Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66

83 
 
әріптестеріңіз Сізге қатысты қандай да бір сенімсіздік танытады. Осы фактілер 
туралы ойланып көргеніңіз жөн.  
3  және  одан  көп  ұпай.  Сіздің  ортамен  араласуыңыз  ауыр  сипатты  келеді. 
Сіз  көп  сөйлейсіз,  өзіңізге  ешбір  қатысы  жоқ  нәрселерге  де  араласып  кетесіз. 
Өзіңіздің  хабарыңыз  жоқ  мәселелер  туралы  өз  пікіріңізді  білдіргіңіз  келіп 
тұрады. Сіз, ерікті және еріксіз, жиі маңайыздағылармен жанжалдасып қаласыз. 
Қызбасыз, ренжігішсіз, жиі негізсіз пікір білдіресіз. Салиқалы іспен шұғылдана 
алмайсыз.  Сізбен  араласу  жұмыстағылармен  де,  үйдегілермен  де,  жалпы 
барлық  жерде  қиындықтар  туындатады.  Сіз  өзіңізді-өзіңіз  ұстай  біліп,  мінез-
құлқыңызды  қадағалауыңыз қажет. Ең алдымен, өз бойыңызда сабырлық пен 
ұстамдылықты  тәрбиелеп,  адамдарға  сыймен  қарай  біліңіз,  өз  денсаулығыңыз 
туралы ойланыңыз – мұндай тіршілік салтының әсері болмай қалмайды.   
  5.  Өзіндік  даму  деңгейін  болжау  әдістемесін  Л.Н.  Бережнова  жасаған. 
Тесттің мәні- өзіндік  дамып жетілуге деген талпыныспен, өзіндік дамуға және 
өзінің кәсіби қызметінде өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін жеке тұлғалық 
қасиеттерінің болуымен сипатталады.  
Берілген  зерттеулер  болашақ  спорт  маркетологтардың  элективті  курстың 
қалыптастырушы  экспериментіне  дейінгі  және    кейінгі  уәждемелік 
мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізілді.  Тестің мәні В қосымшасында 
берілген. 
Бағамдар:  өзіндік  дамуға  деген  талпыныс  деңгейі,  жеке  тұлғаның  өз 
қасиеттерін өзіндік бағалауы.  
Тесті  жүргізу  ережесі.  Барлық  18  сұраққа,  жауаптың  ұсынылған  бір 
нұсқасын  таңдай  отырып,  жауап  беріңіз.  Бұл  үшін  әрбір  сұрақтан  кейін  а,  b 
немесе c әріптерін дөңгелектеп қою керек.  
Тесті  «өзіндік  дамуға  деген  талпыныс  деңгейі»  бағамы  бойынша  өңдеу 
арнайы кілттің көмегімен жүзеге асырылады (кесте 11). 
 
Кесте 11 - Тест кілті 
 
Сұрақ 
Жауаптардың бағаламалы 
балдары  
Сұрақ 
Жауаптардың бағаламалы 
балдары 

а – 3 
b – 2 
c – 1 
10 
а – 2 
b – 3 
c – 1 

а – 2 
b – 1 
c – 3 
11 
а – 1 
b – 2 
c – 3 

а – 1 
b – 2 
c – 3 
12 
а – 1 
b – 3 
c – 2 

а – 3 
b – 2 
c – 1 
13 
а – 3 
b – 2 
c – 1 

а – 2 
b – 3 
c – 1 
14 
а – 1 
b – 3 
c – 2 

а – 3 
b – 2 
c – 1 
15 
а – 1 
b – 3 
c – 2 

а – 2 
b – 3 
c – 1 
16 
а – 3 
b – 2 
c – 1 

а – 3 
b – 2 
c ‒ 1 
17 
а – 2 
b – 1 
c – 3 

а – 2 
b – 3 
c – 1 
18 
а – 2 
b – 3 
c – 1 
 
Тест нәтижелерінің бағалануы.  


84 
 
12  кестеде  тест  нәтижелерін  бағалау  бағамы  бойынша  баллдар 
жиынтығының саны деңгейлер бойынша келесі тәртіппен орналастырылады:  
 
Кесте 12 -Тест нәтижелерін бағалау 
 
Баллдардың жиынтық саны  
Өзіндік дамуға деген талпыныс деңгейі  
18-24 
Өте төмен 
25-29 
Төмен 
30-34 
Орташадан төмен 
35-39 
Орташа 
40-44 
Орташадан жоғары 
45-49 
Жоғары 
50-54 
Өте жоғары 
 
 Жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін қасиеттерін өзіндік бағалауы 
олардың 1, 2, 6, 7, 9, 13 сұрақтарына берген жауаптары бойынша анықталады. 
Көрсетілген мәселелер бойынша баллдардың жиынтық саны келесі тәртіппен 
бөлінеді:  
 
Кесте 13 - Жеке тұлға қасиеттерінің өзіндік бағаламасы  
 
Баллдардың жиынтық саны  
Жеке тұлға қасиеттерінің өзіндік бағаламасы  
18-17 
Өте жоғары 
16-15 
Жоғары 
14-11 
Қалыпты 
11-9 
Төмендетілген 
8-7 
Төмен 

Өте төмен 
 
6.  Р.  Кэттеллдің  (16PF)  тұлғалық  тесті  жеке  тұлғаның  факторлы 
сараптамасының  ең  жүйелендірілген  және  танымал  әдістерінің  бірі  болып 
табылады [119]. Спорт психологиясы саласы бойынша шетелдік және отандық 
зерттеулердің  өте  көп  саны  берілген  тестті  қолдану  негізінде  құрылады.  Тест 
стандартталған, мұның өзі түрлі зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге 
салыстырмалы сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.  
Тестің  16  алғашқы  және    6    екінші  факторларының  сипаттамасы  жеке 
тұлғаның  келесі  ерекшеліктерінің  танымал  полярлық  мәндерінің  арасына 
сыйымды келеді:  
1.  А факторы – «қарым-қатынасқа  түсе білу-тұйықтық» 
2.  В факторы – «тез үйрену – баяу үйрену» 
3.  С факторы – «эмоциялық тұрақтылық-тұрақсыздық» 
4.  Е факторы – «басымдылық-тәуелділік» 
5.  F факторы – «қамсыздық-парасаттылық»  
6.  G факторы – «орындаушылық-тындырымсыздық» 
7.  H факторы – «белсенділік-сылбырлық» 


85 
 
8.  I факторы 
  – «сезімталдылық-қаталдық» 
9.  L факторы – «күмәнділік-сенімділік» 
10. M факторы – «қиялылық-шынайылық» 
11. N факторы – «есепшілдік-бірбеткейлік» 
12. O  факторы – «бейжайлық-толық сенімділік» 
13. Q

факторы – «радикализм-консерватизм» 
14. Q
2
 факторы – «іс-әрекеттегі сенімділік-қолдау қажеттілігі» 
15. Q
3
 факторы – «өзіндік қадағалау  жоғары – өзіндік қадағалау төмен» 
16. Q
4
 факторы – «қобалжушылық-салмақтылық» 
17. F
1
 факторы – «секемшілдік»
 
  
18.  F
2
 факторы – «экстраверсия» 
19.  F
3
 факторы – «реактивті сабырлық» 
20.  F
4
 факторы – «тәуелділік-тәуелсіздік» 
Факторлар  мәнділігі    төмен  (1-3  балл)  және  жоғары  (8-10  балл) 
көрсеткіштерге  арналған.  Факторлардың  орташа  мәніне  (4-7  балл)  арналған 
интерпретация  жоқ,  бірақ  тәжірибелік  зерттеулерде  қандай  да  бір  тұлғалық 
фактордың  төмендеуі  және  жоғарылауы  сияқты  ұстанымдылықтары 
қарастырылуы мүмкін.  
Біздің  диссертациялық  зерттеулер  шеңберінде  біз  Н.В.  Типатов  (берілген 
шешім  «Excel  HR  қызметінде»  бағдарламасы  шеңберінде)  жасаған  тестің 
компьютерлік нұсқасын қолдандық. 
 
2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі 
Диссертациялық  зерттеу  жұмысы  айқындаушы    және  қалыптастырушы 
эксперименттен тұрды. Айқындаушы эксперимент барысында Н.В. Кандаурова 
әдістемесі  бойынша  біздің  зерттеу  мақсатына  бейімделген  және  дене 
шынықтыру-сауықтыру  жұмысы  саласы  бойынша  білімгерлердің  уәждемелері 
мен  дене  шынықтыру  және  спорт  саласы  бойынша  болашақ  мамандардың 
жоғары  оқу  орнын  бітіргеннен  кейінгі  еңбек  жолының  басты  бағыттарын 
айқындауға  арналған  сауалнама  жүргізілді.  Барлығы  экспериментке  «Дене 
шынықтыру және спорт», «Бастапқы әскери даярлық» мамандықтары бойынша 
Алматы қаласының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
(ҚазҰПУ), Қазақ спорт және туризм академиясы (ҚазАСТ), Қазақ мемлекеттік 
қыздар  педагогикалық  университеті  (ҚазМемҚызПУ)  сияқты  үш  жоғары  оқу 
орнының  220  студенті  қатыстырылды.  Экспериментке  ҚазМемҚызПУ  60 
студент-қыздары  және  Абай  ат.  ҚазҰПУ,  ҚазСТА    160  студент-жігіттері 
қатысты.  
Маркетологтардың  маңызды  кәсіби  тұлғалық  қасиеттерін,  студенттердің 
элективті  курс  бағдарламасы  бойынша  білім  алуға  деген  уәждемелік 
мүмкіндіктерін және жеке тұлғаның өзіндік  дамуын жүзеге асырылуына деген 
талпынысын  айқындау  үшін      Р.  Кэттелл,  Л.Н.  Бережнов,  В.Ф.  Ряховский 
тестері  бойынша  тестілеу  жүргізілді.  Спорттық  маркетолог  біліміне  біршама 
қызығушылық  танытқан  студенттердің  бойында  бастан  осы  кәсіпке  қажетті 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау