Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
4-Дәріс.
тақырыбы: Қоғаммен байланыстың әлеуметтік ролі. Қазіргі қоғамдағы паблик рилейшнз институттарының қызметі
PR-дың мақсаты – екі жақты байланыстың бір мақсатқа жету үшін, шынайлыққа негізделген ақпаратпен толық танысу үшін, ортақ көзқараста қалыптастыруы.
PR болмысын ұйымның болжамды мақсатының қоғам саясатына тиімді болуында анықтауға болады.
Кәдімгі PR әрекеті бір-бірімен тығыз байланысқан 4 бөлімнен тұрады:
көзделген мақсаттың зерттелуі
бағдарламаның даярлануы
бағдарламаның іске қосылуымен байланысы
нәтиженің зерттелуі, бағалануы
PR басты принциптері:
ұйым мен қоғамға тең пайдалы іс-әрекет, сондай-ақ осы басқару ісімен айналасушылардың әділ болуы;
ақпараттың ашық болуы
PR жүйесіндегі материалдардың даярлануы, БАҚ-та жариялануы кезінде журналистердің материал беруінде келеңсіз жағдайларды болдырмау;
өзің туралы тек шындықты, шындықтан басқа ештеңені айтпау. (бірақ, әрине, бүкіл шындықты емес. PR-дың өзгешелігі осында – қай ақпаратты жариялауға болады және қайсысын болмайды);
өзара тиімділік принципі
PR функциялары:
менеджмент бөлігі ретінде жоспарлы және тұрақты жұмыс атқару
ұйым мен қоғам арасындағы байланыста роль атқарады
ұйымның ішкі және сыртқы ортасында пікір, қабылдай, іс-әрекеті жайлы мониторинг жүргізеді
саясаттың қоғамға жүргізілген саясаттың арасында болған даудамайды шешуге тырысады
ұйыммен қоғамға жүргізілген саясаттың арасында болған даудамайды шешуге тырысады
ұйыммен қоғамның дамуынан туған жаңа саяси іс-әрекеттер арасында кеңесшілік етеді
қоғам мен ұйым арасындағы байланысты екі жақты тиімділігін орнатады
ұйымның ішінде және сыртында арнайы керек көзқарастарды, қабылдауды қалыптастырады
ұйыммен қоғам арасында әрдайым жаңашыл байланыстарды туғызып отыруы керек
екі жаққа бірдей сенімділікті, түсінушілікті орнатады
ұйымның «жағымды келбетін» қалыптастырады
ұйымның беделін сақтау керек
Жалпы PR-дың басты үш функциясы бар
Қоғамның ұйымға деген сенімділігін, ұйымның толық мақсатына сай келуін қадағалау
ұйым қоғам үшін қызмет етуі
ұйым мен қоғам арасында бірдей тиімділік
PR-да сондай-ақ қоғаммен қарым-қатынасына, байланыс орнатуына, сөйлесуіне үлкен мән беріледі.
PR мамандары бұны жетік білуі керек.
Байланыс орнатудың бірнеше жолдары бар:
әрдайым шын және толық ақпарат алуға тырысу
хабарландыру қарапайым және ұғылықты болу керек
асырып айтудан, әсірелеуді қолданудан аулақ болу
ескеруге қажет нәрсе: аудиторияның жарты - әйел адамдар
қарым-қатынас қызғылықты, жолықтырмайтындай болуы
сөйлеу мәдениетіңізге үлкен мән беру
қоғамның пікірін білуге уақыт бөлу
қоғамдық пікірді білу және әрдайым байланыста болу – басты қағида
қарым-қатынас кезінде сенімді және жүйелі болуыңыз керек.
1.3. PR мамандарының қасиеттері мен міндеттері
PR мамандарының басты міндеттері:
қоғамдық пікірді жетік білу
фирмалар, қоғам, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында байланыс орнату
жалған ақпараттың таралуына, келіспеушіліктерді болдыруға, өсектердің елең алуына жол бермеу
фирманың имиджін және танымалдығын қалыптастыру
Көбіне PR мамандары:
жарнама компанияларын жүргізу
лотерея ұйымдачтыру
БАҚ-та қызмет етуге мүмкіндік алады
PR мамандарының қасиеттері:
байланысты ұйымдастырудың мазмұнын білу
қоғамдық пікірді, адамдармен байланысты басқару
стратегиялық ойлау қабілеті. PR мамандарының мақсаты – байланыстың жүйесін, бағытын білу
өз нәтижелерін бағалай білу қабілеті
ұйымды басқара білу
Осы қасиеттер төменгілердің тууына әсер етеді:
сөз шешендігі
жеке басының сүйкімділігін
жұмыс сүйгіштік
жауапкершілік
белсенділік
жетістіктерге ұмтылу
Достарыңызбен бөлісу: |