|
Дипломдық жоба тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білімін қалыптастыру» 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
|
бет | 7/7 | Дата | 24.07.2022 | өлшемі | 152,82 Kb. | | #39063 | түрі | Диплом |
| «Бастауыш сынып оқушыларына сабақтан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білімін қалыптастыру»ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылған болжамды дәлелдеген зерттеу жұмысының нәтижесі төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
- Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
- Қоршаған ортаның, математикалық экономиканың әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.
- Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; экономикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық жіне алгебралық тәсілдермен шығару
-жаттығулар сәйкес сыныптағы математика бағдарламасына сай құрастырылуы және математиканың бағдарламалық материалдарының баяндалуы жүйесіне қайшы келмеуі тиіс;
-жаттығулар оқушыға таныс, нақты материалдар негізінде құрастырылуы керек;
-жаттығулардың мазмұнында айналадағы өмір мен қазіргі тұрмыстағы практикалық мәселелер бейнеленіп, олар оқушыларды қызықтыратындай болуы қажет;
-Жаттығулардың шарты сол арналған сынып оқушыларына таныс емес ұғымдар мен терминдерді қамтымауы керек;
-жаттығулар әр алуан сипаттағы мәселелрден, негізінен, сынып оқушыларына түсінікті келетін халық шаруашылық саласынан алынуға тиіс. Егер жаттығу оқушылардың таныстығы шамалы едәуір күрделі мәселені қамтитын болса, ондай жаттығуларды орындағанда оқушыларға жеңіл түрде қосымша түсінітер берілуі қажет;
Аталған зерттеу нәтижелері болашақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз.
Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Болашақта бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастыру, бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекетін дамытуды бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекетін дамытумен сабақтастық тұрғысында қарастыру қажет деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|