1.2 Дипломдық жобаның конциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы
Дипломдық жобадағы “Ғажайып аяш” киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін “Ғажайып аяш” тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.
Өз ұлтыңа, өз ұлтының дәстүріне, ұлттың қол өнеріне деген сүйіспеншілік, - ол ұлттық үлкен қоғамдық әлеуметтік мүдде. Киім дизайны өнерінің жаңа тәсілдерін ойластырып, олардан жаңадан киім үлгілерін жасап шығару кезеңі келіп жеткен сияқты. Бұдан шығатын тұжырым жас ұрпақты өз халқының салт дәстүрін, ұлттық өнерін, өнер сүйер өнерлі жастардың жүрегіне ұялатып, жаңа деконструкциялық, инновациялық, авангард киім жиынтықтарын ұлттық бағытта жасап шығару болып табылады. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу.
Алғашқы адамдар үшін тірі қалу жолындағы құбылыстар бұл күнде бір-бір үлкен өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үңгірді мекендеген кезде, қазіргі өмірдің бірде-бірін ойлаған жоқ. Олар үшін үңгір суықтан пана, желден ық, табиғат құбылыстарынан қорғаушы ғана болды.
Шалқар дала, сағымды белдердегі тіршілік көшпелі жұрттың желдің сыбдырыла, аттың дүбірі мен найзағайдың гүріліне, ағыстың шуылы мен қанаттың суылыны құлақ түріп қойса, кейін сол далада ғажайып күймен бірге үлкен өнер пайда бола бастады. Міне алғашқы адамдар үшін киімнің керектігі неде ? – деген сұрақ осы тұста пайда болса керек. Әрине ол тұста адамзат сұлу көріну және сәнді көріну үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан пана болар, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін пайдаланды. Біртіндеп теріні сол қалпы емес илеп, жүнді түтіп басып, иіріп, тоқып пайдалану сияқты ілгерілеу пайда бола бастады.
Осылайша адамзатқа қызмет ететін, сонымен бірге жасасып келе жатқан өнердің қатарына тағы бір сән өнері қосылды. Сән өнері адамзат өнеріне қызмет етуде басқа сән өнерінен кем соққан жоқ. Қайта ол басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүргенін және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымызда, мойындауымыз да қажет.
Дипломдық жоба қазақтың ұлттық киімін зерттеп барып барлық әшекейлер мен ою- өрнектер тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы алынды. Жалпы дипломдық жобаның концепциясы петроглифтермен ұлттық киім тарихы болып табылады. ХХI – ғасыр ғылым мен өнердің өркен жайып қанаттанып адамзаттың инновациялық тәсілдерді көптеп қолдану – ғасыры. Ұлттық дәстүр мен қол өнерге баули отырып оны сапалы түрде қабылдауға тәрбие ала білу біздің ұлттық болмыстың басты міндеттері. Ата-бабаларымыздан қалған қол өнер мұрасы бізге жеткен шексіз қазына. Осы шексіз қазынамызды төгіп шашпай, жаңа инновациялық тәсілдермен іздестіру бұл қос қиял емес – бұл үлкен жетістік. Сондықтан дипломдық жобаны тарихи деректер арқылы іздентіру басты мақсат.
1.3 Қазіргі замандағы сән дамуын қысқаша талдау
Мемлекетіміз тұрақты социалды демократиялық заңдылықты құру жолына түсті. Осының бәрі біздің бойымызға мақтаныш сезімін туғызады. Президенттің қолдауымен 2007-ші жыл туған қазақ тілімізді өркендету жылы болып жарияланды. Осыған орай қызу да қарқынды көптеген іс-шаралар жасалынды. Қазақ тілі мен мәдениетін тереңдетіліп оқып үйренуге арнап көптеген мектептер мен бала-бақшалар, оқу орындары бой көтеріп келеді, күн санап артып келеді десек те артық емес. Қазақ халқының мәдениетінің ішінде киім мәдениеті ерекше орын алады. Ұлттық киімде адамның жан дүниесінің сұлулығы қоршаған ортамен ұштасып жатыр. Бірнеше ғасырлар бойы адамдар киім тарихын ойлап шығарды, әр адам осы процесске өз үлесін қосты. Олар костюмге өз бойындағы өнерін, қиялын сұлулыққа деген құштарлығын көрсете білді. Қазақстан сән әлемінің бесігі десе болады. Өйткені ата-бабамыз ғасырлар бойы келе жатқан салт пен мәдениетті киім арқылы көрсете білді. Сән барлық қазіргі жаңа көріністерінің құндылықтары мен олардың бір-бірімен жинақталмай өзгерісте болуын талап етеді. Сәннің әрбір түркі нұсқасының негізінде тұтыну бағалылығы әр түрлі. Көптеген көшірмелер аяғында түп нұсқалар жоқ болып кетеді. Негізгі өзінің қолданылуына қарай мәнін де жоғалтады. Сән мен эканомика өзара түсіністіктермен байланысты, бірақ белгілі бір дәрежеде олар қарама-қарсы қайшылықтарда да болады. Нақты эканомикалық есепте бірақ сән қоғамға пайда әкеледі. Өз тарихымызда сән белгілі, мысалы оның қолдану механизмінің арқасында көптеген жаңа формалар дами бастады.
Көптеген моделдер қазақ халқының ұлттық костюмдерін және қолданбалы қол өнерін зерттеп оның шешуші тұжырымын, білікті мамандар мен жай көрермендермен жақсы деген баға алып отыр. Қазіргі кездегі сән әлеміне қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті таусылмастай жалдарды біз мәнді және нәтижелі өткіздік. Біріккен ұлттар ұйымы отанымызды бір қалыпты, ұйымшыл, бірнеше ұлт өкілдеренің басын қосып отырған мемлекет ретінде қабылдады. Алыс және жақын шет елдермен қызметтік байланысты нығайып отыр.
Қазіргі біздің жадайымызда, ерлер арасындағы үлкен мәдени хабарлар, көптеген барлық объектілік көзқарастар негізгі мәселе болып отыр. Әсіресе бұл көзқарастар киім сәнінде де кездеседі. Тұрмыстық өнеркәсіптік өндірісте әдістемелік жобалау негізі ауа-райына, ассортименттеріне, жоспарына, материалына барлық бояу түрлерінің формаларын құруда өте қажет. Әрбір адам өзінің өмір ағымындағы өзгеріс айналымын анықтап, із қалдырып отырады. Суретші модельер А.А.Левашова “мода – бұл сәнді залдылығы көрініс емес, ол көрмедегі түрлі талапқа сай, көркем суретшінің режисерлік етуімен көшені басқаруы қажет, әрі ол елдегі барлық мүмкіндікті білетін әрі ертеңгі күнгі талғамды қалыптастыруы керек” деген ойын білдіреді.
Ф.М.Пармон “Қазіргі заман адамы костюмге жоғары талап қойып, басқалардан әсемдігі мен жоғары қолайлылығымен айрықша болу жағын ойлайды” деген. Өндірістік бұйымдардың сапасын жоғарылату үшін эстетикалық факторлар әсер етеді. Адамдарды қоршаған заттық ортаны эстетикалық талапқа сай түрлендіру, өндірістік өнімдердің көркем – конструкторлық деңгейін жоғарлату елімізде басты мәселе болып есептелінеді. Жеке адамының эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес, сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы, қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Жаңа сән үлгілері заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екнін ажырату қиын. Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу. «Ғажайып аяш» тақырыбындағы киім үлгілерін жоғарғы заман талабына сай ұлттық стильді жарнамалайтын стиль ретінде қарастыруға болады.
Киім жиынтығының формасы, көлемі үлкен сахна шарттарына жауап бере алады, ондағы конструктивті сызықтар, сәндік тігістер, ою- өрнектер өте сауатты орындалған. Бүгінгі күні Қазақстан сән өнеріне және оның өркендеуіне аса зор мән беріп отыр. Оның дәлелі көптеген сән үйлері, сән агенствалары және суретші моделдердің қатысуымен үлкен конкурстар өтуде. Сән тұғыры да пайдалы бизнеске айналып отыр. Қазақстан биік сән ағымына қосылып келеді. Осы жылдар ішінде «Недели высокой моды» өтіп, оған аты шулы Француз, Италия және Ресей сән тарландары қатысты. Қазақстан стилистер мен дизайнерлерге өте бай, олар тұғырлы жарыстарда біздің еліміздің намысын қорғап жүр. Оның бір дәлелі Қазақстанның моделері Светлана Сакалова (Модельное агентство San Bell г.Алматы) «Әлем аруы 2000» байқауында ең керемет деген атаумен марапатталған көйлек иесі.
Қазақстан сәнінің ерекше тағы ұлттық сән мен қазіргі кездегі әлем сәні үйлесімін тауып жатыр. Көне заманнан келе жатқан қазақ халқының кестелеп, оюлап тіккен қалпақ, тақия және әйелдердің нымша комзолдарын айтуға болады. Олардың бір-біріне сыйға тартатын қымбат бағалы маталары, бас киімдері ұмытылмас салт-дәстүрімізді байқатады.
2 Киім жиынтығының жобалау бөлімі
2.1 Киім жиынтығының образды – ассоциативтік негізі
“Композиция” – құрастырып шығару деген мағынаны білдіреді. Басқа да қолөнер саласы секілді киімді моделдеу барысында өзіндік композиция заңдылықтары мен ережелері бар. Киімді жобалау ережелеріне сәйкес өндіріс орындарында, шағын тігін шеберханалырында түрлі киім үлгілері дайындалады.
Дизайнер өз ойын толық жеткізу үшін осы композиция заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гармониялы тұтастығы, сонымен қатар функционалдығы мен конструктивтігі және киім формасының үйлесімділігі ескеріледі. Мұндай композиция заңдылығы бар туынды шығару кәсіби суретшінің басты міндеті болып саналады.
Киім жиынтығын актуалдылық бірінші ережесі бойынша заман талабына сай жобаланып отырған киім жиынтығы қажет пе? – қажет болған жағдайда оның функционалды ерекшелігі қандай? – Біздің ұлттық болмысқа, мәдениет пен ұлттық тұрмысқа жауап бере алады ма? Киім формасы оның қолдануына сай келіп жатса маңыздылығы мен актуалдылығы арта түседі. Киім жиынтығының екінші заңдылығы бойынша киімның формасына мата фактурасы мен барлық элементтері бір-біріне сай болуы шарт. Киімді жобалау матаның қасиетіне, фактурасына киімді қолдану ережелеріне қайшы келмеуі қажет. Киім жиынтығының үшінші заңдылығы бойынша міндетті түрде композициялық орталық болуы шарт, яғни киімді жобалауда ең басты нәрсе киімдегі композициялық орталық болып саналады. Былайша назар аудару орталығы деп айтуға болады. Киімдегі назар аудару орталығы ол бант, гүл, әшекей зат немесе 2,3 түстік үйлесім болуы мүмкін. Барлық жағдай да негізгі басты “дақ” (петно) композицияның басқа элементтерін толықтырады және айқындай түседі. Киім жиынтығын жобалаудағы төртінші заңдылығы – композиция “бүтін” болуы шарт. Киім жиынтығын жобалауда композиция тұтас немесе бүтін болуы, ондағы басты элементке жеке элементтердің бағынышты болуында. Киім жиынтығының тұтас болуы қиялды толық жеткізуіне әсер етеді, әрі ол сауаты да жеңіл қабылданады. Костюмнің барлық бөліктері, аумағы, пішімі, түр-түсінің өзара сай келуі әрі қосымалар мен үйлесімді болып жинақталуының барлық заңдылықтарының сақталуы “бүтіндік” сауаттылығына байланысты.
Дипломдық жобадағы киім жиынтығы осы заңдылықтар арқылы жобаланған. Ондағы заман талабына сай инновациялық әдіспен киім жиынтығын жобалау, ұлттық болмысты жаңаша суреттеу, бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығы болып есептеледі. Киім жиынтықтарын жобалаудың образды ассоциативті негізі:
Киім жиынтығының актуалдылығы
Киім жиынтығындағы мата фактурасымен барлық элементтері бір-бірінен арнайы байланысты болуы қажет.
Міндетті түрде композициялық “орталық” болуы шарт (акцент)
Киім жиынтығын жобалаудағы “бүтіндік” заңдылықтары сақталуы қажет.
Киім жиынтығын актуалдылық бірінші ережесі бойынша заман талабына
Киім жиынтығының мата фактурасы мен ондағы элементтер диплом жобасының басты міндеттеріне толық жауап бере алады.
Киім жиынтығын жобалаудағы “орталық” толығымен сақталған. Ол ережені бас киім мен ою- өрнектерден байқауға болады. Сонымен қатар жиынтықта “бүтіндік” заңдылығы жақсы сақталған. Жиынтықтың барлық пропорциялық ара қатынасы, түр-түсі сай, әрі жеңіл қабылданады.
2.2 Киім жиынтығын құру мақсаты және жобаланған киім жиынтығындағы функционалды ерекшеліктері
Киімдерді жобалауда қарапайым арифметикалық және күрделі диаметриялық пропорцияларды қолдануға болады. Арифметикалық пропорция бүтін сандардың қатынасы негізінде құрылады. Тарихқа жүгінетін болсақ ХХ ғасырдағы модельерлер костюмнің гармониялық пропорциясын шығару үшін жең ұзындығын, сырт киім ұзындығын, белдемше немесе тұтас киім ұзындығын, жеиде пропорциялық бөліктерге бөліп қарастырды. Геометриялық пропорцияны түрлі геометриялық фигурадан құрады. Киім формасындағы ритмдік заңдылықтар – дегеніміз өлшемдердің немесе форма элементтерінің қайталану заңдылықтары. Ритм – табиғат құбылыстарында, еңбек процестерінде, өнер шығармаларында кездеседі. Киімді құрастырып жобалауда ритмдік ерекшеліктер силует сызықтарда, сәнді элементтерде, түстердің үйлесімділігінде сақталады. Алғашқы сұлулық туралы ұғым және оны түйсініп қажет еткен адам баласы қоршаған ортадан мағынасыз сызықтар, алғашқы тіршілікті, аң аулау сәттерін мистикалық ұғымдарын бейнелей бастайды. Жайы мен қоршаған ортаға еліктеп образдық суреткерліктің дамуы арқасында, костюмдегі дизайн өзінше бір өнер саласы ретінде қалыптасты.
Киім мистикалық мағынаға ие болғаннан бастап әдет-ғұрыптық жоралғылар арқасында дизайндық бастау алады. Архитектоникалық салада стильдік бағытқа байланысты костюмде образдық шешім пайда болады. Жобаланған киім жиынтығың функционалды ерекшеліктері ұлттық дәстүрді, киім киюі мәдениетін сақтай отырып, фольклор стилінде дайындалып жасалынды.
Бұл жобадағы киізді илеп басу қол өнері ерекшеліктері, түс таңдайбілумен қатар сол түстердің бір-бірімен байланысуы негізгі композициялық құрылым болып есептеледі. Киім жиынтығындағы функционалды ерекшеліктеріне масштабтылық пропорциялық ара-қатынас, динамика мен статика, ритмдік заңдылықтар, симетрия мен ассиметрия, тепе-теңдік қатынастар жатады. Костюмдегі “масштабтылық” киімнің жеке бөліктерінің, өзара байланысының басты құралы болып саналып, костюмнің қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Т.О.Бердник масштабтылық бұл өлшемдердің заттың массасымен адам тұлғасының өлшемдеріне өзара қатынасы деп түсіндіреді.
Костюм формасын ұйымдастырудағы симетрия мен ассиметрия киімді жобалаудағы композициялық қасиеттердің ең негізгісі.
Симметрия – бұл бүтін заттың симметриялық орталық боймен теңдей екіге бөлу болып табылады, ал киімді конструкциялауда симметрия – бұл киім формасын анықтайтын нақты заңдылық. Киімді жобалауда адам денесіне симметриялық көзқарас маңызды нәрсе.
Ал ассимметрия – композиция құралы, онда бір-біріне тең келмейтін аралық байқалсада, сырт көзге теңесіп көрінеді. Ассимметриялық көзқарастың композициядағы негізгі тәсілі біркелкі тұтастық туғызу.
Киім жиынтығындағы осындай функционалды ерекшеліктері арқылы киім жиынтығын құру мақсаты анықталады. Жоғары да атап өткендей композицияның заңдылықтары арқылы киім жиынтықтары жобаланады, немесе композициялық нақты орталық анықталады. Біздің заманғы дизайн адамдардың суретшілік әрекетінің ең негізгі, кең тараған және теориялық тұрғыдан негіздендірілген саласы. Оның нәтижесі адамдар қатысуымен жасалған әдеміліктер әлемі. Дизайнер әрекетінің нәтижесінде адамның материалдық және рухани қажетін өтейді.
Ағылшын тілінен аударғанда “Desidh” сөзі жобалу, сызу, ойлау және жоба, сурет деген жалпы ұғымды білдіреді. Цивилизацияның өркендеуімен қатар бұл жаңадан пайда болған өнер саласы костюмдегі дизайнерлік мақсат консрукторлық және суреткерлік талаптарды біріктіру.
Костюмдегі дизайн архитектоникадан бастау алып, эстетикалық талаптар негізінде пайда болды. Қандай да бір киім жиынтықтарын дүниеге әкелу, қиял мен шабытты қатар ұштастыру арқылы жүзеге асырылады. Қиял мен шабыттың алтын үйлесімі бірі-бірімен қиылысқанда ғана өмірге ғажайып киім жиынтықтары келетіні даусыз. Содан кейін қағаздағы үлгі арқылы қаншама жұмыстар басталады, осылайша қиялдағы қағазға, қағаздағы киімге айналғанша қаншама шабыт, уақыт, шеберлік қажет болады.
“Ғажайып аяш” тақырыбындағы киім жиынтықтары қазақтың қарапайым қол өнері арқылы жинақталған, жалпы құрылымы жағынан күрделі де және көлемді десе де болады. Шығармашылық киім жиынтығындағы форма, көлем, тепе-теңдік заңдылықтарымен қатар түс шешімі, симметрия мен ассимметрия ритмдік ерекшелік өте ұтымды шешіліп қарастырылған.
2.3 Форма және пластикалық ұйымдастыру
Пластика - бұл форманың иілгіш қасиеті, ол бірнеше факторларға ие болып оның образын айқындайды. Әсіресе материалдық пластикалық қасиеттерін ескеру қажет. «Ғажайып аяш» тақырыбындағы киім жиынтығы жалпы формасы жағынан және пластикалық ұйымдастырылуы, мата фактурасы мен түстік шешімі жағынан ұлттық эксклюзив стиліне толық жауап бере алады және киімнің қазақи қасиетін ашып тұр. Форманың киім жиынтығын ұйымдастырудағы басты қасиет екенін ескере отырып негізгі сызықтар және сол сызықтар арқылы берілген көлем мен байланыстылығының әсерінен тақырыптағы киім формасы толық ашылды деп ойлауға болады.
Киім жиынтығының формасының қалыптасуына сән бағыты үлкен әсер етеді. Киім формасын шығаруда қолданылатын материал өзінің пластикалық қасиеттерімен айқындалады. Сондықтан киім жиынтығының пластикалық қасеиті оның конструктивті шешімі мен мата қасиеттеріне байланысты болады. Яғни киім формасы ол киімнің сыртқы құрылымын білдіреді. Киім формасын кеңістіктегі көлемді обьективі ретінде қарап, киім формасын киім силуэті айқындайтынын түсіне білу шарт. Силуэт – бұйым формасының нобай сызықтары арқылы нақты ерекшеліктерін көрсетеді. Сән – қоғамдағы әлеуметтік топтың дамуына мүмкіндік болған жағдайда, белгілі бір мәдени образдың жолында ғана тарайды. Сәнге қарағанда қоғамда әдет-ғұрыппен заң әлеуметтік топтарда белгілі бір мәдени образды жақсы білдіреді. Силуэт дегеніміз- адамдардың немесе басқа заттардың нобайын айқындайтын, ерекшелей түсетін нәтижесі. Бізді қоршаған кез-келген заттың өз формасы бар. Заттың сырт көрінісін осы форма арқылы айқындаймыз. Психологиялық тұрғыдан қарағанда форма әрбір заттың немесе силуэттің «аурасы» сияқты. Сонымен форма материалдық ортадағы кез-келген обьектінің көлемді кеңістіктегі орны жөнінде анықтама береді. Киім формасы қарапайым немесе күрделі болып келеді. Форма элементтерінің бір келкі жалғасы әрі бір келкі бағытта келесі формаға ауысуын «пластика» деп атайды. Форма бірнеше обьективті физикалық қасиеттерге ие. Заттағы мәнерлікті арттыруға әсер ететін қасиеттеріне ие. Заттағы мәнерлікті арттыруға әсер ететін қасиеттеріне мыналар жатады. Көлем – бұл форма өлшемінің келесі форма өлшеміне қатынасы; екі бірдей өлшемнің бір-біріне ара қатынасын бірнеше бөліктерге бөліп бояп шықса ол бір шама кіші болып көрінеді. Геометриялық көрінісі ол - форманың жан-жақты бағыттағы өлшемдердің бір-біріне қатынастығын анықтайды.Массивтігі – форманың тығыздығы, яғни он салмағының бос формадан өте тығыз көлемге дейінгі ауырлығы.Фактура – форма бетінің сипаты, жылтырлығы, рельефі, белсенді фактуралы күйі жатады.
Түсін форманың басқа қасиеттерін әсерін мәнді етіп сипаттауға, бұйымның түрін қалыптастыруға, әрі форманың басқа қасиеттерін қалыптастыруға әсерін тигізеді.Сонымен заттың кез-келген қасиеттерін анықтау үшін шама геометриялық көрінісі, көлемі, фактурасы мен түсін анықтап алу қажет. Форманың пластикалық сипатын айқындауға және форма шығаруға сызықтардың атқаратын маңызы үлкен. Сызықтар мынадай түрлерге бөлінеді; силуэтті және конструктивті сызықтар. Әр бір сызық өзіндік кейіпке ие болып образды құрайды, әрі оны қабылдау түрлі психологиялық әсер етеді. Күрделі формалы костюм түрлі сызықтар көмегімен айқындалады.
2.4 Колористикалық шешім
Қазақ жерінің қай өңіріне көз салсаңыз географиялық аталардың көбі сол жерлердің табиғи бітімінің түр-түсімен аталады. Ал өнерде оның ішінде текемет басу және оның түстерін таңдауда ұлттық реңтер арқылы алынған және сол түстер арқылы бейнеленген.
Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына байланысты және мәдениеттің көркеуіне байланысты киім үлгілеріндегі түстердің сапасын, көркемділігін арттыруды талап етеді. Дипломды жобадағы басты міндет ұлттық түстерді қолдану арқылы киімнің образын шығару, ұлттық түстердің өзара қатынасын көрсету, көркемдік ұлттық түстерді терең сезіліп саралай білу. Сонымен қатар – түстердің пайда болып қалыптасыуна байланысты тәсілдерді меңгеру. «Ғажайып аяш» тақырыбындағы ұлттық киім үлгілеріндегі түстік шешім қарама қарсы байланысқан. Дипломды жобадағы басты міндет ұлттық түстерді қолдану арқылы киімнің образын шығару, ұлттық түстердің өзара қатынасын көрсету, көркемдік ұлттық түстерді терең сезіліп саралай білу. Сонымен қатар – түстердің пайда болып қалыптасыуна байланысты тәсілдерді меңгеру. Көзбен көруге болатын сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды Ньютон жасады. Ньютон жарық сәулесінің призмадан өткенде жеті түске бөлінетін: қызыл, сары, жасыл, көк күлгін, көк және күлгін деп атады. Киімді көркемдеп өңдеуде мата түсі үлкен роль атқарады. Белгілі бір түстер арқылы адамның жеке ерекшелігін анықтауға болады немесе оны жоғалтуға әсер етеді.
Табиғат пен қоршаған ортадағы түстердің адам көзі арқылы байқайды. Адамдар ерте замандардан бастап түстік символға үлкен назар аударып отырған. Тұрмыстық қажетті бұйымдар дайындауда, оның бетін түрлі-түске бояда аурудан айықтыратын күш қуат беретін, бақыт пен ырыс әкелетін түс деп сенім білдірген. Қазақ халқының ұлттық түстерді саралай білуінің озық үлгілері халқымызды түстер арқылы терең ұғымда болғаны ғана емес, болашақ және болатынын анықтап отырған. Түстердің бітім қасиеті, реңдік қоры, үйлесімділігі мен өзара сәйкестігі халқымыздың сан ғасырлық тарихи қалыптасуына айғақ болса керек. Кез-келген өнер, оның ішінде ұлттық түстерді терең зерделей білу алдын-ала кесіп пішілген теориялық үлгі үшін дүниеге келмейді. Оны тудыратын – Халықтық өмір тіршілігі мен сабақтас рухани сұранысының ұлы заңдылықтары. Колористикалық түстердің көпшілігі өмір, мекен жәй, тұрмыс тіршілік көріністері, көшпелі өмірге байланысты әртүрлі жағдайды айқындай түседі. «Ғажайып аяш» тақырыбындағы киім, жиынтығының, түстік шешімі осы көшпелі өмірге байланысты алынған. Таңдалған түстердің барлығы қазақи түстер. Киімді жобалауда материалдың сыртқы көрінісі көркемдік эстетикалық қасиетке ие болуы тиіс. Дипломдық жобадағы костюм жиынтығындағы мата фактурасы, экслюзив стильіндегі киім жиынтығын еске түсіреді.
2.5 Киім жиынтығындағы ою-өрнек
Ою-өрнектер гармония мен пропорция заңдылықтарына бағынады. Орнамент (латын сөзінен аударғанда «әшекей» деген мағынаны білдіреді). Көбіне ол архитектурамен сәндік қолданбалы өнерде қолданылады. Ал киімде қолдану ерекшелігі басымдау. Киім дизайны жобалау іс-әрекетімен жаңа инновациялық тәсілдермен байланыста болып – жобалау мәдениеті ғылыми техникалық және гуманитарлық мәдениетпен тұтас байланыста болады. Сондықтан да киім дизайны адамның тұрмыстық кейпін өзгерту және қажеттілігіне қарай жаңа қасиетке иә бұйым үлгілерін жобалауға бағытталуы тиіс. Ол дәстүрлі формаларды әшекейлеумен айналыспайды жаңа үлгілерді шығарады.
Орнамент композиция маңызды мәнге ие, әсіресе дәстүрлі символды, тиімді әрі стилистикалық маңызы зор. Орнамент ұқсас ою бөліктердің қайталануы. Өрнектің ұқсас бөліктерінің кіші ауданда қайталануы «рапорт» деп аталады. (француз тілінен аударғанда «қайту» деген мағынаны білдіреді). Рапорт горизонталь мен вертикаль бағытта қайталануы рапорт торы – деп аталады.
Қазақ оюлары мазмұны жағынан жіктесек, олар үш түрлі ұғымды бейнелейді. Біріншіден мал өсіру аңшылықты, екіншіден жер, су, көшіп – қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың бейнесін береді. Ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз ою барлық әшекей ішінде кездеседі. Халықтың этнографиялық әдет-ғұрпының кейбір элементтері ою-сызу, бедерлеу, бейнелеу өрнектерде ерекше орын алған. Қазақтың ою-өрнектерінде әр түрлі әдемі ою-өрнектер бар, бізге әле кездеспеген, әр түрлі айтылатын атаулары өте көп екенін зерттеуші этнографтар ертеден айтып келеді. Қазақ халқының қол өнері текеметке түсірілген ою-өрнектер көбінесе малдың денесіне, ізіне байланысты оюлар болған, яғни мал өсіру аңшылық, жер су, көшіп қонудың мағынасын білдірген.
«Мүйіз» - ою - өрнектердің түрлері мен атаулары өте көп. Мүйіз тектес өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келген. Ұсақ түрлері зергерлік жұмыстарда және ұлттық киім түрлерінде жиі қолданылған. Мүйіз сияқты ою-өрнектердің мағынасына қарай қазақ арасында ғасырлар бойы қалыптасқан. « Қошқар мүйіз», «марал мүйіз», «өркеш мүйіз», «сыңар өкше», «төрт құлақ», «түйе мойнақ» ою түрлері бар.
Қазақстан ою-өрнектерінің түстік шешімі, басқа да әлем халықтарының өрнегі сияқты түстік шешімін анықтай білген. Ою-өрнек бояуларының түстік шешімі көзге ғана емес адам психикасына да әсері барын білген, әсіресе қызыл, сары, жасыл, көк, қоңыр түстерге көңіл бөлген. Ою-өрнектер ежелгі кездерде дәстүрлік, ырымдық, діни ұғымдықсипатқа ие болған. Дипломдық жобадағы ою-өрнек түрі тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы стилденіп төрт түлік малға байланысты алынған. Қос мүйіз, сыңар мүйіз, түйе мойнақ ою - өрнектері стильденіп, өзгертіліп алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |