13
6.6 Бағдарламаның бағасына есептеу ...................................................................... 58
6.6.3 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі
шығындарын есептеу ................................................................................................ 58
6.6.4 Қолдану саласындағы жылдық шығындарды есептеу Ақпараттық өнімді
енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу.................................. 59
6.7 Ақшалай құралдардың қозғалысы ..................................................................... 60
6.8 Экономикалық тиімділікті есептеу ................................................................... 61
6.8.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) .................... 61
6.8.2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) ............................................ 61
6.8.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) ................... 62
6.8.4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) ...................................... 62
Қорытынды ................................................................................................................ 64
Әдебиеттер тізімі ....................................................................................................... 65
Қосымша А ................................................................................................................. 66
Қосымша Ә ................................................................................................................. 74
14
Кіріспе
Берілген дипломдық
жұмыста ҚР
мемлекеттік автомобильдік
инспекциясының жетілдіріген деректер қорын құру жобаланды.
Берілген өнімді әзірлеудің мақсаты деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және
тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол
жеткізулік оңтайлығын қолдау болып табылады. Бұл бағдарлама көмегімен
жүргізушілердің өз бетінше айыппұлды қарау мүмкіншілігі бар.
Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облыстың талдауы жасалады.
Инфологиялық модель MS SQL Server жүйесінде жасалады. Қызметкерлердің
дерекқоры MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан
кейін, пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын
қосымша жобаланады. Бағдарлама MS Visual Studio бағдарламалық ортасында
іске асырылады.
Бағдарлама жасау нәтижесінде, жүргізушілер мен көлік және олардың
айыппұлдарының деректер қорымен жұмыс жасаудың тиімділігі, жылдамдығы
және ыңғайлылығы артады, ақпарат толықтығы қамтамасыз етіледі.
15
1.ДҚБЖ және оны іске асыру
1.1 ДҚБЖ дамуының жаңа тенденциялары
Ақпаратты технологиялар терминологияға қатысты екі өте қызық
тенденциямен сүйемделеді. Бір жағынан біздер бір заттың бірнеше атаумен
өзгеретінін байқаймыз (әрине, технология дамып жатыр, бірақ олардың атауы
тез қарқынмен өзгеріп жатыр). Былай қарасақ біздер ескі терминдерді
мағынасы басқа бұрынғыдай болмасада түсіну үшін қолданамыз. Екінші
жағдай нақ ДҚБЖ-ға қатысты.
2002 жылы шыққан есептеу техникасының түсініктеме сөздігінде,
деректер қорының басқару жүйесіне мынадай анықтама келтірілген (database
management system): «деректер қорында ақпаратты құру, сақтау, жаңарту мен
іздеуді қамтамасыз ететін қосымша және де деректердің бүтіндігі мен
қауіпсіздігін басқару». Шынына келсе бұл түсінік 30 жыл бұрында расталған,
бірақ қазір ДҚБЖ-ның маңызды бөлімінде бұрынғы кездегі мағынасына
қарағанда басқа (сегіз жыл бұрын ұғымды анықтау үшін қолданған қосымша
сөйлем анықтамада жоқ екенін айта кеткен жөн, — «пайдаланушы мен
деректер қорының арасында орналасқан программалық қабықша»).
Соңғы онжылдықта біз ДҚБЖ-ның аса ішкі технологиялық
толықтырулардан қолданбалы программалардың айналасында пайдаланушы
үшін қосымша құрылып дербес өнімге айналғанын байқап отырмыз; басқаша
айтқанда ақпараттық жүйенің бір компонентін осындай жүйені құру үшін
платформаға айналдыру.
Бұл жағдайда «Microsoft платформасы» мазмұнының өзгеруіне мән
берген жөн. Дәстүрлі түрде бұл терминде Windows операциялық жүйесі туралы
айтылады. Бірақ серверлік платформаға сәйкес көбінесе Windows Server + SQL
Server байланысын жиі кездестіреміз. Сонымен қатар, Microsoft SQL Server-дің
(жұмыстық атауы Yukon) жаңа нұсқасы шығысымен біз Microsoft өнімдерінің
Windows емес, ал Yukon деген атаумен аталатын жағдайға соқтығысамыз.
Дегенмен үстелдік деректер қоры бар және болады: таңғаларлық жай
Microsoft-тың ұсынысы бойынша Microsoft Access – бұл да ДҚБЖ. Тарихи
тұрғыдан деректер қорының басқару жүйесі бірінші кезекпен құрылымдық
ақпараттың транзакциялық өңдеуімен байланысты есептерді шығаруға
дағдыланды. Сөзсіз, бұл жерде ең жақсы, уақытпен тексерілген шешім ДҚБЖ-
ның реляционды моделі болып табылады. Бірақ соңғы уақытта деректер қорын
қолдану аймақтары өзгеріссіз кеңейді. Бір жағынан, бірлескен ақпараттарды
басқарудың жалпы мәселелерін шешуден өтіп, мәліметтер форматын кең
терімде басқару қажет. Басқаша айтқанда — нақ ДҚБЖ өзіне мәліметтер
интеграциясының негізгі функциялары мен бірлескен жүйе қосымшаларын
алады. Нақ осы жағдай сәулеттік принципін талқылаудағы белсенді назар және
постреляцондық, объектті-реляционды, XML сияқты әр түрлі моделді деректер
қорын жүзеге асыру мүмкіндігімен түсіндіріледі.