|
Дурмекбаева Шынар Нурлыбековна 6B01514 Биология 6В01507 Химия-биология мамандығының студенттері үшін Ботаника пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұсқауларПеницилл (Penicillium)
Бақылау сұрақтары
|
бет | 24/29 | Дата | 17.09.2022 | өлшемі | 0,79 Mb. | | #39289 | түрі | Нұсқаулар |
| botanika zerthanal k sabaktar (1)Пеницилл (Penicillium)
Бақылау сұрақтары:
1. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы неден тұрады?
2. Ашытқы саңырауқұлағының көбеюінде қандай ерекшеліктер байқалады?
3. Пенициллдің құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
4. Пенициллдің жыныссыз көбеюі қалай жүзеге асады?
5. Жемісті дененің қандай типтері бар?
Зертханалық сабақ № 23
Сабақ тақырыбы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер - Cormobionta. Мүктәрізділер бөлімі - Bryophyta.
Сабақ мақсаты. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (Cormobionta) құрылыс ерекшеліктерімен танысып, мүктәрізділер бөлімінің (Bryophyta) жіктелуін оқып үйрену.
Тапсырма.
1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (Cormobionta) құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
2. Мүктәрізділер бөлімінің (Bryophyta) құрылысын оқып үйрену.
3. Мүктәрізділер бөліміне (Bryophyta) жататын түрлердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: мүктердің түрлерінің жинақтамасы.
Суретпен бейнеленген құралдар: мүктердің даму айналымы бейнеленген сурет.
Қосымша құрал-жабдықтар: зертханалық жұмысқа арналған дәптер, сурет салатын альбом, жай қарындаш, қара және қызыл түсті қалам, түрлі түсті қарындаштар.
Мүктәрізділер бөліміне (Bryophyta) үш класқа бөлінеді: антоцероттылар (Anthocerotopsida), бауыр мүктер (Marschantiopsida, Hepaticopsida) және нағыз мүктер (Bryopsida, Musci).
|
Систематика
|
1
|
Антоцероттылар класы - Anthocerotopsida
|
|
2
|
Бауыр мүктер класы - Marschantiopsida, Hepaticopsida
|
|
Маршанциялар класс тармағы
|
Marchantiidae
|
|
Сферокарпалар қатары
|
Sphaerocarpales
|
|
Маршанциялар қатары
|
Marchantiales
|
|
Юнгерманиялар класс тармағы
|
Jungermannii
|
|
Метцгериялар қатары
|
Metzgeriales
|
|
Гапломитриялар қатары
|
Haplomitriales
|
|
Юнгерманиялар қатары
|
Jungermanniales
|
|
Кәдімгі маршанция
|
Marscantia polymorpha
|
3
|
Нағыз мүктер класы - Bryopsida, Musci
|
|
Андреев мүктері класс тармағы
|
Andreaeidae
|
|
Шымтезек мүктері класс тармағы
|
Sphagnidae
|
|
Шымтезек мүктер қатары
|
Sphagnales
|
|
Шымтезек мүктер тұқымдасы
|
Sphagnaceae
|
|
Сфагнум туысы
|
Sphagnum
|
|
Жасыл мүктер класс тармағы
|
Bryidae
|
|
Көкек зығыры
|
Polytrichum commune
|
1-тапсырма. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (Cormobionta) құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі мүшелерге - тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген. Бұл мүшелер жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің даму айналымында спорофиті (2n) мен гаметофитінің (n) алмасып келуі айқын байқалады. Жынысты көбею мүшелері көп жасушалы болады. Аналық жыныс мүшесі архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен - кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа жасушасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс мүшесі антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген аталық жыныс жасушалары пайда болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол спорофиттің бастамасы болып табылады.
2-тапсырма. Мүктәрізділер бөлімінің (Bryophyta) құрылысын оқып үйрену.
Мүктәрізділердің даму айналымында спорофит (2n) пен гаметофиттің (n) алмасып келуі байқалады, алайда олардың гаметофиті басым болып келеді.
Гаметофит дегеніміз - жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары болмайды, олардың қызметін ризоидтары атқарады, ал ризоидтар дегеніміз - өсімдіктердің сыртқы жасушаларынан пайда болатын өсінділер. Жынысты көбею мүшелері көп жасушалы болып келеді. Мүктәрізділердің спорофиті спорогон деп аталады, ол гаметофитке бағынышты болады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа ұқсас аяқшасы бар мүше болып табылады. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады.
3-тапсырма. Мүктәрізділер бөліміне (Bryophyta) жататын түрлердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Мүктәрізділердің негізгі екі класы бар: бауыр мүктер класы (Hepaticopsida) және нағыз мүктер класы (Bryopsida).
Бауыр мүктер класының негізгі өкілі - кәдімгі маршанция (Marschantia polymorpha). Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12 см. болатын, дихотомиялы бұтақталған, тақташа тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан, арнайы жасушалармен қоршалған, үлкен жасуша аралық қуыстар болып табылады. Төменгі эпидермистен бір жасушалы ризоидтар мен көкшілдеу түсті қабыршақтар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы, хлоропласттары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхималық жасушалардың қатарынан тұрады.
Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар - тіректер пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс мүшелері жетіледі. Маршанция - екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктерде тірек тоғыз сәулелі жұлдызша пішінді болып келеді. Осы сәулелердің арасында оның астыңғы жағында аналық жыныс мүшесі - архегонилері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша пішінді болып келеді. Қалқаншаның жоғарғы жағындағы антеридиальды қуыстың ішінде антеридилері еніп жатады. Архегонидің құрсақ жағында жұмыртқа жасушасы жетіледі. Жұмыртқа жасушасы мен аталық жыныс жасушасы қосылғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін жасушалардан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз - қабырғалары спираль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі жасушалар. Олар споралардың массасының ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема жетіледі. Оның үстіңгі жасушаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
Нағыз мүктердің кең таралған өкілдерінің біріне көкек зығыры (Polytrichum commune) жатады. Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15 см. болады. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофиттің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін ұзынша жасушалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады.
Жапырақтары сабаққа спиральдың бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімделген таспа тәрізді жапырақ тақтасынан және жарғақ тәрізді қынаптан тұрады.
Гаметофиттері дара жынысты болады. Архегонилері аналық гаметофиттің, ал антеридилері аталық гаметофиттің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтанғаннан соң зиготадан спорогон пайда болады. Ол ұзын аяқшадан және қорапшадан тұрады. Қорапша тік тұрады немесе аздап көлбей орналасады. Ол призма тәрізді, төрт-бес қырлы, түсі тат секілді болып келетін киіз тәрізді қалпақшамен жабылған. Қалпақша архегонидің жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Қорапша сауытшадан және қақпақшадан тұрады. Оның төменгі бөлімі мойынға жіңішкерген. Сауытшаның қабырғаларында тесігі болады, ішкі жағында бағанасы жетіледі. Бағананың айналасында спорангилері орналасады. Қорапшаның спораның шашылуын қамтамасыз ететін ерекше перистом деп аталатын тетігі болады. Ол сауытшаның шетінде орналасқан таға тәрізді жасушалардан тұратын тістердің қатары, солар арқылы ауа райы құрғақ уақытта споралар сыртқа шашылады.
Спорадан жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, осы бүршіктерден үлкен гаметофиттер түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|