20
орналасу қажет, әйтпесе МҚБЖ қате көрсетеді.Сондықтан МҚ компоненттері
бірге сақталынады.
МҚ орналасуының тапсырмасы. Барлық жағдайда МҚ нақты
компьютерде, директорияда сақталу қажет. Егер МҚ сол компьютердің дискіде
сақталынса, онда МҚ локальді аталады. Бұны директорияны анықтау арқылы
жүргізуге болады.
1.4 Деректер қорымен жұмыс
1.4.1 ДҚ іздеу, сорттау және индекстеу, формаларды және есептерді
құру
Кестені қарапайым екі өлшемді кесте ретінде қарауға болады. Кестенің
аты болады, ол- идентификатор, сол арқылы онымен байланыс орнатамыз.
Бағандар әр-түрлі мінездемелерге сәйкес келеді және әрбір алаң сақталатын
мәннің типімен және атымен сипатталады. Алаң аты- ол идентификатор және
ол әр түрлі программаларда манипуляция жасау үшін қолданылады. Мұның аты
латын әріптерімен жазылады да, алаң типі алаңда сақталатын мәннің типімен
сәйкес келеді және ол әріптер, сандар, булевті мәндер, үлкен тексттер, суреттер
т.б болуы мүмкін. Кестенің әрбір жолы бір объектіге сәйкес келеді және оны біз
жазба деп айтамыз. Кестені құрғанда ақпарат қарама-қайшылыққа ұшырамас
үшін кілт алаңын кіргіземіз, ол алаңның уникальдылығын қамтамасыз етеді.
Алаң мәндерін қолданушы енгізеді, ол мәліметтер қорында сақталады және
мұндай алаңдардан басқа есептеуші алаңдарды да енгізуге болады. Мұндай
алаңдарға қолданушы мән енгізе алмайды, ал оның мәні басқа алаңдардың
көмегімен есептеледі. Қолданушы кестемен жұмыс істегенде көрсеткіш жазба
бойымен сырғып отырған секілді әсер береді. Әрбір уақыт кезінде бір жазбамен
жұмыс істеледі. Жазбалар белгілі бір ретпен орналасуы да мүмкін, реттеу үшін
индекс түсінігі енеді. Индекс қолданушыға қандай ретпен орналасу керектігін
көрсетеді. Ол қолданушы мен кесте арасындағы делдал ретінде болады.
Көрсеткіш индекспен сырғып отырады, ал индекс белгілі бір жазбаны
көрсетеді. Қолданушы үшін кесте реттелген болып көрінеді, сонымен қатар ол
индексті өзгерту арқылы қарап отырған жазбалардың ретін өзгертуге болады,
мұнан индекстер өзгереді, яғни жазбаларға сілтеме реті өзгереді.
Индекстер 1-ші ретті немесе 2-ші ретті болуы мүмкін. Мысалы, 1-ші
ретті индекстерге мәліметтер қорының кілт ретінде құрылған алаң болуы
мүмкін, ал 2-ші ретті кілттер басқа алаңдардан құруға болады, я болмаса
онымен артынан жұмыс істеу барысында құрып алуға болады. Егер бірнеше
алаң индекстелген болса, онда реттеу алғашқы құрылған индекс алаңынан
басталады. Мәліметтер қоры көптеген кестелерден тұруы мүмкін. Қолданбалы
программалар бөлек кестелермен жұмыс жасамайды. Олар кестелер
жиынтығымен жұмыс жасайды. Көбінде бір кесте ең басты кесте болады да, ал
қалғандары бағынышты болады. Басты және көмекші кестелер кілт арқылы
байланысуы мүмкін, кілт ретінде екі кестеде де бар бірдей алаң болады.
21
1.4.2 ДҚ физикалық ұйымдастыру, хештау және индекстеу
файлдары. Журнализация
Кез келген деректер қорының талаптарының біріне - сыртқы жадыға
мәліметтерді сақтау сенімділігі болып табылады. Сақтау сенімділігі ол - кез
келген ақаудан кейін деректер қорын қайтадан қалыпқа келтіру. Ақаулар
аппараттық және программалық болуы мүмкін. Аппараттық ақаулар екі түрге
бөлінеді: жұмсақ және қатты. Жұмсаққа компьютердің аяқ астынан өшуі. Ал
қатты ақауға: сыртқы жады тасымалдаушысындағы ақпараттың жоғалуы. Осы
ақаулардан кейін, деректер қорын қалыпқа келтіру үшін қосымша ақпарат
керек. Сондықтан да деректер қорындағы мәліметтерді қосымша сақтау керек.
Ол үшін журнализация әдісін қолданады. Журнал – ол мәліметтер қорының
қолданушының қолы жетпейтін деректер қорының бір бөлігі. Кейде әртүрлі
дискілерде журналдың көшірмелері сақталады. Онда негізгі деректер
қорындағы өзгерістердің бәрі тіркеліп отырады. Әртүрлі МҚБЖ деректер
қорындағы өзгерістер журналдарда әртүрлі деңгейде жазылады.
1.4.3 ДҚ тұтастығы және қорғау
Тұтастылық (сақталу, өзгертуден сақтау бір қалыпты ұстау) – бұл ұғым
мәліметтерді әрқашанда өзгертпей ұстауды білдіртеді. Яғни кестедегі
мәліметтерді қандай жағдай болса да, бастапқы қалыпта болу керек. Мысалы:
кестедегі мән тоғыз болса, ал оның орнына басқа сан жазылатын болса, тексеру
мүмкін емес. Бірақ, кейбір жағдайдарда, шектеулер қоюға болады. Аптаның
күндері 1...7 мәліметтер қорының бүтінділігі: мәліметтерді өзгерістерден
қорғаудан және өзгертуден қорғауға бағытталған. Тұтастылық ережелері үш
топқа бөлінеді:
1) кестелер бойынша тұтастылық;
2) сілтемелер бойынша тұтастылық;
3) қолднаушымен анықталатын тұтастылық.
Барлық реляциялық ДҚ-ның жалпы ережелері:
1) бастапқы кілтке қатысты қандай да бір атрибуттың мәні белгісіз
болмау керек;
2) кілттер арасындағы мәндер бірдей болуы керек;
3) атрибуттардың ерекше болу керек мәндерінің, диапозоны болуы керек.
Қандай да бір мәндер тобына жату-жатпайтынын анықтау керек т.с.с.
22
2. SQL құрылымдық сұранымдар тілі
2.1 SQL даму тарихы
Реляцияда МҚ басқару жүйелері 80 жылдардың аяғында кеңінен т анымал
болды.
Мұндай
мәліметтер
қорында
ақпарат
қарапайым
кестеде
сақталатындықтан, мәліметтерді беретін басқа модельдерге қарағанда
артықшылығы көп. SQL реляциялы МҚ тілі болғандықтан, оның тарихы да
мәліметтерді осы тәсілмен берудің дамуымен тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, реляциялы МҚ түсінігі 70 жылдардың басында
IBM компаниясының ғылыми қызметкері Э.Ф.Кодпен енгізілді.Осыдан кейін
реляциялық мәліметтер қоры одбысында IBM компаниясының System/R деп
аталған жобасымен бірге зерттеулер жүргізіле бастады, мұнда реляциялық
модельдің жұмыс істеу қабілеті тексеріліп және дәлелденді. Сондай-ақ МҚБЖ-
ін өңдеуден басқа жоба көлемінде МҚ-на сұранымдар тілін құру жұмысы
жүргізілді, олардың бірі SEQUEL (Structured English Query Language-ағылшын
құрылымдық сұранымдар тілі)-деп аталды.
70 ж. соңында System/R жобасының екінші таралымы жүзеге асырылды,
нәтижесінде жүйе ІВМ компаниясының бірнеше тапсырушыларының
компьютерлерінде орнатылды. Ол System/R МҚБЖ-мен және оның МҚ тілімен
жұмыста алғашқы нақты тәжірибеге әкелді, ал оның аты SQL деп
ауыстырылды. Нятижесінде ІВМ компаниясы реляциялық МҚ жұмыс істеуге
қабілетті және программалық өнімдер құрудың негізі болып қызмет ете алады
деген қорытындыға келді.
System/R жобасы және оның шеңберінде құрылған МҚ-мен жұмыс
істейтін тіл, дүние жүзінің мамандарының назарын аудартты. Осылайша, 1977
ж SQL-ға негізделген, реляциялық МҚБЖ-ін құру үшін Relational Software
Inc(қазір Oracle Corporation) компаниясы ұйымдастырылды. Oracle деп аталған
бұл МҚБЖ, бірінші юолып 1979 ж нарыққа шықты.
Беркли қаласының университетінде (Калифорния штаты) ІВМ
компаниясының зерттеушілер тобыреляциялық МҚБЖ-нің протатибін құрды,
QUEL сұранымдар тілін қосқан өз жүйелерін Ingres деп атады. 1980 ж бірнеше
мамандар Берклиді тастап, Ingres жүйесінің коммерциялық жүйесін құру үшін
Relational Technology Inc компаниясының негізін құрды, оны нарыққа шығару
1981 ж басталды. 1989 ж аты Ingres Corporation болып ауысқан Relational
Technology компаниясы жүйеге өзгерістер қатарын енгізген реляциялық МҚБЖ
жетекші таратушысы болып қалды. Мысалы, 1986 ж алғашқы QUEL
сұранымдар тілі табыспен SQL болып ауыстырылды.
1981 ж ІВМ фримасы System/R негізінде, SQL/DataSystem(SQL/DS) деген
атпен коммерциялық өнім шығарды, ал 1983 ж тағы бір МҚБЖ-Database(DB2)
пайда болды. DB2 ІВМ компаниясының жетекші реляциялық МҚБЖ болды,
және осы жүйенің SQL тілі МҚ үшін стандарты болды. DB2-де іске асырылған
технология, кейін ІВМ компаниясының барлық бағыттарының программалық
Достарыңызбен бөлісу: |