23
өнімдерінде, дербес компьютерден бастап, желілік серверлерге және үлкен
ЭЕМ пайдаланылды.
80 жылдардың бірінші жартысында реляциялық МҚ таратушылар өз
өнімдерін мойындату үшін күрес жүргізді, өйткені дәстүрлі МҚ
архитектурасымен салыстырғанда, реляицлық программалық өнімдердің
бірқатар
кемшіліктері
болды.
Бірақ
реляциялық
жүйелердің
үлкенартықшылығы болды: олардың реляциялық сұранымлар тілі МҚ-на
сұранымлы жазбай орындау және нәтижені бірден жазу мүмкіндігін берді.
80жылдардың
екінші
жартысында
реляциялық
МҚ
болашақ
технологиясы болып санала бастады, алдыңғы версияларына қарағанда
өнімділіг 2-3 есе артық болған МҚБЖ-нің жаңа версиялары Ingres және Oracle
пайда болды. 1986 ж ANSI/ISO-мен қабылданған SQL стандартын жариялау,
SQL-ға стандарт статусын ресми түрде жариялады. Сондай-ақ , бұл статус
компьютерлік жүйелер үшін UNIX ОЖ-сі негізінде анықталды.
Компьютердің қуатының күшеюі мен олардың жергілікті желіге
бірігуінен, дербес компьютерлер үшін күрделі МҚБЖ қажеттігі туды. Мұндай
МҚБЖ-нің таратушылары жаңа жүйелерді құруды оларға SQL-ды негіз етіп
қойды, ал мини-компьютерлердің МҚБЖ-сін таратушылар жергілікті есептеу
желісінің нарығына шықты. 90ж басында SQL таратуын жаңашаландыру және
қуатты процессорлардың пайда болуы бұл тілді транзакцияны өңдеу
қосымшаларында қолдануға мүмкіндік берді. Енді SQL ақпаратты өңдеу
салыстырмалы аз шығымен жүзеге асатын жүйеге желілік сервер ен дербес
компьютерді байланыстыратын клиент/сервер архитектурасыныңкілттік бөлігі
болды. Осы себепті барлық жаңа МҚБЖ-не SQL-қолдауын енгізе бастады,
SQL-ді мойындаудың маңызды қадамы бұл тілге стандарттардың пайда болуы.
SQL сьандартын ескертуде дәстүр бойынша ANSI/ISO –мен тағайындалған
ресми стандарт туралы сөз болады. Бірақ басқа да маңызды SQL стандарттары
бар, соның ішінде ІВМ компаниясының DB2 жүйесі, және UNIX ортасындағы
SQL үшін X/OPENстандарты. 1982 ж реляциялық МҚ тілінің ресми
стандартымен ANSI-дің жұмысы басталды, және комитет өз таңдауын SQL-ға
тоқтатты. Стандарт негізі ретінде DB/2 жүйесінің SQL алынды 1989 ж стандарт
SQL-89 немесе SQL1 деп аталды. Осыдан кейін ANSI жұмысын жалғастырып,
жаңа жоба SQL2-ні құрды, ал одан кейінгі стандарт SQL3 үшін басқа өзгерістер
ұсынылды. SQL2 стандарты ANSI-де бекітілді және толығымен 1992 ж қазанда
қабылданды.
2.2 SQL мүмкіндіктері мен артықшылықтары
1987 жылы SQL маманданған реляциялық МҚБЖ үшін стандартты тіл
болып барлық кең таралған жүйелерге ене бастады. Ол келесі момнеттерімен
байланысты. Тез әрекеттіліктің өсуі, және энергияны тұтынудың,компьютер
өлшемдері мен бағаларының төмендеуі, тұтыну нарығының, қолданушылар
ортасының және түрлері мен бағаларының кеңеюіне әкеліп соқты. Сондай-ақ,
әртүрлі программалық жабдықтауларға да сұраныс көбейді. Сатып алушы
24
фирмаларға күресте, программалық жабдықтаушылар нарыққа интеллектуалды,
әрі көлемді программалар кешенін шығара бастады. Олар сатып ала отырып,
көптеген ұжымдар мен жеке қолданушылар ол программаларды өз
компьютерлеріне орната алмадй. Ақпаратпен алмасу және оларды тарату үшін
ЭЕМ желілері құрылды, онда программалар мен мәліметтерді арнайы файлдық
сервер лерге орналастырды.
Файлдық серверлермен жұмыс істейтін МҚБЖ, бір-бірінен алыс ара-
қашықтықта орналасқан әртүрлі ЭЕМ қолданушыларына бір МҚ кіру
мүмкіндігін берді. Мұндай жағдайда ұжымдарды, оқу кешендерін, ақпараттық
және басқа жүйелерді әртүрлі автоматталған басқару жүйелерін өндіру
оңайлатылады. Бірақ бұл кезде қарапайым сұраным құру үшін де файлдық
серверден немесе серверге файлдарды жазу керек болады, ал ол конфликтілік
ситуайияларды туғызуы мүмкін. Мұндай кемшіліктерді бодырмау үшін
клиент/сервер технологиясы ұсынылған боатын, бірақ ол үшін сервермен
хабарласу тілі қажет-мұндай тіл ретінде SQL таңдалды.
SQL концепцияларында операциялардың мәліметтердің кесте түрінде
берілуіне бағытталуы, аз сөйлемді жинақы тілді құруға мүмкіндік берді. SQL
сұранымдарды орындау үшін, және де қолданбалы программаларды құру үшін
де пайдаланылуы мүмкін. Онда келесі сөйлемдер бар:
– мәліметтерді анықтау тілі-МҚ анықтау, және де кестелер мен
индекстерді анықтау және жою;
– мәліметтерді таңдау сұранымы-SELECT сөйлемі;
– мәліметтерді түрлендіру сөйлемі-мәліметтер қосу, жою және өзгерту;
– мәліметтерді басқару сөйлемі-мәліметтерге кіру артықшылығн беру
немесе қайтару, транзакцияларды басқару және т.б.
Сондай-ақ SQL бұл сөйлемдерде келесі есептерді орындау мүмкіндігін
береді:
– арифметикалық есептеулер, функционалдық түрлендірулер, және
арифметикалық өрнектер мен текстерді салыстыру операцияларын орындау;
– кесте мазмұнын экран дисплейіне немесе баспаға шығарар кезде
жолдар мен бағаналарды реттеу;
– қолданушыларғы
МҚ-да
мәліметтердің
көлемін
өзгертпей
интерпретациялау мүмкіндігін беретін ұсыныстар құру;
– сұраным бойынша шығарылатын бір немесе бірнеше кестелер және
ұсыныстар мазмұнын басқа кестеде сақтау;
– мәліметтерді топтау, және осы топтарға арифметикалық орта, сумма,
максимум, минимум операцияларын қолдану;
SQL тілі көптеген МҚБЖ-ң негізі болып табылад, өйткені ол
мәліметтердің физикалық құрылымдануына және дискіге жазылуына сондай-ақ
мәліметтерді дискіден физикалық оқуға жауап береді, және МҚБЖ-ң басқа
компоненттерінен және қолданушы қосымшаларынан SQL-сұранымдарды
қабылдау
мүмкіндігін
береді.Олай
болса,
SQL
қолданушыларға,
программаларға реляциялы МҚ ақпараттарына кіруді қамтамасыз ететін мықты
құрал.