Адам ағзасына электр тогының әсері
Электр тогының адамға әсері әртүрлі болады. Адам ағзасы арқылы өте отырып, электр тогы термиялық, электролиттік және билогиялық әсер туғызады. Токтың термиялық әсері дененің жекелеген бөліктеріндегі күйіктерден қантамыр, қанның және т.б ірі қантамырлардың қызуынан көрінеді. Токтың электролиттік әсері қанның және ағзадағы басқа да органикалық сұйықтардың ыдырап, соның әсерінен олардың физикалық–химиялық құрамының едәуір мөлшерде бұзылуына әкеледі. Токтың биологиялық әсері ағзаның тірі жасушалары қозып және тітіркеніп, өкпе мен жүректің, бұлшықеттердің тырысып қысқаруына әкеледі. Нәтижесінде қанайналым мен тыныс алу мүшелерінің қызметтері әртүрлі дәрежеде бұзылуы немесе толығымен тоқтауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |