3ін оқуға итермелесе, оқЬІрман про3а мен пьесасЬІн қатар салЬІстЬІрЬІп ой айтса, ойлЬІ оқЬІрман дәрежесіне көтерілгені болар еді. Романда Сүйеу қарттЬІң Еламанға баласЬІн табЬІстайтЬІн сәті, соңЬІнда АқбаланЬІң ұ3ЬІн сарЬІ Әнуармен бас қосЬІп, жетім балаларЬІна қарайласатЬІнЬІ жа3ЬІлса, пьесада бұл жағЬІ қо3ғалмайдЬІ. Өйткені мұнда әр кейіпкердің психологиясЬІн, ішкі се3імін ашуға көбірек көңіл бөлінген. «Қан мен тер» - терең психологияға құрЬІлған шЬІғарма. ДрамалЬІқ түрін кинематографиядағЬІ нонфинито әдісіне жатқЬІ3уға да боладЬІ. Бұл –оқЬІрмандЬІ ойлантуға, көркем әдебиетке қЬІ3ЬІғуға итермелейтін кесек туЬІндЬІ. ПьесанЬІң көрерменге беретін әсері, се3імі мүлде бөлек, ойлантатЬІн, ой салатЬІн шЬІғарма.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз өнері – күрделі, түбіне бойлай берсе тұңғиығына батырып әкететін, қаншалықты қызық болса, соншалықты қиындығы да басым өнер. Сөз өнерін сан қырынан зерттеген сайын, оның ашылмаған құпиясының әлі көп екеніне ғылымның көзі жетті. Біз зерттеу жұмысымызда қарастырған кинематографиялық әдістер мен әдебиеттің байланысының өзі төл әдебиетімізде зерттеу жағынан кенже қалғаны байқалады. Қазақ әдебиетіндегі кино әдістерінің қолданылуын зерттеу көп көңіл аудартуды талап етеді. Біз мысал ретінде қарастырған ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілі Л.Н.Толстой кейіпкерлерін суреттегенде, бір кейіпкерден екінші кейіпкерге «монтаж» әдісімен ауысып отырады. Оның сыртқы болмысы мен ішкі жанына үңілгенде, жан сырын жарыққа шығарудабірден-бір орынды әдіс деуге толықтай негіз бар. І.Есенберлин өз кейіпкерлерін суреттегенде, бір детальдан екіншісіне еркін ауысады. Әр кейіпкердің образын жасағанда визуалды және аудиовизуалды дауыстарды орнымен пайдаланған. Кейіпкерлердің ішкі дауысы, ішінде айқайлап жатқан «Мені» оқырманның сезіміне тікелей әсер етеді. Жазушы Ш.Мұртазаның оқиғаны бастамас бұрын сол тұстағы уақыт пен кеңістікке баса мән беруі байқалады. Автордың қашықтықтағы бітімдерді көз алдыңа келтіре отырып, шығармадағы жалпы план мен жеке детальдарды қалт жібермеуі – нағыз шеберліктің көрінісі. Осылай панорамалаудың арқасында шығараманың өзін кино сияқты көз алдыңа әкеліп қояды. Әрбір деталь әр кейіпкердің болашақ өмірінің бөлшегі болғандықтан, шығармада айтулы рөл атқарады. Жалпы адам баласы еліктеу деген құбылысқа бір табан жақын. Әр шығармадағы кейіпкер, айтылмақ ой белгілі бір дәрежеде сана-сезімге, дүниетанымның қалыптасуына әсер етеді. Бір кейіпкер өзінің көркем мінезімен баураса, енді біреуі «мен сияқты болмаңдар» дегендей өзінен жирендіреді, тіпті, алыстан айналып қашқың келеді. Не үшін мұндай сезімдерге түсеміз? Әр кейіпкердің аузына сөз салып, оларды түрлі бұрылыстарға әкеп тірейтін, баяндауды түрлі тәсілмен құбылтуға қауқарлы адам автор емес пе? Ендеше шығарманың мағыналы болуы, формасы жағынан даралануы сол шеберліктің нәтижесіне жатады. Көркем шығарманың бір деммен жеңіл оқылып шығуына тілінің жатық болуы, оқиғаларының шын өмірмен астасып жатуы, қызықты болуы қалай рөл атқарса, баяндау тәсілдері де сондай маңызды рөл атқармақ. «Мазмұннан-формаға» қарай талдасақ, осындай қорытындыға келеміз. «Оқырман-автор-мәтін» үштағаны бойынша айтсақ, егер осы үштіктің арасында тығыз байланыс орнаса, әдебиеттің жетістігі болмақ. Шығарма дегенде авторы, авторды айтқанда шығармасы еске түссе, қаламгердің өз миссиясына жеткені деп білемін.
Пайдаланған әдебиеттер
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, Алматы: Атамұра, 2003. – 208 бет.
Сиранов К. Кино туралы әңгіме. «Жазушы» баспасы, Алматы – 1973. –223 бет.
Қазақ өнерінің тарихы. – 3 томдық (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың бірінші жартысы, ІІІ том, 1-кітап). – Алматы: «Өнер», 2008. – 608 бет.
Есенберлин І. Қаһар. Роман. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 бет.
Мұртаза Ш. Ай мен Айша. – Алматы: «Дария», 2021. – 354 б.
Райан М. Әдебиет теориясы: Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 292 б.
Успенский Б.А. Поэтика композиции. СПб: «Азбука», 2000. – 262 с.
Ромм М. Беседы о кино, - М.: «Искусство», 1980. – 291 с.
Толстой Л. Я Собр. Соч. в 20-ти томах. Том 4. – М.: «Искусство», 1983. – 896 с.
Нұрпейіс Б. Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005): Монография. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014. – 520 б.: суретті
Достарыңызбен бөлісу: |