Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 0,79 Mb.
бет27/29
Дата17.09.2022
өлшемі0,79 Mb.
#39289
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
botanika zerthanal k sabaktar (1)

Систематика

1

Плаундар класы - Lycopodiopsida




Астероксилондар қатары

Asteroxylales




Плаундар қатары

Lycopodiodiales




Плаундар тұқымдасы

Lycopodioceae




Плаундар туысы

Lycopodium




Шоқпарбас плаун

Lycopodium clavatum




Протолепидодендрондар қатары

Protolepidodendrales

2

Полушниктер класы - Isoetopsida




Селагинеллалар қатары

Selaginellales




Селагинелла туысы

Selaginella




Селагоктес селагинелла

Selaginella selaginoides




Лепидодендрондар қатары

Lepidodendrales




Полушниктер қатары

Isoetales



Бақылау тапсырмалары:
1) Плаунтәрізділердің түрлерінің жинақтамасы арқылы морфологиялық сипаттама жүргізу. Морфологиялық сипаттаманы мына сызбанұсқа бойынша жүргізеді:
1. Сабақ:

а) көлденең кесіндісінің пішіні: дөңгелек, жалпайып қабысқан;


2. Жапырақ:
а) пішіні (суреті);
б) сабақтағы жағдайы: сабаққа жабысып тұрады, сабақтан қашықтау тұрады;
в) орналасуы: спиральды, төрт қатарлы, көп қатарлы және басқаша;
3. Спорофилдері:
а) пішіні (суреті);
б) орналасуы: масақ түзеді, масақ түзбейді;
4. Споралы масақ:
а) орналасуы: сағаққа орналасқан, отырмалы, біреуден, екеуден, көптен болады;
б) пішіні: ұзындау - цилиндр тәрізді, сопақ - цилиндр тәрізді және т.б.
Плаунның 2-3 түрін сипаттап жазып анықтайды.


Бақылау сұрақтары:
1) Плаунтәрізділердің қандай құрылыс ерекшеліктері бар?
2) Шоқпарбас плаунның дамуы қалай жүзеге асады?
3) Плаунтәрізділер қалай жіктеледі?
Зертханалық сабақ № 25


Сабақ тақырыбы. Раушангүлділер тұқымдасы - Rosaceae.
Сабақ мақсаты. Раушангүлділер тұқымдасының (Rosaceae) түрлерімен танысу.
Тапсырма.
1. Раушангүлділер тұқымдасының (Rosaceae) түрлерін морфологиялық талдау.
Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: раушангүлділер тұқымдасының түрлерінің жинақтамасы.
Қосымша құрал-жабдықтар: зертханалық жұмысқа арналған дәптер, сурет салатын альбом, жай қарындаш, қара және қызыл түсті қалам, түрлі түсті қарындаштар.






Раушангүлділер тұқымдасы - Rosaceae

1

Тобылғылар тұқымдас тармағы - Spiraeoideae




Тобылғы туысы

Spiraea




Шайқурай жапырақты тобылғы

S.hypericifolia




Дөңес жиекті жапырақты тобылғы

S.crenata




Тал жапырақты тобылғы

S.salicifolia




Жапон тобылғысы

S.japonica

2

Итмұрындар тұқымдас тармағы - Rosoideae




Итмұрын туысы

Rosa




Беггера итмұрыны

R.beggeriana




Іле итмұрыны

R.iliensis




Қоңыр итмұрын

R.cinnamomea




Қатпарлы итмұрын

R.rigosa




Ит итмұрыны

R.canina




Киіз итмұрын

R.tomentosa




Тікенекті итмұрын

R.spinosissima




Сасық итмұрын

R.foetida




Таңкурай туысы

Rubus




Кәдімгі таңқурай

R.idaeus




Қожақат таңқурайы

R.caesius




Қойбүлдірген

R.saxatilis




Аласа таңқурай

R.chamaemorus




Арктика таңқурайы

R.arcticus




Кұлпынай туысы

Fragaria




Орман құлпынайы

F.vesca




Жасыл бүлдірген

F.viridis




Ананас құлпынайы

F.ananasa




Виргин құлпынайы

F.virginiana




Чили құлпынайы

F.chiloensis




Шелна туысы

Sanquisorba




Дәрілік шелна

S. officinalis

3

Алмалар тұқымдас тармағы - Pomoideae




Алма туысы

Malus




Орман алмасы

M.sylvestris




Шығыс алмасы

M.orientalis




Сиверси алмасы

M.siversi




Недзвецкий алмасы

M.nedzwetzkyana




Үй алмасы

M.domestica




Алмұрт туысы

Pyrus




Кәдімгі алмұрт

P.communis




Уссурий алмұрты

P.ussuriensis




Жиде жапырақты алмұрт

P.elaeagnifolia




Шетен туысы

Sorbus




Кәдімгі шетен

S.aucuparia

4

Қараөріктер тұқымдас тармағы - Prunoideae




Шие туысы

Cerasus




Бақ шиесі

C.vulgaris




Құс шиесі

C.avium




Қараөрік туысы

Prunus




Кәдімгі қараөрік

P.domestica




Алша

P.divaricata




Тікенекті қараөрік

P.spinosa



1-тапсырма. Раушангүлділер тұқымдасының (Rosaceae) түрлерін морфологиялық талдау.
Раушангүлділер тұқымдасының түрлерін анықтауға кіріспес бұрын оған морфологиялық талдау жүргізу қажет, содан кейін тиісті сипаттамалар жасалынып, жекелеген мүшелері сурет салатын альбомға салынады.
Өсімдіктерді морфологиялық талдау мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1) Бір-, екі- немесе көпжылдық өсімдік.
2) Дара- немесе қосжынысты өсімдік.
3) Тамыр жүйесі шашақ, кіндік немесе аралас.
4) Сабағы тік, жатаған, өрмелегіш, шырмалғыш. Домалақ, қырлы. Сабақ ортасы толық немесе қуыс. Түктері бар немесе жалаңаш. Өркеннің түр өзгерістері бар ма? Қандай?
5) Жапырағы сағақты, сағақсыз. Жапырақ серігі бар немесе жоқ. Жапырақ тақтасының пішіні және шеті қандай? Жүйкеленуі қандай? Түсі қандай, түктері бар немесе жоқ?
6) Жапырақтың түр өзгерісі бар ма? Егер жапырақ күрделі болса, қандай: қауырсынды күрделі немесе саусақты күрделі, жапырақшалары қандай?
7) Жапырақтарының орналасуы қарама-қарсы, кезектесіп немесе шоқтанып.
8) Гүлдері жеке немесе гүлшоғырына біріккен бе? Гүлшоғыры моноподиальды немесе симподиальды.
9) Моноподиальды гүлшоғыры жай (шашақ, масақ, собық, себет, шатыр, қалқанша) немесе күрделі (сыпыртқы, күрделі масақ және т.б.).
10) Гүлі актиноморфты немесе зигоморфты.
11) Гүлсерігі жай немесе қосарланған.
12) Тостағаншасы біріккен немесе бірікпеген.
13) Күлтесі біріккен немесе жеке, күлте жапырақшаларының саны.
14) Аталығы жеке немесе біріккен. Мөлшері бірдей немесе әр түрлі. Аталығы қанша?
15) Аналығы біреу немесе бірнешеу. Жатыны қандай (жоғарғы, ортаңғы, төменгі)?
16) Жемісі жай немесе күрделі. Құрғақ немесе шырынды. Жеміс типі.
17) Жемісте тұқым саны нешеу? Тұқымның сыртқы құрылысы қандай?
Раушангүлділер тұқымдасының түрлеріне морфологиялық талдау жасағаннан кейін гүлдің және оның жеке бөліктерінің, жапырақтың және басқа мүшелерінің суреттері сурет салатын альбомға салынады.
Содан соң раушангүлділер тұқымдасына жататын түрді анықтауға кіріседі. Өсімдіктердің түрлерін анықтауға арналған кітаптың (анықтағыш) екіге айрылатын, дихотомиялық белгілері бойынша құрастырылған, тұқымдасты, туысты және түрді анықтауға арналған кестесі болады. Бұл әрбір сатысы екі, кейде үш бөліктен - тезадан, антитезадан, синтезадан тұратын сандармен белгіленген (1, 2, 3 және т.б.) кесте. Анықтауды бірінші сатыдан бастайды: тезаны және антитезаны түгелімен оқып шығып, бір-бірімен салыстырады, содан соң оларды анықтап отырған өсімдікке белгілері сәйкес келетінін таңдап алады. Егер де таңдап алған тезаның немесе антитезаның соңында сан тұрса, онда анықтауды одан әрі жалғастыру қажет. Ол үшін сандармен көрсетілген келесі сатыға көшеді. Осылайша таңдап алынған тезаның немесе антитезаның соңында тұқымдастың аты берілгенше сатыдан сатыға көшіп отырады.
Тұқымдастың атының қасындағы тұрған сан туысты анықтауға арналған кестенің қай бетте тұрғандығын көрсетеді. Туысты анықтауда сол жоғарыда көрсетілген тәсілмен жүргізіледі.
Туыстың атының қасында тұрған сан түрді анықтауға арналған кестенің нөмірін көрсетеді. Түрдің атынан кейін қысқартылған немесе толық түрде, осы түрді ғылымға алғаш рет таныстырып, сипаттап жазған ғалымның тегі тұрады.
Анықтаудың нәтижесінде тұқымдастың, туыстың және түрдің ғылыми (латын тіліндегі) атын және олардың орысша (егер мүмкін болса қазақша) баламаларын табады.

жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау