Кәсіпорындағы жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды ескертуді ұйымдастыру жұмыстары еңбекті қорғау қызметіне жүктеледі.
Еңбекті қорғау қызметі келесі функцияларды орындайды:
– өндірістік жарақаттың және кәсіби сырқаттардың себептері мен жағдайларына талдау жасау, кәсіпорындағы жазатайым жағдайларды ескерту шараларын жобалайды және олардың орындалуын бақылайды;
– кәсіпорындарда жұмыс орындардағы санитарлы-техникалық жағдайды тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
– еңбекті қорғау шараларын орындау үшін қажетті арнаулы киімдерді, арнаулы құрылғыларды және т.б. жеке қорғаныс құралдарды алуға сұранымдардың дұрыс жасалуын бақылау;
– кіріспе нұсқау өткізуді және жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойыенша ГОСТ 12.0.004-93 сәйкес оқытуды ұйымдастыруды жүргізеді.
Жалпы жоспардағы цехтардың орналасуы, ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік – жоспарлау шешімі
Өндірістік цехтің орналасуын жобалау технологиялық үрдісті тиімді жүрізуді қарастырады. Жобалау мақсаты – болашақ өндірістік үрдістің қалыпты жағдайда өтуін және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру.
Жоба құрылысы келесі бөлімдерді қамтиді:
– өндірістік кәсіпорын аумағындағы ғимараттардың, құрылыстардың және зауыт ішіндегі көлік жолдарының орналасуы;
– технологиялық, механикалық және көтеру көліктерінің және құралдарының тиімді орналасуы.
– жұмыс орындарын өнімді ұйымдастыру;
– жұмыс бөлмелері ішіндегі температура мен ылғалдылықты тұрақты етіп ұстау.;
– жұмыс орнының қажетті жарықпен қамтамасыз ету;
– өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтардың жиналу орындарын жою және бөлме ішін тазалау;
– жұмыс орындарындағы өндірістік шуларды және технологиялық қондырғылардың дірілдеулерін төмендету;
– зияндылығы, шуы жоғары және жарылыс пен өртке қауіпті өндірістердің жұмыс орындарын оқшаулау;
– жұмысшыларға арналған тұрмыс бөлмелерін арнайы құралдармен жабдықтау;
– өндіріс аймағын көгалдандыру.
Құрылыс жүргізу аймағының сипаттамасы:
Келесідей инженерлі-геологиялық шарттар қабылданды;
климатты аймақ ІV Г;
суық күндердің орташа температурасы минус 25°С;
суық периодтың орташа температурасы минус 6°С;
нормативті ауа тегеуріні – 0,38 кПа;
нормативті қарлы қысым – 0,50 кПа;
нормативті топырақтың катқақтау (промерзание) тереңдігі – 0,45м;
Аралық трансформатордың өрт қауіптілігі бойынша «В» категориясына жатады. Ғимараттың отқа төзу дәрежесі – ІІ;
Құрылыс жүргізу аймағының сейсмо тұрақтылығы – 8 балл.
Кесте 12.1 - Цехтың негізгі бөлімдерін топтастыру
Бөлімнің аталуы
|
Бөлмелердің және ғимараттардың жарылыс қауіптілік бойынша дәрежесі
|
Электро-қондырғылары бойынша бөлмелердің және сыртқы қондырғылардың топтасуы
|
Өндірістік объектердің, өндірістік үрдістердің санитарлық сипаттамасы
|
бөлменің тобы
|
қоспалардың жарылыс қауіптілік тобы
|
Энергия сақтаушы Мыс штейнын өңдеу қондырғысы. өндірістік бөлмелер (сыртқы қондыру)
|
«Г» шаңды категория
|
өртке және жарылыс қауіпсіз
|
жоқ
|
2
|
Оператор бөлмесі
|
«Д» қалыпты
|
-
|
-
|
1А
|
Трансформаор бөлмесі
|
«В» қалыпты
|
П-1
|
-
|
1В
|
Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау – еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.
Қорғасын және басқа металлдарды алу мақсатында өндірістік үрдісті жүргізгенде жұмысшылар денсаулыққа зиянды заттармен жұмыс істейді. Мыс штейнын өңдеу пешінде, миксерде және энергия сақтаушы барабанда пайда болатын аур метарлдар қоспаларының шоғырлануы жоғары, сондықтан олардың химиялық құрамы тұралы ақпараттар қажет. Толық химиялық құрамды орталық химиялық лаборатория бақылайды. Ол қосымша ауа алмасу жүйесінің жұмысын бақылайды, газдар талдауын жүргізеді, цехта зиянды заттардың құрамын бақылайды.
Аналитикалық бақылау өндірістік лабораторияда жүргізіледі. Ол технологиялық газдардың барлық шаң ұстау қондырғыларының жұмысын бақылап отырады, жұмыс аймағында және тазалық-жұмыс аймағында ауадағы қорғасынның, мырыштың және басқада кәсіби зияндардың құрамын зерттейді, және де технологиялық үрдіс кезінде пайда болатын шайынды сулардың сапасын бақылайды. Бұл сулар құбырларда тұздардың және т.б. қалдықтардың тұнуына себепкер болады. Бұл дегеніміз су айналымының бұзылуына әкеліп соқтырады, құбырлардың және канализационды құбырладың толып қалуына әсер етеді. Осы және басқада күрделі қиыншылықтарды шешу осы дипломдық жоба есебіне кіреді. Кәсіпорында санитарлы–техникалық жағдайларын тиімді етіп жасау маңызды мідет болып табылады.
Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды комплексті зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.
Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмасы, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.
Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың комплексті жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зинды факторларды жобға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.
Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.
Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.
Ауа алмастыру
Жұмыс орындарында қалыпты метеорологиялық жағдайларды және ауа тазалығын қамтамасыз ету дұрыс ұйымдастырылған ауа алмастыру жүйесіне байланысты. Ауаны алмастыру арқылы бөлмедегі ауаның температурасын, ылғалдылықғын және тазалығын реттеуге болады. [10].
Жобалау кезінде қазіргі қолданылып жатқан ауа алмастыру жүйесін максималды қолдану қажеттілігі қарастырылған.
Оператор бөлмесінің ауа алмасуы қазіргі бар жүйемен жүргізіледі.
Трансформатор бөлмесінде қабырғаның жоғарғы бөлігінде орналасқан терезе арқылы табиғи ауа алмастыру жүйесі ескерілген.
Ауаның қозғалу әдісіне байланысты ауа алмастыру табиғи және жасанды түрін ажыратады. Табиғи ауа алмастыру кезінде ауа табиғи факторлар, жылулық тегеуріні және жел әсерлері нәтижесінде іске асады. Механикалық ауа алмастыру кезінде ауа вентиляторлар, инжекторлар және т.б. көмегімен іске асады.
Ауаның алмасуы және конденсациялануы өндірісте еңбек тазалығы ережелеріне сәйкес келетін ауалық ортаны жасайды. Ауаның конденсациялануы қажетті жасанды ауа райын жасайды.
Өндірістік бөлмелердегі кенеттен үлкен көлемдегі зиянды заттардың шығарылуы кезінде авариялық ауа алматыру жүйесі қарастырылған. Авариялық ауа алматыру үшін өнімділігі жоғары болып келетін вентиляторлар қолданады. Оларды арнайы бөлмелерде орнатады. Қазіргі таңда кәсіпорында автоматты қосылатын және дыбысты белгі беретін авариялық ауа алмастыруды жүйесін орнатылуда.
Бөлмелердің жұмыс аймағындағы газ және бу шоғырлануын бақылау әмбебеп газ талдағышпен жүзеге асырылады. Ауадағы шаңның құрамын аспиратор көмегімен анықтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу үшін психрометрлер қолданады. Ауа алмастыру жүйесін тексеру және жүйеге келтіру мақсаты өндірістік бөлмелерінде санитарлы ережелерге сәйкес ауа ортасының күйін қамтамасыз ету. Ауа алмастыру қондырғыларын тексеру мақсаты олардың өнімділігін анықтау және осы қондырғыларды ары қарай қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Ауа алмастыру қондырғыларының мақсаты бөлмелердегі ластанған ауаны алып тастап және оны таза ауамен ауыстыру. Ауаны тексерудің нәтижелері ауа алмастыру қондырғыларының тиімді және белгіленген сипаттар бойынша жұмыс жұмыс істеуін қадағалау.
Бөлме ішіне берілетін ауа алмасу жүйесі негізінен ауа қабылдағыш қондырғыларынан тұрады. Олар ғимараттардың сыртында, ауасы таза жерлерінде орнатылады. Олар қажетті ауа көлемін алу және қажетті жерге жеткізу, ауа тарату жүйесінен тұрады. Ауаның қозғалысы вентиляторлар мен инжекторлар көмегімен жүзеге асырылады.
Ауаны бөлме ішінен сорып шығаратын ауа алмастыру жүйесі ауа сорғаштармен жабдықталған. Олар шығарылатын ауаны сорып алып, оны шығарып тастау жеріне тасымалдайды. Атмосфераға шығарылатын шаңды ауа санитарлы нормаларға сәйкес болмаса оны арнайы фильтрлермен тазалайды. Ол үшін кәсіпорында УРФМ-2 фильтрлері орнатылған. Бұл фильтрмен тазаланған газдар және булар санитарлы нормаларға сейкес болып келеді.
Эргономика және техникалық эстетика
Өндірісте адамды қоршап жатқан сыртқы орта адам ағзасына, оның физиологиялық функциясына, психикасына, еңбек өнімділігіне әсерін тигізеді.
Эргономика «адам – еңбек құралы – өндірістік орта» жүйесін біріңғай үрдіс ретінде зерттеп оны тиімді ұйымдастыруды көздейді. Ол ғылыми – негізделген ұйымдасу техникалық талаптарды жасу және еңбек құралдары мен үрдістерді жеке адам ерекшеліктерін ескеру арқылы есептеуді енгізеді.
Өндірістік ортаның сапасын бағалауда келесі эргономикалық көрсеткіштер қолданылады:
Тазалық – жарықтандыру дәрежесі, температура, ылғалдылық, қысым, шаңдылық, шу, діріл және т.б.
Физиологиялық – қондырғының адам сезім мүшелерінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтайды. Олар адамның жұмыс қозғалысының жылдамдығына және көлеміне, көру, есту, түйсік, дәмдік және сезім ақпаратының сезім мүшелеріне түсетін көлемдеріне әсер етеді.
Психологиялық – қондырғының адамның психологиялық ерекшелігіне сәйкес келуін қадағалау. Психологиялық көрсеткіштер бекітілген және жаңа қалыптасқан адам дағдысының сәйкес келуін және оның мүмкіндігі мен ақпаратты өңдеуін сипаттайды.
Өндірістік эстетика жоспарлы құрылысты безендіру және технологиялық эстетика болып бөлінеді. Жоспарлы эстетикаға бөлмелердің өзара байланысы, орналасуы, өлшемдерінің құрылысы кіреді. Ол адамдардың, көліктің, жабдықтардың қозғалысы қысқа жолды болуын, дамытылған технологияны ендіру үшін және еңбек өнімділігін жоғарылату үшін жағдай жасау қажет.
Құрылысты безендіру эстетикасында жарықтандыру құрылысы, қабырғаның, төбенің және басқа бөліктерді сырлау, бөлмелерде көркемдік эстетикалық бейнені жасау кіреді технологиялық эстетика жабдықтарды, өту жолдарды, байланыс жолдарды және т.б. таңдауды және орналастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |