Тақырыптың өзектілігі:Көркем шығарманы кино әдістерін пайдалана отырып талдау – қазақ әдебиетінде әлі толық зерттелмеген тың тақырып. Оқырманның қабылдауына әсер ететін әдістер көп. Шығарманың кино сияқты қызық жерінен үзіліп, келесі бөлімге көшуі, кейде бірнеше детальдің басын біріктіріп бір көріністі ашуы, бір кейіпкерден екінші кейіпкерге еркін ауысуы, жалпы және жеке детальдарды қамту сияқты әдістер бар. Әдебиеттегі кино әдістеріне жекелей тоқталып, қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің кесек туындылары талданып, мысалдар келтірілуі жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Соңғы уақытта әдебиеттану ғылымында өзекті тақырыптардың біріне айналған көркем шығармадағы кино әдістеріне анықтама бере отырып талдау жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қарастырылды:
- Көркем шығармадағы кино әдістерінің түрлерін саралау;
- Кино әдістерін берудегі автордың ұстанымы мен мақсатын анықтау;
- Кино әдістерін қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
- Шетел және қазақ әдебиетінің шығармаларын салыстыра келе, кино әдістерінің актуалдығын көрсету.
Зерттеу жұмысында қолданған әдістер: Талдау, анықтау, болжау, жаппай сұрыптау, саралау, интерпретациялау, жүйелеу әдістері, сондай-ақ ,зерттеудің салыстырмалы тәсілі қолданылды.
Тақырыптың теориялық-әдістемелік негізі:
Диплом жұмысының тақырыбын ашуда, оны зерттеуде, мәселенің шешімін табуда және мақсатқа қол жеткізуде XIX, XX ғасыр әдебиетіңнің көрнекті өкілдері, атап айтқанда, Л.Толстой, А.Құнанбаев, І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Ш.Мұртаза сияқты классиктердің шығармалары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік нәтижесі:
- Шығармада кинематографиялық әдістерді қолдану оның көркемдігін арттырып, оқырманның қабылдауына терең әсер етеді;
- Монтаж, нон-финито, визуалды, аудиовизуалды образдар мен план өзгерту әдістері – көркем шығармаларда жиі қолданылатын әдістер.
- Кинематографиялық әдістерді көркем шығармада пайдалану қазақ әдебиетінде толық зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысы филология мен өнертану факультеттерінің студенттеріне, мектеп оқушылары мен жалпы жұртшылыққа оқуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |