Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба



жүктеу 10,35 Mb.
бет76/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78

14 Бизнес-жоспар
Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: Жазғы дизель отынын өткізудің бизнес-жоспары.

Фирма аты: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Говоров көшесі, №1. Байланыс телефондары: 8 (312 2) 25-90-32, 25-90-33.

Жобаны жасағандар: Алтаев Р., НГ-02-1к1 тобының студенті.

Жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Дәуренбек Н.М.

Бизнес сферасы: Мұнай өнімдерін өндіру және сату.

Қызметтің негізгі түрлері: Отынды нұсқасы бойынша мұнайды өңдеп, экологиялық таза түрлі жоғары сапалы өнімдерді өндіру.

Басталу мерзімі: Атырау мұнай өңдеу зауытының негізі 1943 жылы қаланды, ал 1945 жылы дизель отынының алғашқы өнімі алынды. Зауыт Жапония технологиясы бойынша қазіргі заманға сай толық жетілдіріліп, 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап пайдалануға берілді.

Бизнес-жоспар бір жылға есептеліп жасалынған.
Түйін
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) – Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы жоғары октанды әрі сапалы бензин, экологиялық таза жазғы және қысқы дизель отынын, мазут, уайт-спирит, кокс, мұнай битумы, сұйылтылған және құрғақ газ, алкилбензин, синтетикалық жуу заттарын өндіретін мамандандырылған кәсіпорын. «Атырау МӨЗ» ЖШС Жапония технологиясы бойынша жетілдіруден кейін ТМД аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарының арасындағы технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың техникалық деңгейіне қатысты қазіргі заманға сай озық технологиялы мұнай өңдеу зауытына жатады. Зауытта, соның ішінде дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысында АҚШ (UOP), Жапония (JGC Corporation) және батыстың басқа да белгілі фирмаларының құрал-жабдықтары орнатылған.

Ұсынылып отырған жобада жазғы дизель отынын өткізудің бизнес-жоспары қарастырылады. Дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысында Eвро-2005 стандартына жауап беретін құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін азайтылған экологиялық таза жазғы дизель отыны өндіріледі. Жазғы дизель отыны Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларындағы жанармай құю бекеттері арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы автомобиль көлігінің паркі дизель отынына жаппай өтуіне байланысты дизель отынына деген сұраныс өте көп, яғни оның сапасы өте жақсы болуы керек. Дизель отынының сапасының негізгі көрсеткіштері құрамындағы күкірт, парафинді көмірсутектер мөлшері, сондықтан мұнайды тікелей айдаудың дизель фракциясы гидротазалауға ұшыратылады. Гидротазалау нәтижесінде талапқа сай дизель отынымен қатар, көмірсутекті газ, бензин-қума және күкіртсутек алынады.

Бизнес-жоспардың бүкіл мерзімінде, яғни 01.08.2007 жылдан 01.08.2008 жылға дейінгі мерзім ішінде 2144250 т жазғы дизель отынын өндіріп, 20477587,5 теңге таза пайда түсіру бизнес-жоспардың басты мақсаты болып табылады.

Осы жобадағы экологиялық таза жазғы дизель отынын өндіру үшін Жапония технологиясы бойынша жетілдірілген дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысын орнату қажет. Бұл қондырғыны орнатуға техника-экономикалық есептеулер бойынша 58329022,52 теңге қаражат қажет болады. Бұл қаражат қондырғыға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға, әкелуге және монтаждап орналастыруға қажет. Жобаның мақсатына жету үшін осы қаражатты халықаралық ынтымақтастықтың Жапония банкі қаржыландырады.

Алдағы міндет несиені пайызымен бірге уақытында төлеу.


Кәсіпорынның сипаттамасы
«Атырау МӨЗ» ЖШС Қазақстан Республикасының, Атырау облысының, Атырау қаласының Говоров көшесінде орналасқан. Байланыс телефондары: 8 (312 2) 25-90-32, 25-90-33.

Желдің бағыты солтүстік-шығыс, яғни санитарлық нормаларды, ауа кеңістігінің тазалығын сақтауға мүмкіндік береді. Зауыт пен тұрғындар қалашығы 250 га жерді алып жатыр. Атырау МӨЗ-ы Қазақстанның ұлттық энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда зауыттың басқалардан артықшылығы оның географиялық орналасуы болып табылады.

«Атырау МӨЗ» ЖШС Атырау қаласында орналасқан жалғыз мамандандырылған кәсіпорын, яғни оның еншілес кәсіпорындары немесе басқа филиалдары жоқ. Қызметтің негізгі түрлері отынды нұсқасы бойынша мұнайды өңдеп, экологиялық таза түрлі жоғары сапалы өнімдерді өндіру болып табылады.

Ұсынылып отырған бизнестің тенденциялары өте жоғары болады. Өйткені түскен пайданың есебінен технологиялар үнемі жаңартылып отырса, сапалы өнім алуға болады. Ал сапалы өнімнің өтуі әрқашанда жоғары.

Осы бизнес-жоспарда қарастырылып отырған құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін азайтылған экологиялық таза жазғы дизель отыны Eвро-2005 стандартына жауап береді. Бұл дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысының Жапония технологиясы бойынша жетілдіруімен байланысты. Қазақстанда Eвро-2005 стандартына жауап беретін экологиялық таза жазғы дизель отыны «Атырау МӨЗ» ЖШС-де ғана өндіріледі, яғни Қазақстан нарығындағы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ және «ПКОП» ЖШС бәсекелестерімен еркін түрде бәсекеге түсе алады. Дизель отынын сутегімен тазалау қондырғысы қазіргі заманға сай озық технологиялармен жетілдіріліп, АҚШ (UOP), Жапония (JGC Corporation) және батыстың басқа да белгілі фирмаларының құрал-жабдықтары орнатылуына байланысты, осындай экологиялық таза дизель отынының бағасы бәсекелестердің дизель отыны бағасынан жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, экологиялық таза өнім экологиялық тұрғыдан қарағанда тұтынушылар үшін де, мемлекет үшін де өте тиімді.

Бизнестің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкін қауіп-қатер мен даму болашағын талдау бизнес-жобалаушыға бизнесті жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.


Кесте 14.1 – Бизнестің күшті және әлсіз жақтары


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Жаңа технологияларды қолдану

Шикізатты жеткізіп тұрудың тәуелділігі

Отандық бәсекелестердің жоқтығы




Бағаның қолайлылығы




Күшті топ






Өнімнің сипаттамасы
Гидротазалау қондырғысында талапқа сай дизель отынымен қатар, көмірсутекті газ, бензин-қума және күкіртсутек алынады. Қондырғыдан шығатын құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін азайтылған экологиялық таза жазғы дизель отыны Eвро-2005 стандартына толық жауап береді. Дизель отынының құрамындағы күкіртке айрықша назар аударылады, себебі оның шектен тыс мөлшерде болуы құрал-жабдықтарды және қозғалтқыш бөлшектерін коррозияға түсіреді, ал отынды жаққанда күкірт ангидридіне айналып қоршаған ортаны уландырады.

Өнім отандық өнімдерімен салыстырғанда Eвро-2005 стандартына толық жауап беретіндігімен ерекшеленеді, ал Еуропа елдерінің өнімдерімен салыстырғанда тең дәрежеде.

Ұсынылып отырған өнімнің экологиялық талаптарға толық жауап беруі, құрал-жабдықтар мен көліктердің қозғалтқыш бөлшектерін коррозиядан қорғау және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан қарағанда тұтынушылар үшін де, мемлекет үшін де өте маңызды.

Дизель отыны қойылатын талапқа сай, жыл мезгілдеріне байланысты жаздық, қыстық және арктикалық болып дайындалады. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС шығаратын жазғы дизель отыны негізінен өз еліміздің тұтынушыларына бағытталған. Осы өнімді тұтынушыларға жеткізу зауыттың «маркетинг және сату» бөлімі арқылы, менеджерлер мен жарнама арқылы іске асырылады. Өнім тұтынушыларға жанармай құю бекеті арқылы жеткізіледі.

14.2 кестеде тауарлы жазғы дизель отынының сипаттамасы келтірілген. Осы сипаттамадан тауарлы дизель отынының сапа көрсеткіштері Евро-2005 стандартының талаптарына толық жауап беретіндігі байқалады.
Кесте 14.2 – Тазаланған дизель отынының сипаттамасы


Өнімнің атауы

Мемлекеттік немесе салалық стандарттың номері

Тексеруге арналған сапа көрсеткіштері

Норма

Дайындала-тын өнімнің қолданылуы аймағы

1

2

3

4

5

Гидротазалан-ған жазғы дизель отыны

МЕСТ 305-82

1 Фракциялық құрамы:

- қайнау шегі, ºС көп емес:

50%

96%


- қату температурасы, ºС

- лайлану температурасы, ºС

жоғары емес

- жабық тигелдегі тұтану

температурасы, ºС, кем емес:

дизель қозғалтқыштары, кемелік дизель қозғалтқыштары мен газ турбинасы үшін жалпы мақсаттағы дизель қозғалтқыштары үшін

2 Құрамы:

- суда еритін қышқыл мен сілті

- жалпы күкірттің массалық үлесі (белсенді және белсенді емес), %, көп емес

- меркаптан күкіртінің массалық үлесі, %, көп емес

- күкіртсутектің массалық үлесі, %, көп емес

- күлдің/күлділіктің құрамы, %, жоғары емес

- механикалық қоспалар мен судың құрамы

- қышқылдылығы, әрбір 100 см3

отынға мг КОН, көп емес

3 20ºС-ғы тығыздығы, кг/м3, көп емес

4 20ºС-ғы кинематикалық тұтқырлығы, мм2

5 Мыс пластинасында 100ºС-та



280


360

-10


-5

40
62


жоқ


0,05

0,01
жоқ


0,008
жоқ
5,0
860
3,0-6,0
Төзімді

Жоғары жылдамда-тылған дизель қоғзалтқыш-тары мен газ турбиналары үшін, сонымен қатар көлік-тер мен кемелерде қолданыла-тын қозғалт-қыштар үшін отын есебінде қолданылады

14.2 кесте жалғасы


1

2

3

4

5







3 сағат бойы сынау

6 10% қалдықпен кокстенуі, жоғары емес

7 Цетандық саны, кем емес

8 Йодтық саны, әрбір 100 см3 отынға йод грамы, көп емес

9 Дәлелді шайырлар концентрациясы, әрбір 100 см3 отынға мг-нан

0,2
45

6
40





14.2 кестеде бизнес-жоспарға сәйкес «Атырау МӨЗ» ЖШС алынатын негізгі өнім – жазғы дизель отынының сапа көрсеткіштерінің артуы қарастырылған, яғни дизель отынын гидротазалау Евро-2005 стандартының талаптарының деңгейіне сәйкес келетін мұнай өнімдерін тазалау дәрежесіне жетуге мүмкіндік жасайды. Бұл мұнай өнімдерін өткізудің жаңа нарығына шығуға кепілдік береді [43].

Бұл зауытта нарықта бәсекеге қабілетті жазғы дизель отыны тек Жапония технологиясы бойынша жетілдірілген дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысын орнатқаннан кейін қол жетті. Сонымен, дизель отынының қайта жаңартуға дейінгі және одан кейінгі салыстырмалы көрсеткіштері 14.3 кестеде келтірілген [44].
Кесте 14.3 – Дизель отыны


Көрсеткіштің атауы

Қайта жаңартуға дейін

EN-590

Қайта жаңартудан дейін

Қосындысы бар жазғы дизель отыны – 0.25(0.5)

Жаздық

Экологиялық таза жаздық

Күкірттің құрамы,

млн-1 артық емес



2500/(5000)

350

50

Дизельдік индекс, кем емес

45

53

56

Қату температурасы, ºС, артық емес

-5

-10

-10



Маркетинг жоспары
Қазіргі кезеңде автомобиль көлігінің паркі дизель отынына жаппай өтуіне байланысты дизель отынына деген сұраныс өте көп, сондықтан да ұсынылып отырған нарық өсуші болып табылады.

Қазақстан нарығында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ және «ПКОП» ЖШС бар. Олардан шығатын жазғы дизель отыны Eвро-2005 стандартына жауап бермейді. Сондықтан да олардың потенциалы «Атырау МӨЗ» ЖШС-нен төмен.

Болашақ клиенттер Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларында орналасқан. Себебі бұл қалалардағы тұтынушыларға экологиялық таза өнім қажет.

Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларынан бес ірі тұтынушы таңдап алынды және өнімді үлестіріп беру келесідей, атап айтқанда Атырауда «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеті (ЖҚБ) – 40% және «Меркурий» жанармай құю бекеті – 10%, Ақтауда «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеті – 17%, Оралда «ЛукОйл» жанармай құю бекеті – 17%, Ақтөбеде «Гелиос» жанармай құю бекеті – 16%.



ЖҚБ ЖҚБ ЖҚБ ЖҚБ ЖҚБ

Тұтынушылар Тұтынушылар Тұтынушылар Тұтынушылар Тұтынушылар

Сурет 14.1 – «Атырау МӨЗ» ЖШС мұнай өнімдерін тұтынушылар


14.1 суретте «Атырау МӨЗ» ЖШС өнімі «маркетинг және сату» бөлімі арқылы жанармай құю бекеттеріне, одан тұтынушыларға жеткізілетіні көрсетілген.

Келесі жылға сату жоспары, яғни 01.08.2008 жылдан 01.08.2009 жылға дейінгі мерзім ішінде 2144250 т жазғы дизель отынын өндіріп, 20477587,5 теңге таза пайда түсіру қарастырылған.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-ң Қазақстан бойынша негізгі бәсекелестері «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ және «ПКОП» ЖШС. Олардың өнімдері Қазақстанның оңтүстік, солтүстік және шығыс аймақтарында қолданыс табады, дегенмен бұл мұнай өңдеу зауыттарының жазғы дизель отыны Eвро-2005 стандартына жауап бермейді.

Жобаны іске асыру үшін дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысын орнату қажет. Бұл қондырғыны салуға кеткен күрделі шығын ғимараттарды және құрылыстарды соғуға, аппараттарды, қондырғыларды сатып алуға, алып келуге және орналастыруға кеткен шығындардың қабылданған негізгі қорларды сыныптауға сәйкес қосындысымен есептелді. Ғимараттар, құрылыстар және қондырғылардың сметалы бағасы негізінде капиталды шығынның жиынтық сметасы, яғни құрылыстың толық бағасы шығарылды. Басшылар штабы мен жұмысшылардың еңбек ақысы есептелді. Шикізат, материал, отын, энергияның жылдық қажетті мөлшерінің бағасы анықталып, өнімнің өзіндік құны шығарылды. Амортизациялық шығындар және толық өндірістік шығындар сметасы есептелді. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциялық жобасы жасалды. Калькуляциялық өнімге кеткен шығындар, пайда мен рентабельділік есебі есептелді. Осылайша зауыттан шығатын 1 т өнімнің өзіндік құны 27855,45 теңгені құрады. Осы өнім ары қарай Атырау қаласындағы жанармай құю бекеттеріне мұнай өнімін таситын көлікпен, ал шет қалалардағы жанармай құю бекеттеріне темір жолдар арқылы жеткізіледі. Жанармай құю бекетіне дейінгі жол шығындары, осы өнімді мұнай өнімі қоймасында сақтауға төленетін салық және басқа да төленетін салықтың түрлері, электр энергиясы, ЖҚБ-де жұмыс істеушілердің тізімдері, олардың жалақысы ескеріліп, тұтынушыларға сатылатын жазғы дизель отынының бағасы 50 теңге деп қойылды.

Отандық бәсекелестердің өнімдері Евро-2005 стандартына жауап бермейді, ал жобадағы қарастырылып отырған өнімнің құрамындағы күкірт 0,005%-ға дейін барынша азайтылған және экологиялық талаптарға толық жауап береді.

Өнім агенттер және жарнама арқылы сатылады.



Өндірістік жоспар


Сурет 14.2 – Өндірістің құрылымы
14.2 суретте «Атырау МӨЗ» ЖШС кәсіпорнының құрылымы мен оның құрама бөлімдерімен байланысы келтірілген. Бухгалтерия мен өндірістік бөлімнің бастығы өздерінің жұмыстары туралы тікелей президентке есеп береді. Олар арқылы кәсіпорындағы мәліметтер жұмысшыларға жеткізіледі. Дизель отынын гидротазалау қондырғысы цехындағы жұмысшылар цехтың бастығынан нұсқаулар алып тұрады. Цехтың бастықтары мен ауысым бригадирлері өндірістік бөлімнің бастығына бағынады. Бухгалтерия қаржылық мәселелермен айналысады.

Дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық схемасы 14.3 суретте келтірілген.



14.3 суреттегі дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық схемасы бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытына Теңіз және Маңғыстау кен орындарынан жоғары күкіртті және орта күкіртті мұнайы ЭСТҚ-АВҚ-3 қондырғысына келіп түседі. Онда электродегидраторда судан және механикалық қоспалардан тазартылады да атмосфералық-вакуумдық айдау қондырғысына бағытталады. Атмосфералық-вакуумдық айдау қондырғысынан көмірсутекті газ, бензин, керосин, дизель фракциялары және гудрон шығады. Көмірсутекті газ газды фракциялаушы қондырғысына, бензин фракциясы каталитикалық риформинг қондырғысына, керосин фракциясы керосинді сутекпен тазалау қондырғысына, дизель фракциясы дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысына, гудрон вакуумдық айдау қондырғысына түседі. Дизель отынын сутекпен тазалау қондырғысынан көмірсутекті газ, бензин-қума, күкіртсутек және негізгі мақсатты өнім экологиялық таза жазғы дизель отыны шығады.

Теңіз мұнайы Маңғыстау мұнайы





Дизель фракциясы

Жазғы дизель отыны Бензин-қума Көмірсутекті газ Күкіртсутек


Сурет 14.3 – Дизель отынын гидротазалау қондырғысының технологиялық схемасы
Дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы келесі блоктардан тұрады:

  • шикізаттың сыйымдылық шығын блогы;

  • реакторлар блогы;

  • буландыру колонна блогы;

  • өнімді фракциялау колонна блогы;

  • қолданатын газды алу компрессорлар блогы;

  • кететін газды аминдік абсорбциялау блогы;

  • сұйылтылған мұнай газдарының (СМГ) скруббер блогы.

Дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы сутегінің қатысуымен арнаулы катализаторда дизельдік отынды құрамында күкірт, азот және оттегі бар көмірсутектерден тазарту үшін арналған.

Аминдік абсорбциялау блогы кететін газдан күкірт қоспаларын келесі объектілерден:

  • дизель отынын гидротазалау секциясынан;

  • зауыттың ЛГ қондырғысының нафтаны гидротазалау желісінен кейін;

  • осы қондырғының 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығынан және 20-
    D-008 буландыру колоннасынан.

Сұйылтылған мұнай газдарының скруббер блогы сондай-ақ, дизель отынын гидротазалау секциясынан түсетін, СМГ-ан күкірт қоспаларын тазарту үшін пайдаланады. Тазалау, күкіртті шығару қондырғысынан түсетін, қанықпаған (тың) аминнің көмегімен жүреді.

Жоғарыда аталған блоктардан басқа қондырғыда, газдардан көмірсутектердің сұйық тамшыларын айыратын, факелге шығару буыны және жабдықтарды жөндеу үшін ашардың алдында оларды бейтараптандыруға қажетті сода ерітіндісін дайындау құдығы қарастырылған.

Үзіліссіз 335 күн/жылына жұмыс жасаған жағдайдағы дизельдік отынды гидротазалау қондырғысының жоспарлық қуаты 2250000 т/жыл (279,8 т/сағ).
Кесте 14.4 – Энергияның жылдық қажетті мөлшерінің бағасын анықтау


Шығын сатылары

Өлшем бірлігі

1т шикізат-қа кеткен шығын нормасы

Жылдық шығын

Бірлік бағасы

Шығын бағасы, теңге

5 Энергетикалық шығындар













а) бу

Гкал

0,0231

51975

2227,6

115779510

б) сығылған ауа

нм3

2,8034

6307650

4,87

30718255,5

в) азот

м3

0,6198

1394550

64

89251200

г) су

м3

4,1023

9230175

44,50

410742787,5

д) электр энергиясы

кВт/сағ

6,9

15525000

5,70

88492500

Барлығы













734984253

14.4 кестеде өндірісте қолданылатын бу, сығылған ауа, азот, су, электр энергиясының жылдық шығындары келтірілген. Өндірісте осы энергетикалық шығындар 734984253 теңгені құрады [43,44].


Кесте 14.5 – Өндірістік шығындар




Шығындар сатылары

Бағасы, теңге

1 Жоғалым мен қалдықтарды алып тастағандағы шикізат, негізгі материалдар және жартылай фабрикаттар

58635000000



2 Көмекші материалдар


4351725

3 Технологиялық отын


251437500

4 Энергетикалық шығындар


734984253

5 Өндірістік персоналдың еңбек ақысы (негізгі және қосымша)

24822754,4

6 Әлеуметтік сақтандыруға 21%


5212778,424

7 Өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығындар


10208090,11

8 Қондырғыны пайдалануға кеткен шығындар, соның ішінде амортизация


51618604

5240489,8



9 Зауыт ішілік шығындар


285360,4

10 Цехтық шығындар (6%) 7+8 қосындысынан


3709601,6

11 Жалпы зауыттық шығындар


7419203,2

Өндірілген өнімнің өндірістік өзіндік құны


59729049870,134

14.5 кестеде өндірістік шығындар сатылары келтірілген, яғни жоғалым мен қалдықтарды алып тастағандағы шикізат, негізгі материалдар және жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар, технологиялық отын, энергетикалық шығындар, өндірістік персоналдың еңбек ақысы (негізгі және қосымша), әлеуметтік сақтандыруға, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығындар, қондырғыны пайдалануға кеткен шығындар, зауыт ішілік шығындар, цехтық шығындар, жалпы зауыттық шығындар есептеліп, өндірілген өнімнің өндірістік өзіндік құны 59729049870,134 теңгені құрады.




Ұйымдастырушылық жоспар
Дизель отынын гидротазалау қондырғысында істейтін мамандар, басшылар штабының еңбек ақысының тарифы 14.6 кестеде келтірілген.
Кесте 14.6 – Басшылардың төлемақысы туралы мәлімет



Қызмет атауы

Штат саны

Айлық еңбек ақы, теңге

Үстеме, теңге

Барлығы бір ай үшін, теңге

Еңбек ақының жылдық қоры, теңге

Жылдық қордан сыйақы (25%), теңге

Барлық жылдық еңбек ақы, теңге

зияндық үшін (12 %)

басқалар

(15 %)


1 Қондырғы басшысы

1

40000

4800

6000

50800

480000

120000

600000

2 Қондырғы механигі

1

32000

3840

4800

40640

384000

96000

480000

Барлығы:

2

72000

8640

10800

91440

864000

216000

1080000

Кесте 14.7 – Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет




Қызметкердің аты-жөні

Лауазымы

Туған жылы

Мекен-жайы

Бір ай үшін жалақысы, теңге

Посохин Сергей Алексеевич

Қондырғы басшысы

18.02.1959

Атырау қ., Авангард ықшам ауд., 56 үй, 15 пәтер. Тел.: 39-42-36

50800


Назаров Еркін Жеңісұлы

Қондырғы механигі

17.10.1961

Атырау қ., Геолог ықшам ауд., М.Өтемісұлы көшесі, №15 Тел.: 39-00-40

40640


Атырау МӨЗ-ның технологиялық кешендерінің тиімді жұмыс істеуі үшін технологиялық процестер мен өндірісті автоматты басқару жүйелері (ТП АБЖ, ӨАБЖ) немесе біріккен АБЖ-і құрылған. Басқару жүйесі ақпараттық, басқару, есептік және көмекші функциялар кешенін орындайды. Бұл жүйенің бақылау және басқару қызметтерін дамыту, мәселен, өндірісті жүйелік үлгілеу негізінде оңтайландыру және шешім қабылдау есептерін шешу арқылы ұсынылады.

Ақпараттық қызметке:


  • технологиялық өлшемдерді өлшеу және бақылау;

  • өлшемдердің қойылған шектеулерден ауытқуын байқау, белгі беру және тіркеу;

  • автоматты қорғау және сақтау жүйесінің жұмысын талдау;

  • дерекқор құру және біркелкі ақпараттық желіге беру жатады.

Мұнда процестің негізгі өлшемдері «Қондырғының тәртіптік көрсеткіштері» құжатында автоматтың тіркелуі және өлшемдердің барлық ауытқуларының тіркелуі, сақтау және қорғау жүйелерінің жұмысқа қосылуы, оның себебі мен қосылу уақытын көрсететін «Процесс хаттамасы» құжатында шығару мүмкіндігі қарастырылады.

Басқару қызметіне:



  • автоматты, оның ішінде жергілікті, каскадтық, көп байланысты, бағдарламалық реттеу;

  • қадамдық, циклдік, сызықтық немесе шарт бойынша бөліну түрлерін қоса алғанда логикалық-бағдарламалық басқару;

  • оңтайлы басқару;

  • орындаушы тетіктерді, сорғыштарды, желдеткіштерді және тағы басқаны ара қашықтықта қолмен басқару жатады.

Есептеу қызметіне:

  • шикізаттың, қуат қорларының, реагенттердің шығынын және дайын өнімнің шығымын есептеу;

  • материалдық және энергетикалық тепе-теңдікті есептеу;

  • технологиялық өзіндік құнды есептеу;

  • жанама көрсеткіштер арқылы өлшенбейтін өлшемдерді есептеу;

  • объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу жатады.

Қондырғының айдың басынан бастап кезектік, тәулік бойынша жұмыс нәтижелері тіркелетін «Технологиялық объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері» құжатының автоматты түрде басылымға беру мүмкіндігі қарастырылады. Бұл құжатта шикізат, қуат қорлары, реагенттер шығыны, дайын өнімнің көлемі, технологиялық өзіндік құны көрсетіледі. Оларды қолдана отырып қолданбалы бағдарламаның көмегімен шикізатты өңдеу ретін, қондырғының технологиялық тәртіптемесін, тағы басқасын тиімді анықтау үшін өндірістік күнтізбелік жоспарлау жүргізіледі.

Ақпараттық, басқару, есептік және көмекші функциялар кешені, яғни басқару жүйесі өндірісте дұрыс ұйымдастырылса, онда өндірістің қуаттылығы артады.


Қаржылық жоспар
Жобаның мақсатына жету үшін 58329022,52 теңге қаражат қажет болады. Бұл қаражатты халықаралық ынтымақтастықтың Жапония банкі қаржыландырады.

14.8 кестеде бизнес-жоспардың 01.08.2007 жылдан бастап 01.08.2008 жылға дейін жылына 2144250 т жазғы дизель отыны сатылып, 20477587,5 теңге пайда түсетіні қарастырылған.


Кесте 14.8 – Қаржылық көрсеткіштер




Уақыт мерзімі

Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге

Сату көлемі, т/ж

Пайда, теңге

Рентабельділік, %

01.08.2007-01.08.2008

27855,45

2144250

20477587,5

36

жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау