Сиб1906 Бостанов Абылай Эссе



жүктеу 16,44 Kb.
Дата08.05.2020
өлшемі16,44 Kb.
#30260
ПОЛИТОЛОГИЯ СРСП


Сиб1906

Бостанов Абылай

Эссе

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы Н.Ə.Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудың нəтижесінде Қазақстанның үшінші жаңғыруына да табан тірегенін жариялаған болатын. Өздеріңіз білетіндей болашаққа қойған мақсатымыз бен бағытымыз айқын, яғни, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі таңда еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Болашаққа қалай қадам басамыз және бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген сұрақтардың туындайтындығы анық.

ХХІ ғасырдағы ұлттық сана.

Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөліп көрсетіп отыр.

Бұл ретте, тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын жіктеуге болады.

- Бәсекелік қабілет.Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Яғни, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың қамы.

- Прагматизм. Өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу.

- Ұлттық бірегейлікті сақтау.Ұлттық сананың кемелденуі. Яғни, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Алайда, басты мақсат - ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, тіліміз бен музыкамыздың, әдебиетіміздің, жоралғыларымыздың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы.

- Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Осыған орай, елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасуда. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні сөзсіз.

- Сананың ашықтығы. Бұл ретте, біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны нəтижесіндегі өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, өзгелермен тәжірибе алмасу мақсатында ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Рухани жаңғыру.Адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.

XXI ғасыр ол білім мен мәдениеттің,техника мен өнердің бәсекеге түскен кезеңі.Қазіргі кезде адамдар бұрынғы жаугершілік замандағыдай білек күшімен емес ақылдың,білімнің күшімен өзін көрсете білуге міндетті.Білекті бірді,білімді мыңды жығады деген мақал да осыған байланысты айтылған деп ойлаймын. Бұл заманда адамның білімі болмаса, жетістікке жетуі өте қиын! Ал білімді адамға қай жерде болмасын, үлкен мүмкіндіктерге жол ашық!

Елбасының «жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті.

Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды. Жаңа идеологиялық тұғырнама конституциялық реформаны, Үшінші жаңғырудың экономикалық өркендеуін толықтыра түседі және Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының ділдік қозғаушы күші болып табылады.

Қоғамдық сананың өзгеруі сынаптай сырғыған уақытта, жаңа сын-қатерлер заманында Қазақстанның дамуының негізі болатын тұрақтылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік береді. Біз, қазақстандықтарды жауапкершілікті мойынға алып, жаңа идеологиялық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұғырнамасын іске асыруға белсене қатысуға шақырамыз!

Біз, халқымыздың шығармашылық әлеуеті әрдайым асқан биік ұлттық рухтың, жеңіс рухының, кемелдікке, әлемдік өркениеттен лайықты орын алуға ұмтылудың жарқын көрінісі болатынына сенімдіміз!
жүктеу 16,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау