Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектелмей, оның түр-түрін қалай оқытуға болатынын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.
Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқытудың күретамыры – тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.
Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технологияландыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңызын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.
Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулығының ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқытушылар тарапынан кең қолдау табуының басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік.
Лирика – поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә.Тәжібаев) «Лирика – өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да , кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ.Жұмалиев) «Лирика – нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде» — (З. Қабдолов) [2,63] «Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады» (З.Ахметов)
Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек.
Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс.
Адам сезіміне жүрек дірілі – лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.
Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады.[3,62 б]
Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек.
Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы №9 2010жыл
2.Көшімбаев Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
3.Бітібаева Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |