Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66

54 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Сурет 3‒ Дене шынықтыру-спорт қызметі нарығының үлгісі 
(И.И.Переверзин бойынша) 
 
Сонымен,  ғылыми-педагогикалық,  арнайы  әдебиет  сараптамасы  негізінде 
біз келесі қорытындыға келдік: 
Спорт маркетингі нарықта біздің жағдайда дене шынықтыру және спорт іс-
шараларынан  сұранысқа  ие  өнімдерді  жасауға,  оларды  сатуға  қызығушылық 
танытқан  дене  шынықтыру-спорттық  ұйымдардың  стратегиялық  және 
тактикалық міндеттерін шешудің басты құралы болып табылады. 
Маркетинг  ‒  сатып  алушыға    құндылық  болып  табылатын  адамдардың 
дене  жаттығуларымен  және  спорт  түрлерімен  шұғылдануға  деген 
сұраныстарын 
қанағаттандыруға 
арналған 
әлеуметтік-мәдени 
жаңашылдықтардың кіріктірілген технологиясы.  
Дене 
жаттығуларымен 
және 
спортпен 
шұғылданудың 
ұйымдастырулы түрлері: 
- дене шынықтыру 
сабақтары; 
- спорттық секциялар және 
дене шынықтыру-
сауықтыру топтары; 
- спорттық клубтар; 
-оқу-жаттығу топтары т.б  
жәт.б. 
 
 
Спорттық көріністер: 
Спорт  түрлері  бойынша 
жарыстар, 
спорттық 
мерекелер 
Бағдарламалы-әдістемелік 
өнім: 
- дене жаттығуларымен 
және спортпен шұғылдану 
әдістемесі; 
- шұғылданудың 
әдістемелік кешендері;  
- дене тәрбиесі мендене 
даярлығы бағдарламалары. 
- спортшыларды даярлау 
жүйелері және т.б. 
 
Дене шынықтыру-спорт қызметі субъектілері (жеткізушілері)
 
Жаттықтырушылар, дене 
шынықтыру және спорт 
мұғалімдері, оқытушылары
 
Спортшылар
 
 
Дене шынықтыру және 
спорт бойынша  ғылыми 
еңбеккерлер, 
жаттықтырушылар мен 
инструктор-әдіскерлер
 
Шұғылданушылар
 
Көрермендер, спорт 
жанкүйерлері мен 
демеушілер
 
Жаттықтырушылар, 
мұғалімдер, оқытушылар, 
дене шынықтыру және 
спорт нұсқаушылары, өз 
бетімен шұғылданушылар
 
Дене шынықтыру-спорттық қызметтерді тұтынушылар 
 


55 
 
 Дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметтері  –  тұрғындардың  түрлі 
топтарының  денсаулығын  нығайтуға,  эмоционалдық  күйін  жақсартуға,  жұмыс 
қабілеттілігін  арттыруға,  сұраныстарын  қанағаттандыруға  арналған  түрлі 
әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет формаларының жиынтығы.  
 
1.3 Болашақ дене шынықтыру және спорт маманының имиджі - спорт 
ұйымының маркетингтік мақсатқа жету құралы ретінде 
Жаңа 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайда 
спорттық 
имиджді 
қалыптастыруға  бағытталған  іс-әрекеттің  балалар  мен  жастарды  спортпен 
шұғылдануға  тартумен  қоса,  барынша  пайда  түсіру  мақсатында  кәсіби  спорт 
саласындағы да мәні артуда. Психологиялық негізді, соның ішінде, ең алдымен, 
түсініктердің қалыптасу заңдылықтарын ескермей имиджді жасау мүмкін емес. 
Аталмыш факторларды ескере отырып жасалған имидж халықты спортқа баулу 
өрісін  кеңейтуге,  сондай-ақ  спортшылардың  коммерциялық  іс-әрекетін 
дамытуға мүмкіндік береді. 
Заманауи  студенттің  –  болашақ  маман  бейнесінің  үлгісі  көпшілік 
санасында  таптаурын  түрінде  бекіп,  жұртшылықтың  оны  қабылдауына  кері 
ықпал  етеді.  Студенттің  –  болашақ  бакалаврдың  жұртшылықтың  санасында 
қалыптасатын  имиджі  талапкерлерді  ЖОО-ға  тарту  үдерісіне,  болашағы  зор 
жобаларды  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ,  ЖОО-ның  білім  беру  кеңістігіндегі 
тиімділігіне әсер етеді. 
Пәнаралық  интегративті  тәсілдеменің  қалыптасуы  және  имиджді 
әлеуметтік-педагогикалық  құбылыс  ретінде  зерттеудің  әдіснамалық  негізінің 
құрылуы 
гуманитарлық 
ғылымның 
айтарлықтай 
жетістігі 
болып 
табылады. Мысалы,  философиялық-мәдениеттану  зерттеулері  (Т.Ю.  Быстрова) 
көрсеткендей,  мәдениет  имиджді  құру  негізі  болып  табылады,  имидж  бағалау 
мен  уәждемелік  мәнге  ие,  ол  оқиғаларды,  құбылыстарды,  объектілерді, 
субъектілерді  дараландырып,  теңдестіре  отырып,  оларға  деген  тұрақты 
қатынасты  қалыптастырады.  Имидж,  сондай-ақ,  имидж  иелерінің  мінез-
құлқына, олардың шынайы оқиғаларға деген қатынасына да ықпал етеді [187].   
Философиялық  деңгейде  имидж  ұғымы  руханилық,  ағлақ,  әдеп,  эстетика 
сияқты  түсініктермен  тығыз  байланысты,  олар  іс  жүзінде  имиджді  құру 
мақсаты мен құралдарын таңдау өлшемі ретінде көрініс табады. 
Заманауи  әлеуметтік  зерттеулер  (Т.В.  Климова)  бойынша  имидж 
субъектіден субъектіге немесе топқа ақпаратты жеткізудің тиімді құралы болып 
табылады, ол әлеуметтік ортамен тиімді өзара әрекеттесе алады. Имидж мінез-
құлықты  реттеудің,  әлеуметтік  талаптарды  сәйкестендірудің,  жеке-дара 
ұғынудың  тұтас  тетігі  бола  отырып,  субъект  пен  әлеуметтік,  кәсіби  орта 
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің негізгі дәнекері болып табылады 
[188].  
Әлеуметтік-психологиялық  тәсілдеме  аясында  (В.Г.  Горчакова)  имидж 
қабылдау  нәтижесі  деп,  бейне-түсінік  деп,  ал  имиджді  құруды,  ең  алдымен, 
қабылдаушының  когнитивті  және  аффективті  өрісінде  жүзеге  асатын 


56 
 
психологиялық  іс-әрекет  деп  анықтауға  болады.  Имиджді  қалыптастырудың 
негізгі  тетіктері  ретінде  әлеуметтік  санаттау,  әлеуметтік  қабылдау  тетіктері  – 
сәйкестендіру,  эмпатия,  себеп-салдарлық  белгілер,  әлеуметтік-психологиялық 
рефлексия  қарастырылады.  Бұл  ретте  имиджді  құру  бойынша  негізгі,  іске 
қосушы  іс-әрекет  ретінде  когнитивті  үйлесімсіздік  тетігінің  орны  ерекше,  ол 
жоғарыда аталғандардан өзгеше, когнитивті өрісте әрекет етеді [189].      
Е.Б. Перелыгина имидж – оны құра алатын кез-келген адамның ажырамас 
бөлшегі  дейді.  Имиджді  қалыптастырудың  екі  жолы  бар:  кенеттен  және 
мақсатты  түрде,  ол  баланың  ерте  жасынан  басталып,  бірнеше  кезеңде  жүзеге 
асырылады.  Баланың  6-8  жастағы  имиджі  бей-берекет  бейімделудің  нәтижесі 
болып  табылады.  Ол  еліктеу  тетігі  негізінде  қалыптасып,  әлеуметтік 
мақұлдауға  ие  болуға  тырысумен,  өзін  басқа  мінсіз  адамдар  бейнесі  арқылы 
ұғынумен  байланысты.  Жасөспірім  шақта  имидж  құрудың  «әмбебап 
уәждемесі»  қаланады,  ол  Мен-тұжырымдаманы  мінсіз  «Менге»  айналдыруға 
талпыну  дегенді  білдіреді.  Бұл  кезеңде  имиджді  қалыптастыру  сәйкестендіру 
тетігі,  яғни  өзін-өзі  өзге  маңыздыларға  ұқсату  негізінде  жүзеге  асады,  ол 
бағалау,  салыстыру,  өзіндік  талдау  арқылы  өзін-өзі  түсінумен  байланысты, 
еріксіз,  импульсивті  әрекеттерден  құралып,  бей-берекет  сипатын  сақтайды 
[190]. 
Бұл  ретте,  В.Г.  Горчакованың  пікірі  бойынша,  имидж  адам  болмысының 
бейнесі,  қалыптасқан  даралығының  нышаны,  дамуының,  өсуі  мен  өзін-өзі 
дамытуының  табиғи,  субъективті  үрдісінің  нәтижесі,  іс-әрекетінің  «қайталама 
жемісі» болып табылады [189, с. 6].   
Адамның  жастық  шақ  кезеңі  (16-22  жас)  имиджді  құру  іс-әрекетінің 
мақсатты  түрде  жүзеге  асатын  бірден-бір  қолайлы  уақыты,  бұл  кезеңде  адам 
мәдениеттену,  әлеуметтену,  жеке  тұлғасын  дамытудың  жаңа  сатысына  аяқ 
басып, өз имиджін құру жолында мақсатты және саналы түрде жұмыс істеуге, 
оны  қалыптастырудың  мақсаттарын,  құралдары  мен  тактикасын  таңдауға 
дайын болады. Мұнда имидж даму мен өзін-өзі дамытудың табиғи, субъективті 
үрдісінің  нәтижесі  ғана  емес,  сондай-ақ  ол  мақсатты  заттандыру,  іс-әрекеттің 
бастапқы, өзіндік құны бар жемісі болып табылады [191]. 
Әлеуметтік  психология  аясында  имидждің  адамның  ішкі  әлемімен 
белсенді  түрде  әрекеттесетіні,  оның  дамытушылық  және  үлгілеушілік  сипатқа 
ие екені дәлелденген [192]. 
Әлеуметтану,  психология,  философия,  гуманитарлық  ілімнің  басқа  да 
салалары аясында қалыптасқан түпкі ойлар негізінде, сондай-ақ, жеке имиджді 
қалыптастырудың  дәстүрлі  әлеуметтік-психологиялық  тәсілдемелерімен 
шектелген  үрдістің  сәтті  болмайтынын  түсіне  келе,  педагогикада  жалпы 
психологиялық,  әлеуметтік-психологиялық,  әлеуметтану  және  педагогикалық 
білімді 
біріктіретін 
имидждің 
толыққанды 
әлеуметтік-педагогикалық 
тұжырымдамасын жасауға бағытталған қадамдар жасалуда.  
Қазіргі уақытта педагогика ғылымында имидж туралы теориялық білімнің 
бүгінгі деңгейі мен оларды тәрбие мен білім беру үрдісінде іс жүзінде қолдану 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау