Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66

33 
 
бәсекелестердің  іс-әрекетін,  сондай-ақ,  сыртқы  ортаның  ерекшеліктерін 
ескеретін бірегей стратегиясы жоқ. 
3.  Маркетингтің  инфраструктурасы  жеткілікті  деңгейде  қалыптаспаған. 
Қазақстан  нарығында  шетелдік  және  отандық  компаниялардың  тапсырысы 
бойынша  зерттеу  жобаларын  жүзеге  асырушы  маркетингтің    бірнеше 
орталықтары  мен  ұйымдары  қызмет  етуде.  Іс-жүзінде  кеңес  беру  қызметін 
көрсететін маркетингті фирмалар жоқ.  
4.  Бастапқыда  маркетинг  коммерциялық  және  қаржылық  құрылымдарда 
дамыды,  кейіннен  өнеркәсіптер  қызметінде.  Көптеген  өнеркәсіптерде 
маркетингтің  кейбір  қызметтерін  жоғары  және  орта  буын  жетекшілері  мен 
қызметкерлері  атқарды. Олар коммерциялық фирмаларда, сондай-ақ, өздігінше 
шешім қабылдауға жағдайы бар орта және кіші бизнес өндірістерінде біршама  
ретті жүзеге асырылады. 
5. Қазақстандық өндірістердің басым бөлігінің негізгі мақсаты – бастапқы 
кезеңде – сақталып қалу. Қазіргі кезде мұндай мақсат ретінде кезінде шетелдік 
компаниялар жеңіп алған отандық нарықты қайтарып алу.  
6. Маркетинг құралдарының қолданылуына қатысты да ерекшеліктер тән. 
Отандық  жағдайда  маркетинг  кешенінің  біршама  тартымды  элементі  баға 
болып  табылады.  Нақ  осы  баға,    көптеген  маркетингтің  басқа  құралдарын 
қолданбай-ақ өнеркәсіптерге  табыс  табуға  мүмкіндік береді.  Салыстыру  үшін: 
АҚШ  маркетинг  кешенінде  ерекше  орынды  жарнама  және  өндіруді  жетілдіру 
іс-шаралары алады. Еуропада тарату жолдарын дамытуға басымдылық беріледі, 
Жапонияда – тамақ саясатындағы инновацияларға беріледі [7,с. 8-9;16,с. 17-18]. 
7. Сатып  алушылармен  өзара  байланыс  жасау  үдерісіне  жеткіліксіз  көңіл 
бөлініп келеді. Сатып алушы рөлінің жеткіліксіз бағалануы және маркетингтің 
маңыздылығын  түсінбеу  кіріс  алудың  негіздері  ретінде  сатып  алушылармен 
жұмысты соңғы жоспарға шегеріп қояды.  
Сонымен,  маркетингтің  дамуын  тежеп  отырған  басты  себептер  – 
тұтынушылардың 
төлем 
қабілеттерінің 
төмендеуі, 
өнеркәсіптердің 
айналымдағы  қаржыларының  жетіспеуі,  өндірудің  дәстүрлі  жолдарының 
бұрынғы  ірі  сауда  фирмаларының  банкротқа  ұшырауынан  жойылуы. 
Өнеркәсіптің  дамуына,  сондай-ақ,  маркетингке  деген  жүйелі  тәсілдің  жүзеге 
асырылуына    кедергі  келтіріп  отырған  фактор  –  тұтынушылардың  төлем 
қабілеттілігінің төмендеуі. Мұндай жағдайларда өнеркәсіптер жедел мақсаттар 
қояды,  сондықтан  оларда  ұзақ  мерзімге  есептелінген  нақты  анықталған 
маркетингті  стратегиялар  болмайды.  Өнеркәсіптердің  маркетингті  қызметін 
ұйымдастырудың қазіргі жүйесі өнеркәсіптің экономикалық мәселелерін шешу 
мен  нарық  сұраныстарын  қанағаттандыру  тұрғысынан  жеткіліксіз    тиімді. 
Маркетингтің  қызмет  етуші  бөлімдері  өз  қызметін  қаржының  жетіспеуінен 
еркін дамыта алмайды.   
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық тіршіліктің 
дене  шынықтыру  мен  спортты  қоса  барлық  салаларын  қамтыды.  Әкімшілік-


34 
 
командалық  жүйенің  бұзылуы  спорттық    ұйымдардың  заңды  және  қаржылық 
дербестілігіне әкеп соқты.  
Бюджеттен  қаржыландырудың  қысқаруы  немесе  оның    тоқтатылуы  дене 
шынықтыру  ұйымдары  мен  қозғалыстарының  жойылауына  әкеп  соқты. 
Бұқаралық  спорттық  қозғалыс  көптеген  шығынға  ұшырады.    Жаңа  жағдайлар 
жоғары  жетістікті  спортты  кәсіби  қызмет  ретінде  тануға  және  оны  бұқаралық 
дене шынықтыру қозғалысынан бөліп тастауға  мәжбүрледі.  
Спорт,  өз  кезегінде  жоғары  жетістікті  спорт  және  кәсіби  спорт  болып 
бөлінді. Алғаш рет спорт ақша табу мен кіріс табу құралына айналады. Өтпелі  
кезеңде  пайда  болған  нарықтық  қарым-қатынастар  ақылы  спорттық 
қызметтердің    шектеулі  тізімі  шеңберінде  дамиды.  Спорттық  коммерциялық 
ұйымдардың  және  нарықтық  іс-шаралардың  қаржыландырылуы  демеушілік 
қолдауға келіп тіреледі.  
Нарықтық  қарым-қатынастардың  ары  қарай  дамуы  көбіне  экономикалық 
өзгерістердің сапасы мен қарқынына тәуелді болады. Бірақ, берілген өзгерістер 
аяқталғаннан  кейін  де  дене  шынықтыру  мен  спорттың  нарықтық  негізге 
көшкендігі  туралы  айтуға  болмайтын,  өйткені  қоғамдық    өндірістің  берілген 
саласының  қызмет    ету  мақсаты  –  адамның  дене  бітімі  дамыған,  жоғары 
спорттық  нәтижелерге  қол  жеткізу,  салауатты,  денелік  дамыған  ұлтты 
қалыптастыру.  
Бұл  міндетті  коммерциялық  құрылымдар  немесе  жеке  меншік  фирмалар 
емес, ең алдымен, дене шынықтыру мен спорт саласындағы мақсатты-бағытты 
мемлекеттік саясаттың негізінде ғана шешу мүмкін. 
Қазақстан  Республикасындағы  мұндай  саясаттың  құқылы  және 
ұйымдастырулы  негіздері  Қазақстан  Республикасының  1999  жылғы  2 
желтоқсандағы  «Дене  шынықтыру  мен  спорт  туралы  заңы»  құрайды  [2]. 
Қазақстан  Республикасының  халқын  дене  шынықтыру  және  спорт 
құралдарының 
көмегімен 
бағдарламалы 
сауықтыру 
[3], 
Қазақстан 
Республикасы үкіметінің  №774, 24.06.96 ж. қаулысында бекітілген.  Қазақстан 
Республикасының дене даярлығының Президенттік тестерінде  ендірілген. Дене 
шынықтыру  және  спорт  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге  асырылу 
механизмі  дене  шынықтыру  және  спорт  тарихын,  теориясы  мен 
ұйымдастырылуын,  сондай-ақ,  басқа  да  арнайы  білімдерді  меңгерген 
мамандарды даярлау жүйесінен тұрады. Қазақстандағы спорттық маркетингтің 
келешегін  ең  алдымен  спорт  және  дене  шынықтыру-сауықтыру  салаларында 
қызмет ететін мамандар анықтайтын болады. Спорттық бизнестің қазақстандық 
жүйесін  жетілдірудің  жалғыз  жолы  –  спорттық  маркетинг  саласындағы 
мамандарды білімдік негізде даярлау. 
Бұл  жерде  белгілі  болғаны,  бір  жағынан,  дене  шынықтырудың 
экономикалық  сараптамасы  сырттан  дене  шынықтыру  тауарлары  мен 
қызметінің көлемі мен құрылымы бойынша қажетті бағыттар анықталған болса  
жеткілікті  деңгейде  тиімді.  Екінші  жағынан,  дене  шынықтыру  мен  спортты 
өзіндік  басқарудың  рөлі  зор.  Дене  шынықтыру  саласын  қоғамдық  қарым-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау