Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 42 бұйрығына
1-қосымша
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген «Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 11146) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысы: Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерінің (іс-қимылдың) басталуына негіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында келіп түскен күні тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен күні бөлімше қызметкерін анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);
3) орындаушы өтінішті қарайды – 2 (екі) жұмыс күн мерзімінде, құжаттар толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 6-тармағына сәйкес қазақстандық кеменің капитаны (иесі) құрастырған кемелік рөлді (бұдан әрі - тізім) келісуге жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысының жобасын құруы және қалыптастыруы:
6) мемлекеттік органдардан келісілген тізілімдерді алған күні басшының мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысына қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын жолдау және беру қол қойылған күні, қазақстандық кемелердің шығуы жоспарланған жауапкершілік учаскесінде бір жұмыс күні мерзімінде қазақстандық кеме тіркелген орында (теңіз порты, орналасу пункті) жүзеге асырылады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) қорытындысы:
1) тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны анықтау;
3) тізімдер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысы;
4) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының дайын жобасы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабар алысу тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын алғандығы туралы белгі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері;
2) бөлім (бөлімше, топ) бастышы (бұдан әрі – бөлімше басшысы);
3) орындаушы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжат келіп түскен күні алған құжаттардың тіркелуін жүргізеді және бөлімше басшысына қарауға тапсырады, бұл ретте ол келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, өтінішке тіркеу мөртабанын қояды;
2) бөлімше басшысы құжат келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;
3) Қағиданың 6-тармағына сәйкес орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және аумақтық органдарға үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізімдерді келісу үшін жолдайды.
4) аумақтық органдардан келісілген тізімдерді алған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларына қол қояды;
5) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары қол қойылған күні көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкерімен қолма-қол немесе пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында, сондай-ақ ресми ақпараттар көзі мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
қосымша
Нысан
«Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |