2.05. «Әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы» индикаторы
|
63
|
Іске асырылатын жобалар шегінде әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуды және әуежайларды ИКАО талаптарына сәйкестікке келтіруді қамтамасыз ету
|
2018-2019 жылдары «Орал» ӘКК «Орал» халықаралық әуежайын қайта жаңғырту және жаңалау» жобасын іске асыра бастады. Жобаны қаржыландыру және салу ҚПО б.в компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында жоспарланып отыр.
Жобаның мақсаты көлік инфрақұрылымын құру, жаңа әуе маршруттарын дамыту, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру, халықтың жылдам жүруін арттыру, туризм бизнесінің және іскерлік қарым-қатынастың көлемін арттыру болып табылады.
Батыс Қазақстан облысының әуежайын қайта жаңғырту аясында «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ және «Орал» халықаралық әуежайы арасында терминалды қайта жаңғырту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес 2018 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Жоба 2019 жылы іске асырылады деп күтілуде.
Жобаның техникалық параметрлері терминал аумағын 0,7 гектарға дейін ұзартуды, сондай-ақ терминал аумағын 5000 шаршы метрге дейін кеңейтуді, өткізу қабілетін сағатына 400 адамға дейін және жолаушылар ағынын жылына 320 мың адамға көбейтуді көздейді.
Бүгінгі күні аэровокзалдың терминал ғимаратына бағалау жүргізілді, қайта жаңғырту және жаңалау бойынша ЖСҚ әзірленуде, аэропорт кешенінің жер телімін терминалды кеңейту үшін бөлек жер теліміне бөлу жүргізіліп жатыр.
|
64
|
ИДМ-ға жергілікті әуежайлар желісін дамыту және жергілікті әуе желілерінің аэродромдарын жаңғырту бойынша, соның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы, ұсыныстарды енгізу
|
Облыста жергілікті әуе қатынастарын дамыту мәселелерін кезең-кезеңмен шешу мақсатында 3 әуеайлақты салуға ТЭН және ЖСҚ жасақтау 2018-2019 жылдарға жоспарланған, ал әуеайлақтар салуды 2020-2021 жылдары жүзеге асыру көзделген.
Қазіргі таңда Бокей ордасы ауданының Сайқын ауылындағы, Жәнібек ауданының Жәнібек ауылындағы және Казталов ауданының Казталов ауылындағы әуеайлақтар салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі-ТЭН) жасақтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдері жүргізілуде.
Әуеайлақтар құрылысына ЖСҚ әзірленгеннен кейін жеке-мемлекеттік әріптестік тетіктерін қолдану мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Облыста жергілікті әуе желілерін дамыту бойынша жұмыстар жалғасын табады.
|
2.07. «Электрмен жабдықтау сапасы» индикаторы
|
67
|
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді үздіксін қуатпен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау:
1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін сақтаудың мониторингін және оларды бұзғаны үшін энергия жеткізуші компанияларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету
2) иесіз электр желілерін түгендеу
3) иесіз электр желілерін энергия жеткізетін компаниялардың (ҚР электрэнергетика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін) балансына табыстау
4) проблемалық мәселелерді анықтау және шешу мақсатында электр энергияны тұтынушылардың электржабдықтаудың сапасына, оны жеткізуге, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындармен ШОБ электр желілеріне қосылуға техникалық талаптарды беру бөлігінде ҚР электрэнергетика саласындағы заңнама талаптары мен мерзімін сақтауына қанағаттанғандығын анықтау бойынша тұрақты сауалнамаларды өткізу
|
«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ 2018-2019 жылдарға арналған «Электрмен жабдықтау» индикаторын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткішінің нормативтік мәндері сақталуда.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы – 97,696 шақырымды құрады. 2018 жылғы ақпан айында қайта түгендеу бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы 69,456 шақырымды құрады.
Бүгінгі күні 14,276 шақырым иесіз электр желілері Бөрлі және Теректі аудандарының коммуналдық меншігіне табысталды, құқық белгілейтін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 55,18 шақырым иесіз деп танылды және Әділет органдарда есепке алынды, қажетті рәсімдер жургізілгеннен кейін электр желілері аудандарының коммуналдық меншігіне қабылданады.
|
3. «Макроэкономикалық орта» факторы
|
3.03. «Орташа жылдық инфляция» индикаторы
|
77
|
ӨКП, ҮЕҰ мен БАҚ тартумен жергілікті деңгейде бағаларды тұрақтандыру бойынша құрамында мыналар бар шараларды қабылдау:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағаларына тұрақты мониторинг;
2) тауарлық интервенцияларды өткізу;
3) жалға берілетін үй-жайлар мен сауда алаңдары құнына мониторинг және үй-жайлар мен сауда алаңдарының меншік иелерімен жұмыс жүргізу;
4) қосымша сауда павильондарын ашу;
5) МЖӘ қағидаттарында жаңа бастамаларды іске асыру
|
Облыста мүдделі мемлекеттік органдардың, азық-түлік тауар өндірушілері, ірі сауда жүйелері, базарлар және басқа да сауда объектілері өкілдерімен бірлесіп, азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Азық-түлік өнімдері бағасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Апта сайынғы деректер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсімі байқалмайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілер мен сауда желілерінің (супермаркеттер, гипермаркеттер және т.б.) өкілдерінің қатысуымен сауда желілеріне жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін делдалсыз және үстемесіз тікелей жеткізу жөнінде дөңгелек үстелдер өткізілді. Жергілікті өндірушілерге (нан және көкөніс) өнімдерін тікелей сату үшін Орал қаласында қосымша 65 сауда орны, соның ішінде 40 - көкөніс сатуға және 25 - нан өнімдерін сатуға арналған орын ұсынылған. Сондай-ақ Орал қаласының супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын минималды баға қосумен сату үшін әлеуметтік бұрыштар жұмыс істейді (15 орын).
Орал қаласы мен аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілердің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Жылдың басынан облыс орталығында 9 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, жалпы сомасы 67,3 млн. теңгеге өнім сатылды.
Өңірлік тұрақтандыру қорына 96 мың литр күнбағыс майы, 195 тонна бірінші сортты бидай ұны, 62,5 тонна қант, 1300 тонна картоп, 200 тонна пияз, 60 тонна күріш, 60 тонна қарақұмық, 10 тонна сары май, 43 тонна сиыр еті сатып алынды.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулыларымен бидай ұны, күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, сиыр еті, картоп және пияз тауарлық интервенциясы туралы шешім қабылданды. Тұрақтандыру қорынан 335 тонна картоп және 10 тонна күріш сатылды.
Супермаркеттер және сауда үйлерінің басшыларының қатысуымен бірқатар дөңгелек үстелдер өткізіліп, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді, жергілікті тауарөндірушілерді қолдау қажеттілігі жеткізілді және сауда базарларын жаңғырту мәселелері қаралды. Бұдан басқа, жалға берілетін сауда алаңдарының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша мәселелер қаралды. Қазіргі таңда, облыста 5,5 мыңға жуық сауда объектісі, соның ішінде 4600 дүкен, 60 астам сауда үйлері жұмыс істейді. Жалға берілетін сауда аландары орташа 2500 – 4000 тенге құрайды. Сонымен қатар, облыста жалпы алаңы 253,7 шаршы метр 7077 сауда алаңына арналған 31 базар тіркелді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда. «Жәңгір Хан», «Московский», «Алтындар» ірі сауда үйлері іске қосылды.
2018 жылдың 20 шілдесінде 6 мың шаршы метр құрайтын «Бәйтерек» гипермаркетін ашу жоспарлануда.
|
4. «Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру» факторы
|
4.03. «Туберкулезбен сырқаттанушылық» индикаторы
4.04. «Бизнеске туберкулездің орта мерзімді әсері» индикаторы
|
80
|
Амбулаториялық емделудегі ТБ науқастарды әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығыстар деңгейін туберкулезге бөлінетін қаржыландырудың жалпы бюджетінен 4% дейін жеткізу (ДДСҰ ұсынымы бойынша 4%)
|
Амбулаториялық ем деңгейдегі туберкулез науқастары үшін тұрақты негізінде (ай сайын) әлеуметтік көмек беру үшін жергілікті арқарушы органдармен шаралар қабылданады. Жергілікті бюджет есебінен 762 науқасқа 27,898 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл туберкулезді қаржыландыру бюджетінің 2,07% құрады (бір жылға меморандум-4%).
|
81
|
Туберкулезді:
1) АМСК мекемелерінде ТБ күдік бар тексерілген адамдардың санынан кемінде 5% бактериоскопиялық әдіспен (ДДСҰ ұсынымы бойынша 5-10%);
2) 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес ТБ анықтаумен тәуекел тобы адамдары арасында флюрографиялық әдіспен (ДДСҰ ұсынымы бойынша 1000 тексерілгенге 3) анықтауды қамтамасыз ету
|
Туберкулез науқастарын ерте анықтау мақсатында бактериоскопиялық әдіспен 2166 науқас тексерістен өткізілді, оң нәтижемен 108 науқас анықталды, анықтау көрсеткіші 5% құрады.
Флюорографиялық әдіспен жоспарланған 130885 адамның 125443 адамы тексерілді (95,8%). Қауіпті топ тұлғалары арасынан науқастарды флюорографиялық әдіспен анықтау 1000 тексерілгендердің ішінен 0,8 құрады.
|
4.05. «АИТВ таралуы» индикаторы
4.06. «Бизнеске АИТВ/ЖИТС орта мерзімді ықпалы» индикаторы
|
82
|
Мыналарды қамтуды қамтамасыз ету:
1) АИТВ-инфекциясымен науқастарды Клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес антиретровирустық терапиямен қамту;
2) Халықтың әлсіз топтарын профилактикалық бағдарламалармен қамту
|
2018 жылдың 1 шілдесіне антиретровирустық терапиямен қамту 79,3% құрайды, «Д» есебінде тұрған 329 адамның антиретровирустық терапиямен 261 адам қамтылды.
ИЕТА тікелей қамту 2018 жылдың 6 айында бағалау санынан 37% құрады. СҚ тікелей қамту 2018 жылдың 6 айында бағалау санынан 49% құрады.
|
83
|
АИТВ/ЖИТС және туберкулез профилактикасы мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың хабардарлылығын арттыру мақсатында ҮЕҰ және бизнес-құрылымдардың басшыларымен жұмыс жүргізу
|
АИТВ/ЖИТС және туберкулездің алдын алу бойынша ақпаратанушылықтарын жоғарылату мақсатында бизнес-құрлымдардың басшыларымен жұмыстар жүргізілді.
БҚО Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес-құрылымдардың басшыларын хабардарлығын жоғарылату мақсатында 2018 жылға арналған туберкулездің алдын алу сұрақтары бойынша жоспар жасалынып, қол қойылды.
Орал қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімімен, СӨС орталығы және ЖИТС-орталығымен бірге «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі», «Туберкулездің және АИТВ-ның бизнеске ықпалы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді, ақпарат ШЖҚ МКК «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ресми интернет-ресурсында http://zko-optd.kz орналастырылды. Сонымен қатар, Орал қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің, БҚО кәсіпкерлер және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, БҚО Кәсіпкерлер палатасының сайттарында туберкулез мәселесі бойынша ақпараттық хат, үнпарақтар және буклеттер орналастырылды.
ОЖИТС орталығы кеңес өткізді, ақпарат, инфографика, «АИТВ жұқпасының бизнеске әсері» бейнеролик http://www.zko-aids.kz сайтында, Инстаграмм, Фейсбук. әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Әуежайдың, автовокзалдың Led-экрандарында, «Променад» СО-ның Fresh супермаркетінің ТВ-экрандарында «АИТВ жұқпасының бизнеске әсері» бейнероликтің (41270 рет), ТДК-42 телеарнасында «АИТВ жұқпасы Сіздің бизнесіңізге әсер етпейді» жүгіртпе жол (280 рет) көрсетілімі ұйымдастырылды, аудио роликтер әзірленіп, «Талап» радиосында жүргізіледі.
69 алдын алу семинарлары, «Қазақстан туберкулезден еркін ел» және «Өзіңді туберкулезден қорға» акциялары өткізілді, «Приуралье», «Талап», «Орал өңірі», «Пульс» газеттерінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі», «АИТВ жұқпасы Сіздің бизнесіңізге әсер етпейді» тақырыбында мақалалар жарияланды.
|
85
|
АИТВ/ЖИТС және ТБ мәселелері бойынша мемтапсырыс бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ қаржыландыруды қамтамасыз ету және әдіснамалық көмекті жақсарту
|
2018 жылы «ЖИТС инфекциямен нашақорлықтың алдын алу бойынша халықтың ақпараттанушылығын жоғарылату» тақырыбында ЖИТС/АИТВ алдын алу үшін 1 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жоспарланды. Қазіргі таңда аталмыш жобаның техникалық бағыттамасы әзірленіп, конкурс жарияланды.
|
4.07. «Балалар өлім-жітімі» индикаторы
|
87
|
Балалар жарақаттанушылығынан, жазатайым оқиғалардан болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша шаралар қабылдау (5 жасқа дейінгі балалардың әрбір бесінші өлімінің себебі)
|
2018 жылдың 5 айында жарақаттанудан болатын өлім жітімді азайту мақсатында 8769 іс-шара өткізіліп, 43347 адам қамтылды, соның ішінде: телебағдарламалар - 2, радиобағдарламала – 1, мақалалар - 20, семинарлар – 44 (1214 адам қамтылды), тренингтер -53 (1067 адам), лекциялар – 243 (4288 адам), әңгімелесу - 5640 (27910 адам), санитарлық бюллетеньдер - 52, санитарлық бұрыштар - 184, бейнероликтер көрсетілімі– 2100 (8198 адам), дөңгелек үстелдер - 15 (254 адам).
|
4.08. «Орташа өмір сүрудің ұзақтығы, жас» индикаторы
|
88
|
Өлім-жітімнің негізгі себептерін мыналар арқылы төмендету:
1) елдің барлық өңірлерінде созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу
2) инсульттық орталықтар желісін құру (28 инсульттық орталық)
3) қан айналымы жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктер диагностикасы және емдеу
4) жазатайым оқиғалардан, жарақаттанудан және уланудан болатын өлім-жітімді алдын алу бойынша жұмыс жүргізу
5) салауатты өмір салтын насихаттау
|
2016 жылдың мамырынан облысымызда созылмалы жұқпалы емес аурулармен басқару бағдарламасы (АББ) үш нозология бойынша 3 қалалық емханада енгізілді. 2017 жылдың шілдесінен созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасы басқа да қалалық емханаларда енгізілді. 2018 жылдың 3-тоқсанында Акжайық АОА, Таскала АОА, Зеленов ОА, «Медицинский центр» ЖШС енгізу жоспарлануда.
Облысымызда көп бейінді қалалық ауруханасында инсультті орталығы жұмыс жасайды (30 - инсульттік керует, 15 - оңалту керуеті). 2018 жылдың 3-тоқсанында Ақжайық АОА базасында оңтүстік 6 ауданға арналған инсульттік орталығын ашу жоспарлануда (10 - инсульттік керует, 4 - оңалту керуеті).
Қанайналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітімді азайту мақсатында сапалы скринингтік тексеріс, ауруларды анықтау және қаупі қатері бар тұлғалар, дисансерлік есептегі науқастарды сапалы қадағалау жүргізіледі. Қанайналым жүйесінің ауруларын диагностикалау және емдеуді жақсарту үшін облыстың медициналық ұйымдары кардиостандарттармен (ЭХО, Холтер,ВЭМ, СМАД, ЭКГ-телеметрия) қамтамасыз етілді.
2018 жылдың 6 сәуірінде Батыс Қазақстан онкологиялық диспансерінің базасында Астана қаласының «Астана медициналық Университеті» АҚ PhD докторанты Н.Б. Малаев онкологияда радиожиілік абляцияны тәжірибелік қолданумен көрсету материалына арналған теориялық тренинг өткізді.
2018 жылдың 14-18 мамырында Алматы қаласының ҚазОРҒЗИ профессоры, м.ғ.д. Н.Т. Балтабеков МСАК медициналық қызметкерлері (147 адам) үшін онкологиялық ауруларды ерте анықтау және онкоқырағылық бойынша көшпелі оқу циклін өткізді.
2018 жылдың 5 айында жарақаттанудан болатын өлім жітімді азайту, алдын алу бойынша 8769 іс-шара өткізіліп, 43347 адам қамтылды, соның ішінде: телебағдарламалар - 2, радиобағдарлама – 1, мақалалар - 20, семинарлар – 44 (1214 адам қамтылды), тренингтер - 53 (1067 адам), лекциялар – 243 (4288 адам), әңгімелесу - 5640 (27910 адам), санитарлық бюллетеньдер - 52, санитарлық бұрыштар - 184, бейнероликтер көрсетілімі – 2100 (8198 адам), дөңгелек үстелдер - 15 (254 адам).
2018 жылдың қаңтар-маусымында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша онкологиялық, туберкулез және АИТВ-инфекция аурулардың алдын алу туралы 7 дөңгелек үстел (176 адам қамтылды), 5 онкүндік: «Обырсыз өмір!» (904 шара, 11546 адам қамтылды), мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі онкүндік (6838 шара, 31238 адам), Иммундау апталығы (4021 шара, 24575 адам), Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күні. (5092 шара, 15943 адам), мектеп жасындағы бабаларға арналған «Салауатты өмір салтын ұстанамын!» денсаулық апталығы (13640 шара, 21000 адам), туберкулездің алдын алуға, мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алуға, Халықаралық шылым шегуге қарсы күрес күніне арналған 3 айлық өткізілді, 92 телебағдарлама, 62 радиобағдарлама шығарылды, 217 мақала жарияланды.
«Жалын», «Демеу», «Қамқор» және «Жігер» жастар денсаулық орталығының дәрігер-мамандары 334 адамға кеңес берілді, сенім телефоны арқылы - 348 адамға. 197 тренинг (7583 адам қамтылды), 16 семинар (737 адам), 24 акция (2975 адам), 2 дөңгелек үстел (113 адам), 14 дәріс (1470 адам), 10 әңгімелесу (247 адам), 1 пресс-конференция (90 адам), 11 флешмоб (722 адам), 3 спорттық іс-шара (162 адам) өткізілді, 6 телебағдарлама, 9 радиобағдарлама шығарылды, 3 мақала жарияланды.
Облыстың темекіге қарсы орталықтары шылым шегетін 183 адамға психологтің, салауатты өмір салты дәрігерлері 1101 адамға кеңес берді. 112 тренинг өткізіліп, 1585 адам қамтылды.
19 спорттық жарыс өткізілді, 1441 адам қатысты. Кеңес беру-сауықтыру бөлімінің медицина қызметкерлерімен 33 спортшыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Орал қаласының қоғамдық орындарында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бейнероликтердің көрсетілімдері ұйымдастырылды, маршрутты автобустарда скрининг, туберкулез, дене белсенділік және МӘМС бойынша ақпарат орналастырылған 216 мың дана жол жүру билеттері, кері жағында туберкулез, иммундау және МӘМС туралы ақпаратпен 248,7 мың дана коммуналдық төлемдердің түбі таратылды.
Орал қаласында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 1 призматрон, 24 пилондар орналастырылды.
Облыс бойынша 5 ай ішінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша барлығы 207,5 мың шара өткізіліп, 932,0 мың адам қамтылды.
|
5. «Жоғары білім беру және кәсіби дайындық» факторы
|
5.01. «Орта білім берумен қамту (жалпы)» индикаторы
|
94
|
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту
|
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018-2019 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы №138 қаулысы бекітілді.
2018-2019 оқу жылына арналған жергілікті бюджет бойынша 3500 адам қабылдау жоспарланған, 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша – 800, "Мәңгілік ел жастары-индустрияға"жобасы бойынша - 25.
2018 жылдың 20 маусымнан бастап қабылдау комиссиялары колледждерде өз жұмыстарын бастады.
|
95
|
Оқытуға жататын барлық балаларды орта біліммен қамтуды қамтамасыз ету:
1) оқытуға жататын балаларды уақытылы айқындау және мектепке қайтару
2) мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды жеткізуді ұйымдастыру
|
2017-2018 оқу жылында облыс бойынша себепсіз сабаққа қатыспаған 69 оқушы анықталды, олардың 45 мектепке қайтарылды, 24 оқушы мектепке бармауын жалғастыруда (іздестіруде - 6, көші-қон - 10, мектеп Ережесін орындамай отырғандар -4, оқығысы келмейтіндер - 4).
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша оқу жасындағы балаларды оқумен қамту бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде, олардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шаралар, «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциялары өткізіліп, себепсіз сабақ қалдырған оқушылардың мәселелері кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың отырыстарында қаралады.
2017-2018 оқу жылында облыс бойынша 88 тиісті мектептері жоқ елді-мекендерден 58 жалпы білім беретін мектептерге 4474 (100%) оқушы күнделікті тасымалданды (Ақжайық - 144 оқушы, Бөрлі – 99 оқушы, Зеленов – 702 оқушы, Казталов – 53 оқушы, Қаратөбе – 20 оқушы, Сырым – 82 оқушы, Тасқала – 79 оқушы, Теректі – 427 оқушы, Шыңғырлау – 10 оқушы, Орал қаласы – 2858 оқушы). Күнделікті тасымалды 75 автокөлік жүзеге асырады, солардың 60 немесе 80% мектептерге тиесілі. Арнайы автокөлікке қажеттілік 14 бірлікті құрайды.
|
96
|
«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету
|
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында 10 мыңнан астам адам (56,1%) тегін техникалық білім алады және 5 мыңнан астам (27%) кәсіби біліктілік игереді.
2018-2019 жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша 4325 орынға қабылдау жоспарланған (2017 жылы – 4306), соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде - 800. Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 1963 орынға жұмысшы кадрларын дайындау қарастырылды
Облыста техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған үміткерлер тізімі жасақтайтын 183 мобильді топ жұмыс жасайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысында 42 мамандық бойынша қысқа мерзімді білім беретін 23 колледждің және 13 оқу орталығының тізімі бекітілді. Бүгінгі таңда жұмысшы кадрлар дайындау бойынша қысқа мерзімді курстарға 875 адам жолданды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |