типі.
Жемісте тұқым саны нешеу? Тұқымның сыртқы құрылысы қандай?

жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау