Сурет 5.1 - Fastwel RTU188 микроконторллері
Жалпы мағұлмат
Арнайы жабдықталған микроконтроллер RTU188 тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жасалған. Бұл жағдайда негізгі талаптар келесідей болды:
Бір кристаллды микроконтроллерлер базасында жасалған құралдардың бағасына максималды жақындаған төмен бағасы;
IBM – PC мен сәйкестігі және енгізілген операциялық жүйесі;
Қажетті гальваникалық ажыратылатын аналогты және дискретті кіріс – шығыс каналдары;
Жұмыс температцрасының кеңейтілген диапазоны және жылытылмайтын және қадағаланбайтын бұйымдар қолданылатын обьектілерде қолдануға мүмкіндік беретін жоғарғы сенімділігі.
RТU188 микроконтроллерінің модулі автономды құрылғылар негізінде жасалған және желіге RS – 232/RS – 422/RS – 485 арқылы қосылуы мүмкін, ол контроллерді таратылған жүйелерде қолдануға мүмкіндік береді. RТU188 модулі DIN рельске немесе панельге орнатылуы мүмкін.
Супервизор және қорғаныс таймері.
Сенімділікті жоғарылату үшін контроллерде супервизор (коректену керенуінің ауытқуларын қадағалайтын микросхема) және қорғаныс таймері орнатылған. Супервизор, коректену сигналының кенеуі 4,6 В төмен болса RESET аппараттық синалын пайда болдарады немесе сброс кнопкасын басқан кезде.
Қорғаныс таймер программаның тоқтап қалуын болдырмау үшін қолданылады. Қорғаныс таймерінің істеуі программалық растаудың 1,6 с аралығында болмаған кезде қосылады.
Файлдық жүйесі: Модульде 512 кбайт ішкі статикалық оперативті жады және 512 кбайт флэш – жады бар. Осы көлемнің тек 256 кбайтын операциялық жүйе және BIOS алады.
Техникалық берілгендері: Процессор типі Am 188ES/40 МГц
BIOS: Fastwel Software ROM BIOS
DOS: MS DOS 6.22 сәйкестігі
Тізбектей кіріс – шығыс: Екі асинхронды тізбектей порт СОМ1 және СОМ2. СОМ1 порты RS – 232, COM2 порты RS – 232/RS – 485/RS – 422 желілерінде жұмыс істеуі мүмкін. Максималды ақпарат алмасу жылдамдығы 115200 бит/с.
Аналогты кіріс: Дәлдігі 12 бит диапазонындағы 0...5 В, 0...10 В, ±5 В, ±10 В, 0...20 мА 8 тасаланған аналогты кіріс дискретизациялау жиілігі 80000Гц.
Дискретті кіріс – шығыс: 16 тасаланған дискретті шығыс 24 В. 16 тасаланған дискертті ТТЛ кіріс – шығыс. 24 программаланатын дискретті ТТЛ кіріс – шығыс (UNIO24 – BS). 48 программаланатын дискретті ТТЛ кіріс – шығыс (UNIO48 – MX).
Коректендіру талаптары: ±5 В (±5%) коректену тогы 800мА.
Қолдану талаптары: Жұмыс тепературасының диапазоны -40 – тан + 850С. Салыстырмалы ылғалдылығы 95% ылғалды конденсациялаусыз.
Ақаусыз орташа жұмыс істеу уақыты: 120000 сағат.
Габариттік өлшемдері: 213х96 мм.
Операторлық интерфейс. Операторлық интерфейс түрлі – түсті ЖК – дисплей, басқару контурының көрінісін, тапсырма программаларын және басқа да аналогтық және дискреттік күйлерді түрлі диспелейлерде көрсету үшін, қолданылады.
Орындау құрылғыларын таңдау
Реттеу контурын тұйықтау үшін идеальды байланыстыратын звено “Метран” фирмасының реттеу клапандары болып табылады. Бұл реттеу клапандары шлакты өңдеу қондырғысындағы ағындарды басқару үшін қолданылады. Типтік клапандардың, мөлшерлердің, қысымның номинальды мәндерін және материалдардың толық қатарын, түрлендіргіштер және соңғы ауыстырып-қосқыштар сияқты қосымша құрал-жабдықтарды таңдаумен толықтырылады.
Барлық реттеу контурларында камарлы диафрагмалар және қысымдар айырмасын өлшейтін датчиктер қолданған. Орындаушы механизм ретінде электрлі бір айналымда орындаушы механизм қолданылды. Бұл құралдарды қоректендіру үшін 2-і және 4 каналды қоректендіру блоктары қолданылды.
5.2 Басқару жүйесінің ақпраттық функцияларын ендіру
Температураны өлшеу түрлендіргіштері
Алдыңғы реттегі датчиктерге қарағанда бұл датчиктер өте жақсы сипаттамаларға, үлкен дәлдікке орнатылған диагностика және сандық екі жақты байланысықа ие.
Температурыны өлшеу үшін «Метран» фирмасының ТХА және ТХК термоэлектрлі түрлендіргіштер қолданылды (поз. 1а-9а). Датчик су, ауа, түтінді газдар, бу температурасымен жұмыс істеу үшін қолданады. Прибор өртқауіпсіз және жарылысқа қарсы корпусы бар.
Термо электрлі түрлендіргіш –40-тан +1500°С үлкен аралығындағы температураны өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік жоғарғы температуралар зонасында температураны өлшеуге болады, яғни шаңды камерадағы түтінді газдардың, ауа жылытқыштардан кейінгі газ құбырдағы ауаның және түтінді газдардың температурасы.
Қолданылған ТХА/ХК сериялы термоэлектрлі түрлендіргіштердің келесідей артықшылықтары бар:
сезгіш элементтің термо электродтары лазерлі сваркамен пісірілген;
термо электрлі тұрақтылығы және жұмыс ресурсы жоғары;
жылулық энерцияның көрсеткіштері төмен;
жұмысшы ортаның әсерінен қосымша қорғау;
Қысымды өлшеу түрлендіргіштері
Қысым үздіксіз технологиялық процестегі негізгі параметрлердің бірі болып табылады. Қандай да болмасын өндірісте қысымды өлшеу қажеттілігі туындайды.
Қысымды өлшеу үшін «Метран» фирмасының датчиктері алынды. Бұл модельдер кез-келген қысым датчиктерін ауыстыра алады.
Қысымды өлшеу үшін (0,1…2,5МПа) Метран 100 ДИ сериялы датчиктер таңдалынды (поз. 10а-21а). Датчиктердің артықшылығы – ұзақ уақытты тұрақты сигнал, түрлендірудің жоғарғы дәлдігі, кез-келген жоғарғы шекке икемдеу мүмкіндігі, қоршаған орта температурасының өзгеруіне төзуі, вибрацияға төзімділігі, ұзақ уақыт жымыс істеуі.
Шығынды өлшеу түрлендіргіштері
Шығынды өлшеу үшін бірінші түрлендіргіш ретінде стандартты камералы диафрагма қолданылады (поз. 22а-31а). Ұсынылған түрлендіргіштердің конструкциясы қарапайым, сенімділігі жоғары, өлшеу жылдамдағы жоғары, қолдану аймағына байланысты өлшенетін ортаның сипаттамасына сай келеді.
Диафрагмалардан алынатын қысым айырмашылықтарын түрлендіру үшін және шығынды өлшеу үшін Метран-100 ДД сериялы датчиктер қолданылады. Ұсынылған сериядаға датчиктердің мүмкіндіктері жоғары және импульсті таңдау орнында орналасады (поз. 22б-31б). Барлық ұсынылған приборлар, «Метран» фирмасымен жасап шығарылады, берілген кластағы приборлар қазіргі әлемдік стандарттарға жауап береді және сәйкестік сертификаттары бар.
Датчиктің артықшылықтары болып табылады: тиімділік, минималды қызмет көрсету, монтаждау қарапайымдылығы, сенімділік.
Шешім
Құрылып жатқан автоматтандырылған жүйенің мақсаты энергия сақтау үрдісінің басқару технологиясын жаңарту болып табылады, шлак ертінділері белгілі режим арасында жұмыс істеп тұрған пештің шығаратын өнімінің максималды шығысын қамтамасыз ету қажет.
Мыссыздандыру бөлімшесінде автоматты реттеу жүйесін ендіру келесі міндетерді шешуге мүмкіндік береді.
– шығарылған өнім сапасын жоғарылату;
– шикізат шығынын және қосымша метериалдар, электроэнергия шығындарын төмендету;
– технологиялық қондырғылардың өнімділігін жоғарлату.
– үздіксіз үрдістен шығатын өнімнің сапасын бақылау және тиімді ұйымдастыруды тіркеуі;
Автоматтандырудың техникалық құралдар жиынтығын таңдағанда біріншіден бұл жобада кәсіпорында бар барлық басқару, өлшеу, түрлендіру, сигналдау, блокирлеу, ақпараттарды көрсету құралдарының барлығын максималды қолдану авотматтандыруға кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
6 Автоматтандырудың принципиалды схемаларын жасау
Принципиалды электрлік схемалар құралдардың толық құрамын, аппараттар мен қондырғылардың (сонымен қатар олардың арасындағы байланысты), басқару амалдарын орындау жұмыстарын, реттеуді, қорғауды, өлшеу мен сигналдауды анықтайды. Автоматтандырудың принципиалды схемасы жалпы түрде автоматтандыру құралдардың және көмекші бөлімдер арасындағы байланысты көрсетеді. Принципиалды схемалар функционалды схемалар негізінде құрылады. Бақылаудың жеке түйіндері берілген функционалдау алгоритмін сигналдау, басқару және автоматтандыру объектісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар.
Жалпы түрде принципиалды схемалар:
автоматтандыру жүйесінің кез-келген түйіннің жұмыс істеу принціпінің шартты белгіленуі;
түсіндірмелі жазбалар;
берілген схеманың жеке элементтерінің бөліктері (приборлар, автоматтандыру құралдары, электр аппараттары) басқа схемаларда пайдаланылатын, және де басқа схемалардан алынатын құрылғылардың элементтері;
көп позициялық құрылғылардың ауыстырып-қосқыш контактілі диаграмалары;
схемада пайдаланатын приборлар, автоматтандыру құралдары, аппаратар;
берілген схемаға қатысты сызбалар, жалпы түсініктемелер және қолданылуы.
Принципиалды схемалар басқа жобаның құжаттарының негізісі болып табылады: монтажды таблицалар, щиттер және пультар, сыртқы қосылыстар және т.б.
Автоматтандырудың принциипалды схемасын жасаудың қажеттілігі автоматтандырудың бөлек құралдары мен олардың автоматтандыру жүйесінің функциональды құрамына кіретін қосалқы құралдардың тізбектелген жұмысын ескере отырып толықтырылған және көрнектелген өзара байланыстылығын және жұмыс істеу принципін көрсетеді.
Жобаланып жатқан схеманың қарапайымдылығы және тиімділігі стандартты, арзан аппаратураларды және типтік түйіндерді қолдануымен қамтамасыз етіледі.
Принципалды схемаларды өңдеу кезінде бірнеше реттеу контурынан тұратын аралас АРЖ таңдау және онда барлық элементтердің қызметін, олардың арасындағы байланыстарды көрсету керек.
Температураны өлшеу үшін Метран фирмасының ТХА 4096 датчигінен шығатын сигнал 4-20 мА соның ішіне орналастырылған түрлендіргіштерге, кейін RТU188 микроконтроллеріне, бұл жерде түсетін ақпаратқа байланысты сигнал туындап, ол электропневматикалық түрлендіргіш «Технограф 160» арқылы Метран фирмасының 32ки915бк клапанына беріледі.
7 Операторлық басқару орнын жобалау
7.1 Оперторлық басқару орнының құрал жабдықтарын таңдау және негіздеу
Операторлық басқару пункті оператордың жұмыс істеуі үшін бөлмелер комплексін және операторлық жабдықтардың орналастырылуын көздейді.
Мыс штейнын алу қондырғысында басты мәселе оперативтік бақылау мен басқарудың сапасын жақсарту мақсатындағы оперативтік персоналдық жұмысының қолайлы жағдайын жасау болып табылады. Бұл мәселенің шешімі операторлық пунктты жобалауда өзінің көрінісін тапты. Операторлық пункт өндірістік ғимараттың Е – И; 4 – 4/2 осьтерінде 4.200 белгісінде орналасқан (5 сызуды кара).
Автоматтандыру жүйесінің қалқандары бақылау және технологиялық процесті басқару құралдарын, бақылау - өлшеу құралдарын, сигналдау құрылғыларын басқару, автоматты реттеу аппаратураларын, қорғау, блокирлеу арасындағы байланыс тізбектерін орналастыру үшін қажет.
Көркемдеу мен оператордың жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланның сыртқы бетінің түсі –2 варианты. Берілген курстық жобада қолданылатын қалқандарды келесі ұсыныстар бойынша таңдалады:
қалқандарың V климаттық орындалуы болуы керек, орналастыру категориясы ГОСТ15150–69;
қалқандардың ток жүретін бөліктерінің жанасудан, бөтен заттардың түсуінен және судың тиюінен қорғаныс дәрежесі IP00 – ге сәйкес келуі керек;
қалқандарды келесі шарттарға байланысты пайдалану керек:
қоршаған ортаның температурасы 25 – 300С;
200С температура кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% және 250С температура кезде 80%;
теңіз деңгейінен биіктігі 1000 м-ден аспауы керек;
қалқан жабық операторлық бөлмеде пайдаланылады.
Жоғарыда айтылған талаптарды ескеріп, берілген жобада бірінші орындаудағы панельді қалқан қолданылды ЩПК – 1 – 2200х800х600 УХЛ 3.1 ТУ 4236-005-1123 3753-99.
7.2 Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру
ТПАБЖ операторының қызметі – ТБО-нің күйін сипаттайтын типті процедуралар мен іс әрекеттерге баға берe, тапсырманың координаталарының ауытқуларын өңдеу, орндаушы механизм және АРЖ әсер етуіне шешім қабылдау, ақпаратты қабылдау, тарату және т.б.
Автоматтандыру және бақылау – өлшеуіш құралдарын үйлестіргенде, қондырғы үшін жобаланған қалқанның алдыңғы панельдерінде келесі факторлар ескерілген:
жобада қабылданған басқару обьектісін ұйымдастыру;
шығарулардың орналасуы;
тағайындалған аспаптар саны;
монтаждау және пайдалану ыңғайлылығы;
электрлік желілерді монтаждау және жөндеу ыңғайлылығы.
Бұдан басқа үйлестірген кезде жобаланылатын қалқаның сыртқы көрінісінің эстетикасы қаралған. Автоматтандыру қалқанында габариттік өлшемдері және сыртқы көрінісі бірдей, бұл кезде автоматтандыру құралдарының биіктігі бойынша орналастыру есепке алынған.
Автоматтандыру қалқандарында кезекші оператордың параметрлердің жазып алу үшін ыңғайлы етіп орналастырылған.
Қалқандардың, пульттердің және басқару есептегіш комплексінің, сонымен қатар операторлық пункттегі операторлық үстелдің орналасуы оператордың жұмысын ыңғайлы және керекті ақпаратты көрнекі етіп бейнелеуді камтамасыздандыруда шешуші роль атқарады.
Операторлық пункттің бөлмесіндегі желілер тасаланған. Оперторлық бөлмедегі өткізгіштердің шығысы тығыз және талаптар мен ұсыныстаға сай келеді.
Қалқандық бөлменің қабырғалары ашық-сұр немесе ақ түске силикатты бояумен сылау ұсынылады. Еденнің түсін қабырғалардың түсімен бірдей және ол үшін поливинилхлоридті линлеум, релин плиталы матреиал қолдану ұсынылады.Операторлық бөлменің төбесі қабырғалардың түсімен бірдей болуы ұсынылған. Алдыңғы панель операторға фронтальды жазықтықты құрайтын қалқандар бір қатарда орналасқан. Қалқанның монтаждау зонасының үстіңгі бөлігінде реттелетін параметрдің шектеулі мәнінен ауытқуы туралы жарықтық сигналдауды беретін сигналдау таблосы орналасады.
СНиП талаптарына сәйкес оператор бөлмесі “Д” дәрежесіне сәйкес және құрылыстар мен ғимараттарды жобалаудың өртке қарсы және жарылысқа қарсы нормаларына келісілген дәрежесі бар.
Жұмыс орнын ақпаратты көрсету және бақылау құралдарымен тұтастыру, жалпы алғанда автоматтандыру объектісінің жағдайы туралы, оған жедел ақпаратты ұсыну негізінде шлакты өңдеу қондырғысының басқару тапсырмаларын шешу логикасымен тығыз байланыста.
Автоматтандыру объектілерін басқаруда туындайтын тапсырмалардың көп түрлілігінен ақпараттық модельдердің барлық түрлерін тұрғызу қиын, сондықтан жұмыс орнын жобалау ТПАБЖ операторына кейбір ақпаратты ұсыну жүйесінің негізделген (типтік) модельдеріне қолданған құралдары бар.
Жедел персоналдар үшін техникалық құралдарға қолайлы климаттық жағдай жасау бойынша мәселелер шешілген. Оператор бөлмесінде табиғи және жасанды жырық түсіру, кондиционерлеу, желдету қарастырылған. (6)
7.3 Автоматтандыру құралдарының және желілердің орналасу жоспары
Шиттерді және автоматтандыру жабдықтары мен приборлары бар стативтерді орналастыру арнайы бөлмелердің қолдану жағдайлары және өлшемдері, орналасуы РТМ 2529883.23 және ВСМ 205-84 талаптарына сәйкес орындалады. Шиттік бөлменің орналасуын таңдауда технологиялық үрдістің ерекшеліктерін, өртке қарсы талаптар нормасын, объектті ыңғайлы басқаруды ескеру қажет.
Жобада бақылау және өлшеу құралдары және автоматтандыру жабдықтарды орнату үшін бөлек бөлмелер қарастырылған. Бұл бөлме өндірістік бөлмелерден оңашаланған, оператор орны ретінде орындалған, бөлмеде бақылау және өлшеу құралдар шиті орналастырылған.
Шиттер күндіз терезеден сәуле түспейтіндей етіп орналасқан, басқару станциясы бөлме ортасында орналастырылған. Дисплей және шиттер операторға қаратылып орналастырылады.
Контроллер екі порт арқылы байланысады, біріншісі компьютерді қосу үшін – RS 232 және келесісі оператор интерфейсін қосу үшін. Кестеде компьютерді және контроллерді байланыстыратын байланыс тізбегі көрсетілген.
Кесте 7.1 - Компьютердің контроллермен байланыс тізбегі
Байланыс тізбегі
|
Байланыс түрі
|
Контроллер портынан
|
Компьютер портына
|
Компьютер
|
RS 232 немесе RS 485
|
COM1 немесе COM2
|
Компьютердің тізбекті портына
|
АБЖ комплексіне ақпаратты бейнелейтін монитор кіреді. Монитор экранында оператор, өзі басқаратын процестің кез-келген бейнеленуін ашып көріп, ондағы қондырғылардың жұмыс істеуі немесе тоқтап қалуы, ақауларды т.б. бақылап отырады.
Оператор интерфейсі адам және контроллер арасындағы қарым-қатынас құралы, яғни ол екі деңгейде, бірінші деңгейде контроллердің жұмыс істеу режимі таңдалады, тапсырманың және қолмен басқарудың сигналы өзгереді, технологиялық параметрдің шамасы бақыланады, ал екіншісінде контурды статикалық және динамикалық орнату параметрлері мен басқару алгоритмі таңдалады.
8 Басқару объектісіндегі техникалық құралдар кешенін жобалау
8.1 Түрлендіргіштерді және басқару құралдарын монтаждау
Біріншілік құрылғыларын, датчиктерді, орындаушы механизмдерді техникалық қондырғыда және құбырларда монтаждау үрдістің технологиялық схема негізінде жүргізіледі.
Құбырлардағы температуралық ортаны өлшеу үшін 120, 125, 320, 250, 800 мм монтаждық бөлігі бар термотүрлендіргіш датчитер қолданылған. Олар техникалық документацияға байланысты құрастырылады.
Температура өлшеу құралдарын монтаждау бобышкалар көмегімен орындалған. Бобышка – түрлендіргішті бекіту үшін оймасы бар, технологиялық құбырға немесе аппаратқа пісірілетін бөлшек. БП1-М20*1,5-55УХЛ3,1 маркалы түзу бобышкалар таңдалынған. Түзу бобышкалар D > 76 мм құбырларда немесе технологиялық аппарттың металды қабырғасында орнатылады. Бобышка биіктігі БП1-55 мм. Бобышка биіктігін технологиялық құбырдың немесе аппараттың изоляция қалыңдығына байланысты таңдайды.
Технологиялық қондырғыларда және құбырларда қысым өлшеу құралдары өлшенетін ортаның қысымын үздіксіз бақылау және реттеу үшін қолданады.
Құбырлардағы газ қысымын өлшеу құралдары құбырдың жоғарғы бөлігінде орнатылады. Жобада қысымды бақылау және өлшеу үшін ДМ 2010 манометрлері орнатылған бұл манометрлер құбырладағы қысымды өлшейді, көрсетеді және сигналдайды.
Құбырлардағы артық қысымды бақылау үшін Метран-100-ДИ датчиктері қолданылады.
Шағылғыш пеште, миксерден және ауа жылытқыштың артындағы газ құбырда сұйылтуды өлшеу үшін датчик-реле тяги ДЕМ-107, көрсету құралы мембранды тягонапорометр ТНМП-52-М2 қолданады.
Шығындарды өлшеу стандартты сығылу құралдары – ДКС типті диафрагма арқылы жүзеге асады. Камерлі диафрагма маркасы ДКС-0.6-50 және 200. Диафрагмалар арнайы қойылған фланецтерде құбырды тазалап орнатып болған соң орнатылады. Диафрагмаларды олардың жұмыс жағдайында корпусындағы белгілеулерге қол жеткізуге ыңғайлы етіп орнатылады. Сығылу құралдары құбырдың тек түзу бөліктерінде ғана орнатылады, өлшенетін ағындар құбырдың көлденең қимасын толығымен толықтырып тұруы керек. Бұл диафрагмадан шыққан сигналды құлама қысымды өлшейтін Метран 100-ДД датчиктері қабылдайды. Ал көрсету құралы ретінде ДУП-М типті дистанционды күй көрсеткіші қолданады. Орындау механизмдері МЭО-250/63 типті бір айналымды электрлі орындаушы механизмдер қолданады.
8.2 Электрлік және құбырлық желілерді монтажаду.
Автоматтандыру жүйесінің элетр желіері үшін изоляцияланған мыс және қалайы талшықты кабельдер қолданады. Электрлік және құбырлық желілердің құрылыс конструкциялары мен техникалық қондырғыларға қатысты орналасуы құралдар мен желілердің орналасу схемасында көрсетілген.
Құралдар мен аппараттардың жанында оның спецификация бойынша нөмірі көрсетілген. Барлық электрлік және құбырлық желілердің сыртқы қосылыс схемасымен байланысты нөмірі бар. Монтаждық материалдар мен бұйымдар тізіміне желілерді төсейтін және бекіту материалдары кіреді, яғни монтаждық тіреулер мен кабельдік полкалар.
Электрлік желілерді жалғанатын құралдары мен автоматтандыру құралдары арасын ең қысқа ара қашықтықта және минималды бұрылыстар мен қиылысулар санымен төселеді. Желілерді техникалық құралдары мен электр құралдарының жоғары температурасы бар жерлерден қашықтатылады. Трассалар кабельдер мен желілердің аз жұмсалу есебімен таңдалады. Басқару және бақылау тізбектерін электр құралдарының тізбектерімен бірге төсеу қолданылады.
Автоматтандыру құралдарының электрлік желілері үшін изоляцияланған кабель және желілер қолданылады.
Барлық металды электрлік және құбыр желілерін монтаждауда қолданатын құрылымдар жерге қосылады. Шиттен тыс орналасқан құралдарды қоректендіру үшін КВВГ типті кабельдер қолданады. Электро желілер авариялық жағдай кезінде изоляцияның жанып кету мүмкіндігін туғызады, сондықтан кабельдер изоляциясы 500 В-тан кем емес кернеуге есептелініп алынуы қажет.
Желілер мен кабельдерді таңдаған кезде олардың қоршаған орта жағдайы есепке алынады.
Басқару, қоректендіру, сигналдау мақсатында ГОСТ-1508-78 бойынша АКВВГ және КВВГ типті кабельдер қолданды. Олардың қимасы 1,5 және 2,5 мм2. Термоэлектрлі түрлендіргіштер тізбегі үшін ПТВ-ХА және ПТВ-ХК компенсациялайтын кабельдерді қолданған жөн. ПТВ сымдары ГОСТ-24335-80 бойынша таңдалынды.
8.3 Монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және оларды жүргізудегі техника қауіпсіздігі
Автоматтандыру жүйесін монтаждау СНиП нормаларымен жүргізіледі және технологиялық қондырғыларда және пештерде автоматтандыру жүйесі мен приборларының жақсы жұмыс істеуі, дұрыс және сапалы монтаждауға тәуелді болады.
Қазіргі монтаждау өндірістері көптеген ұйымдастыру және техникалық сұраныстарды шешуге тура келетін көптеген өзара байланысты жұмыстардан тұрады. [8].
Осыған байланысты монтаждау жұмыстарын тораптарды басқару және жоспарлау әдісімен жүргізу тиімді. Бұл әдістің негізіне барлық сұраныстарды өзара байланыстылығымен тізбектелген және берілген комплекстің жұмыстарының орындалуын көрсететін тораптық модель жатады.
Жұмысты жүргізудің негізгі қауіпсіздігі ережесін келесі нормативтік құжаттарда қарастырылады:
ГОСТ және жұмысты қауіпсіздендіру стандартты жүйелері.
СНиП ІІІ–4-80: өндірісте еңбектің қауіпсіздік техникасы; тұтынушылардың электр желілерін техникалық қолдану ережелері және тұтынушылардың электр жабдықтарын техникалық қолдану ережелері; приборлары мен пульттарын орналастыру бөлмелері барлық керек емес құрылыс конструкцияларынан, элементтерінен босатылу керек; қалқан мен пульттардың және олардың бөлек түйіндерін жинау, оларды орналастыру және қозғалту процестері кезінде, аударылу қауіптігіне қарсы шаралар ескертілу керек; салмағы 5 кг – нан асатын приборларды бір адамның қалқандарда монтаждауына және приборларды сатыға мініп монтаждауына тыйым салынады. [4]
Автоматтандыру құралдарының электрлік өткізгіштері үшін изоляцияланған кабель және өткізгіштер қолданылады.
Техникалық талаптар:
Монтаждалатын приборлар мен аппараттар позициясы, құбырлар мен кабельдер типі мен номері сыртқы электрлі және құбырлы өткізгіштер схемаларына сай келеді.
Желілер позициясының шығысында құбылар және кабельдердің маркасы көрсетілген.
Монтаждау кезінде электрлі және құбырлы өткізгіштердің орналасуын нақтылау.
Автоматтандыру құралдары мен приборлардың монтажын СНиП 3.05.07. – 85. сәйкес орындау.
Автоматтандыру құралдары мен приборларын тексеру кезінде мынадай сақтандыру шараларын орындау керек. [14]
а) Электр приборларымен реттегіштерді тексеру үшін қосу, тек қана барлық приборлардың, аппараттардың және басқа схема элементтерінің қосу контакторы жобаға сәйкес және сенімді болуы керек, сонымен бірге ескерту плакаттары іліну керек.
б) Ток жүретін бөліктерінің жанында адамдардың жоқтығына көз жеткізу керек.
Құралдарды тиімді күтуді сапалы ету үшін және оларды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін жұмысшылар өндірістің технологиялық ерекшеліктерін анық білуі керек, қауіпсіздік техникасын және еңбек ережесін қатаң сақтау керек.
Автоматтандыру құралдарын және жабдықтарын және электрлі және құбыр желілерді қолдану және монтаждау кезінде еңбек қауіпсіздігі ұйымдастыру және техникалық шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оның негізін еңбек қауіпсіздігі стандарттары және қауіпсіздік техникасы талаптар жүйесі құрайды.
Қазіргі жүргізіліп жатқан монтаждау өндірісі көп өз ара байланысқан жұмыстарды қамтиды.
Осыған байланысты монтаждау жұмыстарын жүргізу жүйелі басқару және болжау әдісімен жүргізу тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |