5.02. «Жоғары білім берумен қамту (жалпы)» индикаторы
98
|
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - Серпін жобасын іске асыруды жалғастыру
|
Облыстың ЖОО мен колледжерінде «Мәнгілік Ел жастары - индустрияға!» жобасы шеңберінде 1308 студент білім алуда.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 15 мамандық бойынша 458 студент білім алуда (Алматы облысы-5, Қызылорда облысы-166, Маңғыстау облысы -121, Жамбыл облысы-14, Оңтүстік Қазақстан облысы-152), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 23 мамандық бойынша 638 студент білім алуда (Алматы облысы-21, Қызылорда облысы-235, Маңғыстау облысы -160, Жамбыл облысы-17, Оңтүстік Қазақстан облысы-205).
«Серпін» жобасы бойынша 3 колледжде – 212 адам білім алуда. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттердің өңірлер бөлінісінде құрамы: Қызылорда облысы – 170, Маңғыстау облысы – 36, Оңтүстік Қазақстан облысы – 6 адам.
|
99
|
«Атамекен» ҰКП ЖОО рейтингі нәтижелері бойынша өңір әкімдерінің, жұмыс берушілердің және ректорлардың білім гранттарын ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру
|
2018-2019 оқу жылы жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 23627,0 мың теңге 100 орынға білім гранттарына қарастырылды келесі бағыттар бойынша: білім беру, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызметтер, ветеринария, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету.
|
5.03. «Білім беру жүйесінің сапасы» индикаторы
|
101
|
PISA, TIMSS, PIRLS және ICILS білім сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулеріне Қазақстанның қатысуын және нәтижелердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
|
2018 жылғы сәуірінде облыс бойынша 34 мектеп пен 8 колледждің 15 жастағы білім алушылары арасында халықаралық PIZA және ІCILS зерттеулері өтті. Барлығы 1061 оқушы қатысты, соның ішінде 711 - қазақ тілінде, 350 - орыс тілінде білім алушылар.
|
102
|
Білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау:
1) орта білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен ауысу және осы процесті әдіснамалық сүйемелдеу;
2) білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және колледждер мен ЖОО оқытуға өндірістен тәжірибелі мамандарды тарту;
3) мектепке дейінгі және орта білім ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын сапалы жаңарту;
4) білім беру ұйымдарында факультативтер есебінен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын енгізу
|
2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 2,5,7 сыныптар көшіп, жалпы 40813 оқушы білім алды (1 сыныптарда - 11263, 2 сыныптарда – 11255, 5 сыныптарда – 9618, 7 сыныптарда -8677).
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы өзекті мәселелер» (сұрақ-жауап) obnov_obrazovaniezko@mail.ru электронды поштасы ашылды және облыстық оқу-әдістемелік кабинеті zkometodkab.kz сайтында «Инновациялық қызмет» бөлімінде әдістемелік құралдар орналастырылды.
Жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау, «Kundelik.kz», «BilimLand» қосымшаларын түсіндіру бойынша шаралар өткізілді.
ҚР БҒМ тапсырмасына, Үш тілді білім беруді дамыту жол картасына сәйкес пилоттық мектептерде 3-сынып оқулықтарын сынақтан өткізу барысы туралы бейнебаян «Қазақстан-Орал» және «ТДК-42» жергілікті телеарналарынан көрсетілді, «Орал өңірі», «Приуралье», «Жайық ұстазы» және «Ел және мұғалім» газетінде мақалалар жарияланды.
2017 жылдан бері облыс бойынша 4984 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті, соның ішінде Орал қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында - 1244, тыңдаушы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында - 3740. Сонымен қатар. жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 881 басшы білімнің жаңартылған мазмұны бойынша курстарда оқытылды.
ҚР БҒМ 2017 жылғы 31 қазандағы №556 бұйрығы негізінде облыс бойынша Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің базасында 10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы бойынша оқу бағдарламасы мен оқулық апробациядан өтті.
|
103
|
Орта білімді жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға ауыстыру бойынша дайындық жұмысын жүргізу:
1) ЖМЦ 4 пәнін (физика, химия, биология, информатика) 2020-2021 жж. бастап 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға ауысу үшін оқу-әдістемелік базаны дайындау;
2) пән мұғалімдері, техникалық және кәсіби
білім оқытушылары мен ИПҚ үшін тілді оқыту курстарын өткізуді ұйымдастыру
|
10-11 сыныптардағы жаратылыстану циклының (ЖМЦ) пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
2017-2018 оқу жылы ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға ауыстыру бойынша 52 мектебінің ішінен, пилоттық режимде 6 мектепте - ЖМЦ жеке пәндерін оқыту, 46 мектепте - ағылшын тілінде оқытудың элементтерін енгізу іске асырылуда.
2018 жылы тілдік курстармен 251 мұғалімді оқыту жоспарланған, 190 – оқытылуда.
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының 209 оқытушысы тілдік курстардан өтті.
|
5.04. «Математика және жаратылыстану білімінің сапасы» индикаторы
|
107
|
Оқушылардың халықаралық ғылыми-білім беру іс-шараларына қамтамасыз ету:
1) PISA – 2018, TIMSS – 2019 халықаралық зерттеуі
2) халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары
|
2018 жылғы сәуірінде облыс бойынша 34 мектеп пен 8 колледждің 15 жастағы білім алушылары арасында халықаралық PIZA және ІCILS зерттеулері өтті. Барлығы 1061 оқушы қатысты, соның ішінде 711 - қазақ тілінде, 350 - орыс тілінде білім алушылар.
2017-2018 оқу жылында облыс оқушылары «Roboland-2018» ІV Халықаралық робототехника фестивалінде ІІ орын, «Разработка тепличной консрукции, адаптированной для перевозки растительной массы на планету Марс» ғылыми жобасында ІІІ орын, «КАZ Mars 07» марсоходы» ғылыми жобасында ІІІ орын, «Спутник – робот Titan» ғылыми жобасында ІІІ орын иеленді.
|
108
|
Сандық білім беру ресурстарын құру және енгізу:
1) үш тілде сандық ресурстарды әзірлеу және құру
2) ауылдық мектептерде сандық білім беру ресурстарын жаппай енгізу
|
Сандық білім беру ресурстарын оқу процестерінде пайдалану мақсатында облыстың 381 мектебі Bilimland.kz оқыту порталына қосылды, соның ішінде 182 мектепв он-лайн режимінде, 199 мектеп оффлайн режимінде. Бүгінге порталда 9066 қолданушы тіркелген.
|
109
|
Мектептерді жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән кабинеттерімен жарақтандыру қамтамасыз ету
|
Батыс Қазақстан облысы бойынша 380 мектебінің 309 физика-математика бағытындағы кабинеттерімен қамтылған. Оның ішінде 263 - химия, 290 - физика, 219 - биология кабинеттері, ол негізгі және орта мектептердің жалпы санының кабинетермен қамтылуының 83,2% құрайды.
|
5.06. «Мектептердегі Интернетке қолжетімділік» индикаторы
|
112
|
Мектептерді кеңжолақты интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету
|
Облыстың 380 жалпы білім беретін мектебінің 327 мектебі кеңжолақты интернет желісіне қосылған, соның ішінде 141 сым желілері арқылы, 186 шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы қосылған.
|
113
|
Мектеп мұғалімдері үшін Интернетпен жұмыс және оның мүмкіндіктерін оқу мақсаттарында пайдалану бойынша жүйелі курстарды ұйымдастыру
|
Пән мұғалімдерінің Интернет технологияларды қолдануда шығармашылық қабілеттерін, цифрлық білім беру ресурстарын жасау және кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында «Academia педагогикалық шеберліктің виртуал лабораториясы» мектептің 1000 мұғалімін қамтумен "Білім беруде қажетті интерактивті құралдар. Мұғалімнің білуі тиіс технологиялары" тақырыбында курс ұйымдастырылды.
Оқыту екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең ағымдағы жылдың 18 маусымы мен 7 шілде аралығында 520 мұғалімді қамтиды.
Екінші кезең ағымдағы жылдың 13 мен 29 тамыз аралығында 480 мұғалімді қамтиды.
|
5.07. «Мамандандырылған оқыту қызметтеріне қолжетімділік» индикаторы
|
114
|
Кәсіпкерлер арасында олардың жұмысы туралы ақпаратты тарату үшін біліктілікті арттырумен айналысатын білім беру ұйымдарының тізбесін дайындау және «Атамекен» ҰКП ұсыну:
1) оқу орталықтары мен әскери-техникалық мектептер тізбесі
2) ЖОО мен ТжКБ ұйымдарының тізбесі
|
2018 жылдың 26 қаңтарында Халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссия отырысында Кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен 23 колледж және 13 оқу орталықтарының тізімі бекітілді, соның ішінде 1 әскери-техникалық мектеп, 6 оқу орталығы кәсіпорындар жанында орналасқан.
2018 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1500 адамды қамту жоспарланған, 875 адам оқуға жолданды, ұзақ мерзімді кәсіптік оқытумен 800 адамды қамту жоспарланған.
|
6. «Тауарлар нарықтарының тиімділігі» факторы
|
6.08. «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» индикаторы
|
122
|
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің қарауына енгізу үшін АӨК қолдау құралдарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды енгізу
|
Облысымызда қылшықты қара жүнді қабылдап, өңдейтін кәсіпорын болмау салдарынан жылма-жыл алынған өнім пайдаға асырылмай келеді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүнді қайта өңдеумен айналысуға қызығушылық танытатын инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, облыста жүнді қайта өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорын қажеттілігі туындап отыр.
|
6.11. «Шетел капиталының қатысуы» индикаторы
6.12. «ТШИ реттеу: бизнеске ықпалы» индикаторы
|
131
|
ЕЭА одан арғы тиімді дамытуды қамтамасыз ету, с.і.: ЕЭА аумағында инфрақұрылымды салу бойынша жұмыстарды жалғастыру
|
Бүгінгі күнде облыста ЕЭА құрылмаған. Бастапқы кезеңде индустриалдық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай облыстың Теректі ауданы Пойма ауылында 300 га құрайтын жер телімі белгіленді.
«НефтеСтройсервис ЛТД» ЖШС жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің дайындауын аяқтады және мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Каспий Инжиниринг компаниясымен ЖСҚ даярлану үстінде. ТЭН-ге сәйкес жобаның жалпы құны 14000 млн.теңгені құрайды.
|
7. «Еңбек нарығының тиімділігі» факторы
|
7.10. «Жұмыс істейтін әйелдер, олардың ерлерге қатысты үлесі»индикаторы
|
142
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысушылар арасында әйелдердің меншікті салмағы кемінде 49 % құрайтын үлесін қамтамасыз ету
|
2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 9484 адам Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (жұмыссыз - 6438, жұмыс іздеушілер - 2652, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 394 адам).
Облыс бойынша жұмыспен қамту органдарына 5946 әйел жұмыссыздық мәселелері бойынша жолықты.
Есепті кезеңге Бағдарлама аясында 4954 (52,2%) әйел жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етілді, соның ішінде 4344 әйел жұмысқа орналастырылды (1736 - бос жұмыс орындарына, 298 - әлеуметтік жұмыс орындарына, 437 - жастар практикасына, 1873 - ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды).
Сонымен қатар, еңбек рыногында қажетті мамандықтар бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқуларға 417 әйел жолданды, «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 192, шағын несие алған -1.
|
10. «Нарық көлемі» факторы
|
10.01. «Ішкі нарық көлемінің индексі» индикаторы
10.03. «СҚП бойынша ЖІӨ, млрд. АҚШ долл.» индикаторы
|
171
|
ЖІӨ өсуін 2018 жылы 3,2% деңгейде қамтамасыз ету
|
2017 жылдың алдын ала деректері бойынша облыстың өндірілген ЖӨӨ көлемі 2232,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі 104,2% құрады. Республиканың ЖІӨ-дегі облыс үлесі 4,3%-ды құрайды. Оңды өсу қарқынына өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 9,2%-ға (тау кен өндірісі өнімінің 9,8%-ға және өңдеу өнеркәсібі өнімінің 3,0%-ға өсуі есебінен), құрылыста жүргізілген жұмыстар (5,4%-ға), тауар айналымы (4,4%-ға), инфрақұрылымның дамуы ықпал етті.
|
10.02. «Сыртқы нарық көлемінің индексі» индикаторы
10.04. «Экспорт, ІЖӨ-ге %» индикаторы
|
172
|
Ұлттық экспорттық стратегия шегінде шикізатты емес экспортты ынталандыру бойынша шаралар қабылдау
|
Отандық тауарлардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында экспорттық стратегияны жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда, сонымен бірге, облыста қазақстандық тауарларды жылжытумен айналысатын KAZAX INVEST өкілдігі бар.
Ең алдымен, облыс көмірсутегі шикізатын ең ірі экспорттаушы ретінде белгілі. Бұдан басқа, облыс мұнай өнімдерін, ұн, ет, консервлер, шұжықтар, иінді біліктер, сорғы-компрессорлық құбырлары мен мұнай және газ жабдықтарына қосалқы бөлшектер мен бөлшектердің әртүрлі түрлерін экспорттайды.
«КазТрубПром» АҚ сорғы-компрессорлық құбырлардың 95%-ын РФ рыногына жеткізуде, «Орал механикалық зауыты» ЖШС 75%-ын Беларусь Республикасы және РФ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттілігіне тасымалдауда, «КазАрмапром» АҚ өндірілетін өнімінің барлық көлемін (ұнтақтағыш шарлар) «Михайловский ГОК» АҚ қажеттілігіне тасымалдауда (РФ), «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС трансформаторлардың 96%-ын РФ нарығына тасымалдайды, «Конденсат» АҚ өндірген өнімдерінің 50%-дан астамын, газойльдер, гудрон және дистилятты жанар-жағар майды РФ нарығына экспорттайды. «Стекло Сервис» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС кәсіпорындары да РФ-ға өнімдерін экспорттайды.
Тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтуда. Соның ішінде «Желаев нан өнімдері зауыты» АҚ 20%-дан аса ұн және макарон өнімдерін және «Кублей» ЖШС РФ, Қырғызстан, Түрікменстан және Иран елдері нарықтарына тасымалдауда.
Бүгінгі күні Индустрияландыру картасының іске қосылған жобалары негізінде импортты алмастыруға бағытталған, 2 жоба экспортқа шығаруда: мұнай өндеу өнімдері «Конденсат» АҚ жалпы көлемнен 52% (РФ, Финляндия, Республика Беларусь) және ет өнімдері «Кублей» ЖШС жалпы көлемнен 31% (РФ, Иран).
Сонымен бірге, экспортқа бағытталған жобаларды атап өту қажет, электр қалқандар өндірісі («Орал Электрик» ЖШС), құс фабрикасы («Жаик Агро ЛТД» ЖШС), макарон фабрикасы («Желаев нан өндеу комбинаты» АҚ), аяқ қиім тігу фабрикасы («As&Ar COLLECTION»ЖШС), кондитерлік цех («Енсепова М.Б.» ЖК), бұл жобалар бүгінгі күні ішкі нарықты игеруде, болашақта экспортқа шығару жоспарлануда.
|
11. «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторы
|
11.01. «Ішкі нарықта жеткізушілердің саны» индикаторы
|
173
|
Жергілікті қамту идеологиясын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен диалогтық алаңдарды өткізу, БАҚ-та әлеуметтік роликтерді тарату, тақырыптық телехабарларды іске қосу, өңірлік деңгейде промо-акцияларды өткізу және т.б. арқылы отандық тауар өндірушіге ақпараттық қолдау көрсету
|
Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында үнемі форумдар, дөңгелек үстелдер және отырыстар өткізілуде, диалогтық алаңдар ұйымдастырылуда.
2018 жылдың 13 қаңтарында аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өзгерістерін түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыс өткізілді.
«Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шарттарын түсіндіру бойынша облыстың барлық аудандарына іс-сапарлар жоспарлануда.
2018 жылдың 6 наурызында «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС негізінде экспортты жылжыту және проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында өнеркәсіп кәсіпорындар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның өңірлік өкілдігі қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру (сұхбаттар,брифингтар) жұмыстары жүргізіледі. «Ақжайық» жергілікті телеарнасынан «Индустриальное приуралье» бағдарламасында мемлекеттік қолдау алған жобалар жарық көреді, "ТДК-42» және «Хабар 24» телеарналарымен өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Облыс әкімдігінің және кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарманың ресми сайттарында мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланады, «Даму» КДҚ» АҚ ғимаратында бейнероликтер көрсетілімі жүргізіледі.
|
174
|
Ірі жүйе құраушы компаниялар айналасында шектес өндірістерді дамыту бойынша шаралар қабылдау және істегі шағын және орта кәсіпорындарда шығарылатын өнімді кеңейтуге жәрдем көрсету
|
КПО б.в. компаниясы бұрын соң шет елдерден тасымалданып келген түрлі тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісін оқшаулады.
Олардың ішінде, келесі тауарлардың игерілуін және жеткізуін атап айтуға болады: қоршаулар («Оралагрореммаш» АҚ), трансформаторлар («Орал трансформатор зауыты» АҚ), отқа төзімді жеке қорғану құралдары («КазСПО-N» ЖШС) және т.б.
Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2017 жылы сұйық азот өндіретін зауыт іске қосылды («RT Alliance» ЖШС). Аталған кәсіпорын өз өнімдерін КПО б.в. компаниясына жеткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Батыс Нык» ЖШС-де КПО б.в. компаниясына ағымдағы жылы 4 мың. тонна ет өнімдерін жеткізу бойынша келісімдері бар.
Сонымен қатар, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-мы General Electric компаниясымен бірлесіп GE компаниясының қолданыстағы және болашақ қондырғыларына қызмет көрсетіп, оларды жөндеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
|
175
|
Отандық тауар өндірушілерге ұлттық компаниялармен, жүйе құрайтын кәсіпорындармен және жер қойнауын пайдаланушы – компаниялармен ұзақ мерзімді кепілді шарттарды жасасуына жәрдем көрсету
|
Отандық тауар өндірушілерге ұлттық компаниялармен, жүйе құрайтын кәсіпорындармен және жер қойнауын пайдаланушы - компаниялармен ұзақ мерзімді кепілді шарттарды жасасуына жәрдем көрсету мақсатында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен ірі шаралар ұйымдастырылды.
2018 жылдың 17 мамырында Батыс Қазақстан облысында Астана күндері аясында іс-шаралар бастау алды. Назар өңірлер арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған. Астана делегациясының іс-сапары аясында мемлекеттік органдар, тауар өндірушілер және өнірлердің даму институттары арасында өзара ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қойылды:
- кәсіпкерлік саласында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы арасында;
- «SmartCity» тұжырымдамасы аясындағы жобаларды дамыту бойынша Орал қаласы әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ арасында;
- инвестициялар және мемлекеттік жекеменшік әріптестік саласында «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ арасында;
- ішкі және халықаралық туризмді дамыту саласында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС арасында;
- «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Агран» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы.
2018 жылдың 27 мамырында өңіраралық ынтымақтастық аясында Батыс Қазақстан облысының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Батыс Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастығы туралы; Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының Қазақстандағы филиалы арасындағы жергілікті қамтуды дамыту саласында өзара ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды.
Ұзақ мерзімді келісім орнату мәселесіне қатысты КПО б.в. компаниясы «Топан» ЖШС-мен анализаторларды жеткізу бойынша 2 жылдық мерзімге келісім шарт орнатылды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты «Завод плюс» ЖШС-мен арнайы киімдерді жеткізу бойынша 5 жылдық мерзімге келісім шарт орнатылды.
|
|