|
Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар-тапсырма. Өсімдіктерге морфологиялық сипаттама беру
|
бет | 18/29 | Дата | 17.09.2022 | өлшемі | 0,79 Mb. | | #39289 | түрі | Нұсқаулар |
| botanika zerthanal k sabaktar (1)1-тапсырма. Өсімдіктерге морфологиялық сипаттама беру.
Жұмыстың орындалу барысы: Бұршақ өсімдігін алып, морфологиялық талдау жүргізіңіз.
Асбұршақ – шөптесін, қос жарнақты біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі – кіндік. Сабағы өрмелегіш, түктері болмайды. Жапырағы қауырсынды күрделі, 2-3 жұп жапырақшалары бар, сағақты, ірі жапырақ серіктері бар. Жапырақшасы жұмыртқа тәріздес, шеті бүтін. Жүйкеленуі – қауырсынды. Кейбіреулері түрін өзгертіп мұртшаларға айналған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері зигоморфты, ақ немесе қызғылт. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы бірігіп кеткен. Күлтесі бес күлте жапырақшаларынан тұрады ( желкен, екі қайықша, екі ескек) . Аталығы 10, тоғызы біріккен. Аналығы біреу. Жоғарғы жатын. Жемісі бұршақ.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ш.Н.Дүрмекбаева. «Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы» оқу құралы. Көкшетау. 2004.-Б. 97-98.
Зертханалық сабақ № 19-20
Сабақ тақырыбы. Эукариоттар. Жасыл балдырлар бөлімі - Chlorophyta. Тең талшықтылар класы - Isocontophyta.
Сабақ мақсаты. Жасыл балдырлар бөліміне (Chlorophyta) жататын тең талшықтылар класының (Isocontophyta) құрылыс ерекшеліктерімен танысып, олардың жіктелуін оқып үйрену.
Тапсырма.
1. Вольвоксты балдырлардың (Volvocophyceae) құрылыс ерекшеліктерін анықтау.
2. Хламидомонаданың (Chlamydomonas) көбею жолымен танысу.
3. Жасыл балдырлардың (Chlorophyta) жіктелуін оқып үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: хламидомонаданың дайын тұрақты препараттары.
Суретпен бейнеленген құралдар: хламидомонаданың құрылысы мен тіршілік айналымы бейнеленген сызбанұсқалар.
Қосымша құрал-жабдықтар: жарық микроскопы, зертханалық жұмысқа арналған дәптер, сурет салатын альбом, жай қарындаш, қара және қызыл түсті қалам, түрлі түсті қарындаштар.
1-тапсырма. Вольвоксты балдырлардың (Volvocophyceae) құрылыс ерекшеліктерін анықтау.
Балдырлар - Algae.
Жасыл балдырлар бөлімі - Chlorophyta.
Тең талшықты балдырлар класы - Isocontophyta.
Хламидомонада туысы - Chlamydomonas.
Вольвоксты балдырлар класына жасыл балдырлардың ең қарапайым және монадалы құрылысты өкілдері жатады. Вегетативті жағдайда олар тіршілігінің соңына дейін қозғалғыш болып келеді.
Жаз кезінде ақпайтын көлшіктердің беті ашық көк түске боялып тұрады. Олай болатын себебі - мұндай суларда көптеген бір жасушалы планктон түрінде тіршілік ететін балдырлар болады екен және олар осы суға изумруд тәрізді көкшіл түс береді. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін балдыр - хламидомонада болады екен. «Хламидомонада» деген сөзді грек тілінен аударар болсақ, «сырты қабықшамен қапталған қарапайым организм» деген ұғым береді. Хламидомонада - тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір жасушалы жасыл балдыр. Хламидомонада суда денесінің алдыңғы жағынан кететін екі талшығы арқылы қозғалысқа келеді. Барлық тірі организмдер секілді хламидомонада суда еріген оттегімен тыныс алады.
Хламидомонаданың сыртын жұқа мөлдір қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазма мен ядро орналасады. Сонымен бірге жарықты оңай сезетін кішкентай қызыл «көзшесі», іші жасуша шырынына толы үлкен вакуолі және кішкентай екі қозғалғыш вакуолі болады. Хламидомонаданың хлорофилі және басқа да бояғыш пигменттері хроматофорасында болады. Ол жасыл түсті, өйткені құрамында бүкіл жасушаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Жасуша қабықшасы арқылы хламидомонада судан минералды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Жарықта хроматофорасында фотосинтез үрдісінің нәтижесінде қант (одан крахмал) түзіледі және ауаға оттегі бөлініп шығады. Сонымен бірге хламидомонада өзін қоршаған ортадан суда еріген дайын органикалық заттарды сорып қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|