60
7.1 Сурет Жобаны іске
асыру бағасы
Бір мекеменің тапсырысы бойынша екінші мекемемен дайындалатын
БӨ бағасын есептеу:
Бөб = Зрпр+Жn+КҚС (7.19)
Мұнда,
БӨБ - бағдарламалық өнімнің бағасы, теңге;
Зрпр– әзірлеуге арналған жобалық шығындар,тенге;
Жп- жоспарланған пайда,теңге;
КҚС- қосылған құн салығы, теңге;
Жоспарланған пайда 20 % өзіндік әзірлеуден құрайды.
Жп= Спi * 0,2= 185180,925*0,2=37036,185 тенге
ҚҚС,БӨ есептелген салық, былайша айқындалады
КҚС = (ЗРПР+Жn)×kКҚС, (7.20)
Мұнда кКҚС- қосылған құн салығының ставкасы.
Осылайша, ҚҚС есептелген салық БӨ
ҚҚС=(185180,925+37036,185)*0,12= 22670,05 тенге
БӨБ=185180,925+37036,185+22670,05=244887,163
Жоғарыда келтірілген есептер белсенді жарнамалау мен өнімнің
жоғары сапасын қамтамасыз еткен жағдайда жобаны жүзеге асыру
экономикалық тұрғыдан 185180,925 тг тиімді болатынын көрсетеді,
анықталған уакыт ішінде кәсіпорын кіріс ала бастайды. Демек, табысты
және рентабельді болып келеді.
72%
7%
4%
0%
17%
ФОТ
әлеуметтік салық
бойынша шығыстар
әлеуметтік салық
бойынша шығыстар
әлеуметтік салық
бойынша шығындар
61
8 Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі
8.1 Адам тіршілік қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі
Тіршілік қауіпсіздігі бұрынғы заманнан бері адамзат баласының
негізгі мәселелері болып табылады. Адамдар әрқашанда өздерінің
қауіпсіздігін сақтауға тырысқан. Бірақ өндірістің алға қарай дамуына
байланысты бұл мәселе әртүрлі жолдармен қарастырылады. Адамды
қоршаған тірлік ортасындағы қауіп-қатер әлемі мен олардың шиеленісуі
үзіліссіз үдеуде. Ал олардан қорғану әдістері мен құралдары айтарлықтай
кешеуілдетіп жасалады және жетілдіріледі. Сол үшін алдын-ала
қауіпсіздікті сақтау біздің мақсатымыз.
Еңбек қауіпсіздігі – тірліктің қауіпсіздігінің аса маңызды компоненті,
себебі еңбек қызметі адамның тіршілігі мен дамуының негізі болып
табылады. Сонымен қатар, адамның іс-тәжірибесі кез келген қызмет-
әлуетте қауіпті деп пайымдауға негіз береді. Бұл аксиомадан екі маңызды
тұжырым шығады: адамзатқа мүлдем қауіпсіз іс-әрекетті өңдеп шығаруға
болмайды және іс-әрекет кезінде адамзат баласына қауіпсіздікті мүлдем
болдаырмау мүмкін емес [15].
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмайтын немесе
алдын алуда қолданылатын қорғаныс құралдыр адам ағзасы мен қоршаған
орта үшін ыңғайлы және еңбек шарттарына оптималды болу керек.
Қорғаныс құралдар қауіпті және зиянды заттардан болмау керек.
Олар эстетика және эргономика талаптарына сай, қорғаныстың жоғарғы
дәрежесінде болуы қажет.
Барлық қорғаныс құралдары өзінің функционалдық мақсаттарына
тәуелді үш топқа бөлінеді:
- адамға қауіп төндіретін құралдар;
- қауіп және зиянды өндірістік факторлардың адамға тигізетін әсерін
төмендететін немесе болдырмайтын құралдар;
- алдын ала емдеу және алғашқы медициналық көмек көрсету
құралдары.
Қорғаныс құралдары қолдану сипаты бойынша ұжымдық қорғаныс
құралдар және дара қорғаныс құралдары болып екіге бөлінеді. Біздің
жағдайымызда ұжымдық қорғаныс қолданылады. Ұжымдық қорғаныс
құралдары:
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орынының ауасын қалыпты ұстау –
барометрлік қысым көсеткіштерін қалыпты ұстайтын қондырғы;
вентиляция жүйелері, ауаны тазалау және кондициялау, зиянды факторлар
әсерін жоятын қондырғы; жылыту жүйелері; автоматты бақылау және
ауаны тазартатын қондырғы;
62
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орындарын қалыпты жарықтандыру
– жарық көзі және жарықтандырғыш ондырғылар, оптималды жарық
ойықтар, жарық сүзгіштер;
- электр тогымен жарақаттаудан қорғану – бөлектеу қондырғылары;
автоматты сөндіру қондырғылары, кернеуді төмендету үшін арналған
қондырғылар және қауіпсіздік белгілері.
Кадр бөлімшесінің қауіпсіздігі ретінде:
- бөлменің ауасын қалыпты ұстау;
- бөлменің жарығын қалыпты жарықтандыру;
- бөлменің электр тораптарының және электр аппараттарының өрт
қауіпсіздігі;
- бөлменің санитарлы-гигиеналық жағдайының қауіпі.
8.2 Дербес компьютердің адамға тигізер әсері және соған
қойылатын талаптар
Биологиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша
әртүрлі аурулардың көрсеткіштері компьютермен жұмыс істеу уақытының
өсуіне тура пропорционал.
Жеке компьютерлер іске қосылғаннан кейін жұмысшы-оператор
аумағында құрылысы жағынан өте күрделі электромагниттік өріс пайда
болады. Электромагнитті өрістердің адамның ең маңызды ағза жүйесіне
кері әсер ететіні дәлелденген. Олар біріншіден жүйке жүйесіне, иммундық
жүйеге, эндокриндік бездерге, жыныс мүшелерінің жүйелеріне әсер етеді.
Электромагниттік сәуле - гамма сәулесінің (рентген сәулелерінің) бір
түрі. Ол тек компьютердің мониторынан ғана шығып, тура сызық бойымен
таралмайды. Ол тұрған кеңістіктің бәріне ауадай жайылып тұрады. Қазіргі
компьютер жиынтықтарының барлық құрылғыларында қорғаныш жабыны
мүмкіндігінше жан жағынан жасалған. Әсіресе, ескілеу модельдердің тек
экраны ғана магнитке қарсы қорғанысқа ие. Ал, процессор блогының тоқ
жалғайтын артқы жағы мен екі жақ бүйірінен шығатын толқындар аса
зиянды[16].
Дербес жиынтық компьютерде отырған адам екі жақты
электромагниттік толқындардың ортасында отырады. Оның біріншісі –
монитор, екіншісі жүйелі блок, яңни процессор. Адамға ең зиянды 40-70
ГГц толқындарын тарататын осы жүйелі блок болып табылады.
Адамның көз көруі компьютерлік бейнелеуге дағдаланбаған біз
әртүрлі түстерді заттарды кәдімгі күнгі жарықта көруге жаралғанбыз.
Экрандағы көрініс басқаша әртүрлі жарқырауық сәуледен нүктелерден
тұрады. Экранның бұлдырауы көптеген түрлі-түсті түстердің жарқырауы
көздің тез арада шаршауына әкеліп соғады: көздің және маңайының ашуы,
тез арада шаршауы, шаншу, жауырын маңындағы қатты аурулар, көз
қабағының қызаруы, көз жасаурауы, құрғақ болып көрінуі, мойын бұлшық