Дістемелік кешені



жүктеу 275 Kb.
бет14/23
Дата11.01.2022
өлшемі275 Kb.
#32265
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
014117e6-3644-11e3-b629-f6d299da70eeПР материал

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.

2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.

3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 2004.

4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,2008.

5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001


9 –Дәріс

тақырыбы: Баспасөздегі PR-ның өзекті мәселелері
PR технологиясы Қазақстан баспасөздерінің тұрмысына жақында ғана енді, себебі административті – командалық ережелер жүйесіне негізделген бұрынғы әдістер жаңашыл тенденцияларды өте баяу қабылдайды.

PR-ның функциялануы әлдеқайда жеңіл болуы үшін, біріншіден мүмкін жағдайларды ескере отырып, баспасөз құрылымындағы PR бөлімін ұйымдастыру қажет. Екіншіден, бөлімді немесе PR қызметкерлерін жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету, ең алдымен әкімшілікпен тығыз байланысты орнату маңызжы. Үшіншіден, PR қызметкерлерінің әрекеттеріне толық еркіндік беру керек. Егер баспасөз өз штатында PR қызметкерін ұстауға мүмкіндігі болмаса, онда консультациялық және жеке кітапты шығару, тарату және жарнамалауға байланысты қызметкерлермен қамтамасыз ете алатын агенстволар көмегіне жүгіну керек.

Баспасөз жүйесіндегі PR қызметі бір-бірімен байланысты төрт бөлімнен тұрады.


  1. Қазақстандағы қазіргі кітап басу жағдайын жолдау, бұрынғы және қазіргі кездегі белгілі бір баспасөз қызметін зерттеу, сондай-ақ жеке мақсат қою.

  2. Қаржылық құрылымдармен бірге әрбір басылымның сметасын, кітаптар сериясын жоспарлау.

  3. Белгілі бір кітаптың басылымын жүзеге асыру, мұнда дизаин мен мазмұнына көп көңіл бөліну қажет.

  4. Басылымдарды ақшаға айналдыруға қатысу, жарнамалық акцияларды, проспектілерді жоспарлау, ақшаға айналдыру (реализациялау) нәтижесін зерттеу, келесі басылымдардың кейбір атауларының бағасын және мүмкін болатын өңдеулерді анықтау.

Бірақ қазіргі кезде PR қызметінің бұл міндетті реті үнемі жүзеге аса бермейді, сондықтан көптеген баспасөздердің жұмысы нәтижесіз және ойдағыдай деңгейде емес. Баспасөздегі PR-ның әлдеқайда өзекті мәселереін анықтау үшін олардың жеке қызметін алып қарастырайық.

Кеңестік кезеңде ірі баспасөздерде өз типографиялары болған, шағындары болса біреудің айналасына топталған еді. Ал кітап ісінің басқа бөлімдері – кітаптарды облыстар мен ауылдарға жеткізуді, реализациялауды қамтамасыз ететін «Қазақкітап», «Алматыкітап» және «Қазбаспасөз» сияқтылар қазіргі кезде төлемеушілік зардабын шегіп отыр. Бұл әрине бұрынғы тиімді ынтымақтастық пен өзара көмектің жоғалғанын көрсетеді. Мемлекет тапсырыс пен кітап өнімін шығаруды қаржылай қамтамасыз етті. Егер бұрын баспасөз мемлекет меншігінде болса, қазір ол жеке меншікке ауысты, бұл нарық жағдайларында өз бетімен күнелту деген сөз.

Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 баспасөз жұмыс істейді. Тапсырыстың жасалуы баспасөзге ұсынылған тақырып негізінде құрылады, ал баспасөз шығаруға мүмкіндігі бар әдебиеттер тізімін келтіреді. Жасалған тапсырыс негізінде кітап шығарудағы шығындарды жабу үшін бюджеттен бөлінетін дотация мөлшері есептеледі.

Бұл кітапты жекелеп ақшаға айналдыруды әлдеқайда ыңғайлы бағамен жүргізу үшін жасалады. әйтпесе жоғарғы еңбек пен материалдық-техникалық шығындар өнімнің өз бағасын қалың оқырман қауымға мүлдем тиімсіз қылады. Мысалы, кітап басылымның бүгінгі бағалары бір данасына 10-20, 100-300 теңгеден келеді. Бірінші жағдайда бұл брошюралар мен шағын форматтағы кітаптар, екіншіден ол көркем, арнайы ғылыми және юбелейлерге арналған көп томдық әдебиеттер.

Жоғарыда айтып өткендей дотациялар бюджеттен бөлінеді, ал соңғысының жағдайы қазіргі кезде мәз емес. Мысалы, 1998 жылы 8545, 88 учеттік баспасөз беттер көлемінде 798 кітап атаулары шықты, тиражы 6801000 дана. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша 6360, 12 учеттік баспасөз беттер көлемінде 560 атаулар, тиражы 6 357 250 данамен шықты, бұл 1997 жылда

30 %-ті құрайды. Қазақ тілінде 394 атаулар шықты (1997 ж 49 %); орыс тілінде 286 атаулар шықты(33,5 %). Сондай-ақ қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, ағылышн, түрік, француз, қытай тілдерінде кітаптар басылды. Отанымыз тарихының «ақтандақтар беттерін» толтыратын әдебиеттер әлдеқайда көбейді. өте сирек басылым – «Қазақстан ұлттық энциклопедиясын» шығару жұмысы басталды, оның бірінші томы 1999 жылдың сәуір айында жарыққа шықты. Сегіз айда мемлекеттік тапсырыс бойынша 2264 учеттік баспасөз беттері көлемінде 184 басылым, тиражы 972800 дана шықты. Оның негізгі бөлігі – оқулықтар.

әрине, шығарылатын тираж басылымына кітап басудағы бытыраңқылық пен жүйесіздік сияқты факторлар әсер етті. Бүгінде жеке баспасөздерде 5-6 адамнан жұмыс істейді: төлемеушіліктен қызметкерлер штаттары азаяды және бұл мемлекет даярламайтын жақсы мамандар жетіспеушілігіне қарамастан болады.

Мемлекеттік дотацияға үміт арту қажетсіз, яғни бұрынғы реализация жүйесі жоқ кезде бір шоғырда жұмыс істейтін ұйымдар арасында төлемеушілік орын алады, мұнда баспасөз тарапынан әлдеқайда тиімді шараларды іздеу және жүзеге асыру керек болады. PR жүйесін дұрыстау ауадай қажет. әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Францияда ірі монопольдік баспасөздер іштей жеке бағытта қызмет ететін тар кәсіптік секцияларға бөлінеді. Жеке меншік баспасөздер болса, әдебиеттегі бір-екі категория бойынша кітап шығарады. Қалай болғанда да мәселелер уақыт өте шешіледі.

Баға, қызметтер саны және аяқталған жұмыстың сапасы – типография қызметі осы үш факторлармен анықталады. Қызметтер санына байланысты типография төлемі бойынша бірнеше категорияларға бөлінеді. Олардың ең жақсылары графиктер мен дизайнерлер қызметі, корректураның жоғарғы сапасы, түрлі шрифттерді ұсынады және клиенттің ешқандай қолайсыздықты көрмеуін қамтамасыз етігу тырысады. Типографияның ең төменгі бағалы категориясында корректорлар жоқ, мұнда барлығын үлкен баспашы реттейді. Бұлардың арасында көптеген варианттар бар және мәселе мұнда: ыңғайлы бағадағы жоғарғы сапалы қызмет орындайтын типографияны жасау керек. Бұл да PR қызметкерінің міндеттеріне кіреді.

Типографиямен жұмыс істеуде бірнеше маңызды кезеңдерді көрсетуге болады, мұны да PR қызметкері табуға тиіс. Онымен оперативтік байланыста болған дұрыс, егер типография алыс болса, онда олармен байланыс орнатуда қалада оның өкілі болуының маңызы зор. Баспашылар конвейер принципі бойынша жұмыс істейді, бірақ олар мерзімнен тыс жұмыстарға, мысалы өте қажетті баслымдарды шығаруға әрдайым дайын болуы керек.

Көптеген типографиялар тапсырыс мерзімін үнемі орындай алмайды, бірақ егер баспасөз версткалауды кешіктермесе және жұмысқа барлық материалдарды тапсырса, онда PR қызметінің жұмыс графигін дәл орындауды талап ету құқығы бар.

Типографияның нашар жұмысына кешірім болу мүмкін емес. Сигналдық экземплярды өте мұқият зерттеп білу қажет, қателер мен брак болған жағдайда бүкіл тираждың шығуына дейін түзетуді талап ету керек. Қателер типографияның өз тарапынан болса, онда бұған қосымша төлем алынбайды. Қосымша шығынды қажет қылса да, маңызды жұмыстар кірбіңсіз орындалуы тиіс.

Басылымдағы маңызды өзгерістер верстка дайын кезде өте үлкен ысырапшылдық болып саналады және көпке дейін басылымның шығуын тоқтатуы мүмкін. Бұл кезеңді PR қызметкері бағдарламаны орындау пунктінде алдын-ала ойластыру керек.

Сондай-ақ «авторлық түзетулердің» төлемін есептеуді бақылауда ұстау керек.

Баспаханашы мамандар алдында күрделі мәселелер тұр: «Қазіргі заман кітабы қандай болу керек? Неге бейімделу керек? Жоғарғы табысқа, яғни көңіл көтеретін жаққа ма, әлде істің моральдік жағына талпыну керек пе? Кітап рухани байлық пен білімнің көзі болып қалу керек пе?» [12, 53 б.].

Бүкіл ғаламдық көлемде глобализация мен интеграция кезінде оқытудың жаңа технологиялары, білімді саналы меңгеру, сондай-ақ жүйелі менеджменттің жаңа білімі мен жаңа техникасы керек.

Кітап ісі қазіргі кезде түрлі аспектілер бірлігінде – техникалық-өндірістік, экономикалық, мәдени және құқықтық аспектілерде қолданылады. Қазірдің өзінде кітап өнімінің жаңа түрі – «Электрондық» кітаптарды айтып өту орынды, олар өз беттерінде әлдеқайда кең көлемдегі ақпаратты белгілі бір автордың шығармаларынан бастап бүкіл білім саласын қамти алады.

Қазіргі кезде ыңғайлысы – дамыған елдердің айтарлықтай бөлігін қамтыған компьютерлік жүйелер болып табылады. Компьютердің жадында кітап өмір сүрудің жаңа формасын қабылдайды.

Техникалық және технологиялық прогрестің осындай жағдайларында кітап бастырушылардың кадрларын дайындау мәселесі маңызды фактор болып табылады.


жүктеу 275 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау