kuwt
«миф. Жан, өмір беруші күш»; алт.:
kuwt
«өмірлік күш-қуат мағынасындағы жан; ұрпақ, бақыт сыйлаушы рух»;
хак.:
xuwt
«тірі адамның жаны» (Исабекова 2011: 101). Сонымен қатар
құтты Ұмай анамен бірлікте қарастырушылар да кездеседі (Ескеева
2007: 65). Құт ұғымының дәстүрлі қазақ дүниетанмында да кеңінен орын
алғанын
құтты, құтсыз, құты қашты, құтты болсын, құт-береке,
құтты қонақ болу, құтты орнына қондыр
у т.б. тілдік бірліктер дәлел
бола алады. Негіздей айтқанда,
құт
ұғымы түркілердің сан ғасырлық
Miras M. KOSIBAYEV
171
Türk Dünyası 39. Sayı
тәжірибесі мен таным-түсінігі арқылы қалыптасып, жалпытүркілік
сана арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, архаикалық
құндылықтар жүйесіне жатады.
«Диуани лұғат-ит-түрік» тілінің этнолингвомәдени көрінісін ислам
дінінен бөлек алып қарастыра алмаймыз. Себебі Қарахан мемлекетінің
идеологиялық негізі – мұсылман діні болған. Соған сәйкес белгілі
дәрежеде рухани құндылықтар жүйесі қалыптасып, әлі күнге дейін
жалғасын тауып келе жатыр. Ислам сөзі – «мойынсұну, бағыну, берілу,
амандықта болу» деген ұғымды білдіреді (Қайдар 2013: 665). Бұл сөздің
терминдік мағынасы – Ұлы жаратушы Ие Аллаға мойынсұну және
Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дін ретінде әкелген, үйреткен,
жеткізген нәрселерін толықтай қабыл етіп, ұстану. Ескерткіш тілінде
ıdhı «ие, еге»
лексемасы жаратушы мағынасында қолданылған (МҚ:
I: 117). Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам бойында ұялаған немесе
адаммен бірге жүретін, көрінбейтін тылсым күш те ие деп аталған. Соған
сәйкес қазақ тілінде
иесі бар, иесі қысты, иесі қозды
т.б. сынды ұғымдар
қалыптасқан. Тәңіршілдіктен бастау алған
Жаратқан ие, Жасаған ие,
Тәңір ие, Түп ие
деген ұғымдар түркі халықтарына ислам дінінің келуіне
байланысты тек Алла Тағалаға қатысты айтылатын болған. Ал
biti
лексемасына М. Қашқари
«көктен түсірілген кітаптардың бірі»
деген
анықтама беріп, ол сөздің қандай түрік диалектілеріне жататыны жайлы
ешқандай сөз қозғамайды (МҚ: III: 297). Дж. Клосон көне түрік тіліндегі
bitig
лексемасының негізі болып табылатын
biti
cөзі көне түркі кезеңінде
де «
жазу, хат, кітап»
мағынасында қолданылғанын көрсетеді (Clauson
1972: 303). Одан бөлек XI ғасырда пәле-жаладан қорғайтын тұмардың
да жәдігерде
bitik
деп берілуі оған жазылатын жазумен (аят, сүремен)
байланыстыруға болады. Мұсылмандардың бес парызының бірі – намаз
сөздікте жалпытүркілік
yükünč
лексемасы арқылы беріліп, намаз жасау
yükünč etmek
деп көрсетілген (МҚ: II: 44).
Адам баласы – жұмыр басты пенде болғандықтан өмір бар жерде
өлімнің бар екенін түсінеді. Білмейтіні – өмірдің қаншаға созылатыны,
қалай болатыны, өлімнің қашан келетіні және неден болатыны. Яғни
адамзат үшін өлім мен өмір бір біріне қарама-қарсы ұғымдар. Өмірдің қас
қағым сәтте өтіп кететін мәңгілік емес екенін біліп, алдамшы нәрселердің
барлығына
arguš
дейтін орта ғасырлық түркі халықтары, жалған дүниені
arguš ažun
деп атаған (МҚ: I: 125). Шігілдер
ažun
лексемасын екі дүние
мағынасында да
bul
ažun «бұл дүние»
және
оl
ažun «ол дүние
» (ақырет)
деп қолданған (МҚ: I: 107). Жәдігерде мәңгілік дүние
meŋgü ažun
деп
беріліп, жырда:
Togup takı kalmadı
meŋgü eren
|