Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы


Шешім қабылдау әдістемесі



жүктеу 0,88 Mb.
бет10/11
Дата03.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#28090
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.2. Шешім қабылдау әдістемесі
Өрт сөндіру процесінің басқару нұсқасын іске асыру үшін ӨСЖ (оперативтік штаб) өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамдарының қимылдар ұйымдастыруға шешімдер шығару процесін іске асырады.

Шешім қабылдаудың негіздемелігі мен уақыттылығы көптеген жағдайда қолданатын әдістемеге байланысты болады.



Ғылымда жалпы әдістеме - ол болмыстың объективті заңдарына негізделген және қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қандай да бір жұмыстың орындалу әдіс-тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі.

ӨСЖ-нің өрт сөндіру шешімді қабылдау процесіне осындай анықтаманы қолдану үшін оның келесі ерекшеліктерін күні бұрын ескеру қажет. Біріншіден, бұл процестің анық көрсетілген шығармашылық сипаты бар, өйткені ол өрт сөндірудің жаңа және ең жақсы жолдарын іздеумен және алған міндетті жемісті орындалуымен байланысты болады. Кез келген өрт сөндіру жаңа, өзгерген жағдайда ұйымдастырылады, сондықтан ол алдыңғы өрттердің дәл көшірмесі түрінде ешқашан болмайды. Екіншіден, өрт сөндірудегі шешім қабылдау процесінің уақыты, әдеттегідей, шектелген болады, сондықтан оның жемісті аяқталуы ӨСЖ-нің және оған бағынышты басқару органдарының лауазымдық тұлғалардың жұмысты ұйымдастырғанына байланысты болады.

Осы ерекшеліктерді ескеріп, өрт сөндіру әдістемесі мәнінің келесі анықтамасын беруге болады: өрт сөндірудегі шешімді қабылдау әдістемесі – ол объективті заңдар мен принциптерге, сондай-ақ шешім қабылдау процесінде жұмысты басқару органдарының лауазымдық тұлғалармен бірлесіп ұйымдастыруға негізделген ӨСЖ-нің шығармашылық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оның қызметі – кез келген күрделі жағдайда ӨСЖ-ге әскери қимылдардың тактикалық жоспарын, өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттерін және олардың өзара жұмыс істеу тәртібін уақытлы және негізді түрде анықтау. Ол үшін әдістеме шешім қабылдау процесінің шарттары мен ерекшеліктерінен шығатын талаптар қатарына сай болу тиіс.

Бұл үрдістің шығармашылық, танымдық сипаты болғандықтан, өрт сөндірудегі шешім қабылдау әдістемесінің ең маңызды талабы оның таным теориясына, қисынға, өртке қарсы заңдарға және өрт сөндіру принциптеріне сәйкес болу болып табылады. Өрт сөндіруде шешім қабылдау кезінде ӨСЖ-ге қазіргі жағдайда психология, математика және кибернетика сияқты ғылымдардың жетістіктері мен тұжырыдамалары үлкен көмек көрсете алады. Сондықтан оның міндеті - ойлау мен танымның логикалық және математикалық әдістер жиынтығын қалтықсыз игеру.

Ондай талапты сақтау өрт сөндіруде шешім қабылдау әдістемесіне қойылатын әмбебаптық және икемділік сияқты талаптарды орындауға мүмкіндік береді.

Әмбебаптық пен икемділіктің мәні өрт сөндіруде шешім қабылдау үшін әдістеме қандай да бір өртте емес, кез келген өрт түрінде және де жағдайдың әртүрлі шарттарында да, оның ішінде уақыт шектеулі болғанда да бұл әдістеме жарамды. Талаптарды орындаса, әдістердің әр жеке жағдайында және ойлау тізбегінде, сондай-ақ өрт сөндіруде шешім қабылдағанда, өз жұмысының ұйымдастыру тәсілдерін ұзақ және қиын іздеуден ӨСЖ-ні босатады.

Жоғарыда айтылған, шешімді қабылдау әдістемесі өрт сөндірудің жетекшісіне күні бұрын құрылған қандай да бір сауалнаманы немесе нұсқаны толтырып, кез келген өртті сөндіру кезінде дайын түрдегі шешім береді дегенді білдірмейді. Әдістеменің мақсаты басқа - ӨСЖ-ге шығармашылығын, өнерін және өзінің жеке дарынын көрсетуге мүмкіндік беретін, ғылыми ойлау әдістермен және өз жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдермен қаруландыру. Барлық өрт түрлеріне жалпы болатын әдістердің бары әр өрт түрінің жеке заңдылықтарын және сөндіру қағидаларын пайдалануды жоққа шығармайды, керісінше, оларды болжайды.

Өрт сөндіру күзетінің барлық командирлері, оның ішінде жеткілікті практикалық тәжірибесі жоқ тұлғаларға жеңіл және тез игеруге мүмкіндік беретін, шешімді қабылдау әдістемесіне қойылатын қарапайымдылық пен айқындық сияқты талаптарды көрсеткен жөн.

Сонымен қатар, өрт сөндіруде шешімді қабылдау әдістемесіне жоғарыда аталған қойылатын негізгі талаптардың іс жүзінде орындалуы ӨСЖ-нің терең және жан-жақты білімінсіз, дүние танымның қисынды және математикалық әдістерінің барлық түрлерін берік игеруінсіз мүмкін емес екенін назардан тыс қалдырмау керек. Одан басқа, өрт сөндіру кезінде шешімді қабылдағанда, ӨСЖ-нің өрт сөндіру барысын көре білу шеберлігі, күшті жігері, батылдығы, дербестігі, үлкен психологиялық жүктеме кезінде шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеті, негізделген тәуекелге баруға дайындығы және өрт сөндіру нәтижесі үшін жауапкершілікті өзіне алу сияқты субъективті қасиеттері маңызды роль атқарады. Егерде ӨСЖ-нің ондай қасиеттері жоқ болса және бірінші қиын жағдайда ол ұзақ қобалжып қиналса, оған ешқандай жақсы әзірленген әдістеме шешім қабылдауға көмектеспейтінін өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқулар тәжірибесі көрсетті. Шішім мазмұнының өзіне де, шешім қабылдау әдістемесіне де келесі шығыс деректер анықтауыш әсер етеді: өрт жағдайындағы қалыптасқан шарттар; шешімді қабылдауға уақыттың бары; ӨСЖ мен оның қол астындағы тұлғалардың жеке кәсіби қасиеттері.

Бұл деректердің сан алуандығына қарамастан, ӨСЖ ойлауына және өрт сөндіруде шешім қабылдауына оның жұмысын ұйымдастыруына жалпы ережелер де тән. Оларға тоқтай кетеміз.

ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде шешім қабылдаудағы ойлау әдістемесі өрттегі күштер мен құрал-жабдықтарды басқару бойынша көпқырлы қызметінде басым орын алып тұрады, өйткені оған, бірінші кезекте, шешімнің негіздемелігі мен уақытында орындалуы және өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери қимылдарының жемісті аяқталуы да тәуелді болады.

Сондықтан сондай әдістеменің жасалуына үлкен мән беріледі, әсіресе соңғы жылдардағы өртпен күресу құрал-жабдықтар мен тәсілдердің өзгеруіне байланысты.

Бірақ, шешім қабылдағанда кез келген адамның ойлау процесі, әсіресе, ӨСЖ-нің өртті қиын жағдайда сөндіру кезіндегі шешім қабылдаудағы ойлауын талдауға жәнге сипаттауға өте қиын. Сонда да, нақты нысандарда жүргізілген өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуларда алған тәжірибеге, зерттеулер нәтижелеріне негізделіп, оны талдап көрейік.

Көптеген құжаттар мен басылымдарда ӨСЖ-нің өрт сөндірудегі шешімдері ол жағдайды бағалап түсінгеннің нәтижесі деп есептеледі. Бірақ шешім қабылдау кезіндегі ойлау процесі, көбінесе, үш дербес және тізбектес іске асырылатын кезеңге бөлінеді: біріншіде міндет анықталады, кейін жағдай бағаланады, содан кейін ғана шешім қабылданады.

Соңғы пікірмен келісуге болмайды, өйткені ол болмысқа және озық тәжірибеге дәлме-дәл сәйкес келмейді. ӨСЖ-нің аталған ойлау операциялар іске асырылуының дербестігі мен жүйелілігінің едәуір шартты сипаты бар. Олар шын мәнінде орын алғаннан да елес сияқты көрінеді.

Міндетті айқындау процесінің табиғаты мынадай: ӨСЖ міндетті іске асыру кезінде жағдайды бағалау саласына қандай да дәрежеде басып кіруге мәжбұр. Оның ойлауы шешімді қабылдау процесінің ең басынан бастап, алдында тұрған өрт сөндірудің ойша үлгісін құру тәрізді болады.

Міндетті және тактикалық жоспарды дұрыс түсіну ӨСЖ-ге өрт сөндірудің мақсатын анық көруге, өз шешіміне және өрт сөндіру бөлімшелерінің қимылдарына деген талаптарды түсінуге мүмкіндік береді.

Жағдайды бағалау - орындаудың объективті шарттарын білуде.

Білудің нәтижесінде өртте жетістікке жетуге себеп болатын немесе оны қиындататын факторлар айқындалады. Ондай факторлар – ол жоғарыда қаралған жағдайдың элементтері. Оларды бағалау реттілігі негізінен екі әртүрлі сәттерден болу мүмкін: элементтер арасындағы өзара тәуелділік және дәл осы нақты жағдайдағы олардың әрқайсысының маңыздылығы. Мысалы, өрттегі барлық жағдайды барлау жүргізбей бағалауға болмайды. Жағдайдың әр элементінің маңыздылығы да әртүрлі болу мүмкін. Мысалы, өртке бара жатқанда, ӨСЖ шешімінің мазмұнына жолдың бары және оның жағдайы және өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына жеу мүмкіндігі әсер етеді.

Жағдайдың әр элементін бағалаудан алынған қорытындылар, әдетте, екі түрлі сипатта болады. Бір жағынан, олар жалпылама түрде осы не басқа элементтегі бастыны көрсетеді және бөлімшелердің алынған әскери тапсырманы орындауына оның әсерін бейнелейді, екінші жағынан – шешімнің тиісті элементінің нақты мазмұнын айқындайды (бұнда басты бағытты таңдау керек, оқпаншыларды қайда орналастыру керек және т.б.).

Жағдай мен ойлау процесіндегі әр элемент бойынша осындай жеке қорытындылар өзара және тапсырманы айқындаудан алынған қорытындылармен салыстырылады және мақсаты, уақыты мен орны бойынша нақтыланады. Осындай салыстырулар барысында ӨРЖ тағы да заңды қайшылықтармен бетпе-бет келуі әбден мүмкін, бұндағы әр элемент немесе элементтер тобы жалпы шешімге ғана емес, сонымен бірге осы не өзге оның элементіне әртүрлі әсер етеді. ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы кезіндегі ойлау әдістемесі жалпы алғанда шамамен осындай.

Оқу тәжірибесінде келесі әдістеме өзін жақсы жағынан көрсете алды, онда ең алдымен тапсырма айқындалады және жағдайдың әр элементі жеке-жеке бағаланады, олардың шешімнің тиісті элементіне әсері анықталады және тек осындан соң ғана жалпы қорытынды жасалады. Бұндай әдістемені кейде өрт сөндірудегі жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдау деп те атайды.

Оның басты артықшылығы ӨРЖ-не толық және нақты мәселелер шеңберін беретіндігінде, ӨСЖ өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдау кезінде олардың негізді жауаптарын жүйелі түрде табуы тиіс. Ол, әсіресе, тәжірибе көрсеткендей, жас мамандарды оқу орныдары мен қызметтік дайындық жүйелерінде өрт сөндіру саласында өрт сөндіруге қатысты шешімдер қабылдау әдістемесіне бастапқы үйрету сатысында өте құнды болып табылады, себебі бұл кезде оларға осы жағдайға дейін жаңа, күрделі және мүлде таныс емес тапсырмалар беріледі. Бұл жағдайда үйретілуші осы әдістемені басшылыққа ала отырып, сабаққа дайындалудың өзінде-ақ, жағдайдың әр элементін талдайды, ал сабақ барысында оның жетекшісі үйретушілерді мақсатқа сай шешімге біртіндеп, әрі осы процеске оқу тобының бар ұжымын қатыстыра отырып апарады.

Алайда осы әдістеменің елеулі кемшіліктері де бар. Олардың негізгілері оның көмегі арқылы шешім қабылдау үшін өте көп уақыт кететіндігімен байланысты, ал ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде, әдетте, ондай көп уақыты болмайды. Бұдан басқа, ол міндетті айқындауды жағдайды жалпы және оның әр элементін бағалаудан жасанды түрде алыстатады, ӨСЖ-нің ойлау диалектикасын барынша болық ашпайды, түптің түбінде шешімге қалай келу керектігін және ӨСЖ жауап беруі қажет осындай көптеген сұрақтардың дұрыс жауаптарын нақты анық көрсете алмайды.

Тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей, осы кемшіліктерді жою жолдары да әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі іс-шараларды қамтамасыз ететін және олардан басы артық детальдарды шығару есебінен әр детальдың саны мен көлемін қысқарту, мазмұнын нақты айқындаумен байланысты.

Шешімді қабылдау мен оның негізділігін арттыруды тездетудің екінші маңызды жолы ӨРЖ-нің жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдауының жоғарыда көрсетілген жүйесін шешім элементтері бойынша шешім қабылдау деп шартты түрде атауға болатын біршама өзгеше тәртіппен епті үйлестіру болып табылады. Осы екі тәсілдің арасында негізді айырмашылық жоқ және болуы да мүмкін емес, себебі осы да, басқасы да бір әдістемеге негізделген: алынған тапсырманы айқындау және жағдайды бағалау. Олардың арасындағы айырмашылық тек ӨСЖ-нің ойлау жүйелілігінде ғана.

Өрт сөндіру шешімдерін қабылдау барысында ӨСЖ-нің осы шешімдерінің элементтері бойынша міндетті айқындайды және жағдайдың әрбір элементін тығыз қарым-қатынаста және олардың өз шешімдерінің тиісті элементіне кешенді әсері тұрғысынан бағалайды. Шешімді өндіруге кірісе отырып, ӨРЖ өз алдына нақты мәселені (маңызды бағытты қайда таңдау керек, өртті сөндіру тәртібін қалай құру керек және т.б.) қояды және жағдайды ескере отырып, бірден оған жауап іздейді. Осымен оның пайымдауы басынан бастап-ақ мақсатты сипатқа ие болады, барынша қысқа жолмен жүреді, ендеше, өзінің соңғы мақсатына – бөлімшенің тактикалық ойы, жауынгерлік міндеті мен олардың өзара қарым-қатынасының негіздерін айқындауға тезірек жетеді.

Осындай әдістемені қолдану үшін ӨСЖ-де тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те бар. Ол жоғарыда көрсетілген міндетті айқындау, жағдайды бағалау мен оның элементтері арасындағы байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру барысында ӨРЖ өртке бару кезінде жағдайдың көптеген деректерін уақытында алып, оны зерделеуі. Өрт орнында ӨСЖ «жоқтан» бастаудың және жағдайдың әр элементін ойша жүйелеп таңдаудың қажеті жоқ, себебі бұндай жұмыс әлдеқашан жасалған. Сондықтан оның бірден іске кірісуге – шешімнің элементтерін айқындауға толық мүмкіндігі бар.

Егжей-тегжейлі талдау барысында ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойлау процесі міндетті айқындау және жағдайды бағалау сияқты дербес және жүйелі түрде жүзеге асырылатын кезеңдерге жасанды түрде ешқалай да бөліне алмайды.

Осы екі операцияың өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, осы байланыстың болмашы ғана бұзылуы таным теориясының талаптарына қарама-қайшылыққа түседі, олардың мәні келесіде.

Адамның санасы объективті әлемді сипаттау жолы арқылы қалыптасады. Бұдан ӨРЖ-нің өртті сөндіруге қатысты шешім қабылдау процесі, танымның басқа да процестері сияқты, нақты жауынгерлік жағдайды, объективтік шындықты сезім арқылы қабылдаудан басталып, жандыға пайымдап қараудан абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге бару жолы арқылы өтуі тиіс – объектитвті ақиқатты тану, болмысты тану жолы осындай. Таным теориясының осы талаптарын орындамау, әсіресе ӨБЖ осындай қателіктерге жол берсе және бөлімше командирлерінің қателіктері оларға «жабылса», өрескел қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін, ӨРЖ нақты бір іске кірісіп, міндеттерді терең айқындаудан бұрын, ең алдымен жалпы жағдайды, мысалы, келесі факторларды зерделеуі тиіс: өрт сөндіру бөлімшелері қайда және не істеп жатыр (өртке бара жатыр, жауынгерлік өрт сөндіру жұмыстарын күшейту және т.б.), олардың құрамы шамамен қандай? Бұларсыз ол өзінің алдында тұрған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, сонымен бірге, мысалы, негізгі бағдарлық бағытты да айқындай алмайды. Бұндай қорытынды тәжірибелі ӨРЖ-нің өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуы барысында шешім қабылдау тәжірибесімен де расталады. Олар әрқашан да міндетті айқындап, жағдайды олардың өзара тығыз қарым-қатынасы мен шартталығы барысында бағалайды. Әрі, алдында айтылып өткендей, бұл үшін оларда тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те болады. Шынында ӨРЖ әскери шындықта жағдайды әрқашан да осы не өзге деңгейде біледі, ол онысен өмір сүреді. Тапсырман алған соң тек жетіспейтін мәліметтерді жинақтап, алынған барлық деректерді өрт сөндіру сипатын ескере отырып, неғұрлым мақсатты түрде зерделейді. Сондықтан ӨРЖ ондаған сұрақтарға жауап іздеудің қажеті жоқ. Осы жауаптардың бірқатары ода әлдеқашан дайын болған немесе тек нақтылауды ғана талап етеді. Ол жағдайды зерттеудің «шикізаты» ретінде, ал шешімдерді «ғимаратты» салу үшін дайын «деталь» ретінде қолдана алады. Бұнымен қоса ӨСЖ өзінің ойымен жағдайдың сансыз көп факторларын қамту, олардың ішінде шешімнің осы не өзге элементін айқындайтын маңыздысын тез табу қабілеті барысында ерекше қажет. Түрлі жағдайлардағы осындай маңызды факторлар түрліше көрінеді. Мысалы, өрт сөндіру бөлімшелерінің өртті сөндіру жүйелілігі, негізгі бағытты таңдауы мен әрекет ету тәртібі, негізінен, өрттің жайылуымен, жауынгерлік міндеттердің мазмұнымен және өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара әрекет ету тәртібімен – олардың тактикалық мүмкіндіктерімен байланысты. Бірақ өзге факторлардың да, мысалы, жергілікті жердің ерекшеліктері, метеорологиялық жағдай, бөлімшелердің өрт сөндіру заттарымен қамтамасыз етілуі және т.б. да маңызды болуы мүмкін. ӨРЖ өнері, көбінесе, қиын жағдайды тез айыра біліп, дұрыс жол таба білудегі өнерінде де көрінеді. Бұндай өнер өрт сөндіру күзетінің тек сауатты және тәжірибелі жетекшісіне ғана тән болып табылады.

Осылайша, ӨРЖ міндеттерді айқындау мен жағдайды бағалауы – оның ойының қандай да бір дербес және бір-бірінен оқшауланған кезеңдері емес, шешім қабылдаудың жүйелі шығармашылық процесі.Міндеттер айқындалған соң, жағдайды бағалау басталады, ал бағынысты бөлімшелермен алынған міндеттердің орындалуына әсер ететін оның барлық жағымды және жағымсыз қасиеттерін толық және егжей-тегжейлі зерделеу үшін жалғасын табады және толықтырылады.

Бұл қағида міндетті айқындау процесінің өзінің мазмұнына да басқа тұрғыдан келуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса ол ӨРЖ әріптестерінің тек тәжірибесімен ғана шектеліп қалмай, өзінің шешіміне қарай барынша сенімді қадам жасап, оның пайдасы жоқ нұсқаларын алып тастауға, бағдарлы тактикалық ойды белгілеуге, бөлімшелерге алдын ала нақты өкім беруге, өзінің болашақ ойына неғұрлым мақсатты сипат беруге және сонысымен шешім қабылдаудың бар процесін барынша тездетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өзіне әбден таныс жағдайдыдың жалпы шарттарымен бірге міндетті айқындай отырып, ӨРЖ бұл міндетті бірқатар аралық және жеке міндеттерге бөле алады және сонымен бірге соңғыларды өрт сөндіру бөлімшелері – орындаушылар арасында бөле алады. Құрудың «Мақсат ағашы» деп аталатын осындай тәсілі өндірісті басқару теориясы бойынша әдебиеттерде кеңінен сипатталған, әрі ол, әрине, оның ерекшелігін ескерсек, өрт сөндіру ісінде де қолданылуы әбден мүмкін.

Осындай бөлудің алғашқы сипаты болғандығына (нақты орны мен уақытынсыз) қарамастан, ол форманы, болашақ шешімнің «қаңқасын» жасауға мүмкіндік береді, ал кейін оның мазмұнын неғұрлым тез және жеңіл толтыруға болады. Міндетті айқындау мен жағдайды бағалаудың тығыз үйлесімінің үлкен практикалық маңызы бар.

ӨСЖ ойындағы мақсатқа сай нұсқаны айқындау және шешімді тұжырымдау - қорытынды операциясын, соңғыны да қандай да бір дербес кезең деп санауға болмайды. Әрі кейбір авторлар жасайтындай, шешім қабылдау деп атауға болмайды. ӨРЖ санасына өрт сөндіру шешімі бірден, аяқ астынан, келмейді, күрделі, кейде міндеттерді айқындап, жағдайды бағалау барысында, яғни шешім қабылдаудың барлық процесі бойында тіпті азапты ойлар нәтижесінде, көптеген нәрселердің дұрыс-бұрысыны таразылаған соң ғана келеді.

Осы процестің табиғатының өзіне іздеу сипаты тән, себебі оның барысында ӨСЖ-де жағдайдың түрлі элементтері әсерінің қарама-қайшылығына қарай шешімнің гипотеза түріндегі бірнеше баламалы нұсқасы сөзсіз туындайды. Осы процестің соңында шешім қабылданбайды, осы бірнеше нұсқаның ішінен біреуіне таңдау жасалып, ӨСЖ осы не басқа критерийлер (көрсеткіштер) бойынша ең жақсы, тиімді немесе неғұрлым мақсатқа сай, яғни ең тиімді деп санайды.

Осындай нұсқаны іздеу шешім қабылдау процесінің өзінен-ақ басталады. Осы процестің барысында сауатты және тәжірибелі ӨСЖ көптеген ықтимал нұсқалардың ішінен қате дегендерді жеңіл іріктеп ала алады.

Қалған бірнеше (екі-үш) мақсатқа сай немесе ұтымды нұсқаларды ӨСЖ шешім қабылдау процесінің соңында өртті сөндірудің күтілетін нәтижелері (материалдық құралдар шығыны, міндетті орындау уақыты және т.б.) бойынша өзара салыстырады және олардың арасынан ең жақсы дегенін таңдап алады.

Айтпақшы, дәл осы мезетте ӨСЖ-нің тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар ерік-жігері де үлкен маңызға ие болады. Ең нашар шешім – ештемеге бел байламау, яғни, әрекетсіз қалу, ештеме жасаму. Ең жақсы нұсқаны таңдап алған ӨСЖ өз шешімін тұжырымдап, өзіне бағыныстыларға хабарлайды. Шешім қабылдау процесі аяқталды.

Бірақ осы процестің осылай аяқталуын да салыстырмалы деп санауға болады. Бұдан соң ӨСЖ-нің шешімге қатысты ойы, әсіресе, өртті сөндіру бойынша әскери әрекеттерді жүргізу кезеңіне неғұрлым тән болып табылатын жағдайдағы жиі өзгерістер барысында әсіресе жалғасады.Бұл кезде ӨСЖ-не бұдан бұрын қабылданған шешімнің осы не өзге элементін сөзсіз және бірнеше мәрте нақтылауға, толықтыруға, анықтауға және жағдай шұғыл өзгерген кезде жалпы негізді түрдегі жаңа шешімді қабылдауға тура келеді.

Көбінесе, бұрын қабылданған шешімді нақтылау немесе өзгерту қажеттілігі ӨСЖ мен шұғыл штабқа өрт сөндіруді бастаудан бұрын алдын ала болжауы қиын болған жағдайлардағы шұғыл өзгерістер барысында туындайтын болады.

Осылайша, ӨСЖ-нің өз шешімін ой елегінен өткізу процесінің жауынгерлік тапсырманы алған мезеттен бастап, оны орындап бітіргенше, яғни бөлімшелерді басқарудың барлық сатысында өзіндік орны болады. Ешбір ӨСЖ тіпті негізді шешім қабылдап, әскери бұйрық бергеннен соң да барлығы автоматты түрде, өз-өзінен болады деп үміттене алмайды, себебі өрттің өршуі кейде болжап болмайтындай болады.


5.3. ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойының логикалық әдістері
ӨСЖ өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдау кезіндегі ойдың басынан-ақ, ең алдымен, объективті фактілерге, жағдайдың нақты шарттарына сүйеніп, оларды сандық және сапалық жағынан дұрыс бағалай білуге, оларды өзара тығыз қарым-қатынаста, үздіксіз даму мен өзгерісте қарастыруға, негізгі буынды таба білуге, өртті сәтті сөндіруге барынша әсер ететін басты факторларды айқындай білуге міндетті, яғни сыртқы құбылыстардың артынан өрт сөндіру мәнін көре білуі тиіс.

Осы әдісті қолдану барысында ӨСЖ тарапынан әскери жағдайды статика ретінде емес, өрт сөндірудегі динамика, өзгерістер мен даму ретінде қарастыру маңыздылығына тоқталған жөн. Тек осындай тәсіл барысында ғана ӨСЖ жағдайды тек селқос ескеріп қана қоймай, сонымен бірге бөлімшенің өрт сөндіру әрекеттеріне белсенді әсер ете алады. Бұл үшін ӨСЖ-нің жағдайдағы ықтимал өзгерістер мен алдағы әскери әрекеттер барысын алдын ала болжау қабілетінің маңызы үлкен. Осындай қасиеттерге ие ӨСЖ шешемдерді тез әзірлеп, тез қабылдай алады. Көбінесе, осы не өзге ӨСЖ шешім қабылдау кезінде біршама қиындықтарды бастан өткереді, түрлі нұсқаларды ойша бағамдайды және қайсына тоқтарын білмей, басы қатады. Басқасы осындай жағдайда бірден бір нұсқаны таңдап адажы да, басқаларын алып тастайды.

Өрт сөндіруге қатысты шешімді қабылдау кезінде анализ және синтез, абстракциялаушылық пен жалпылап қорытындылау, индукция и дедукция, үйлестік пен салыстыру сияқты әдістердің де маңызы зор.

Анализ (талдау) ӨСЖ-не жалпы міндеттерді бірқатар аралық міндеттерге, ал жалпы жағдайды оның жекелеген элементтеріне бөлшектеуге, олардың әрбіреуін тереңірек зерттеуге, олардың ішінен бастысын айқындауға, қосымшаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.

Жағдайды талдау әдісі жағдайдың жекелеген элементтерін бір тұтастықтағы бағалауын талдау барысында жүйелі талдау барысында алынған нәтижелердің басын біріктіруге мүмкіндік беретін синтезбен тығыз байланысты, бұл оның элементтері бойынша шешім қабылдауда әсіресе маңызды.

Анализ бен синтез шешім қабылдау кезінде тек өзара тығыз үйлесімдікте, бірақ индукция және дедукция сияқты әдістермен де, қолданылады. Индукция ӨСЖ-не жағдайдың бірлі-жарым, кейде болар-болмас фактілері негізінде өртте жалпы қорытындыға келуге көмектеседі. Дедукция, керісінше, әскери әрекеттерді жүргізудің жалпы ұстанымдарының білімдері негізінде өрттегі жиі болатын құбылыстар туралы пікір алысуға мүмкіндік береді. Ойлаудың индуктивті әдіс арқылы жасалған қорытындылары әрқашан да дедукция әдісі арқылы, және керісінше, тексеріледі. Ендеше индукция мен дедукция да, синтез бен анализ сияқты, өзара соншалықты тиісті байланыста.

Жоғарыда аталған ойлау әдістерінен басқа, ӨСЖ абстрациялау және жалпылап қорытындылау сияқтыларды да пайдаланады. Олардың ролі өте қиын жағдайларда, әсіресе, жағдай туралы көптеген мәліметтерден көңілін сергітіп, зейінін осы сәттегі басты мәселеге аудару кезінде зор болып табылады. Бірақ жағдайдағы бастыны айқындау – бұл қарапайым міндет етем, әрі жағдайдың көптеген деректері болмауы да мүмкін, ал олардың біраз бөлігі жалған болуы да мүмкін. Осыған байланысты ӨСЖ-не ұқсастық пен салыстыру үлкен көмек көрсете алады, олардың мәні жағдайдың қолда бар деректерін өрт сөндірудің бұдан бұрынғы белгілі бір оқиғаларымен салыстыруда немесе осындай жолдар арқылы қажетті шешімді табуда. Бірақ бұндай қорытындылар, әдетте, болжамалы сипатта болады, себебі жағдай қайталанбайды және бір өрт ешқашан да екіншісіне ұқсас болмайды.Бұл фактіні елемеу, бұдан бұрынғы әрекеттерді айна-қатесіз көшіру ерте ме, кеш пе міндеттердің орындалмауына әкеледі.Және, керісінше, жағдайдағы өзгеруістердің шығармашылық есебі, жаңалықты іздеу әрқашан да сәттілікке жетелейді.

ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы кезінде ӨСЖ-нің ойлау әдістерінің сипаттамасы болық болмас еді, егер де интуициялық-эвристикалық әдістер деп аталатындарды айтпасақ. Оладың мәні ӨСЖ-нің толық пайымдауы мен жағдайдың барлық элементтерін ойша жүйелеп іріктеуден тұратын аралық кезеңдерсіз шешім қабылдау қабілетімен байланысты. Басқаша айтқанда, бұл әдістер ӨРЖ-нің шешімді «көре білу», тез істеу, тежелген ой тұжырымдаулар, көптеген бастапқы деректерден ең бастысын алу және бірден негізгі қорытындыға- шешімге көшу.

Бұл әдістер өрт сөндіру кезінде жағдай шұғыл өзгерген шақта, ӨРЖ-нің болып жатқан жағдайға қатысты шұғыл ықпалы керек болған кезде неғұрлым анық көрінеді. Олар тек ӨРЖ-нің субъективтік қасиеттеріне ғана негізделмейді, ең алдымен, оның өрт сөндірудің объективтік заңдылықтарын терең білуіне, ойлау әдістерін терең игеруіне және үлкен практикалық тәжірибесіне негізделеді. Олар, ендеше, логикалық әдістерге қайшылық келтірмейді, керісінше толықтырады және шешім қабылдаудың жүйлі процесінде олармен бірге үйлеседі. Бұдан басқа, олар ӨРЖ-нің психологиялық жағдайымен, оның көңіл-күйімен, ерік-жігері, рухани және физикалық күш-жігерінің жинақылығымен тығыз байланысты.

Адамдардың қолдары мен аяқтарының түрлі қимылдарды іске асыруы сияқты, өр сөндіру де екі рет жүзеге асылады – алдымен, ойша, кейін іс жүзінде. ӨРЖ өзінің қиялының күшімен, сезім, түйсігінің бар күшін сала отырып, өрт сөндіруді ойша басынан өткеріп, оның детальдары оның ойында фотопленка сияқты кейде қалып қояды.


5.4. Шешім қабылдау барысында математикалық әдістер мен ұйымдастыру техникалаларын қолдану
Өрт сөндіруге қатысты негізді шешімді дер кезінде қабылдаудаӨРЖ-нің логикалық қана емес, сонымен бірге математикалық әдістерді қолдануының да маңызы зор.Әрине, математикалық әдістердің қазргі кездегі өрт сөндірудегі ролі барынша артты, себебі осы не өзге де құбылыстарды, тіпті радиациялық жағдайға дейін принципті түрде санауға тура келеді, ал қарапайым есептерге желілік және динамикалық бағдарламалау, ықтималдық теориясы, дифференциалды теңдеу, жүйелі талдау, опрецияларды зерттеу, ойын теориясы, желілік жоспарлау, бағдарламалу және электронды-есептеу техникасы көмекке келді.

Математикалық әдістерсіз, сандық және сапалық негіздемесіз өрт сөндірудің заманауи кезеңінде дұрыс және айрықша тиімлі шешімді қабылдау қиын болады. Бір парасатты мағына, тәжірибе, ішкі түйсік кейде аз болады, ал «тәуекелділік пен қателіктер» әдісіне мүлде жол жоқ, себебі көптеген қателіктердің соңы түзетуге жатпайтын болады.

Қажеттіліктен басқа, математикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі де себепші болады.

Шешім қабылдаудың шығармашылық сипаты ресімдеуге, алгортитмдеуге, математикалық тілмен сипаттауға болатын операциялардың оған мүлде тән еместігін білдірмейді.Бұндай операцияларға, ең алдымен, өрт сөндіру кезінде қолда бар күш пен құралдарды қолдану үшін негізді шешімді қабылдауға қажетті түрлі мақсаттарды орындау жатады. Басқару тәжірибесінде әдетте төмендегі мақсаттар неғұрлым жиі жиі кездесетін және маңызды болып табылады:

бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктері;

өрт сөндіру бойынша әскери іс-әрекеттерді жан-жақты қамтамасыз етумен, ықтимал залалымен байланысты есептік өлшем бойынша күштері мен құралдарының сандық және сапалық арақатынасы.

Өрттің түрі мен көлеміне байланысты, әрине, басқа да міндеттер болуы мүмкін. Осы міндеттер негізінде ӨРЖ мен шұғыл штаб өртті ойдағыдай сөндіруге қажетті күш пен құралдар саны мен олардың әрекеттерінің тәсілдерін айқындайды. Бірқатар коэффициенттердің көмегімен ӨРЖ мен шұғыл штаб бір құралдарды немесе бөлімшелерді басқаларымен ауыстыру қажет болған жағдайда неғұрлым мақсатты тәртіпті айқындай алады, сонысымен бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктерін арттырады.

Есептер жүргізу үшін есептеу сызғышы, кестелер, сызбалар, нонограммалар мен электронды-есептеу машиналары сияқты түрлі құралдар кеңінен қоланыс табады. Осы құралдардың барлығы да есептер жүргізу мен олардың нақтылығын арттыруды барынша тездетеді. Шешім қабылдау кезінде ӨСЖ-не бәрінен бұрын алдына ала дайындалған типтік есептер, мысалы, өрт сөндіру заттарының оқпанындағы қажеттіліктерді есептеу және т.б. үлкен көмек көрсетеді.

Қолдарында осындай есептері бар ӨСЖ дайын тұрған түрдегісін тез пайдалана алады немесе жағдайдың нақты бір ахуалынан шыға отырып, қажет болған жағдайда бірнешеуін нақтылау керек болғанда қолдана алады.

Есептеу техникасын пайдалану арқылы есептеу үшін әр шұғыл штабта дайындалған маманның болғаны орынды, сондай-ақ алдына ала әзірленген әдістемелір, бланктер мен формуляр болуы тиіс. Бұл, әрине, қалған лауазымды тұлғалардың өрт кезінде есеп жүргізе білу міндетінен босатпайды, бірақ олардың кейбіреулерін арнайы бағытқа салу үлкен пайда келтіреді, уақытты үнемдеп, есептің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Есеп жүргізуден басқа, алда тұрған бөлімшелердің әскери әрекеттерінің динамикасын математикалық модельдеуіне де басты назар аударылады. Ол шешім қабылдаудың барлық процесі бойы қолданылуы мүмкін. Бірақ ол ӨРЖ бірнеше ықтимал шешімдердің ішінен ең үздігін (тиімдісін) немесе неғұрлым мақсатқа сәйкесін, тиімдірегіне жақынын түпкілікті таңдап алған кезде, осы процестің қорытынды операциясын жасау сәтінде әсіресе маңызды. Бұндай операцияны шешімді тиімді ету деп атайды, бұнда оның негізін тек логикалық және сапалық қана емес, сонымен қатар қолда бар күш пен өрт сөндіру күзетінің құралдарын неғұрлым тиімді қолдануды қамтамасыз ететін сандық негіздеме де құрайды.Дәл осындай операцияны жүзеге асыру кезінде ӨСЖ-нің білімі, өнері мен ерік-жігері, оның қайшылықтарды жеңе білу және өзінің соңғы сөзін айту, барлық бағыныстылары үшін міндетті заңның шешімге күшін беру қабілеті барынша көрінеді.

Кез келген модельдеудің мәні заттың (объектінің) моделін құрудан тұрады, ол оның құрылымын, әрекет барысы мен оның нәтижелерінің соңғы сандық нәтижелерін осы не өзге нақтылық пен толықтықта сипаттайды.Осындай қорытындыларды зерделеп, модельге өзгерістер енгізуге болады, әрі сонысымен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу тәсілдері мен мерзімдерін, шарттарын айқындауға болады.

Модельдеу тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: логикалық, эвристикалық, кибернетикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.

Шешімі бар оперативті жоспар немесе схема – өрт сөндірудің графикалық моделі. Алда тұрған өрт сөндіру шарттарына жақын болып табылатын өрт сөндіру-тактикалық оқу жағдайы – бұл оның эксперименттік моделі емес. Жеткілікті сандық негіздеменің болмауы барлық осындай модельдердің негізгі «тар орны» болып табылады. Әскери әрекеттерді математикалық модельдеу осындай кемшілікті жоюға арналған.



Өрт сөндірудегі әскери әрекеттерді модельдеу дегеніміз олардың нысандандырылған алгортимдік және логикалық сипаттамасы «мысалы, теңдеу жүйесі және логикалық ереже түрінде», ол ЭЕМ көмегі арқылы олардың жүрісін бірнеше ықтимал нұсқада көрсетуге, өрт сөндірудің түпкілікті сандық нәтижелерін таңдап алынған критерийлер бойынша алдын ала көруге және айқындауға және осы негізде шешімнің ең үздік нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Жалпы, өрт сөндіру-техникалық құралдандырылумен, әрекеттерінің мүмкіндіктерімен және тәсілдерімен бір-бірінен ерекшеленетін өрт сөндіру бөлімшелерінің біраз саны қатысатын өрт сөндіруге келетін болсақ, онда оның бөлімшелері әрекеттерінің барлық жақтарын сипаттайтын математикалық моделін құрастыру күрделісі болып табылады. Өрт сөндіруің күтілетін нәтижелерін қандай да болмасын бір критерий бойынша емес, бір-біріне қарама-қайшы бірнеше көрсеткіш бойынша, атап айтсақ, өрт салдарынан болатын залал, ықтимал немесе алдын алынған құрбандар, материалдық құралдар шығыны мен өртті сөндіруге кеткен ақыт және т.б бағалау негізгі қиындық болып табылады. Осы көрсеткіштердің біреулерінің барынша көп, біреулерінің барынша аз болғаны дұрыс. Бұдан басқа, математикалық модельдеуге қажетті бірқатар бастапқы деректерді нысандандыру қиын немесе мүмкін емес және сандық тұрғыдан (тактикалық дағды, пән, өрт сөндіруге келген өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының моральдік-психологиялық жағдайы, олардың жетекшілерінің ақыл-ой және ұйымдастыру қабілеттері, алда тұрған әскери әрекеттерінің әлеуметтік зардаптары және т.б.) өлшеу мүмкін емес.

Бірқатар деректер толық емес, кездейсоқ, қарама-қайшы және тіпті жалған сипатта болады.Бұндай жағдайларда әскери әрекеттердің сан алуандылығын сипаттайтын қандай да «жеңіс теңдеуін» құрастыру оңай шаруа емес, сондықтан математиканы қолдану тиімділігін бағаламауға болмайды, бағаламау емес, оны тіпті асыра бағалау қажет.

Белгіленген қиындықтарды бір жолмен жеңуге болады – біз жоғарыда қарастырған ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты математикалық әдістері бар шешім қабылдауы барысындағы логикалық ойлау әдістері, әсіресе игерілген есептер жүргізуімен, сондай-ақ олардың шығармашылық, өнер, батылдығының көрінуі және жарғылар мен нұсқауларда, басқа да нормативтік құжаттарда өрт сөндіру бойынша баяндалған әскери әрекеттерді шебер жүргізуі арқылы.

Әскери әрекеттерді кез келген ерікті математикалық ықшамдау, сәнді формуланың ізіне түсу уақытты босқа шығындаумен ӨСЖ-нің өрескел қателіктерге жол беруіне ұрындырады, яғни, ақталмаған шығындар мен тіпті сапасыз өрт сөндіруге де әкеледі.

Жалпы өрт сөндіруге қатысты шешімдер қабылдау кезіндегі логикалық және математикалық әдістердің тығыз үйлесімділігі ӨСЖ-нің кемелділігін, оның білімі мен ө өрт сөндіру бөлімшелерін басқара білу өнерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.ЭЕМ мен математикалық әдістердің болуы ӨСЖ-нің ойлауы және шығармашылығының ролін арттырады, себебі бұл жағдайда ол әдеттегі функцияларды орындаудан басқа, ЭЕМ шін міндеттердің қойылуын айқындап, оның әрекеттерінің нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан пайдалана білуі тиіс. Жетекші адам мен машинаның өзара тығыз әрекеті ғана алғашқысының шешуші роль атқару барысында өртс өндіруге қатысты заманауи талаптардың орындалуын қамтамасыз ете алады.



5.5. ӨСЖ мен басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру
ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы барысындағы қызметінің түпкілікті нәтижесі, шешімнің негізділігі мен дер кезділігі көбінесе білім, тәжірибе, ойлау әдістемесі, оның ерік-жігеріне, математикалық әдістер мен есептеу техникасын пайдалануына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның басқару органдарымен бірге осы кезеңдегі жұмысына да байланысты болады. Бұл ұйымдастыру, өз кезегінде, әр кез сайын көптеген факторлармен айқындалатын болады, олардың арасында шешім қабылдауға уақыттың болуы тағы да басты әсер етеді, себебі бұндай уақыт әртүрлі болады, әрі осындай мәселе бойынша қандай да бір жүйелі және барлық жағдайларға жарамды рецепт беру мүмкін емес және мақсатқа сай емес.

ӨСЖ мен басақару органдарының шешім қабылдауы кезіндегі жұмысын ұйымдастыруда шығармашылық тәсіл мен өнертапқыштық қабілет те өте қажет, ол әрбір минутты үнемдеп пайдаланып, міндетті орындау үшін бағыныстыларына барынша көп уақыт бөлу үшін керек.

Айтылғандарды, сондай-ақ басқару органдарының жұмысты ұйымдастыру бойынша жалпы ережелерін есепке ала отырып, әдеттегі өрт сөндіру тұрғысынан алғандағы жағдайда шешім қабылдау барысындағы осындай ұйымдастыруды қарастырайық.

Барлық осындай жағдайларда өрт кезіндегі ӨСЖ мен басқару органдарының күшімен және құралдарымен бірге алғанда олардыңжұмысы келесідей түрде ұйымдастырыла алады.Әдетте, шұғыл штаб бастығымен бірге жалпы жағдайды бағалай отырып, ӨСЖ амалдардың тактикалық түпкі ойын бағдарлайды,өрт сөндіру бойынша аса шұғыл іс-шараларды әзірлеу дайындығын айқындайды және бұл үшін бар уақыттың есебін шығарады. Алынған тапсырмалармен және ӨРЖ-нің болжамды ойымен шұғыл штаб бастығы өртте лауазымды тұлғаларды таныстырады да, сонымен қатар оларға осы мезетте бөлімше командирлерінің өздеріне бағыныстыларға өкімді орындауы туралы айту, сонымен бірге ӨСЖ үшін жағдай туралы жетіспейтін деректерді дайындау және қажетті есептерді жүргізу жөнінде нұсқау береді.

ӨСЖ жағдайды бағалай отырып, тиісті мәселелерге қатысты оперативтік штаб бастығының, басқа да лауазымдық тұлғалардың қорытытындылары мен ұсыныстарын жұмыс тәртібінде тыңдап әрі тұжырымдап, өз шешімін жариялайды. Бұл жұмыстардың барлығы басында өрт сөндірудің жоспары бойынша орындалып, сонан кейін оның нәтижелері қажетті мәліметтер алынғаннан соң сол жерде нақтыланып, айқындалады.

Басқаша айтқанда, ӨСЖ шектеулі уақыт ішінде шешім қабылдап, оны нақтылап барып өз жұмысын ұйымдастыруға мәжбүр болады. Мысалы, әскери іс-қимылдарды жүргізу барысында өрт кезіндегі жағдайдың өзгеруіне қарай болады. Өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығулары кезіндегі тәжірибеге қарағанда, ӨСЖ шешімді қабылдаған кезде жағдайды толық бақылай алатын жерде болса, оперативтік штаб бастығы мен басқа да басшы тұлғалармен бірге арнайы жабдықталған орында жұмыс істесе, солардың көмегімен міндеттерді белгілеп, жағдайдың соңғы өзгерістерін бақылауға алса, маңызды мәселелер бойынша ойларымен бөлісіп, сол арада бірден шешім қабылдап (нақтылап), жарияласа жұмыс та тиімді ұйымдастырылады. Оперативтік штабтың орналасқан жерінде әскери басқару орталығы ұйымдастырылады. Егер шешім жоспар бойынша қабылданған болса, ӨСЖ уақыты болған жағдайда шешімді нақтылайды.

ӨСЖ жалғыз өзі шұғыл шешім қабылдап немесе оны нақтылап, оны орындауға қол астындағы қызметкерлерге бірден бұйрық беруге мәжбүр болатын жағдайдың да болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нұсқасы көбіне өрт сөндіру кезіндегі жағдай күрт өзгергенде шұғыл шара қолдану үшін әскери іс-қимылдарды жүргізу барысында шешім қабылдап, нақтылау кезінде болады .

Басқа жағдайлардың барлығында ӨСЖ өзінің жақын көмекшісімен, әсіресе, оперативтік штаб бастығымен, әскери учаске бастығымен ойларымен бөлісіп отыру үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануы керек. Қазіргі кезде өрт сөндіру техникасының көптеген күрделі түрлері қолданылады. Өрт сөндіру техникасын тактикалық және техникалық тұрғыдан дұрыс қолдануға қатысты шешімді жоғары кәсіби білімі болса да, ӨСЖ-нің жалғыз өзіне қабылдау оңайға түспейді.

Өрт сөндіру кезінде шешім қаблдағанда қол астындағы қызметкерлердің жағдайды тым ұзақ баяндауларына және қарама-қайшы ұсыныс жасауларына жол беруге болмайды, өйткені бұл санаулы уақытты босқа кетіруге әрі ӨСЖ-нің тәжірибесі аз болған жағдайда жаңсақ шешім қабылдауына әкелуі мүмкін. Өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдағанда ӨСЖ-нің қойған сұрақтарына жақын көмекшісінің берген нақты жауабы, оның пікірі аса маңызды. Мұндай жағдайда, әсіресе, оперативтік штаб бастығының атқарар рөлі зор. Бірінші кезекте нақты оперативтік штаб бастығы ӨСЖ-нің өрттегі жағдайға қатысты кез келген сұрағына қысқа да нұсқа жауап беруге, сондай-ақ қажетті есептеулер мен қорытындыларға негізделген шешімді қабылдау бойынша ұсыныс жасауға дайын болуы тиіс.

Шешімді қабылдауға ұжымның қатысуының да психологиялық аспектісін атап өту керек. Ұжыммен жұмыла жұмыс істеген кезде ӨСЖ-нің де психологиялық-физиологиялық жағдайы жақсарады, яғни, өзіне сыни көзбен қарау, жағдайды зерделей білу қабілеті артып, субъективизим қауіптілігі төмендейді. Басқару органдарының бағынышты қызметкерлері ӨСЖ-нің тактикалық ойын және өздерінің міндеттерін терең түсініп, іскери ынтымақтастық, өзара түсіністік пен сенімділік ахуалын қалыптастырады. ӨСЖ-нің қабылдаған шешімінің дұрыстығына сенім артып, өртті тез арада сөндіруге бар күштерін салады.

Жалпы айтқанда, ӨСЖ-нің жеке адами қасиеттері мен білімі, дербестігі, ерік-жігері, ұжыммен және басқару органдары қызметкерлерімен жұмыла әрекет ете білуі өрт сөндіруге қатысты дер кезінде әрі дұрыс шешім қабылдауына, аса күрделі өртті сөндіру кезінде әскери іс-қимылдарды жоспарлау бойынша басқару органдарымен жұмыстарды бұдан әрі де жүргізуіне ықпал етеді.
5.6. Қол астындағы қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру
ӨСЖ-нің тактикалық іс-әрекеті бағынышты қызметкерлердің өрт сөндіру кезінде өз міндеттері мен рөлін білуі үшін әзірленеді.

Сол себепті, бағынышты қызметкерлереге әскери міндеттермен қатар жеткізілетін мәліметтердің де ауқымы айтарлықтай үлкен. Бірақ сол не басқадай мәліметтердің болмауы қызметкерлерді жүктелген әскери міндеттерді орындаудан босатпайды. Бұл мәліметтер болмаса да, қызметкерлер дербестігінің, бастамашылдығының, жауапкершілігінің арқасында өз міндеттерін атқарып шығады. Өрт сөндіру кезінде мақсатқа толық жетпеген қызметкерлерге емес, ӨСЖ-нің нұсқауын күтіп, әрекетсіздік пен жігерсіздік танытқан, өзіне жауапкершілікті алуға жүрексінгендерге кінә арту керек. Бұл, әсіресе, өрт сөндіру кезінде бөлімшелерді басқару барысында аса маңызды, себебі, жағдайдың күрт өзгеруіне және уақыттың тығыздығына байланысты ӨСЖ қабылдаған шешімі бойынша қажетті мәліметтерді қарамағындағы қызметкерге әрдайым жеткізе бере алмауы мүмкін. Ол мұндай жағдайда радиоканал бойынша дабыл қағумен немесе алдағы болатын әрекеттердің бағыты мен сипаты туралы тек қысқа қоманда берумен ғана шектеледі.

Әскери міндеттерді орындаушыларға жеткізу тәсілдері әртүрлі, көп жағдайда төменде көрсетілген тәсілдер қолданылады (6.2 суреті):

ӨСЖ-нің не оның тапсырмасы бойынша басқару органдары қызметкерлерінің барлық қызметкерлерге немесе қарамағындағы бірнеше командирлерге міндеттерді жеке сөйлесу кезінде ауызша түсіндіруі;

ӨСЖ жеке өзінің не басқару органдарының басқа лауазымды тұлғаларының техникалық байланыс құралдары арқылы бұйрық беруі;

қарамағындағы қызметкерлерге жазбаша, графикалық немесе магниттік тасығыштағы әскери құжаттарды-бұйрықтарды жіберу;

жоғарыда көрсетілген тәсілдердің барлығы өзара үйлескен аралас тәсілдер. Осы тәсілдерді жан-жақты қарастырайық:

ӨСЖ-нің қарамағындағы қызметкерлерге әскери міндеттерді жеке сөйлесу кезінде ауызша түсіндіретін тәсіл өткен жылдардың еншісіне тән және оның мәні қазірде де маңызды. ӨСЖ осы мақсат үшін лауазымды тұлғаларды өрт кезінде ыңғайлы жерге шақырады. Ал, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, ӨСЖ қарамағындағы кейбір қызметкерлерді шақырып алып, оларға әскери міндеттерді жеке өзі қояды. Осы жағдайлардың кез келгенінде ӨСЖ қарамағындағы қызметкерлерге өрт сөндіруге дайындалу үшін қабылдаған шешімінен нақты нені білуі керек екендігін егжей-тегжейлі түсіндіруі, әскери міндеттерді және оларды орындау шарттарын дұрыс түсінгендіктеріне көз жеткізуі, туындаған мәселелерге түсініктеме беруі және практикалық көмек көрсетуі тиіс.

ӨСЖ қарамағындағы қызметкерлерді жинай алатындай жағдайда, оларға ауызша бұйрық түрінде міндеттер қояды. Бұйрықтың мазмұны мен беру тәртібі өрт сөндіру түріне байланысты болады. Бұйрықта тактикалық ой мен қызметкерлердің әскери міндеттері көрсетіледі. ӨСЖ өрт сөндіруге дайындық кезінде ғана қарамағындағы барлық қызметкерлерге бірдей міндеттерді жеке өзі қоя алады.

Өрт сөндіру барысында міндеттерді белгілеу әлдеқайда қиынға түседі. Бірақ бұл жағдайда да қызметкерлермен жеке сөйлесу кезінде ауызша қысқа бұйрықтар беру арқылы маңызды міндеттерді белгілеу үшін кез келген мүмкіндіктер қолданылады.

ӨСЖ-нің ауызша берген бұйрығы бойынша міндеттер кезегімен былайша орындалады: бұйрықтың басында жағдайды бағалаудың қорытындылары көрсетіліп, осы бұйрық берілген бөлімшенің әскери міндеті белгіленеді. Бұл тармақ аса маңызды болып есептеледі және оның тұжырымдамасының нақтылығына баса назар аудару қажет. Бұдан әрі осы бөлімшенің мүддесіне қатысты басқа бөлімшенің күші және құралдары арқылы орындалатын міндеттері көрсетіледі. Қорытынды бөлімінде бөлімшенің міндеттерді орындауға дайындалу уақыты көрсетіледі.

Бұйрықтың мұндай мазмұны іс жүзінде жиі кездесетін, әдеттегі түрі. Алайда, қажет болған жағдайда қарамағындағы қызметкерлерді толғандыратын мәселелер де көрсетілуі мүмкін. Мысалы, әскери міндеттерді орындау кезіндегі іс-қимылдар тәсілі, көршілердің міндеті, қызметтердің өзара әрекет етуі және т.б.көрсетіледі.

Кез келген бұйрықтың мазмұнында керексіз мәліметтер, жалпы ережелер мен жарғылық талаптар көрсетілмегені дұрыс.

Осымен қатар, бұйрықтың кез келген тармағын белгілегенде бағынышты командирлердің даярлық деңгейі, тәжірибесі мен басқа да қасиеттері ескерілуі керек. Өрт сөндіру кезінде сауатты, тәжірибесі мол, жігерлі командир ӨСЖ жағдайды жан-жақты түсіндіруін, нұсқаулығын қажет етпейді

Көп жағдайда бағынышты қызметкерлерге ауызша бұйрықты нақты жеткізу ӨСЖ-нің және басқа да лауазымды тұлғалардың команда бере білу, өрт сөндіруге қатысты ойларын қысқа да нұсқа түсіндіре білу және қызметкерлерге әскери міндеттерді қоя білу қабілетіне байланысты болады.

«Қалай бұйрық беретініңді айтсаң, мен оның қалай орындалатынын айтам» деген халық мәтелі бүгінгі күнде де маңызы. ӨСЖ өзінің сыртқы келбетімен, мінез-құлқымен, бұйрық берудегі дикциясымен өрттің ойдағыдай ауыздықталатынына қарамағындағы қызметкерінің сенімділігін күшейтуі тиіс. ­­ӨСЖ-нің аздаған қобалжуы, күйгелектенуі немесе дөрекі сөйлеуі қарамағындағы қызметкерлерге психологиялық тұрғыдан теріс әсер ететінін ұмытпаған жөн. Бұйрықты қызметкерлерге мәнін түсінетіндей, ұғатындай етіп берген дұрыс.

Кез келген мүмкіндік болған жағдайда ауызша әскери бұйрық тікелей сол жерде беріледі. Бұл үшін өртке жақын маңдағы ең қолайлы жер таңдалады. Сол арадан өртті бақылап, жүргізілетін әскери іс-қимылдардың бағыты белгіленеді.

Бағынышты қызметкерлерге техникалық байланыс құралдарын шеберлікпен пайдалана отырып, өрт сөндіру кезіндегі міндеттерін жеткізе білу бірнеше орындаушыларға бір мезетте әрі тез арада жүктелген міндеттерді жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, мұның теріс жақтары да бар. Бұл тәсіл қызметкерлердің белгіленген міндеттерді дұрыс түсінгендігін бірден тексеруге мүмкіндік бермейді.

Техникалық байланыс құралдары арқылы міндеттерді жүктеген кезде бұйрықтың көлемін команда беру мен дабыл қағуға дейін барынша қысқартудың маңызды зор. Автоматтандырылған әрі дабыл қағатын түрлі құрылғыларды қолданған кезде ақпарттар көлемін осылайша қысқарту аса қажет. Қарамағындағы қызметкерге алдымен ең басты мәліметтерді, кейіннен басқа да қажетті деректерді беру керек. Бұдан басқа, ақпараттарды берудің белгілі бір қарқыны сақталуы қажет. Яғни, бағынышты қызметкерге білуге қажетті ақпараттардың бәрін бірден бермеген жөн, себебі бұл ақпараттар бұрмаланған жағдайда жіберілген қателіктерді тауып, түзету оңайға түспейді.

Аса маңызды әрі жедел бұйрықтар әдетте бағынышты қызметкерлермен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы беріледі.

Қарамағындағы қызметкерлерге әскери міндеттерді әскери жазбаша немесе графикалық құжаттар арқылы жеткізу тәсілі әзірше сирек қолданылады, бірақ оргтехника құралдарын қолданудың келешегі мол.

Әскери міндеттерді жеткізудің аралас тәсілінің мәні мынада – ӨСЖ-мен қабылданған (нақтыланған) шешім орындаушыларға түрлі әдіс-тәсілдермен жеткізіледі: бағынышты қызметкерлердің бір тобына – жеке сөйлесу кезінде ауызша жеткізу; басқа тобына байланыс жолдары және т.б. арқылы жеткізу болып табылады. Көбіне бұл тәсіл жоғары тұрған инстанциялармен сұхбаттасу кезінде, жеке қарым қатынас жасау шектеулі болғанда немесе мүлде болмаған жағдайда қолданылады.

Осылайша, жұмысты қысқа уақытта әрі бір мезетте орындайтын лауазымды тұлғалардың бір тобы міндеттерді жеткізу үшін тартылады. Олардың жұмысын ӨСЖ-нің жеке өзі немесе оперативтік штаб бастығы дер кезінде және дәл ұйымдастыруы тиіс. Шешімді қабылдау (нақтылау) барысында бағынышты қызметкерлердің тұрған жері мен атқаратын рөліне қарай жалпы міндеттерді қандай тәсілдермен шешу, қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру, бұл үшін лауазымды тұлғалардың қайсысын тарту, оларды қалай және қашан даярлау керектігін белгілейді.

ӨСЖ өзінің шешімін орындаушыларға жеткізуге дайын әрі қысқа бұйрық түрінде, олардың дайындалу мерзімін көрсете отырып, жариялайды. Осы бүйрықтардың жазбаша түріне немесе сызбаға түсірілгеніне қарай және лауазымды тұлғалардың бұл бұйрықтарды дұрыс ұғынғандарын тексергеннен кейін, олар орындаушыларға жеке сөйлесу арқылы ауызша не басқа тәсілдермен жеткізледі. Мұндай бұйрықтардың командирлерге шешімді қабылдау барысында, яғни бағынышты қызметкерлерге міндеттердің қойылуына қарай берілуі де мүмкін. Осылайша, бағынышты қызметкерлерді, әсіресе, басқаларынан бұрынырақ әрекет ете бастаған қызметкерлерді дайындауға жұмсалатын уақытты үнемдеуге болады. ӨСЖ осы не басқа жағдайларда жеке өзі немесе оперативтік штаб бастығы арқылы орындаушыларға әскери міндеттерді жеткізудің белгіленген тәртібін қадағалайды.

Орындаушыларға міндеттерін кез келген тәсілмен жеткізуде оперативтік штабтың атқаратын маңызы зор. ӨСЖ барлық орындаушыларға міндеттерді жеке өзі қойған жағдайда, оперативтік штаб оған керекті материалдарды жинап, қажет болса белгіленген жерге қарамағындағы командирлерді де шақырады.

Оперативтік штаб барлық жағдайларда бағынышты қызметкерлерге міндеттері, күші, құралдары, орындау шаралары мен дайындалу мерзімі белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бұйрықтарды жеткізеді.

Техникалық құралдар арқылы белгіленген дабылдар, командалар, бұйрықтар, сондай-ақ оларды қабылдағаны мен орындалғаны туралы хабарламаларды беру міндеттерді жеткізу жеделдігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады.

Мұндай дабылдар, командалар, бұйрықтар мен хабарламалар сандарды, әріптерді, сөздер мен сөз тіркестерін теру түрінде ресімделіп, кодталады. Дабылдар, командалар мен ресімделген бұйрықтар әзірленіп, қызметкерлерге күні бұрын жеткізіледі. Белгіленген дабылдар мен командаларды беру үшін қажетті дабылдар мен командаларды белгілеп отыратын арнайы тақтасы және берілетін ақпаратты теруді қамтамасыз ететін пернетақтасы бар түрлі құрылғылар қолданылады. Сондай-ақ, бұл құрылғы бағынышты бөлімшенің дабылды немесе бұйрықты орындауға команданы алғаны туралы хабарламасын қабылдайды.

Бағынышты бөлімшелерге әскери міндеттерді жеткізудің жоғарыда көрсетілген әдістерінің жақсы да, теріс те жақтары бар. ӨСЖ және басқару органдары оларды таңдаған кезде әскери іс-қимылдарды бастағанға дейінгі уақытты басты шарты ретінде қарастырады. Нақты жағдайларды және белгілі бір кезектілікті ескере отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді шебер үйлестіре білгенде ғана уақытты барынша үнемдеуге және міндеттерді жеткізудің тиімділігіне қол жеткізуге болады. Ең алдымен шешуші бағытта әрекет ететін, ең маңызды міндеттерді орындайтын немесе дайындалуға көбірек уақытты қажет ететіндердің міндеттері белгіленеді.

Құжаттардың өткізілуін және міндеттердің дұрыс түсінілгенін бақылауды өрт сөндіру кезіндегі оперативтік штаб немесе басқа лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау