2-жұмыс. Жас тамыр ұшындағы аймақтарын қарау.
Жұмыстың орындалу барысы: Бидай өскінінін алып, тамыр ұшын қандауырмен 1-1,5 см кесіп алып, заттық шыныдағы су тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Мироскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Препаратты көру алаңына тамыр оймақшасымен қапталған өсу конусы көрінетіндей қойыңыз. Оның клеткалары аздап қысыңқы, кейбіреуі алынып, жанында бос жатыр. Тамыр оймақшасы бөліну аймағын жауып жатыр. Клеткалары ұсақ, цитоплазмасы қою. Препаратта басқа клеткаларға қарағанда қою түсті көрінеді. Онда бөліну үздіксіз жүреді. Препаратты келесі созылу аймағы көрінетіндей қою керек. Олардың пішіні меристемалық клеткаларға қарағанда ірірек, түсі ашық болады. Созылу аймағының деңгейінде тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы – эпиблема анық көрінеді. Ол клетка қабықшасы жұқа клеткалардан тұрады және онда тамыр түкшелері болмайды. Сору аймағын қарағанда, эпиблема өсінділері –тамыр түкшелеріне ерекше назар аударыңыз. Тамырдың ортасында екі ұзын жолақты көруге болады. Бұл ксилеманың түтікшелі элементтері. Оны препаратта нақты көру кесіндінің қалыңдығына байланысты мүмкін емес. Тамыр ұшын схема түрінде суретін салып, тамыр оймақшасын, аймақтарын және эпиблеманы белгілеңіз.
3-жұмыс. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысымен танысу.
Жұмыстың орындалу барысы: Құртқашаш тамырының дайын препаратын немесе көлденең кесінділер дайындап, құрылысын қараңыз. Кесіндінің ортасында орталық шеңбер көрінеді. Оның айналасында алғашқы қабық орналасады. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы эпиблемадан бастап, талдау жүргізіңіз. Алғашқы қабықта сорушы паренхиманың нәзік целлюлозалы клетка қабықшасына және ірі клетка аралығына назар аударыңыз. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты– эндодерманы қарастыра отырып, клетка қабықшасы қалыңдаған клеткаларды және клетка қабықшасы нәзік өткізгіш клеткаларды көрсетіңіз. Сонымен, алғашқы қабық эпиблема, экзодерма, мезодерма және эндодермадан тұрады. Орталық шеңбер сыртынан нәзік қабықшалы, эндодермаға жанаса орналасқан перицикл клеткаларынан тұрады. Перициклде жанама тамырлар қалыптасады. Орталық шеңберде перициклден басқа алғашқы ксилеманың түтіктері анық көрінген. Алғашқы флоэма ксилема сәулелерінің арасында клеткалар тобын түзеді. Ксилема және флоэманың кезектескен радиальды топтары тамырдың орталық шеңберінде радиальды өткізгіш шоқты. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы тамырдың құрылысын схема түрінде беріңіз. Суретте эпиблема, мезодерма, эндодерма, орталық шеңбер, перицикл, радиальды өткізгіш шоқтарды көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |