29
жағынан, өндіріске нарық туралы ақпарат келіп түсіп тұруы керек, екінші
жағынан - өндіріс нарыққа белсенді әсер етуі керек, негізінен әсер ету
құралдары ретінде тек қана жарнама емес, сонымен бірге өндірістің
құндылықты саясаты, оны өндіру желісі, имиджі және т.б. болуы керек.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі маркетингіндегі анықтаушы адамдар
– осы қызметтерді тұтынушылар болып табылады. Маркетингтік саясатты
жүргізе отырып, барлық уақытта есте сақтау керек нәрсе – дене шынықтыру-
сауықтыру қызметін сәтті жүзеге асыру тек қана білікті мамандарды
жұмылдырған жағдайда, шұғылданушылар үшін жағдайлар жасағанда ғана
мүмкін.
Маркетингтік
мүмкіндік
–
тұтынушылардың
қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл жерде спорттық өнімнің
қажетті сапаларының керемет бір жиынтығын жасау қажет. Маркетингтің
басты қағидасы: «өзіңіз өндіре алатын нәрсені сатудың орнына, сатуға болатын
нәрсені өндіру қажет».
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетингтің өндіріс
пен саудадағы маркетингтен айырмашылығы бар, бұл қызмет көрсету саласын
тауарлы нарықтағы өзіндік бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетуді қалыптастырудың, оларды жоспарлаудың, дамытудың
нақты әдістері бар, бұл қызмет көрсету саласы өндірістеріне алда тұрған
міндеттерді шешуге, нарықтың өсіп отырған талаптарына сай жаңа нарықтарды
меңгеруге мүмкіндік береді (Н.А. Нагапетьянц, 2007) [162].
Нарықтық қарым-қатынастарды бекіту жағдайларында бәсекелес күресті
жүргізу дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың іскерлік белсенділігінің
ажырамас бір бөлігіне айналады. Соңғы жылдары дене шынықтыру-сауықтыру
қызмет көрсету саласы біршама өсті, бұл өндірістің күрделенуімен, сондай-ақ,
нарықтың күнделікті сұраныстағы тауарлармен толтырылуымен түсіндіріледі.
Маркетинг әдістемесінің негізі – дене шынықтыру саласы нарықта сәттілікке
тек қана бір жағдайда жетуі мүмкін, егер ол нақты бір тұтынушыға
бағдарланған жағдайда ғана. Нарыққа шығар алдында тұтынушыны зерттеу
қажет (жасы, жынысы, географиялық және экономикалық тіршілік
жағдайлары). Маркетингтік саясаттың негізін келесі іс-әрекеттер құруы қажет,
атап айтқанда:
- тауарлар мен қызметтер саны мен құрылымына деген сұраныс;
- нарықтың біршама тиімді бөлімін таңдай білу;
- тұтынушының тауарлар мен көрсетілетін қызмет туралы жүйелі түрде
хабардар болып отыруы [153,с. 20-21].
Нақты
дене
шынықтыру-спорттық
ұйымдардың
бәсекелесті
басымдылықтарына жататындар: қызметкерлердің шеберлігі мен тәжірибесі,
көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы, дене шынықтыру-спорттық
ұйымдардың тиімді орналасуы, филиалдық желінің болуы, қосымша қызметтер
көрсетілуі, тиімді жарнамалық қызмет, ұйымның қызмет көрсетуге
бағдарлануы және т.б.
30
Бәсекелестік басымдылықтар фирманың стартегиясын жасауға және өзінің
нарықтағы ұстанымын анықтауға негіз болып табылады. Тауарлы нарықпен
салыстырғанда қызмет көрсету саласындағы бәсекелестік функционалды,
түрлілік және маркетингті бәсекелестіктен тұрады [163]. Мысалы, О.Н.
Степанова (2003) дене шынықтыру және спорт саласындағы бәсекелестіктің
келесі мысалдарын келтірді:
- функционалды бәсекелестік – бұл тауарлар (қызметтер) арасындағы
бәсекелестік. Бәсекелестіктің бұл түрі дене шнықтыру-сауықтырумен
шұғылдануға деген шынайы сұранысты тұтынушыға ұқсас, бірақ айқын
айырмашылығы бар дене шынықтыру-сауықтыру қызмет жиынтығын ұсыну
арқылы қанағаттандыруға болады. Бұл жерде бәсекелестіктің келесі әдістерін
айқындап көрсетуге болады, оның негізі:
- ұсынылатын дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің (бағалымды емес)
сапасын арттыру критерийі;
- ұсынылатын қызметтердің (дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары
қызметінің
стандартты
жиынтығынан
басқа,тұтынушыға
сондай-ақ
бассейндерге, саунаға бару, массаж алу, коктейльдер, диетолог-дәрігердің
кеңесі ұсынылады) сапасын арттыру критерийі;
- бағасын төмендету (бағалымды);
- тұтынушының тауарды пайдалану шығынын төмендету;
- объекті
мен
субъектінің
барлық
бәсекелестік
(бірлестікті)
басымдылықтарын қолдану.
Түрлілікті бәсекелестік – бір ассортиментті топтың қызметі арасындағы,
ұқсас, негізінен сапалық қасиеттері бойынша ұқсас дене шынықтыру-
сауықтыру қызметтері арасындағы бәсекелестік [164].
Түрлілікті бәсекелестікке бір спорт түрлерінен (мысалы, жеңіл
атлетикадан; спорттық билерден; волейболдан, бірақ бұл ұйымдар түрлі болып
тіркелген және дәрежелері әрқалай) сабақтар ұсынатын түрлі дене шынықтыру-
сауықтыру ұйымдары, спорттық клубтар жатады. Мұндай ұйымдардың
айырмашылықтарының
бірі–жаттықтырушылар
құрамының
біліктілігі,
тұтынушылармен шұғылдану кезінде қолданылатын әдістемелік ұсыныстар,
шеберлік -сыныптар және т.б.
Маркетингтік бәсекелестік, кейде фирмааралық немесе пәнді деп аталатын
бәсекелестік стандартталған, бірегей негізді бұқаралық жиынтықтың дене
шынықтыру-сауықтыру қызмет көрсетілуінде. Бұл түрге қаланың әрбір
ауданында орналасқан, бірдей дене шынықтыру-сауықтыру қызметін
көрсететін дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының көп мөлшерін
жатқызуға болады. Тұратын орнын ауыстырған жағдайда көптеген
тұтынушылар өз сабақтарын ұсынуда қиындықтар көрмейді, өйткені жаңа
тұратын жерде ұқсас ұйым болады.
Келесі кезекте маркетинг мәселесінің Қазақстанда қалыптасуын
қарастыруды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |